МӘТІН – КЕЙІГ(ПОСТ)МОДЕРНИСТІК КОНЦЕПЦИЯЛАРДА

Соңғы ширек ғасырда біз таңбалап келе жатқан дағдылы мәтін туралы ұғымды тәрік ететін мәтін концепциясы туындап, өз буынын бекітті. Оны жағалаусыз мәтін теориясы немесе реалдылықтың тұтасқан мәтінделу (текстуализациялану) концепциясы деп атауға болады. Бұл жерде көшбасшылық тізігіні қолына тиген француздық кейігструктурализмнің серкесі Ж. Деррид таяу уақытта: «Мен үшін мәтіннің құны беш тыин. Бұл абсолюттік тұтастық. «Мәтінен тыс еш нәрсе жоқ» (бұл арада ғалым өзін-өзі қайталап, дәйек сөз келтіріп тұр. — В.Х.). Бұл мәтін дегеніміз – қарапайым емес тілдік акті дегенді білдіреді. Егер де, үстел мен үшін мәтін болса, онда, мен өзі үшін өзі үстел болып тұрғанды – дейіглингвистикалық қабылдаудағыдай – қабылдаймын» деп айтты. Көрініп тұрғандай, бұл арада мәтін деп адам қабылдайтынның бәрі аталып тұр.

«Мәтін» сөзімен сондай-ақ объективтік реалдылықта бар нәрселердің жалпы жиынтығын таңбалайды. Одному из участников тарту-мәскеу мектебінің қатыстылардың бірі Р.Д. Тименчикаға мына фраз тиселі: «Егер біздің өміріміз мәтін болмаса, онда оның не болғаны?». Әлемнің қітап тәріздестігі туралы ұғым, яғни, мәтін ежелгі метафоралық образдарға тамыр тартып кетеді. Інжілдік Моисей әлемді Құдайдың кітабы деп атады (Исх. 32, 32-33), «Иоанн Құдай сөзін жеткізушіде» де өмір кітабы туралы бірнеше мәрте сөз болады. Кітап тіршіліктің символ ретінде көркем әдебиетте тікелей емес, жанама түрде «астар мәтінмен» көрініс береді. Осылайша, лермонтовтың «Расул» өлеңінің кейіпкері «адам көздерінен» «зұлымдық пен іріп-шіруді» оқиды. Бірақ та діни және көркем символиканы ғылыми танымның аясына енгізудің заңдастығы байыпты күмәнданушылық тудыруда: егер әлдебір сөз бәрін танытса, шын мәнісінде оның ештеңені білдірмейтіндігі. Әлем келбетінің «Жағалаусыз мәтінденуі» өзінің байыпты (болмыс әуелден жаратушының еркімен жаратылып, әубастан ретке түскен) философиялық онтологиясына ие, бірақ та, ол жеке ғалым саласында жемісті бола қоймайды.

Оның үстіне, соңғы екі он жылдықтар аясында филологияда мәтінді шекараны білмеуші деген ұғым орнықты. Бұған дәлел – Ж. Дерридтің пікірлесі, әрі ізін қуушы Р. Барттың төлтума еңбектері. Осы бір филолог-эссеист көркем мәтін мен көркем туындыны бір-біріне қарама-қарсы қойып, әдеби мәтінді екі текке межеледі. Белгілі бір мағына мен автор позициясын жүзеге асырушы классикалық (беймодернистік) туындылардың мәтіні ирониялық-шеттемемен сипатталады. Барт бойынша, «классикалық мәтін аярлық пен екі жүзділікке бой алдырып, құқысы болмаса да, белгілі бір анықтылық пен мақасттылыққа қарай арбайды. Және де ең тұздықтысы – бұндай мәтіндердегі көшіріп алушылық негізінде туындаған өмір жоққа шығарылатын пікірлер мен тұншықтырылған астарлардың құсқыңды келтіретін қойырпағына айналады». Ал, заманалық мәтіндерде тілдік өзі-ақ ақтарыла сала береді деп тұжырымдайды ғалым. Бұнда персонаждар мен автордың үніне орын жоқ; белгілі позицияны ұстанудың өкілі болып табылатын соңғысының орнына тек қана хат процесінде көрініс беретін, мәтін туындап болысымен өз өмір сүруін тоқтатын Скриптор (жазғыш) келеді. Тап осындай Мәтін (Бартта бас әріппен беріліп отырады-Ә.Ә.) туындыны шетке қағады. Ол өз негізіне әлдекімнің (тұлғалық) сөзін емес, оқырманға ләззат сыйлай алуға қабілетті ойындық сипаттағы бейнесіз хатты алады: «Мәтін оқырманы мырза жандай еш нәрседен қам жемей; қыдырымпазданады». Оның үстіне мәтін өзінің дағдылы тұрақтылық және өзіне-өзі теңдік сияқты нышан-белгілерінен айырылады. Ол қабылдаудың әрбір актісінде қайыра туындап отырушы, басы бүтін автор еркіне қарамай туындаушылығы оқырман ырқында болушылық ретінде ойға оралады. Ғылыми және көркемдік дәстүрлерден қол үзуді қаламайтын ғылым «мәтін» терминінің бұндай өңін айналдырушылықпен еш қабыса қоймасы анық.

Ал, енді мәтінді прагматикалық аспектісіне келер болсақ, прагмалингвистика саласын айтпай өтпейміз. «Прагмалингвистика – тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі» деп аталады. Оның бірінші тармағында Адам факторын түпқазық етіп алған когнитивті лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, социолингвистика сияқты салалармен тығыз байланысты дамып келе жатқан прагмалингвистиканың пайда болып, қалыптасуына шолу жасалып, ұғымдық шеңбері анықталды. Қоғамдағы субъектілер арасында болатын тілдік қарым-қатынас адресант-адресат қостағаны аясында қарастырылды. Біздің зерттеу нысанамыз – жазбаша формадағы газет мәтіні біріншіден, осындағы адресанттың прагматикалық ұстанымын жеткізуші көп қырлы, терең мәнді, имплицитті түрде жеткізілетін астарлы ойға құрылған күрделі прагматикалық бірлік ретінде алынса, екіншіден, социум мүшесі болып табылатын адресатқа психика-эмоционалды тұрғыдан әсер ететін, сөйтіп белгілі бір дәрежеде оның әлеуметтік мінез-құлқын реттеуге қатысатын маңызды прагматикалық құрал ретінде қарастырылды. Өйткені кез келген мәтіннің прагматикалық аспектісі айрықша маңызға ие. Сөйлеу актісінде бұл тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі ниетіне сай етіп іріктей білуі, қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің тыңдаушыға қандай дәрежеде әсер етуін көздейтіндігі, соның нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге баруына түрткі болатындығы, сондай-ақ айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы өзін белгілі бір қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т.б. барлығы жинала келе оның түпкі ойының аудиторияға дұрыс, дәл, нақты күйінде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми тілмен айтқанда, мұны мәтінде алуан түрлі тәсілдермен кодталған ақпараттың адресат тарапынан дұрыс ашылып, адекватты түрде қабылдануы деуге болады.
Алғаш Ч.Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю.С.Степанов, Р.Карнап, А ван Дейк, Д.Ф.Алиференко, Г.Г.Матвеева, О.С.Москальская сынды ғалымдар үлкенді-кішілі зерттеу жұмыстарын арнап, прагматика теориясын дамытуға өзінше үлес қосты. Сонымен қатар А.Г.Баранов, Г.Г.Почепцов, С.А.Сухих, М.М.Молчанова, Т.М.Прохорова т.б. ғалымдар мәтінді прагматикалық тұрғыда зерттеді. Олар автордың объективті болмыс пен оның мазмұндық материалына қатысын қарастырып, прагмалингвистикалық бағытты біршама дамытты. Соңғы сипаттағы зерттеулер функционалдық стиль түрлеріне арналып, көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.
Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған прагмалингвистиканың алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М.Оразов сөз семантикасының прагматикалық аспектісін қарастырса, А.Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік лексиканың прагматикалық аспектісін, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісін, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының прагматикасын, С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса, Г.К.Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған. Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын прагматикалық тұрғыдан зерттеген. Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де пайда болды. Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка) құрылымы, семантикасы және прагматикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.
Ал біздің мақсатымыз – қазіргі қазақ газетінің тілін прагмалингвистика тұрғысынан кең ауқымда қарастыру. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің даму бағыттарын анықтау, қазіргі қазақ авторларының публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды айқындап, аксиологиялық тұрғыдан баға беру. Газет арқылы тіліміздің бүгінгі қоғамымыздағы бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Өйткені адам өмірінің саяси, экономикалық, мәдени, тұрмыстық т.б. салаларын түгелдей қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптар қозғалады. Соған сәйкес газет материалдары да бірнеше жанрда жазылады.
Газет мәтіні – семантикалық құрылысы жағынан, функциясы тұрғысынан, мәтінді қабылдап-түсіну жағынан ерекшеленетін публицистикалық стильдің бір түрі. Ол бұқаралық аудиторияға ақпарат таратып, жеткізудің ерекше құралы ретінде танылып, автордың саяси-прагматикалық позициясын көрсетеді. Зерттеу нысанамыз – жалпы газет мәтіні болғанымен, біз ресми басылымдарда айрықша орын алатын саяси мәтіндерге көбірек көңіл бөлдік. Себебі қоғамдағы бүкіл әлеуметтік қатынастардың өзі саясатқа негізделгендіктен ол тақырыпты айналып өту мүмкін емес. Осымен байланысты қай мәтінді алсақ та онда ашық немесе жасырын түрде көрініс беретін саяси дискурсқа прагматика тұрғысынан баға беріп отырдық.
Прагмалингвистиканың қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысы бірінші тараудың екінші тармағында кеңінен сөз болды. Тілді қандай да бір ақпаратты жеткізу және өңдеу үшін, сондай-ақ қоршаған орта жайында қажетті түсінікті қалыптастыру үшін жүзеге асырылатын күрделі процестерді зерттеуді мақсат ететін когнитивтік бағыт пен сол процеске тікелей қатысушы адресант (ақпаратты ұсынушы) пен адресат (ақпаратты қабылдаушы) арақатынасын зерттейтін прагмалингвистиканың арасында тығыз байланыстың болуы заңды. Әсіресе адам санасына келіп түсетін ақпараттың керекті деңгейде ұғынылып-түсінілуін реттейтін категориялау және концептуалдау процестері ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыру проблемасына қатысты айрықша маңызға ие болады. Өйткені сол процестер арқылы адам ақиқатта болып жатқан оқиғаларды когнитивтік тұрғыдан меңгереді. Сөйтіп үнемі ұлғайып отыратын білімін концептілер және категориялар түрінде реттейді. Осының нәтижесінде жеке-жеке келіп түсетін мәліметтер жүйеленіп, білім қорын құрайды. Осы айтылғандардың бәрі БАҚ мәтіндерін зерттеуде үлкен мәнге ие болады. Басқаша айтқанда, когнитивтік зерттеулер медиа-мәтіндерді жекелеген сөзжасам туындылары ретінде ғана емес, сол ақпаратты дайындап, тарату саласында еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдар мен ұйымдардың бірлесе атқарған қызметінің нәтижесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, медиа-мәтіндерді сөз еткенде міндетті түрде олардың интерпретациялық қасиеттерін, ғаламның медиа-бейнесін қалыптастырудағы рөлін, БАҚ мәтіндерін жасау мен қабылдауға әсер ететін мәдени-спецификалық және идеологиялық факторларын атаймыз. Түптеп келгенде, адресаттың когнитивтік санасында ғаламның ақпараттық бейнесінің қалыптасуына әсер ететін, тіпті үлес қосатын адресант өз кәсіби міндетін атқарып жүрген журналист болғандықтан прагмалингвистикадағы адресант–адресат арақатынасы когнитивтік лингвистиканың да аясына кіреді.
Газет мәтінін прагмалингвистикалық талдаудағы негізгі мәселе адресанттың прагматикалық ұстанымы десек, психолингвистика тұрғысынан алғанда мұны ақпараттардың жазбаша мәтінде қодталуы деуге болады, ал адресаттың мәтінді интерпретациялауы, кодты ашу, яғни мәтіндегі ашық және жасырын түрде берілген ақпаратты дұрыс түсініп қабылдауы болып шығады. Мұның өзі адресаттың когнитивтік санасындағы білім қорының көлемімен тығыз байланыста ашылатын мәселе. Адресанттың жеткізбек болған түпкі ниеті реципиентке бұрын-соңды белгілі ұғымдарға негізделсе, бұл коммуникация біршама нәтижелі болмақ. Ал ондай сәйкестік болмаған жағдайда оқырманның мәтінді дұрыс интерпретациялауы екіталай.
Газет мәтінін құрастырушы да (адресант), оны тұтынушы да (адресат) – белгілі бір әлеуметтік топтардың мүшелері. Осы әлеуметтік субъектілер мәтіндегі хабарламаға анағұрлым жақын тұрған социумның өкілдері болып табылады. Сондықтан да медиа-мәтінді жалпы жаңалықтардың коммуникативтік контексінде алып жасайтын да, интерпретациялайтын да солар. Т.А. ван Дейк жаңалықтарды дискурстың бір типі ретінде қарастырған еңбегінде осы әлеуметтік субъектілердің қызметіне айрықша баға береді: «Этих социальных субъектов, их социокультурная активность, общность убеждений или идеологии дают возможность соотнести тексты новостей с процессами институционального и социального производства и потребления, а также с экономическими условиями их производства и распространения» [1,137]. Түптеп келгенде, бүгінгі ақпарат заманында адам қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды қадағалап отыруға мәжбүр. Бір күн БАҚ қызметін пайдаланбау субъектінің білім қорын едәуір жұтаңдатып, оның әлеуметтік дамуын тежегендей әсер етеді. Осы жағынан газет мәтінінің әлеуметтік- реттеуіштік рөлін социолингвистикамен байланыстыра қарастырудың мәні зор.
Қазіргі тіл білімі социолингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және прагмалингвистикалардан тұратын кешенді пәнаралық бағыттар негізінде қалыптасатын, көптеген зерттеу деректерімен байып отыр. Атап айтқанда, И.В.Арнольд, Б.П.Белянина, В.В.Воробьев, Н.И.Гайнуллина, Г.Г.Гизатова, В.И.Исенғалиева, Е.И.Ковалева, Г.В.Колшанский, М.М.Копыленко, А.П.Крысина, В.А.Маслова, Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Б.Хасанов, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, Э.Д.Сүлейменова, Ж.Манкеева, Б.Момынова, З.Ерназарова, А.Ислам, Қ.Жаманбаева, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева т.б еңбектері тілдегі логика-концептуалдық байланыстарды, семантикалық, синтагматикалық және прагматикалық факторларды кешенді түрде қарастыра отырып анықтауға мүмкіндік береді. Т.Г.Винокурдың сөзімен айтқанда, прагматика қазіргі кезде тіл қолданысы мен қызметінің коммуникативтік қырын барынша кеңінен дәйекті түрде айшықтап отырған сала болып табылады
Сонымен, публицистикалық мәтінге прагмалингвистикалық талдау жасау барысында аталмыш бағыттардың деректері мен сол салалар бойынша қол жеткізілген ғылыми жетістіктерді пайдаланудың қажеттігі сөзсіз. Сондықтан тіл қолданысын Адам факторымен тығыз байланысты қарастыратын прагмалингвистиканы өзге антропоцентристік бағыттармен бірлікте, кешенді түрде қарастырудың маңызы зор.
Бірінші тараудың үшінші тармағы «Медиа-мәтін – ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым» деп аталады. Қазіргі кезде бүкіл адамзат электронды БАҚ-тың әсер ету объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиа-мәтін әлеуметтік-реттеуші қызметін атқарады. Академик Р.Сыздық қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминанта стиль екенін айта келіп былай дейді: “Сөз жоқ, бұл күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары – баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенің мойындау қажет” . Әртүрлі БАҚ-та медиа-мәтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты негізінен өзгеріссіз қалады.

Наши рекомендации