Кәлимасының құндылықтары

Шаһадаттың мағынасы, құндылықтары және рүкіндері

Аса рақымды, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Кіріспе

Ислам діні: Аллаһ Тағала оны өзінің елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке түсірген және пайғамбарымызды жіберіп сол арқылы барлық діндерге мөр басқан дін. Сондай-ақ, пенделері үшін оны еш кемшіліксіз, толық қылған, әрі олар үшін Ислам дінімен разы болып, одан басқа ешқандай дінді қабыл етпеймін деген дін.

Аллаһ Тағала Құранда:

{ الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الإِسْلاَمَ دِينًا فَمَنِ اضْطُرَّ فِي مَخْمَصَةٍ غَيْرَ مُتَجَانِفٍ لِّإِثْمٍ فَإِنَّ اللّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ}

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым, содай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым»;[1]

{وَمَن يَبْتَغِ غَيْرَ الإِسْلاَمِ دِينًا فَلَن يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ}

«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, ол ақіретте зиянға ұшырау-шылардан болады»[2]- деді.

Ислам — өзінен бұрынғы өткен діндер қамтыған адам баласына деген жақсылықтар мен пайдалы нәрселердің барлығын өз ішіне алады. Исламның басқа діндерден ерекшелігі — ол оның барлық заманға, мекенге және үмметке жарамдылығы. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

{وَأَنزَلْنَا إِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ مُصَدِّقًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ الْكِتَابِ وَمُهَيْمِنًا عَلَيْهِ }

«(Мұхаммед): Саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік».[3]

Аллаһ Тағала осы үмметке көптеген жеңілдіктер беріп олардан көптеген ауырпалықтарды түсірді. Бұл жайында Құранда:

{ وَيَضَعُ عَنْهُمْ إِصْرَهُمْ وَالأَغْلاَلَ الَّتِي كَانَتْ عَلَيْهِمْ }

(Ол пайғамбар, яғни Мұхаммед ) «Олардың үстерінде болған жүктері мен кісендерін алып тастайды» -деді.

Яғни, Ислам дінінен алдыңғы діндерде болған ауыр, қиын ғибадаттарды алып тастап, олардың орнына жеңілдерін келтіреді.

Аллаһ Тағала пайғамбарымызды жеңіл, адам баласына ауыртпалық тигізбейтін шариғатпен жіберді, Аллаһ Құранда:

{ وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ }

«(Аллаһ) Сендерге дінде қиындық қылмады»-[4]деді.

Ислам келуінен бұрынғы шариғатқа ерген адамдар су жоқ болса таяммум қылмайтын еді, олар су тапқанға дейін намаздарды кешіктіріп, кейін су табылған соң дәрет алып, барлығын жинап оқитын болған. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтің шариғатында таяммум келді. Сондықтан кім-де кім су таба алмаса немесе оны қолдануға шамасы келмесе, топырақпен таяммум алып, намазын оқиды. Исламда осыған ұқсас көптеген жеңілдіктер бар.

Бұрынғы пайғамбарлар тек өз қауымдарына ғана жіберілетін, ал пайғамбарымыз Мұхаммед жалпы адамдарға, адамдар мен жындарға, араптар мен арап емес барлық адамдарға жіберілді. Аллаһ Тағала пайғамбарымызды барлық пайғамбарлардың мөрі қылды, одан кейін ешқандай пайғамбар болмайды.

Бізден бұрынғы үмметтер тек өздерінің арнайы жерлерінде ғана намаз оқитын еді, ал біздің үммет жердің кез келген жерінде, шөлде не басқа жерде болғанында намаз уақыты келсе, сол жерде намазды оқи береді. Өйткені Пайғамбарымыз :

"جُعِلَتْ لِي الْأَرْضُ مَسْجِدًا وَطَهُورً"

«Маған жер мешіт әрі таза қылынды»[5] - деді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед әкелген Ислам шариғаты өте кең және өте жеңіл шариғат, онда ешбір адам баласына деген қиыншылығы жоқ. Сол жеңілдіктердің бірі: адам егер ауырып қалса, оған ораза тұтуы лазым етілмейді, керісінше ол оразада аузын ашады да, жазылғаннан кейін оның қазасын өтейді. Сол сияқты сапарда болған адам сапарда намазын қысқартып оқиды және егер сапары Рамазанда болса, аузын ашады да үйіне оралғаннан кейін оның қазасын өтейді. Аллаһ Тағала Құранда былай деді:

{ وَمَن كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ }

«Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын».[6]

Ислам жеңілдіктерінің бірі: адам егер намазын тұрып оқуға шамасы келмесе, отырып оқиды, отырып оқи алмаса, жатып оқиды.

Ислам — Аллаһтың ақиқат діні. Аллаһ Тағала оны шынайы ұстанғандарға өз жәрдемін төгіп, оны барлық өзге діндерге үстем ету үшін түсірген дін. Аллаһ Қасиетті Құранда былай дейді:

{هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَى وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ}

«Ол сондай Аллаһ, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем ету үшін елшісін туралықпен, хақ дінмен жіберді».[7]

Дініміз ең бірінші жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырады да оған ортақ қосудан тыяды.

Екінші: шыншылдыққа бұйырып, өтіріктен қайтарады.

Үшінші: әділдікке бұйырып, зұлымдықтан қайтарады.

Төртінші: аманатты сақтауға бұйырып, оған қиянат жасаудан қайтарады.

Бесінші: уәдені орындауға бұйырып, оны бұзудан қайтарады.

Алтыншысы: әке-шешеге жақсылық істеуге бұйырып, оларға қарсы келуден қайтарады.

Жетіншісі: туыстық қарым қатынасты сақтауға бұйырып, оны үзуден қайтарады.

Сегізінші: көршілермен жақсы қарым-қатынас сақтауға бұйырып, оларға зиян тигізуден қайтарады.

Сол сияқты үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп сыйлауға шақырады. Жалпы «Ислам» деген сөз барлық жоғары мінез-құлыққа бұйырып, барлық төмен мінез-құлықтан қайтарады. Аллаһ тағала былай дейді:

{إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالإِحْسَانِ وَإِيتَاء ذِي الْقُرْبَى وَيَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ وَالْبَغْيِ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ }

«Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады және арсыздық-тан, бұзақылық, жаман істерден және зорекілік-тен тыяды. Сендерге ғибрат-үлгі аларсыңдар деп үгіт-насихат қылады».[8]

Ислам діні бес тірекке құрылған, пайғамбары-мыз былай дейді:

"بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ وَإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَصَوْمِ رَمَضَانَ وَحَجِّ الْبَيْتِ"

«Ислам бес тірекке құрылған: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның ешісі деп күәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару» - деді.[9]

Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның ешісі деп күәлік етудің мағынасы:оған толық сену және соны тілімен айтып білдіру, Мұхаммед Аллаһтан дінді жеткізуші, ол оның құлы әрі елшісі деп күәлік беру.

Осы екі куәлік амалдардың дұрыс әрі қабыл болуының негізі. Аллаһқа деген ықылас болмаса, пайғамбарға ергесу болмаса, амалдар дұрыс болмайды әрі қабыл етілмейді.

*****

«Лә-иләһа-иллә-ллаһ»

кәлимасының құндылықтары

Шындығында әрбір адамның Исламға кірердегі айтатын ең бірінші сөзі «Лә-иләһа-иллә-ллаһ» сөзі. Өйткені дініміз Ислам осы ұлық сөздермен басталады. Оның ұлықтығына шек жоқ. Кім оны шын ықыласымен айтса, Аллаһ Тағала оны жәннәтқа кіргізеді, ал кім оны өтірік айтатын болса, онда ол мұнафықтардан болады. Бұл сөз жәннәттің кілті болып табылады және кімнің ең ақырғы сөзі Лә иләһа илла ллаһ болса, ол жәннәттық болады. Бұл сөздің артықшылықтарының бірі — оны айтқан адам тозақ отынан құтылады және оның күналары кешіріледі. Содай-ақ бұл сөз пендемен Аллаһтың арасындағы пердені ашады, әрі бұл барлық пайғамбарлардың айтқан ең жақсы сөздері болып табылады. Лә иләһа илла ллаһ — зікірлердің ең абзалы, әрі амалдардың ең артығырағы және ең көп сауабы артатыны да осы сөз. Лә иләһа илла ллаһтың құндылықтарының бірі — оны айту бір құлды азат етумен тең келеді әрі оны айту адамға шайтаннан қорған болады және Лә иләһа илла ллаһ мұсылман-дардың қабірлерінен тұрғандағы белгілері болады. Бұл сөздің артықшылықтарының бірі — оны айтқан адамға жәннәттің сегіз есігі ашылады да, ол оның қалағанынан кіреді. Сол сияқты оны айтқан адам осы өмірде қандай да бір кемшіліктері себепті тозаққа кірсе, ол міндетті түрде одан шығады.

Лә иләһа илла ллаһтың Исламдағы орны да өте биік, өйткені мұсылмандар өздерінің күнделікті шақыратын азандарында, жұмадағы құтпаларында әрі өзара әңгімелерінде осы сөзді айтады. Сондай-ақ осы сөз үшін аспандар мен жерлер және барлық мақұлықтар жаратылған. Осы сөз үшін Аллаһ Тағала пайғамбарларды жіберген және кітаптарын түсірген әрі осы сөз үшін шариғат заңдастырылған. Осы сөз үшін мизан таразысы қойылған және де Лә иләһа илла ллаһ себепті адамдар кәпір мен мұсылманға бөлінген.

Бұл сөз — Аллаһ Тағаланың өзінің пенделерін жаратудағы болған ақысы, және де Аллаһ Тағала қияметте осы ақысынан сұрайды да, соған байланысты әркімнің есебін береді. Бүкіл адамзат, олардың бұрынғылары да кейінгілері де осы сөздің, яғни Аллаһтың пенделеріне болған ақысы жайлы сұралады. Аллаһ Тағаланың алдында ешқандай адам екі мәселе жайында сұралмайынша орнынан қозғалмайды, біріншісі: кімге құлшылық еттіңдер? Екіншісі: пайғамбарларға не деп жауап қайтар-дыңдар? Біріншісінің жауабы: Лә иләһа илла ллаһқа сәйкес амал қылумен және оны мойындаумен болады. Екіншісінің жауабы: Мұхаммед Аллаһтың елшісі екенін білумен және пайғамбарға бой ұсынумен болады.

Лә иләһа иллә ллаһ кәлимасының

Мағынасы

Оның мағынасы: тек қана Аллаһ Тағала құлшылыққа лайықты деп иман келтіру, және соны ұстану әрі оған амал қылу. Демек, Аллаһқа құлшылық ету және оған ешкімді ортақ қоспау. Аллаһ құранда:

{فَاعْلَمْ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ }

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екенін біл де, күналарың үшін кешірім тіле»-деді. Яғни, Аллаһ қана құлшылық етілуге лайықты, одан басқа ешкімге құшылық етуге болмайды, керісінше құлшылықтың барлығы тек Аллаһ үшін болуы керек.

Қазіргі кезде көп адамдар бұл сөздің мағынасын қате түсінеді. Олар бұны: Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, немесе Аллаһтан басқа ризық беруші жоқ дейді. Бұл қате түсінік, өйткені бұл таухид рубубияға жатады, ал пайғамбарымыз келеген кезде Мекке мүшріктері бұны, яғни, Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, және Аллаһтан басқа ризық беруші жоқ екенін білетін және соны моындайтын еді, бірақ олар Лә иләһа иллә ллаһ деп айт делінсе одан бас тартатын еді. Аллаһ Құранда бұл жайында былай дейді:

{إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ * وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوا آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ}

«Оларға Лә иләһа иллә ллаһдеңдер делінсе, олар тәкәппарланып, құдайларымызды бір жынды ақын үшін тастаймыз ба?- дейтін еді».[10]

Тағы бір аятта оларға Лә иләһа иллә ллаһ деп айтыңдар десе, олар:

{أَجَعَلَ الْآلِهَةَ إِلَهًا وَاحِدًا إِنَّ هَذَا لَشَيْءٌ عُجَابٌ}

«Тәңірлерімізді біреу-ақ тәңір қыламыз ба? Бұл ғажайып нәрсе»-деді.

Демек, адамдардың өздеріне құдай қылып, тәңір қылып жүрген нәрселері көп, бірақ олардың барлығы өтірік, ақиқат құлшылыққа лайықты тек қана Аллаһ. Сондықтан бұл сөздің мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешқандай тәңір жоқ»-деген мағынаны білдіреді.

Өйткені егер бұл сөздің мағынасы: Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, одан басқа ризықтандырушы жоқ деген болса, сол кездегі мүшріктер мұсылман болатын еді де, оны айтудан тартынбайтын еді. Өйткені олардан: аспан мен жерді кім жаратты, кім ризық береді, кім өлтіреді және кім тірілтеді деп сұралса олар : Аллаһ дейтін еді.

{وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ لَيَقُولُنَّ اللَّه}

«Егер олардан: «көктер мен жерді кім жаратты? Күн мен айды пенделері үшін бағындырып қойған кім? -деп сұрасаң, әлбетте олар: Аллаһ –дейді»[11].

{وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّن نَّزَّلَ مِنَ السَّمَاء مَاء فَأَحْيَا بِهِ الْأَرْضَ مِن بَعْدِ مَوْتِهَا لَيَقُولُنَّ اللَّهُ}

«Егер олардан: аспаннан жауын жаудырып, сол себепті өлген жерді қайта тірілткен кім»-деп сұрасаң, олар әлбетте. Аллаһ дейді».[12]

{قُلْ مَن يَرْزُقُكُم مِّنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ أَمَّن يَمْلِكُ السَّمْعَ والأَبْصَارَ وَمَن يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيَّتَ مِنَ الْحَيِّ وَمَن يُدَبِّرُ الأَمْرَ فَسَيَقُولُونَ اللّهُ فَقُلْ أَفَلاَ تَتَّقُونَ}

«(Мұхаммед ): Оларға: Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көзге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады, әр істі кім игереді? – деп сұра. Олар: Аллаһ дейді».[13]

Яғни, олар бұл нәрселердің барлығын ислам келуінен бұрын білетін еді.

Бірақ бұл сөздің мағынасы бұл емес, керісінше: «Аллаһтан басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешқандай тәңір жоқ» деген мағына.

Егер біреу: Аллаһтан басқа құлшылық етілетін ешкім жоқ десе, бұл өте үлкен қателік болады. Өйткені бұдан, қазіргі оларға құлшылық етіліп жатқан пұттардың барлығы; қабірлер, әулие терек, әулие тас дегендердің барлығы — ол Аллаһ деген мағына түсініледі. Ал бірақ егер оны шектеп: «ақиқат құлашылыққа лайықты» дейтін болсаң, барлық қазіргі күнде оларға құлшылық етіліп жатқан пұттарды қайтарасың да, тек Аллаһ Тағала ғана қалады. Сондықтан, міндетті түрде: Аллаһтан басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деуің керек болады.

Лә иләһа иллә ллаһ

Наши рекомендации