Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 114

Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 116

Қазақстанның ашық кітапханасы

Өзі бір әйел халқын жақсы көретін адам екен... Ілмеген жері жоқ! Неміс

қатындарының көрмесі болады деп естіді ме екен?—деп, Зонин қалжыңға қарай тартып

отыр.

Бірде-біріне дені дұрыс көйлек тігуге кездеме табылмағандай өңкей жалаңаш әйелдер

төсектің айналасын түгел қоршап алыпты. Бірі алға қарай санын тосып, бірі кеудесін

тосып, енді бірі сілесі қатып мауыққан мысықтай, сұлаған күйде түсіпті.

Петр немістен қалған жаппаның төрт бұрышын түгел ақтарып шықты. Үлкен бір былғары

шамадан толған қара түлкі, қаракөл, құндыз екен. Кішкене темір сандықта толып жатқан

алтын сағат, алтын сырға, алтын қаптырмалар бар.

Мырзаңыз қалай магазинге өз аяғымен барып, өз қолын малып шыққан екен.

Көресіңдер ме, ылғи бір таңдап алынған нәрселер ғой! — дейді Петр.

Мына тұрған жалаңаштарды киіндіру керек те!

Ашып көрсеткен дене жабуды тілеп тұрған жоқ па!— деп, Зонин күтпеген жерден

ащы бір сықақ тауып айтты.

Бұл нәрселердің, түгел біздің қолға түсіп қалуына Феликс Цельтер дейтін солдат айыпты

еді...Таң ата біз осы жаппаның оң бүйіріне шығып алып тиістік. Қарсы алдынан кенет

көтерілген «ураға» қосыла, жаппаның айналасына граната жаудырдық. Мырза сол кезде

шегініп кетіпті де сорайған солдат Цельтер құтыла алмай қалып, қолын көтерді.

Бұл ит жалаң аяқ қашқан ба?— дейді Петр, әлдеқайдан құс жүнімен астарлап

тіккен қысқы етікті суырып алып.

Қашуға қалса, суық тиер деп қорқуға шама келе ме! — деп, радиошы Женко етікті

айналдырып қарап тұр.

Осынша жанын күткен командирлер, біздің қыста босқа қырылып қала ма деп

қорқам... Қолы тисе күн жылы, жер қарада өліп үлгіргендері ақыл ғой,— деп, Зонин да

қосылып қояды.

Бүгін біз бәріміз де көңілдіміз. Талай шайқасып, шабуыл адымын аштырмағанымызбен

ендіріп шегіндіре алған да жоқ едік. Мейрамға арнаған жорығымыз ойға алған нысанадан

әрірек барып түсті. Күнде бұл кезде немістердің қайта қаршылдасуы болатын еді, оған да

мойын бұрғызбадық. Немістердің жаны жақтырмайтын нәрсе, түн ішіндегі қолма-қол.

Орыс найзасы дегенді қаны сүймейтіні сонша, «ура» тым жақындап қалса, неміс солдаты

окобынан оңай атып шығады. Бұл окопта қолма-қол келіп қалғанша, кейінгі окопқа барып

алыстан атысқанды тәуір көреді. Сондықтан қолма-қолға бір келіп қалсақ, Семен

Зониндар оны қолдан шығармауға тырысады. Ал, Семен туралы «тырысады» делінген сөз

басқалар туралы қырып салды дегенмен бірдей.

Қазір Семеннің сақалын мен қырып жатырмын. Оның сақалын алуға таласып та

қалатынымыз бар. Мынау үйе салған үлкен денеге соқтығып жүріп, мынау көси салған

ұзын аяқтардан айналып етіп, құйған шойындай кең иықтарына асылыңқырап тұрып, өзін

әурелей жүріп, сақалын алып беруге бәріміз де қызығамыз. Мынау жалпақ иықтарымен

Семен нардың жүгін көтеріп әкетеді. Мынау бақандай қолдар Сталинградта трактор

жасаған қолдар. Қазір қолма-қолға бір кіріп алса, окоптың түбінде жатқан адамды түйреп

алып лақтырып жібереді. Семен араласып шыққан окоптың айналасы үйілген дене,

жосыған қан болып қалады. Даусы бір гүр етіп қалса, окопта кездескен жау солдатының

Наши рекомендации