Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды өзгертiңiз

Дәрiгерлiк iлiмдi игермеген адам өтiрiк емшiлiк жасаса, ол адамдарға жасалған зұлымдық болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды өзгертiңiз. Ауруыңыз қатерлi болса да, ешуақытта ауруға жаман бiрдеңе ретiнде қарамаңыз. Бұл ауруды – өзiңiздiң Ғазиз жаныңыз тудырғанын ұмытпаңыз. Ғазиз жан – үнемi, қай жерде болмасын сiздiң қамқоршыңыз, қорғаушыңыз. Ауру тудырғанда – осының нақты себептерi болды. Өзiңiздiң ағзаңызды, ауруыңызды сөгуге, ұрсуға асықпаңыз. Аурумен арпалысудан бас тартыңыз. Керiсiнше, осы ауруды берген Жаратушыға, Ғазиз жаныңызға алғыс айтыңыз. Аурудың өзiне алғыс айтыңыз. Тiптi бұлай iстеу ыңғайсыз болса да iстеңiз.

Қазiргi қалыпты медицинаның ауруларды жаза алмайтын себебi, олар аурумен арпалысады, күреседi. Былайша айтқанда оны тұншықтырып, салдарын жоюға тырысады. Аурудың пайда болу себебi, Ғазиз жанның тұңғиығында болып, өзiнiң талқандайтын iсiн әрi қарай жалғастыра бередi.

Ендi мынандай көрiнiс пайда болады. Ғазиз жан ауруды жасап, өз тiлiнде бiзге белгiлi бiр ақпарат, ескерту бермекшi болуға талпынады. Бiрақ, бiз дәрiгерге барып, осы ақпаратты дәрi-дәрмектермен тұншықтырамыз. Өзiмiзбен-өзiмiз арпалысып, осының құралы ретiнде қымбат дәрi-дәрмектердi сатып аламыз. Ақылға қона ма?!

Дәрiгердiң мiндетi – ағзаға бөгет жасамай, оның әрекетiн тұншықтырмай, керiсiнше «iшкi дәрiгерге» жәрдем беру ғой. Ойланатын, басы iстейтiн дәрiгер өзiн-өзi емдеудi жандандыра, жани түседi. Өзiн-өзi емдеу жайын ойланыңыз. Сiздiң ағзаңыздың өзi тепе-теңдiкке ұмтылады. Сондықтан, неге сiзге осыған көмекшi болмасқа? Өйткенi, бiздiң әрқайсымызда «iшкi дәрiгерiмiз» бар.

Бiздiң мәдениетiмiзде, ауруды бiзге байланысы жоқ қасiрет деген пiкiр қалыптасқан. Осының себебiн өздерi түсiнбейтiн айдаладан iздейдi. Осы жағдай өте ыңғайлы бекiнiске отыруға мүмкiндiк бередi: «Мен өз ауруыма жауапты емеспiн. Бұған дәрiгерлердiң басы ауырсын».

Адам өзiнiң ауруының жауапкершiлiгiн өзiне жүктемесе, онда жазылмайтын созылмалы түрге ауысып, келесi ауруды тудыра бередi. Осы кезде адам: жағдайды, жаман ауа райын, туған-туысқандарын, жұмысын, дәрiгерлердi т.б. кiнәлай бастайды. Ол өзiнiң iшкi жан дүниесiне үңiлудi, өзiне-өзi көмектесудi ұмытады.

Ендi қазiргi медицинаның ауруға деген көзқарасының байыбына барайық. Дәрiгерлер алдымен ауруды анықтап (диагноз), оған белгiлi атын қояды. Сонан кейiн дәрi–дәрмектермен ауруды тұншықтыра бастайды. Олар зардапты жеңiлдетедi, бiрақ ауру баяғы «таз қалпында» қалып, созылмалы түрге ауысады. Бiр мүшеден, екiншi мүшеге көше бастайды.

Дәрiгерлер дәрi-дәрмектердiң көмегiмен жүрiп-тұратын «балдақ» бередi. Ол осы «балдақпен» жүруге үйренедi. Қалай ойласаңыз, солай ойлаңыз: қазiргi қалыпты медицинаның iстеп отырғаны ақылға қонбайды!

Бұған дәрiгерлер кiнәлi емес. Медициналық оқу орындарында 6...8 жыл бойы, оларды белгiлi бiр тәртiп оқу жүйесiмен оқытады. Өзiңiз ойлаңызшы, өткен ғасырларда қазақ даласында аурухана, түрме дегендер атымен болған жоқ қой. Адамдарды бақсы-оташылар, балгерлер: Ғазиз жанның, сананың көмегiмен, сырқатқа басқа тәртiп бағдарламасын берiп, өзiн-өзi жазып алуына қол үшiн берген.

10 мамыр, сейсенбi 2011 жыл. Ашығуымның 23-шi тәулiгi (құрғақ ашығу)

Таңертең табиғат заңдылығын бiлген адам, кешке өкiнбей бақи әлемге бара бередi.

Кун-Фу-Цзы

Салмағым .... кг. Кеше сусынды көп iшкендiктен өзгермей тұр.

Сол қолымның қан қысымы ...../..... Тамыр 1 мин соғысы ....

Оң қолымның қан қысымы ..../..... Тамыр 1 мин соғысы ....

Таңғы сағат 5-те тұрып, денем қозғалыс тiлеген соң дене жаттығуларын жасадым. Көңiл күйiм өте жақсы. Миым таза, ойым айқын. Көңiлiм хош.

Күнi бойы сусын iшкен жоқпын. Кеше сусынға ыңқия тойып алғанмын. Денеңде су мөлшерi көп болса, салмағың да тез түседi екен. Осыны өз басымнан өткiзудемiн. Түстен кейiн кiшi дәретке жиi барып салмағымды түсiрдiм. Таңертең Қаскелеңге барып қайттым. 7...8 шақырымдай жаяу жүрдiм. Жүрген сайын рахаттана бердiм.

Мыңдаған өлiмдер, шексiз көре алмаушылық пен өкiнiштер жәй ғана әңгiменiң арты дау-дамайға ұласқанда туады. Пiкiр таласу мен айтыс адамның ақылын ұштап ұлан-асыр пайда әкеледi. Бiрақта, достық қарым-қатынаспен қызбаланбай айтысатын адамдар некен-саяқ. Осындай адамдармен дауласудан аулақ болғаныңыз жөн. Себебi олар дауласқанда өздерiнiң бойларына қуат алады. Мен осындай даудан кейiн жүйкелерi тозып кеткен жүздеген жағдайларды бiлемiн.

Даудың ең жаман түрi – тамақ iшiп отырғанда айтысу. Тамақ жегендегi айтыс асқазанға жара түсуге алып келедi. Дауласу шектен шығып бара жатса қолма-қол тоқтата қою керек. Жай ғана айтыңыз: «Бәлкiм сiздiкi дұрыс шығар, мен қазiр сiзбен дауласпаймын».

Дауласпаңыз, басқаларды да түртпектемеңiз. Даукестерден аулақ жүрiңiз. Егер де даукестiң бiреуiн мойныңызға мiндiрiп басындырып алсаңыз, ол сiздi азаптай бередi. Егер де оның сөзiн құлаққа қыстырмай, жауапсыз кетiп қалсаңыз ол өзiнен-өзi қояды. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады». Әркiм сiздiң пiкiрiңiзбен, көзқарасыңызбен келiсе бермейдi. Мен өзiме жақпайтын адамдардан оңаша жүремiн. Егер де отырыста бiрге бола қалсаңыз олармен аз ғана сөйлесуге тырысыңыз.

1932-33 жылдарғы елімізде болған алапат ашаршылық

Бұл айтып отырғаным Өскемен қаласында тұратын, пайғамбар жасынан асқан, бұрын қызметтес болған Владимир Тен деген корей жолдасымның үйінде болғанымда: 1932-33 жылғы ашаршылықты, 1937-38 жылғы қырып-жоюды (репрессия мен террорды) көзімен көрген, сол заманның куәгерлерінің бірі, Владимир Теннің 90-нан асқан анасының өз аузынан естіген әңгімем.

Ашаршылық кезінде қиыр шығыстан ауып келген корейлер мен үркіп Қытайға қашып бара жатқан қазақтар бір жағдайда болған. Сол кезде тау бөктерін жағалап шұрайлы жерлерде қоныс теуіп диханшылықпен шұғылданған бір орыс, не бір басқа ұлт өкілдері қырылды ма, жоқ! Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып жүрді. Біздің Ұржар, Алакөл өңірінде орыспен қоныстас егін салған және көл, су жағалап балық аулауды кәсіп еткен қазақтар да дін аман қалған. Ол кезде Алакөлдің балығы бүкіл қазақты тамақтандыруға жететін, әлі де жетеді. Біздің ішкері жақтағы мал баққан қазақ, ет және мал өнімдерінен басқа тамақ барын білмеген, жалқаулықтың, ала ауыздықтың, надандық пен настықтың салдарынан жер ананың қадір-қасиетін түсінбеген.

Елімізде болған 1932-33 жылдарғы алапат ашаршылықта 1,5 млн қандастарымыз ашаршылықтан қырылған уақытта, адамдардың кейбіреулері аштықтан емес, бас сап қомағайланып жегендіктен, тамақ бірден аш өзекке түсіп кетіп, қолма-қол отырған жерлерінде өліп кеткен. Сол жылдары қиыр шығыстан ауып келген корейлер таң қалып жағаларын ұстаған: «Осыншама мол тамақтың ішінде жүріп, мына қазақтардың шыбынша қырылғандары қалай?», – деп.

Менің бұның бәрін тәпіштеп жазып отырғаным, бала күнімізде ауылдағы Кусақ өзенін жағалай ойнап жүргенімізде, ары кетсе жарты метрдей тереңідікте, бетін ғана жаба салған адам сүйектерін жиі тауып алатынбыз. Себебі, біздің Науалы ауылы Тарбағатай бауырындағы Қытайға өтетін үлкен күре тамыр керуен жолының бойына орналасқан. Ал Қытайдың Шәуешек қаласы біздің ауылдан 120 шақырым. Ашаршылық жылдары босқан халық осы жол бойында ақ жоңқа боп аштан қырылған.

Наши рекомендации