Батыс - европалық орта ғасыр философиясы.
Батыс Европалық орта ғасыр философиясы – V-XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл уақыттағы философия «құдай ілімнің қызметшісі», осы ғасырдың философиясы христиандыққа негізделген. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия (Інжіл). Грек тілінен ауларғанда «кітап»-деген мағынаны білдіреді. Христиандық дүниетаным монетеистік. Христиан дініндегі құдай үш бейнеде: Құдай - әке, Құдай – ұлы және Қасиетті рух.
Орта ғасырдың негізгі идеясы теоцентризм, яғни барлығын анықтайтын ақиқат құдай.
Христиан теологиясы – екі қағидаға негізделген. Ол тудыру идеясы (креационизм, лат. creatio – тудыру) және ашулы идеясы (ревеляционизм, лат. revelation - ашылу). Тудыру идеясы ортағасырлық онтологияның негізінде жатыр, ал ашу идеясы таным туралы ілімінің негізін құрайды. Ортағасыр философиясы сонымен қатар провиденциализм идеясын (лат. Providenta – көріпкелдік, көзқарастар жүйесі) уағыздайды. Ол бойынша барлық дүниежүзілік жағдайларды, соның ішінде тарихты да, бөлек адамдардың іс-әрекетін де құдай көріпкелділігі басқарады. Тағы да бір ағым персонализм (лат. persona – тұлға) философиядағы теистік бағыт. Ол бойынша тұлға алғашқы шығармашылық ақиқат және рухани құндылық, ал барлық әлем құдайдың шығармашылығының көрінісі.
Ортағасыр философиясының қалыптасуының екі кезеңін атап өтуге болады – патристика және схоластика. Патристика– «шіркеу әкелерінің», теологиялық философиялық көзқарасының жиынтығы. Олар христиан дінін негіздеуде антика философиясына, соның ішінде Платон идеяларына сүйенеді. Патристика үш кезеңді қамтиды: апологетика (ІІ-ІІІғғ.) – христиан дүниетанымының қалыптасуына және қорғауында маңызды рол атқарды; христиан ілімін жүйелендірген классикалық патристика (ІV-Vғғ.); догматиканы бір қалыпқа келтірген соңғы кезең (VІ-VІІІғғ.). Схоластикаадам зердесінің көмегімен сенімде қабылданған идея мен формулаларды негіздейтін философиялық ойлаудың бір түрі. Орта ғасырларда схоластика өз дамуының үш кезеңінен өтеді: (ХІ-ХІІғғ.); кемелденген кезең (ХІІ-ХІІІғғ.); соңғы схоластика (ХІІІ-ХІVғғ.).
Патристиканың атақты өкілі – ұлы христиан ойшылы Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.). Оның ең атақты еңбектері «Исповедь» және «О граде Божьем». Августин өз этикасында жамандыққа жақсылықтан гөрі өзгеше бастама берген. Жамандық адамнан шығады, ал жақсылық Құдайдан келеді. Адам жақсылыққа емес, жамандыққа жауап береді.
Жан және материя арасындағы философиялық тартылыс реалистер мен номиналистер арасындағы күреске алып келді. Ол жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсалий» мәселелсі. Номиналистер бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі (nomen). Реалистердің айтуынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлар» пайда болады, яғни сөз соған сәйкес пайда болады.
Христиан философиясының дәстүрлі тақырыбы – Құдай әмбебаптылығын қорғау – ұлы философ Фома Аквинский (1225-1274жж.) еңбектерінде ауқымды орынға ие. Оның айтуынша – жамандық позитивті көрініс болып табылмайды, ол жақсылық сияқты өз-өзімен өмір сүрмейді, ол бейболмыс. Фома Аквинскийдің атақты еңбектері – «Сумма теологии», «Сумма философии» және т.б.
Орта ғасыр деп аталған кезең Батыс Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында үстемдік көрсетті. Мектеп ағарту ісі шіркеудің қолына көшті. Философия бірнеше ғасыр бойы діннің жандайшабына айналды. Ең алдымен философияның міндеті діни жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тірелді.
Ортағасырлық христиандық философияның бірінші кезеңі – патристика (Августинға дейінгі), екінші – схоластика.
Схоластика мен патристиканың арасында айырмашылық бар. Оқытушылардың /патристикадағы/ алдына қасиетті жазудың мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы сауатсыз адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің ұстанымы: «неге сенемін – соны танимын» болды. Схоластиканың негізгі мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.
Схоластика өз дамуында үш кезеңнен өтті: