Азтуған сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.

Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.

Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:

Алаң, алан, алаң жұрт

Аққала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған

Батыс болып туған жұрт.

Кіндігімді кескен жүрт...

Қайран да менің Еділім!

Қайран да менің Еділім!

Сыпыра жырау

Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.

Шалкиіз жырау

Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.

Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.

Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа:

Айырдан туған жампоз бар,—

Жүгін нарға салғысыз.

Арғымақтан туған будан бар,—

Күнінде көрінім жерді алғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,—

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,—

Күндердің күні болғанда

Бір аяқ асқа алғысыз.

Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жылағанды уатсаң,

Қисайғанды түзетсең,

Төңіріңнің үйі көбені,

Сұлтан ием,

Қарсы алдыңнан жасапты.

Доспамбет жырау

Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.

Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі.

Айналайын, Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?

Еңсесі биік боз орда

Еңкеймей кірер күн қайда?

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда?

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда?

Күмбір-күмбір кісінетіп

Күреңді мінер күн қайда?

Бұқар жырау

Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.

Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар:

“ Тәуке хан мемлекет шаруасын Шығыс дәстүрімен жүргізіп, күз бен қыста мемлекет ішіндегі ғалым, білімдар адамдарды, діндарларды, сал-серілерді хан ордасына шақырып алып, кеңес құрады екен. Ел сыйлыларынан халық жағдайын, жұрт аузынан сыр тартып, біліп отырады екен. Қайтарда бәріне сый-сияпат беріп, үлкен қошемет керсетеді екен. Сондай бір жиында қонақтар ас ішіп болғаннан кейін, хан бір сауал кояды: "Дүниеде не нәрсе өлмейді, соны тауып беріңдер", — дейді. Сонда біреулер: "Тау өлмейді", енді біреулер: "Су өлмейді", енді бірі: "Аспандағы жұлдыз өлмейді", — дейді. Төрде піл сүйегінен жасалған биік тақта отырған патша "таптың" демеген соң, жұрт тосылып қалады. Сонда ширығып отырған Бұқар: "Алдияр тақсыр, мен тауып берейін", — деп сөйлеп кетеді:

Асқар таудың елгені —

Басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені —

Аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен Күннің өлгені —

Еңкейіп барып батқаны.

Айдын шалқар өлгені —

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені —

Қар астында қалғаны.

Өлмегенде не өлмейді —

Жақсының аты елмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Сонда тақта маңғаз отырған хан Тәуке иығына жамылған қамқа тонын шешіп, Бұқардың иығына жапқан екен дейді.”

Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, "Ақтабан шұбырынды", ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.

Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.

Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын:

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде,

Тұрымтайдай үл едің,

Түркістанда жүр едің.

Әбілмәмбет патшаға

Қызметші болып тұр едің —

Қалтақтап жүріп күнелтіп,

Үйсін Төле билердің

Түйесін баққан құл едін...

Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.

XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.

Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.

“Қабанбай батыр" жырында ел үстінде жатқан батырдың көңілін сұрайтын Бұқар жырау оны қайнар бұлаққа, дүлділ пыраққа теңей келіп: "Құрбандығыңа арғын мен үйсіннің, керей мен алшынның әрқайсысынан жүз кісі айттым, соның басы әзім болайын”, — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан.

Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар.

Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері. Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.

Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұршылығының жоғары бағасына ие болған.

Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері.

Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз.

Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов.

Қоғамды саяси реформалардың көмегімен өзгертуге болады деп ойлады. Бірақ XIX ғасырдың 60 жылдарында патша өкімет іске асырған саяси – экономикалық реформалар Шоқанның идеалына сай келмеді.

«Сот реформалары туралы хат» деген еңбегінде Шоқан әлеуметтік – саяси реформаның мәнін ашып көрсетті, қазақ даласында тарихи тамыры терең, халықтың қолдауына ие болған билер сотының қажеттілігін негіздеді.

Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде қазақтардың басқару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.

Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.

Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай.

Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.

«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.

Шәкәрім философия тарихында маңызды екі бағыт, екі түрлі дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен жетістік.

«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».

Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.

Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.

Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.

Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі - ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.

Дәріс

Наши рекомендации