Рубеждік бақылаудың коллоквиум сұрақтары

САЯСАТТАНУ» пәнінен оқу бағасының жетістік және бақылау бойынша материалдар

Рубеждік бақылау саясаттану пәні бойынша екі рет біріншісі жетінші аптада коллоквиум ретінде, ал екіншісі он төртінші аптада он балдық жүйемен ауызша сұрақ-жауап алу арқылы қабылданады. Бір рубеждік бақылаудан алынатын максималды балл он баллдан аспайды.

Рубеждік бақылау келесі келесі мақсаттардан тұрады:

- өтілген оқу материалы бойынша және білімгердің өзіндік игерген, алған білім деңгейін анықтау

- материалды талдай білуі мен негізгі идеяларды қарастыра білу деңгейін

- белгілі мәселеге қатысты өз ойын жеткізе білу қабілетін

Рубеждік бақылауды тапсыру барысында оқытушы білімгерге тақырыпқа байланысты және оған байланысты басқа мәселелерді қамтитын бірнеше сұрақтар қоя алады. Рубеждік бақылауды тапсыруда білімгер курс бойынша лекциялар мәтінін, семинар материалдарын, сөздікті, қосымша берілген мерзімдік басылымдар, негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланады.

Рубеждік бақылау талаптары:

Саясаттану курсы бойынша 2 рубеждік бақылау белгіленген. Оның бірі – ауызша коллоквиум, екіншісі жазбаша бақылау жұмысы ретінде өтеді. Әр рубеждік бақылау 10 баллдан 20 баллды құрайды.

Аралық бақылауға қойылатын талаптар:

Аралық бақылау жазбаша түріндегі емтихан арқылы қабылданады. Баға салмағы 40 баллды құрайды. Өтілген толық саясаттану курсын қамтитын тест сұрақтары, білімгерлерге емтиханға дейін 1 ай бұрын беріледі. Емтихан уақытысында білімгерге курс бағдарламасын пайдалануға болады, бірақ сөздік, анықтамалық, шпаргалкалар қолдануға рұқсат берілмейді. Емтихан тіртібін бұзған білімгер емтиханнан шығарылады.

Рубеждік бақылау БОӨЖ кезінде өткізіледі.

-Коллоквиум БОӨЖ кезінде -2 сағат

-Жазбаша бақылау жұмысы -1 сағат

Рубеждік бақылау қорытындысын бағалаудың критерилері.

Қойылатын баллдар Білімгердің білімін бағалау сипаттамасы
100 балл Рубеждік бақылауға қатысты білімгер барлық материалды біледі. Оның кез –келген мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Жауап беру барысында түсіндіріп, өз ойын жеткізе біледі. Терминдер мен түрлі ұғымдарға түсінік бере алады.
90 балл Білімгер рубеждік бақылауға қатысты материалды игерген. Оның кез–келген мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Бірақ мысалдар мен мәселеге қатысты дәлелдер келтіруде қиналады. Қойылған сұраққа өз ойын жеткізе біледі.
80 балл Рубеждік бақылау сұрақтарын білімгер игерген. Бірақ толық жауап бере алмайды. Кездесетін терминдардің кейбіріне түсіндірме бере алмайды. Қойылған сауалдарға нақты жауап береді.
70 балл Білімгер рубеждік бақылау тапсырмаларын игерген, жауап бере алады, бірақ мысалдар келтіре алмайды. Пәнге қатысты толық курс материалдарын толық меңгермеген.
60 балл Білімгер рубеждік бақылау тапсырмаларына ғана дайындалған. Жауаптары қысқа-нұсқа. Мысалдар мен дәлелдер келтірмейді. Өз ойын жеткізе білуде қиналады. Терминологиялық сөздік бойынша жауап беруге қиналады.
50 балл Білімгер материалды жаттанды түрде игерген. Мәселеге қатысты терминологиялық сөздіктерді шатастырады. Жауап ретінде лекция мен семинар материалдарына сүйенеді.
40 балл Білімгер өз ойын жеткізе алмайды. Материалға қатысты сауалдарды игермеген. Терминдерге жауап бере алмайды. Жауаптары толық емес.
30 балл Білімгер сауалдарға тек лекция семинарларға қарап жауап береді. Логикалық тұрғыдан қойылған сауалдарға жауап бере алмайды.
10-20 балл Білімгер курс бойынша тек өзінің қысқаша түсінігі арқылы жауап береді. Материалды және рубеждік бақылау сауалдарын игермеген.
0 балл Білімгер рубеждік бақылауға дайын емес. Ешқандай сауалға жауап бере алмайды. Терминдерді білмейді. Рубеждік бақылау сауалдарын қарастырмаған.

Рубеждік бақылаудың коллоквиум сұрақтары

1. Саясат, оның мәні және мазмұны.

2. Саясаттану ғылымының даму тарихы.

3. Саясаттану пәнінің субьектісі.

4. Саясаттану пәнінің обьектісі.

5. Ежелгі дәуір саяси ойлары.

6. Орта ғасырдағы саяси ойлау.

7. Жаңа дәуірдегі саяси ойлау.

8. Қазақстандағы саяси ойлаудың дамуы.

9. Билік және оның мәні баелгілері.

10. Биліктің түрі және тұрпаттары.

11. Билік тармақтары. (Дж.Локк. Ш.Монтеське)

12. Қазақстан Республикасындағы билік жүйесі.

13. Биліктің легитімділігі.

14. Саяси жүйе, оның мәні.

15. Саяси жүйенің жіктелуі.

16. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы.

17. Саяси тәртіп. (режим)

18. Саяси режимдердің тарихи типтері.

19. Демократиялық режим. Белгілері және принцптері.

20. Антидемократиядық режим. Негізгі белгілері

21. Мемлекет және оның қалыптасу эволюциясы.

22. Мемлекттің пайда болуы туралы теориялар.

23. Мемлекеттің түрлері мен тұрпаттары.

24. Мемлекеттің атқаратын функциялары.

25. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құру проблемалары

2 Рубеждік бақылаудың сұрақтары.

26. Саяси партиялар, олардың қалыптасуы.

27. Саяси партиялардың түрлері

28. Саяси партиялардың жіктелуі.

29. Саяси партиялардың тарихи типтері.

30. Саяси партиялардың атқаратын қызметтері.

31. Партиялық жүйе.Мәні мен мазмұны.

32. Бір партиялық жүйе.

33. Екі партиялық жүйе.

34. Көппартиялық жүйе.

35. Қазақстандағы партиялық жүйенің қалыптасуы.

36. Қазақстандағы көппартиялылықтың дамуы.

37. Қазіргі кездегі Қазақстандағы партиялар.

38. Республикадағы саяси партиялардың даму бағыттары.

39. Саяси жетекшілік ұғымы.

40. Саяси жетекшілік теориясы.

41. Саяси жетекшілік мәселесі.

42. Саяси жетекшілік типологиясы.

43. Сакяси жетекшілік қызметтері.

44. Саяси лидерлік.

45. Элита. Қалыптасуы, дамуы.

46. Саяси элиталардың қоғамдағы орны мен рольі.

47. Саяси элиталардың жұмыс істеу механизмі.

48. Саяси сана және саяси мәдениет.

49. Саяси сана түрлері.

50. Саяси мәдениеттің қалыптасуы.

51. Саяси мәдениеттің жіктелуі.

52. Саяси идеология, түрлері.

53. Либерализм.

54. Консерватизм.

55. Коммунизм.

56. Социал-демократия.

57. Ұлттық идеология.

58. Халықаралық қатынас қалыптасуы.

59. Сыртқы саясат мәні мен мазмұны.

60. Қазақстан – 2050 бағдарламасы.

61. ҚР геосаясат.


Наши рекомендации