Тамақты қалай жеу керек?
Тамақтан соң қолын жумай ұйықтаған адамға кесел жабысса, өзінен көрсін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Адамдар тамақты дұрыс жей алмайды. Өзіңіз тамақ ішкен адамдарды бақылаңызшы. Олар тамақты тек ойланбай шайнап жұта береді. Тамақ ішу барысында басында неше түрлі аласапыран ойлар жүйткіп жүреді, ал жүрегі қым-қиғаш сезімдерге толы болып, онымен қоймай тамақ ішіп отырғанда айтысып, дауласып жатады. Осылай олар өзінің ағзасының жұмысын бұзады: бір де бір ағым: ас қорту, уларды шығару және сөл бөлетін бездердің жұмысы дұрыс жүрмейді.
Мыңдаған адамдар ауруларының себептері, тамақты дұрыс ішпегендіктен болатынын білмейді. Жанұяларға қараңызшы, тамақ ішпегенше әркім өз ісімен өзі әуре. Ал дастархан басына жиналып тамақ іше бастағанда әңгіме өрбіп, кей кездерде бір-бірімен жанжалдасып та жатады. Осындай шулы отырыстан кейін денең ауырлап маужырап ұйқың келеді, барып демалуың қажет, ал кімге жұмысқа бару керек, ол құлықсыз кетеді. Ал дұрыс тамақтанған адам өзін жеңіл, тамаша сезінеді.
Сіз сұрайсыз: «Енді қалай тамақ жеу керек?». Дұрыс тамақтану үшін өзіңнің ниетіңді дұрыстап алып дастарханға отырыңыз. Тыныштықтың болғаны қолайлы. Ауызға алдымен салған асты саналы түрде өзі жұтылып кеткенше асықпай ұзақ шайнаңыз.
Ас жеудің басталуының зор маңызы бар. Бастапқы жұтқан қорегіңіз ішкі мүшелердің бәрін іске қосатындықтан, тамақты ішпестен бұрын жайлы жағдай жасаңыз. Ешуақытта есіңізден шығармаңыз, Ғұлама Абай айтпақшы: «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес», осы бастапқы қарқында үйлесімділік болса, соңына дейін болады.
Тамақты әбдән шайнап, асықпай ішу керек. Бұл астың қортылуына да жақсы және екінші себебі: ауызға тамақ бірінші барған мезетте ол да асқазанның жұмысын атқарады. Ол тамақтың қуатын өзіне сіңіріп алып, қалған қоймалжың бөлігін асқазанға айдайды.
Ауызда өте жетілген құралдар бар: олар тілдің үстінде және астында орналасқан бездер. Осы бездер астың көзге көрінбейтін қасиеттерін аулайды. Сіз, бірінші асаған тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей-ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер – сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады.
Адамдар қатты мен сұйық заттар жайлы бәрін де біледі, ал нәзік – ауадағылар назардан тыс қалады. Жемістің шырайын, түр түсін бояйтын, хош исін шығаратын – эфир, оның тіршілігі қалай әсер ететініне көңіл бөлінбейді. Эфирдің маңызы өте зор, осының бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады.
Тамақты жақсылап асықпай шайнау керектігін айтып өттім, бұл тәніміз үшін қажет. Ал тамақтану барысында терең тыныс алу астың жануын қамтамасыз етеді. Ас қорту, тыныс алу, ойлау барыстары – әр түрлі темпереатура мен жиіліктегі жану ағымы. Тамақ жеу барысында ара-тұра тоқтап терең тыныс алыңыз, сонда эфирді жақсы сіңіресіз. Эфир – өміршеңдігіңізді, еске сақтау қабілетін және сезімталдығыңыз бен өреңізді (интеллект) арттырады.
19 сәуір, сейсенбі. Ашығуымның 2-ші тәулігі. Таңғы сағат 6-30 (құрғақ ашығу яғни су ішпей ашығу)
Біз жақсы әдеттерімізге марапатталамыз, жаманына жазаланамыз. Менің дұрыс ойламайтынымды және теріс әрекеттеріме көзімді жеткізген адамның кеңесін қуана қабылдап, өз іс әрекеттерімді өзгертемін. Білуге ұмтылмай, білместігімен жүре берген адамдікі қате.
Поль С. Брэгг
Салмағым 94, 0 кг. Түні бойы 1,3 кг салмақ жоғалттым. Түні бойы кіші дәретке барған жоқпын.
Сол қолымның қан қысымы 154/101. Пулсь – 69;
Оң қолымның қан қысымы 150/101. Пульс – 61;
Өзімді өте жақсы сезінемін. Ұйықтауға кеше кешкі сағат 20-да жатып қалдым. Ұйқым сәбидікіндей. Жатқан беті қатып қалыппын. Таңертең өзімді жеңіл сезіндім. Күні бойы басым ауырып, екі шекем қысты. Яғни, басымда келешекте кесел болады деген сөз. Алдын алу керек. Ашығуды бастаған кезде қай мүшең ауырғалы тұр, сол мүшең бірден белгі береді.
Түстен кейін сағат 14-те: емші, әруақтармен сөйлесе алатын көріпкел келіншек Динара Сәкенқызы үйге келді. Екеуміз бірігіп алдымен көрші келіншек Камшатқа, сонан соң екеуміз Ғазиз жанымызбен сөйлесіп сеанс өткіздік. Менің қалған қаралығымды алып, күмәнімді жойып, тәніме, нәзік денелеріме (аура) тіл, көзден сақтайтын қорған қойып берді.
Динараның болжауынша менің 15 күннен кейін 3-ші көзім ашылып тылсым құбылыстарды көре бастаймын. Сондай-ақ, тамыз айына жетпей сұрағаныма орай, Құдайдың құдіретімен сұрғылт түсті «джиптен» кішкентай автокөлікке ие боламын.
Кешкі 17-де Рахпар келді. Динара екеуі тамақтанып алған соң сеансқа отырды. Рахпардың қаралығын, қанына сіңіп кеткен жадысын (қара дуа) сыпырып алып тастады. Оның өзіне, қыздарымызға тіл көзден, бәле-жаладан сақтайтын қорған қойып берді. Өзі білмейтін, танымайтын, қайда тұратынын да білмейтін Германиядағы қызымыз Айнамкөздің диагнозын дұрыс қойып, анасы Рахпарға жас күнінде жасалған жадынынң оған да өтіп кеткенін біліп сырттай ем жүргізіп тазалап берді. Менің жасаған жақсылықтарым мен қайырымдылықтарым екі қызым: Айнұр мен Айнамкөзге нұр болып құйылып жатқанын да хабардар етті. Осыдан кейін тылсым күшке қалай ғана сенбейсің!
Сағат кешкі 20-да көршіміз, құс фабрикасының директоры Батырхан Әділбекұлы бауырым келіп маған сеанс жүргізуін өтінді. Сағат 22-ге дейін сеанс жүргіздім. Батырхан сеанс барысында неше түрлі әсем табиғат көріністерін көріп, өзінің апасының әруағымен тікелей тілдесіп сөйлесті. Жіберген қаталықтарын апасының әруағы түгелдей тізіп айтып берді. Жалғыз жүрмеуін, ешкімді жәбірлемеуін өтініп, бейсенбі күні Аллаға арнап құрбандық шалуына кеңес берді. Себебі, Батырған қазір жұмысында шырғалаңға шырмалып жүр екен. Менің байқауымша – Батырханның өз бойында да керемет киелі қасиеттер бар екен.