Платон бойынша идея,эйдос,зат 1 страница

Аристотель фил ерек

Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель(б.з.д384-322)болды.Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуның негізін қалап,өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы философ.Ол франция жағалауындағы Стагир қаласында туған 17-жасында Платоннан дәріс алған Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына ат салысып көп еңбектер жазды.Олар «категориялар», «аналитика», «физика», «реторика»т.б Арестотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп екі түрлі философия бар екенін айтты. «Екінші философия» физиканың пәні материямен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса,бірінші философия метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін мәнділік.Бірінші философия бір жақты қараса,дүниенің алғашқы бастамасы құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан теология деп аталуы керек сияқты.Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардығ бірі болғандықтан және философия мәнділіктерді алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай ,оның себептерін де зерттегендіктен,ол теологиядан әлде қайда ауқымдырақ және тереңірек.Өзінің ілімін Аристотель мәнділік болмыс деп қарастырудан бастайды да,оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысада.Осы тұрғыдан мән категориясы мәнділікті түсінудің кілті.Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материялдық зат (ат,жер,су,ауа,атом) ретінде де,идея ретінде де қарастырмайды,оны өзіне тән әр түрлі көріністеріне байланысты тануға болады дейді.Мәннің көріністері: 1.түб-негіз,субстрат; 2.болмыстың мәні; 3.болмыстың мәнімен түпнегізден тұратындар; 4.жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5.жалпылық және; 6.ерекшелік;

Гегель фил ерек

Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі – антитезис, ал куйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар көзі — абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

6.Миф мен діннің ұқс және айыр

Алғашқы қоғамда мифология дінмен тығыз байланыста әрекет етті. Бірақ олар ешқашанда бір-бірінен ажыраған жоқ деп біржақты ұйғарым жасау дұрыс болмас еді. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Мазмұны жағынан, яғни дүниеге көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, мифология мен дін бір-бірінен бөлінбейді, өйткені бір мифтер «діни» делінетін болса, ал екіншілері «мифологиялық» болып шығады.Мифология мен діннің айырмашьшығы туралы бұл мәселені зерттеумен көп айналысқан көрнекті зерттеуші, орыс философы А.Ф.Лосев (1893-1988) жиі айтатын. Ол: «Миф дегеніміз діни нышан емес, себебі дін сезімнен тыс дүниеге сенім деген сөз болып шығады және осы сенімге сай белгілі бір мораль, тұрмыс, магия, әдет-ғұрыптар мен салтанат, жалпы культ дегенді білдіреді. Мифте сезімнен тыс ешнәрсе жоқ, ол ешқандай дінді қажетсінбейді. Сенім дінге сенетін адамға да, оның сенетін нәрсесіне де әлдебір қарама-қарсылықты жорамалдайды. Ал мифологиялық сана болса бұл қарама-қарсылыққа дейін-ақ дамыған, сол себепті бұл жерде сенім де емес, білім де емес, жеке сана, өзгелерге ұқсамайтын дара сана туралы сөз болып отыр. Сенім мен білімді бөліп қарауға жете қоймаған ертедегі адамның көзқарасы бойынша, кез келген мифологиялық нысанның нақтылығы және айқындығы соншалықты, бұл жерде әңгіме сенім туралы емес, адамның оны қоршаған ортамен, яғни табиғатпен және қоғаммен теңдесуі жайында болуы керек. Магиялық іс-әрекеттер болмағандықтан да, мифтің ешқандай әдет-ғұрыптық белгісі жоқ. Магия, әдет-ғұрып және миф көбінесе жеке-дара, бірақ бір-бірімен жауласып дамитын әртүрлі теріс құбылыстарды білдіреді».

Даосизм нег идеялары

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм "Лэ-цзы” (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және "Хуаинань-цзы” (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.Даосизм – адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау.Даосизм философиясының мәні – бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы эле­менттерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі "киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы "әре­кеттенбеу” ("у-вэй”) – табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, "рухты қоректендіру” қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты "тәнді қоректердіру” – қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын "алхимияны” дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.

8.Үнді фил моральдық принц

Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады. Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскерн істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:

  1. ғылыми оймен байланысының аздығы;
  2. жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
  3. діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
  4. философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
  5. негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Платон бойынша идея,эйдос,зат

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі. Оның болмысы Прменидтікі секілді біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

1. себептілік;

2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;

3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек.

Патристика ерек

Патристика (лат. Pater-әке) – 2 — 8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін «шіркеу әкелерін» мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.

11.Идеализм анық,түрлері

Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас. Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

12. Легистер мектебі ерек

Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады. Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот.

13. Ведалардың п.б

Ежелгі Үнді философиясының бастауы – б.з.д. II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады:
1. Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2.Брахмандар - діни Салт өлеңдер жинағы.
3. Араньяктар – «Орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы.
4. Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегельбылай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

14.Қандай мәселелерді шешуге орт араб тіл фил

Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегіфилософия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді. Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль-Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар. Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.

15.Фейербах антроп материализмі

Людвиг Фейербах – класикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Ол антропологиялық материализмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, — деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, — деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейербах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.

16.Философ нег құрылым

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік). Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады). Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Ытай фил ерек

.1 ) Ең басты ерекшелігі — саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. 2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі — адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам — қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. 3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті. 4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.

Упанишада фил идеялары

Упанишадалардың философиялық идеялары.Веданта ілімі 108 упанишадада баяндалады және оның ең ерте нұсқасы, шамамен, б.з.д. XV-X ғ.ғ. жатады. Упанишадалар дана-ұстаз бен оның шәкірттері арасында болған сұхбаттар түрінде берілген. Әңгімеде негізгі екі мәселе қозғалады: 1) адами Мен-нің құрылысы және 2) Атманның (жеке Мен-нің) және Брахманның (Құдайдың, құдіреттің, ең жоғарғы Меннің) арақатынасы. Біздің Меніміз не? Ол – адамның басқа адамдар мен заттардан ерекшелігі, сонымен қатар, бір мезгілде өзінің өзіне деген бірегей-лігін, сәйкестілігін көретін, сезетін және білетін қайсыбір өзіндік бірегейлік, өзіндік сәйкестілік. Адам өзінің Мен-ін өзінің денесіне барабар етеді. Ол: “Мен – менің денем, басым, қолым, аяғым және т.б.”, — дейді. Бірақ, дене өзгереді әрі азапқа душар болады, ал Мен өзіне-өзі барабар нәрсе ретінде өзгермейді. Осыған қатысты Чхандогья-упанишада: “Дене соқыр болса, Мен де соқыр болуы тиіс; дене ақсаса, ол да ақсау керек; дене мертіксе, ол да мертігуі тиіс”, – деп мысқылдап жазады. Сонымен, Мен-нің алғашқы анықтамасы шынайы емес, төмен Мен-нің таза тәндік анықтамасы болады. Бірақ, біз ұйықтаймыз. Біздің денеміз қозғалмайды, бірақ түс көргенде біз әрекет етеміз, түрлі оқиғаны бастан кешіреміз. Олардың денесіз жүзеге асуы түсінікті нәрсе, алайда “Мен” көптеген әсер алады, терең толқуларға жолыға-ды. Бұл – эмпирикалық Мен, біздің тұлғамыздың жоғары деңгейі, Мен-нің мәні туралы терең ұғым.

Наши рекомендации