Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін мәселесі 2 страница

Өнер туындысының мазмұны - өмір шындығы. «Өмір-өзен» деп М.Мақатаев айтқандай, өмір, болмыс дегеніңіз бір күйде тұра бермейді, уақыт ағымымен өзгеріп, ағысы да, жағалаулары да жаңарып, түрленіп отырады. Халық, қоғам өміріндегі сан алуан әлеуметтік өзгерістер, тарихи оқиғалар, қоғамдық жаңа қарым – қатынастар өнер үшін тың тақырып, жаңа идея, яки жаңа мазмұн болатыны белгілі. Жаңа мазмұн өзін неғұрлым айқын танытатын тың пішінді қажет етеді. Өйткені ескі пішіннің (қалыптасқан дәстүрлі суреттеу-бейнелеу тәсілдері көп ретте жаңа мазмұнның жарқын келбетін, оның барлық қыры мен сырын жарқыратып әрі терең ашып, көркем танытуға мүмкіндігі жете бермеуі сөзсіз.

Әрине, жаңа мазмұнды ескі пішінмен де танытуға болады, алайда ол бұл тақырыпты, мәселені көркем игерудің, шығармашылық ізденістердің алғашқы кезеңіне тән әрекет, уақытша құбылыс болуы керек. Осы орайда сыншы В.Белинскийдің «әр уақыттың өз идеялары, өз пішіндері болады» («есть идеи времени и формы времени») деген тағылымды пікірін еске алу орынды болмақшы. Бұл пікірді таратып айтсақ, әр уақыттың, дәуірдің, әр қоғамдық құрылыстың өзінің алдына қойған мақсатынан туындаған идеялары мен идеалдары, проблемалары, соған сай оларды өнерде жырлап, бейнелеп танытатын пішіндері болады деген сөз. Кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында қазақ поэзиясында Ленин, социализм, бесжылдықтар тақырыптарының басым жырлануы бұл мәселелердің сыншы айтқандай ол кезеңнің талабынан туындаған төл тақырыптары, төл идеялары болғандығында, ал бұл тақырыптардың үгіттік-насихаттық сипатта жырлануы – жазылуы да сол «уақыттың пішінін» танытады.

Жаңа мазмұнның жаңа пішінді талап етуі өнер заңдылығы. Бұны жете түсінбеу, мән бермеу қаламгерді үлкен кемшілікке ұрындыруы әбден мүмкін.

Міне, тәуелсіздік таңының атқанына да биыл он бесінші жыл. Тәуелсіздік те, бүгінгі қоғамдық өміріміз де өнер үшін тың тақырып, жаңа идея, жаңа мазмұн. Енді тәуелсіздік аясында әлемдік өркениетке бет алған, бірақ, нарық қыспағында қысылған халық өмірін, осы қоғамдық шындықты бұынғыша суреттеп таныта алмайсың, өйткені өмір мазмұны түбірлі өзгерді. Өзгерген өмір, яғни жаң мазмұн, өзінің ерекшелігіне сай өнерден жаңа ырғақтарды, жаңаша суреттеу амал-тәсілдерін (пішін) талап етеді. Бұл қаламгерлерді сан түрлі көркемдік ізденістерге бастайтын, жаңашылдыққа жеткізетін шынайы шығармашылық талабы.

Тапсырма:

1.Өнер туындысының көркемдік бүтіндік екенін мазмұн мен пішін бірлігі арқылы қалай дәлелдеуге болады?

2.Пішіннің мазмұнға, мазмұнның пішінге айналу (ауысу) заңдылығын мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.

3.С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» романы оқу, теориялық талдау

Бақылау сұрақгары:

1. Көркем шығарманың тақырыбы дегенді қалай түсінесің?

2. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы жөнінде не білесің?

3. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы қалай болады?

4. Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланысы қандай?

4,5-дәріс Көркем шығарма құрылысы

Жоспары:

4.1. Композияция туралы түсінік.

4.2. Композицияның көркем шығармадағы оқиғаларды жүйелеудеғі, образдарды тұтастырудағы, мазмұнды қиыстырудағы мәні.

5.1. Сюжет туралы ұғым. Сюжеттің даму кезеңдері. :

5.2. Сюжеттің автор дүниетанымы мен идеяға қатыстылығы

5.3. Сюжет және көркем тартыс

Әдебиеттер:

1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы. 1992

2. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы - Алматы. 1969

3. Абрамович Г. Введение в литературоведение. -Москва. 1979

4. Атымов М. Идея және композиция. Алматы, 1970

Көркем шығарманың тақырыбьшың идеялық-көркемдік шешімін табуында шығарманың композициясы мен сюжетінің орны ерекше. Шығарманың сюжетіне тоқталмас бүрын фабула дегеніміз не деген сүраққа жауап іздеуіміз керек. Өйткені эдебиеттануда фабула мен сюжетті бір деп қарастырушылар' да, екеуін даралап қарастыратьшдар да кездеседі. Фабула - латынша әңгімелеу, баяндау деген үғымды береді, яғни, көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен мазмүндап айтып беру.

Ақиқат шындықта болған немесе болатын кез келген оқиғада фабула болады. Ал кез келген оқиға көркем шығарма болмайтьшдығы белгілі. Ендеше фабула мен сюжеттің арасындағы айырмашлық та осыдан келіп шығады. Сюжет - француз сөзі, зат, мазмұн деген мағынаны білдіреді.

Сюжет дегеніміз өмір құбылыстарынан таңдап алынған, көркем баяндалып, әдеби туынды мазмұнына айналған оқиғалар жүйесі. Сюжет — көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық десек, осының өзі сюжетте адамдар мен қоршаған ортаның арасындағы қарым- қатынас ретінде, белгілі бір. даму үстінде көрінеді. Ендеше, сюжет оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі деген сөз. Сюжетті шығарма тартысқа құрылады. Тартыс үшін ең қажет нәрсе дәлел. Образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Сюжет, сюжеттегі оқиғалар өмір шындығын танытуға тиіс. Әрбір толыққанды көркем туынды өзіне тән сюжет ерекшелігімен танылады. Сюжеттің көркем шығармада атқаратын қызметі алуан түрлі. 1) Сюжет өмір қайшылықтарын танытады. 2) Сюжеттегі оқиғалар кейіпкерлер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін әрекет алаңын құрайды. 3) Сюжет автордың кейіпкерлер қарым-қатынасын (тартысқа түсуі немесе түсінісулерін) жан-жақты көрсете отырып, олардың характерін танытуына мол мүмкіндік береді. Горькийдің сюжетті «адамдардың (яғни, кейіпкерлердің - С.М.) өзара байланыстары, қарама-қайшылықтары, ұнатуы, жек көруі, жалпы алғанда олардың қайшылықтарының, белгілі бір характердің, типтің қалыптасу, өсу тарихы» деп түсіндіруі тегін емес. Автор сюжет желісіндегі оқиғалар барысында кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды, қайшылықтарды бейнелеу арқылы өмір егесі - адамның характерін танытуға күш салады. Сюжеттің ең басты қызметі де осы.

Сюжеттің қозғаушы күші - тартыс, өмір қайшылықтары екені белгілі. Өнер туындысында бейнеленетін тартыс көркем тартыс аталады. Өмір бар жерде қайшылық бар, тартыс бар. Өмірде тартыс неден туындайды? Ол адамдар арасындағы мінез, мұрат, көзқарас алшақтығынан, келіспеушіліктен, жаулықтан т.б.туындайды. Бұл өмір ақиқаты десек, осындай көзқарас, мұрат кереғарлығынан пайда болатын тартыс - өнер туындысы сюжетінің арқауы болады, оны мәнді, тартымды етеді.

Сюжет жалпы алғанда тақырып пен идеяға сай көркем баяндалған оқиғалар жүйесі болғандықтан, оның дамуының басталу, өрістеу (яғни, орта шені) және аяқталуы секілді кезендері әдеби термин тілімен айтқанда экспозиция, сюжеттік байланыс, шиеленісу, шарықтау шегі, шешімі болу заңдылық. Сюжеттік бұл элементтер оқиғаның, адамдар арасындағы қарым - қатынастың (тартыстың) дамуының түйінді кезеңцерін танытады. Мәселен, экспозицияны (түсіндіру) алайық. Бұл туындыдағы негізгі оқиға мен тартыс басталмай тұрып оүырманды алда оқиға өрістейтін ортамен таныстыру, тартысты, оның қандай жағдайда өтетінін алдын ала аңғарту мақсатын көздейді. Мысалы, М.Мақатаевтың өздеріңе ұсынылған «Аққулар үйықтағанда» поэмасының I тарауы түгелімен экспозиция қызметін атқарып тұр. Бір кездері ажар - көркі аққулар («Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын») айдыны думан болған, кейінгі уақыттың аққулар оралмай кетіп, базары тарқаған Жетімкөл күйін ақынның ерекше тебіреніспен суреттеу тараудың соңғы шумағының:

Оралмады аққулар осы маңға,

Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?

«Жетім көл» жетімсіреп қала берді,

Арман - ай, аққуымен қосылар ма?! - деғен көңілді қобалжытар толғанысты сауалдарға құрылуы алда көлге, аққуларға байланысты жүрекке жүк түсірер оқиғалар өрістейтінін оқырмандарға алдын ала сезіндіргендей.

Сюжеттік байланыс дегеніміз шығармада кейіпкерлер әрекетінің басталуын, тартыстың туу себебім түсіндіру. Аталған поэмадағы алғашқы сюжеттік байланыс (II тараудың басы) ауру бала, қиналған шарасыз эке - шеше күйінің сипатталуы мен тәуіптің айтқанын істеуге (аққуды атып, оның қанымен баланы аластау) дәті бармаған ерінен көңілі қалған ананың:

Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың! .

Мылтықты әкел!

Атты ерте!

Жалған бәрі! - деп батыл шешімге (аққуды ату) келу әрекетінің бейнеленуі. Ананың алдағы айықпас ұлы қасіретінің бастауы оның осы шұғыл, амалсыз шешімінде жатыр. Сюжеттік байланыстың негізгі оқиға дамуы мен басты тартысқа жол ашатын ықпал - әсері осындай.

Шарықтау шегі - бұл сюжет желісіндегі оқиға мен адамдар арасындағы қарым - қатынастың, қайшылықтардың (тартыстың) әрекеттің барынша қиындап, күшейіп, ең жоғарғы өрістеу сатысына жетуі. Бүл шақта көркем бейне өзінің бар адамдық (жақсылы - жаманды) болмысымен мейлінше көрініп, танылады. Поэма сюжетіндегі тартыстың шарықтау шегі - көл жағасында аққуларды аңдып отырған ананың құстардың бейкүнә тіршілігін, кербез қимылын, уылжыған табиғат көркін көріп «Дүние-ау, сен де осындай керемет пе ең?!» деп еріксіз таң қалып, бір жағынан баласын ойлап «мың сан ойлар» абыржытқан бейбақтың мылтық шүріппесін басып қалған оқыс әрекеті, бір аққуды жаралап, екіншісін мерт етуі. Ананның бүл сұмдық іске баруының өзіндік дәлелі бар. Бірақ, оқырман үшін ана әрекетін ақтау соншалықты қиын болса, айыптау одан да қиынырақ. Ана өз жазасын алды. Аққудың киесіне ұшыраған әрі бауыр еті баласынан айырылған ана қасіреті шексіз. Бұл поэма сюжетіндегі тартыс сипатынан туындаған лайықты шешім. Сюжеттің аталып өткен элементтерінің оқиғалар желісінде орын алу сипаты тікелей шығарма құрылысына, яғни композицияға қатысты.

Композиция,- латын сөзі, орналастыру, құрастыру деген мағынаны білдіреді. «Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенді - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі» (Зәки Ахметов). Шығарма құрылысының бұндай ерекшелігі композициялық бүтіндік деп аталады. Оның мәнісі туындыдағы әрбір эпизод - көріністерде, тараулар мен бөлімдерде бейнеленген оқиғалардың, адамдар іс - әрекеттерінің бір - бірімен тығыз байланыс - сабақтастықта дамып, тақырыптық - идеялық тұрғыдан тұгастық, бүтіндік танытуы. Ол үшін қаламгердің өзі көтерген мәселелерді, бейнелеген жайларды, адамдар іс - әрекетін т.б. айрықша талғаммен таңдап, сұрыптап алып, барлығын сюжет желісінде рет - ретімен қиюластыра білуі, бұл орайда шеберлік танытуы шарт. Композициялық бүтіндік жоқ жерде түтас, көркем сюжет те түзілмейді. Сюжет оқиғалы туындыларға тән болса, композиция керісінше кез - келғен әдеби туындыға тэн құрылым. Қорыта айтқанда, өнер туындысының композициясы дегеніміз бұл оның барша бөлшек - бөлімдерінің бір - бірімен сәйкестік - жарасым тауып, белгілі бір өмір құбылыстарының біртүтас картинасын түзіп, нақтылы бір идеяны танытуы.

Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Көркем шығармада оқиғалар қалай болса, солай беріле салмайды. Оқиға басталады, оқиғадан оқиға туындайды, кей оқиғалар қатар жарыса дамып отырады. Шығарма құрылысы, яғни, композиция деғеніміз осы.

Композицияның мынандай элементтері бар:

1. Оқиғаиың басталуы, яғми экспозициясы. Мұнда кейіпкерлер қарым- қатынасқа түспеген бұрынғы жағдай, қоғамдық орта, оқиға орны, уақыты, маусымы айтылады.

2. Оқиғаның байланысы. Кейіпкерлер арасындағы әрекеттің басталуы, негізғі оқиғаның туындау себептері.

3. Оқиғаның дамуы, шиеленісуі. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, іс- әрекет шиеленісе бастайды.

4. Оқиғаның шарықтау шегі, кульминация. Кейіпкерлер арасындағы қимыл- әрекеттің, шиеленістің мейлінше күшейіп, ең жоғарғы шегіне жетуі.

5. Оқиғаның шешімі. Кейіпкерлер арасындағы қарама-қарсы күрестің аяқталуы, автордың өзі суреттеп отырған өмір құбылысына шығарған «үкімі».

Композицияның құрамына сюжеттен тыс пролог жэне эпилог та енеді. Пролог - көркем шығарма кіріспелерінің түрі болса, эпилог қорытынды.

Тапсырма :

Б.Майлин «Шұғаның белғісі» құрылысына талдау.

Лекция.

Әдебиеттің тектері мен түрлері. Эпнкалық шығармалардың түрлері (жанрлар)

6.1 Бейнелеу тәсілдері - әдебиетті тектерге бөлудің негізі

6.2 Эпикалық тек

7.1Лирикалық тек

8.1Драмалық тек

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 1989

2. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. Алматы,

З. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалар. Алматы, 1987. 67-6.

Әдебиетті тектерге бөлудің алғашқы, қарапайым да болса негізі Аристотель еңбегінен (“Поэзия өнері туралы”) бастау ала келе бертінірек Буало, Лессинг, Гегель, Гете, Белинский, Веселовский, т.б. сондай-ақ XX ғасырда кеңес әдебиетшілерінің (Горький т.б.), төл әдебиеттану ғылымымызда А.Байтұрсынұлы Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов т.б. еңбектері арқылы жемісті жалғасқанын жақсы білеміз.

Әрине, бүлай деу әдебиетті тектерге, түрлерге (жанрларға) бөлу мәселесінде ешқандай проблема, түйткіл жайлар жоқ деген үзілді-кесілді тұжырымды білдірмейді. Адамзат қоғамы прогресс жолына түсіп, көркем өнер қаншалықты жан-жақты даму, жетілу процесінде болғанымен, дамыған өнердің де өзіндік өзекті мәселелерінің туындауы жалпы әдебиет, өнер туралы ғылымның дамуы, ізденіс-жетістіктері, жаңаша көзқарас нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Бүған әр кезеңдердегі әдебиетші, эстет, философ, сыншы, ақын-жазушылардың әдебиеттің тектік бөліністеріне, кейбір жанрлардың өмір көріністерін көркем кестелеу мен адам тағдырын көркем жинақтау-суреттеуде белгілі бір жанрға тән канондар шеңберін “бұзуьша”, жалпы жанрлық жіктеудің белгілі дәрежеде шарттылығына көңіл бөліп, осындай ерекшеліктер жайлы ой-пікірлер білдірулері де түрткі болды.

Мәселен, немістің ұлы ақыны әрі эстетигі И.В.Гете поэтикалық өнердің үш түрлі шынайы табиғи формалары (айқын баяндау формасы, ынта-жіғер толқынысы формасы және жеке әрекет формасы, яғни эпос, лирика, драма) бар екенін, бұл поэтикальщ бейнелеудің үш тәсілі өзара бірлікте де, жекелей де таныла алатындығы туралы айта келіп, үш тәсілдің бірлескен көрінісін ең шағын деген өлеңнің өзінен де табуға болатынын, тіпті ең байырғы грек трагедиясының табиғатынан да үш тектің сипаты аңғарылатындығын, олардың кейінірек барьш жеке-жеке бөлінгендігі хақында байыпты ой сабақтаған*. Бұл пікірді оның замандасы неміс әдебиетшісі, зерттеушісі Э.Штайгер** де қолдайды.

Орыс сыншысы В.Белинский кезінде өзінің “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” атты белгілі еңбегінде: “Поэзияньщ бүл үш тегі (эпос, лирика, драма - .С.М.) өз алдына элемент болып, бірінен бірі бөлек өрістесе де, поэзияның жеке-жеке шығармаларында кездессе де, бірінен бірі алабөтен айрыла қоймайды. Қайта олардың араласып отыратындығы жиірек, сөйтіп кейде өз формасында эпикалық туынды дерлік шығармада да драмалық характер болады, драмалық шығарма эпикалық характерлі болып келеді”* деп жазған еді. Келтірілген пікір таза бір түрлік-жанрлық ерекшелікпен ғана көрінетін шығарманың өте сирек кездесетінін, ал бұл құбылыстың сайып келгенде, әдебиетке қатысты өнер заңдылығы екенін білдіреді. Демек, бүл тұжырымдар әдеби туындыларды жанрларға жіктеудің-бөлудің шарттылығын танытады.

Шынында да. Мәселен, былай қарағанда “таза” эпикалық туынды мен “таза” лирикалық туынды сөз өнерінің қарама-қарсы екі қыры іспетгі. Өйткені олар өмір құбылыстарын бейнелеу-таныту ерекшелігіне орай әдебиеттің екі теғіне (бірі эпикалық, екіншісі лирикалық) жатады. Алайда осындай екі тектің де кейбір ерекшеліктерін қоса қамтып, танытатын әдеби туындылар да баршылық. Мұндай туындыларда сезім, көңіл күй толғанысы, лирикалық шегіністер (бұл лириканың еншісі), сондай-ақ қоғамдық, тұрмыстық жайларды кең көлемде суреттеу мен баяндау да (бүл эпостың белгісі) қатар орын алады. Міне осындай эпос пен лириканың, кейде драманың ерекшеліктерін белгілі дәрежеде қоса қамтитын туындылар аралас жанрларға жатады.

Орыс әдебиеттану ғылымында бұндай шығармаларға қатысты қалыптасқан екі түрлі атау бар. Біріншісі - “лиро-эпикалық жанрлар”** (немесе лиро-эпикалық туындылар). “Бұндай жанрға жататын шығармалар табиғаты қашанда лиро-эпикалық сипатқа ие”*** дей келе, оқулық авторлары оған мысал мен балладаны жатқызады. Екінші атау белғілі әдебиет теоретиғі В.Е.Хализевтің оқулығында сипатталған. Ол: “әдебиет тектері арасына бір біріне өте алмас қабырғалар қойылмаған. Белгілі бір әдеби текке сөзсіз және толығынан жататын туындылармен қатар екі түрлі тектік түр ерекшеліғімен танылатын шығармалар да бар. Ол Б.О.Корманның түйіндеуі бойынша “екі тектік түзілім” (“двухродовое образо-вание”) деп аталады”**** деп жазады.

Жалпы әдебиеттің екі тегіне де қатысты (суреттеу, бейнелеу амалдары тұрғысынан) туындылар табиғаты жайлы XIX ғасырда көптеген эдебиетшілер, сьшшылар, эстеттер айтқан. Мысалы, өз кезінде немістің көрнекті эстеті Шеллингтің романды “эпос пен драманың қосындысы”* деуі әдеби - ғылыми қауымға жақсы мәлім.

Сонымен екі әдеби тектің ерекшеліктерін қоса қамтыған шығармалар орыс әдебиеттану ғылымында лиро-эпикалыц жанрлар деп те (бұл неғұрлым кең тараған атау), екітектік немесе текаралыц (межродовые формы) түрлер деп те аталады екен. Ал, қазақ әдебиеттану ғылымьшда да мұндай шығармалар бөлінісі (жіктелісі) лирико-эпикалық туындылар деп аталады, алайда аралас жанрлар деген атау неғұрлым қолайлы, орнықтырақ секілді деп санаймыз.

Аралас жанрлар үлгілеріне: лиро-эпикалъщ жырлар (немесе лиро-эпос), лиро-эпикалъщ поэмалар, дастандар, мысал, баллада, өлеңмен жазылган роман, лирикалық проза үлгілері, роман-диалог, публицистикалық роман, роман-очерк, роман-эссе, сондай-ақ тарихи-көркем жанр үлгісіндегі өмірбаяндық (мемуар) шығармалар, эпистолярлық (хат) үлгідегі туынндылар жатады.

Лиро-эпикалық жырлар (“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек” т.б.) неліктен аралас жанр үлгісіне жатады?

Жанр атауының (лиро-эпос) өзі-ақ аңғартып тұрғандай мұндай туындыларда кейіпкердің сезімі, толғаныстарымен (бұл лирикаға тән сипаттар) қатар олардың іс-әрекеттері де, халық тұрмысының көріністері (салт-дәстүр, көші-қон, кәсіп т.б.) де (бұл енді эпосқа тән ерекшеліктер) кеңінен суреттеледі. Біз аталған және басқа жырларды оқып отырып Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің бір біріне деген шынайы сезім толқыныстарын, шын ғашықтық жайларының суреттелуіне (өйткені лиро-эпоста ғашықтық-сүйіспеншілік басты мәселе) де, сондай-ақ, олар өмір сүрген қоғам, ортаның, көшпенді ел тіршілігінің, тұрмыс- салтының да молынан бейнеленіп, жан-жақты көрініс тапқанына куә боламыз. Бұл, әрине, эпикалық суреттеулер.

Баллада өлеңмен жазылған туынды болғандықтан әдетте лирикалық тектің аясында қарастырылып, талданады. Бірақ аралас жанр үлгісі екендігі айтылуға, ерекшеліктері танытылуға тиісті.

Шындығына келгенде баллада жанры, оның өзіндік ерекшеліктері жайлы байыпты, жан-жақты жазылған еңбектер, айтылған ойлар жетімсіздеу. Біз білетін Белинскийден бастап әр кезеңдерде айтылған анықтама сынды ойлар бар, оларда жанрдың кейбір ерекшелігі ғана аталған. Мысалы, Белинский өзінің “Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу” атты мәшһүр еңбегінде балладаны қалыптасқан үрдіс бойынша лирикалық поэзия ауқымынада қарастыра келе: “Балладада ақын фантастикалық, халық аңызын алмақ немесе осы тектес оқиганы өзі ойынан шығарып жазбақ. Баллададағы негізгі нәрсе оқиға емес, оқырмандарда сол оқиға оятқан түйсік, оқиғаның салған ойы”* деп жанрдың екі ерекшелігін (оқиға мен түйсік сезім) орынды аңғартқан. Оқиға эпосқа тән болса, сезім, түйсік лириканың еншісіндегі сипат екені белгілі. Ал, Л.Тимофеев пен Н.Венгровтің “Әдебиеттану терминдері” сөздігінде “баяндаушылық сипаты бар лирикалық поэзия жанры”** деп балладаның басты ерекшелігіне акцент жасалса, “Қазақ балладасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1967) К.Лекеров: “Баллада поэтикасы туралы” атты мақаласында: “Баллада композициясының жалпы бір көзге түсер белгісі - онда бір ғана сюжет болады да, ол бір ғана тартыс - таласқа шегеленеді” дей келе қорытынды тұжырымын төмендегіше түйіндеген: “Ал балладаның өз алдына отау тігуінің - лиро-эпикалық жанр болып бөлінуінің сыры мынада: Онда ақынның оқиға мен кейіпкерге деген ілтипаты, айрықша құштарлығы аса жарқын көрініп тұрады. Әдетте осы сипат балладаның кіріспесінде немесе соңында келіп отырады. Сонда ақынның суреттеп отырған құбылысқа деген белгілі бір көңіл күйін өзгеше құмарта бейнелеуі, тебірене толқыныспен беруге ұмтылысы балладаның өзіне тән лиро-эпикалық сипатын даралап шығарады”***.

Наши рекомендации