ДӘріс. натурфилософия
Тапсырмалар:
№1 сұрақ. Натурфилософия термині нені білдіреді:
( ) Әлеуметтік философия
(х) Табиғат философиясы
( ) Адам туралы ғылым
( ) Болашақ философиясы
( ) Адамгершілік философиясы
№2 сұрақ. Орта ғасырлық мұсылман дүниесінде математика ғылымы:
(х) Мықты дамыды
( ) Ғылымдардың арасындағы ең артта қалғаны болды
( ) Мүлдем дамымай қалды
( ) Ортанқол ғылымдар қатарында болды
( ) Екінші қатарлы ғылымдар тобында орналасты
№3 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, денсаулықтың бұзылуы:
( ) адамның өмірін ұзартады
( ) адамды сауықтырады
(х) адамның жан қабілетіне, ойлау қабілетіне және басқа да қабілеттеріне әсер етеді.
( ) ойлау қабілетін күшейтеді
( ) физикалық күш-қуатын арттырады
№4 сұрақ. Әл-Фарабидің медициналық-биологиялық шығармалары кімнің іліміне ерекше әсер етті:
( ) Әл-Ғазалидің
(х) Ибн Синаның
( ) Рене Декарттың
( ) Джон Локктың
( ) Ибн Арабидің
№5 сұрақ.Әл-Фарабидің пікірінше, адам денесінің басты мүшесі:
( ) бауыр
( ) өкпе
( ) көз
(х) жүрек
( ) қол
№6 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, ғылыми химия:
( ) жаратылыстану ғылымына жатпайды
( ) арзан металдарды қымбас тастарға айналдыруда ғана керек
( ) бірден-бір дұрыс ғылым
( ) қоғам мен адамға ешқандай пайда әкелмейді
(х)қоғамға қажет және химиялық үрдістер мен қоспалардың мәнін ашуда зор пайда әкеле алады
№7 сұрақ. Әл-Фараби қандай дәрігердің көзқарастарын сынады:
( ) Аристотельдің
(х) Клавдий Галеннің
( ) Ибн Синаның
( ) Гиппократтың
( ) Платонның
№8 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, астрология:
(х)аспан шырақтарының болашақта болатынды да, қазір болып отырған мен бұрын болғанның да көбін көрсетуі туралы ғылым
( ) жалған деректерге сүйенетін ғылым
( ) адамға пайдасы жоқ ғылым
( ) ең негізгі ғылым
( ) алдаумен байланысты ғылым
№9 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, математика:
( ) ауа райының құбылу себептерін зерттейтін ғылым
( ) көзге көрінбейтін әлем туралы ілім
( ) бақылаулар немесе бақылау аспаптары» туралы ғылым
(х) заттардың сандық және кеңістіктік қатынастарын зерттеуші ғылым
( ) адамдар мен жануарлардың денсаулығын талдаушы ғылым
№10 сұрақ. Әл-Фараби жасаған ғылымдар классификациясындағы «жұлдыздар туралы математикалық ғылым»:
( ) физика
(х) астрономия
( ) арифметика
( ) астрология
( ) химия
МОДУЛЬ 3
ДӘРІС. ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Тапсырмалар:
№1 сұрақ. Әл-Фарабидің өнер философиясы:
(х) араб және түрік мәдениетінің үйлесімді ұштасуы
( ) француз және неміс мәдениетінің бірлігі
( ) қазақ мәдениетіне негізделген
( ) батыс мәдениетінің үлгілеріне сүйенген
( ) антикалық мазмұн басым философия
№2 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, драма:
( ) ақындық өнер
( ) сатирлар орындайтын хор орындайтын поэтикалық жанр
(х)белгілі бір адамдарға қатысты мәтелдер мен жалпыға белгілі нақыл сөздерден тұратын поэтикалық жанр
( ) жаратылыстану ғалымдары құрған поэтикалық жанр
( ) жақсы адамдар туралы да, жаман адамдар туралы да жалпыға белгілі нақыл сөздер
№3 сұрақ. Әл-Фарабидің пайымдауынша, ақын:
(х) адамдарға болмыстың құдайы ақиқатын белгілік формада жеткізеді
( ) адамның бойында жақсы сезімдер оятпайды
( ) өмірді өзгерте алмайды
( ) таңдамалы адамдарды рахаттандырады
( ) басқа адамдар көргенді көре алмайды
№4 сұрақ. Әл-Фараби қандай музыкалық аспапты жасап шығарды деген болжам бар:
( ) гипжак
( ) канун
(х) тоғызшекті домбыра
( ) уд
( ) қобыз
№5 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, комедия:
( ) күлкілі оқиғалар туралы жанр
( ) қайғылы оқиғалар бейнеленетін жанр
( ) жақсы адамдар туралы да, жаман адамдар туралы да жалпыға белгілі нақыл сөздер
() өзінің шеберлігімен, немесе тамаша және ғажайып екендігімен рахатқа бөлейтін пайымдаулардан тұратын поэтикалық жанр
(х) адамдарға да, жануарларға да тән жаман істер, теріс мінездер туралы баяндайтын» поэтикалық жанр
№6 сұрақ. Әл-Фараби музыканы қай ғылымға жатқызады:
(х) математика
( ) физика
( ) медицина
( ) эстетика
( ) этика
№7 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, өнер шығармалары не үшін жасалады:
(х) адамды рухани асқақтату үшін
( ) ойын-сауық үшін
( ) адамды төмендету үшін
( ) пайда табу үшін
( ) ешқандай мақсатсыз жасалады
№8 сұрақ. «Музыка туралы үлкен кітап» трактатының авторы:
( ) Ибн Рушд
( ) Ибн Бадж
(х) Әл-Фараби
( ) Әл-Ғазали
( ) Әл-Кинди
МОДУЛЬ 4. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ