Стр. 187 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 187 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 186

Стр. 187 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 188

Қазақстанның ашық кітапханасы

Барлау ротасының бірінші бөлімінің командирі лейтенант Сарталиев, рота

командирі капитан Мирошник жолдастың әмірімен келіп тұрмын,— дедім, уставтың бір

әрпін ауыстырмай баяндап. Өйткені, аға командирлердің алдында мұндайдан сүрініп

кетсең, Мирошник ізін суытпай айдау беретін...

Өй, тоқта!.. Тоқта, сен Костя емеспісің?! — деді, енді таныла бастаған дауыс.—

Көпірдегі досыңмын десеңші!.. Сені госпитальдан госпитальға көшіп жүріп, жоғалып

кетті дегені қайда?..

Мирошниктің полковник деп отырғаны баяғы көпір басы ода кездесетін майор Русаков

екенін енді мен де танып:

Жоғалғаным жоқ, жолдас полковник... Алдыңызда тұрмын! — дедім.

Қараңғыда созылып келген әлуетті қол менің сол жақ білегімнен ұстап алып, қызуы

бұрқырап сыртына шығып тұрған денеге апарып мені жапсыра салды... Құшақтай алуға

ұялсам да, бар денеммен жабыса түсіп, мен де үнсіз тұрып қалдым. «Капитаның сезбесін»

дегендей, білегімді тағы бір қысып қойып:

Ал, баяндай бер капитаныңа! —деді полковник.

Мен барлауда байқағандарымды қысқа ғана айттым.

Арқаң жылы құшақты сезініп тұрғанда даусың да дірілсіз шыға алмайды екен... Бірақ

полковник пен капитан ерсілі-қарсылы сұрап, көрген-білгенімді еріксіз төрт аяғынан тік

басқызды.

Полковник маған әуелі кесек-кесек алғыс айтып, аяғында:

Әлі қызусың... Баласың... Сонша несіне жақындадың? — деді.

Полковниктің жүзіне әкелік бір белгілер шыға келгенін сезіп, бетіне қанша үңілсем де,

қараңғы үңгір еш нәрсені көрсетпейді. Кез алдыма баяғы көпір басындағы майор келе

береді.

Жұлқынып телефон гүлдір-гүлдір етіп қалды. Полковник бар денесімен селк етіп,

трубканы қолына алды. Мен бір адым кейін шегіндім.

Иә, «Тула» тыңдап тұр... Жақсы, Ираклий Георгиевич... Қазір! — деді полковник.

Содан соң, жүзін Мирошникке қарай бұрғаны сезіліп: — Генерал-лейтенант шақырып

жатыр. Бес минутта қайтып келем. Отыра тұрыңыз... Костя, сен де кетіп қалма! — деді.

Полковник шығып кетті... Менің есіме тағы да баяғы көпір түсті. Майор Русаков добалдай

қылып орап алған темекісін менің аузыма тыға салып еді. Қарбалас үстінде шекісіп барып,

достасып кетіп едік. Біздің бұл жайымызға қанықтығы жоқ капитан Мирошник:

Полковникпен қашан танысып жүрсің? — деп сұрады. Мен қалай танысқанымызды

айта бастағанда, үңгірден шыға бере «жат!» деп ақырып қалған полковниктің қатты даусы

шықты. Соған ілесе үңгірдің аузында ғана жарылған снарядтың көгілдір оты үңгірдің ішін

де бір жалап өтті. Енді үңгірдің іші шаң мен ащы түтінге толып, түшкіртіп барады. Төбеге

дүбір-дүбір түсіп жатқан кесек тастардың дыбысы естіледі... Әлдеқандай жамандықты

сезінгендей, капитан екеуміз тына қалдық. Енді естілер тағы бір үн болуға тиісті

сияқтанып, үн шығармай, күтіп тұрмыз. Түскен снарядтың гүрсілі мен дүбірі тарап,

сырттан теңіздің ыңыранғаны да естіле бастады. Сол кезде қорқып шыққан бір ақырың үн:

Наши рекомендации