Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ

Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ. Бізге жеткен мәліметтер халық арасында аңыз-әңгімелер ретінде ғана тараған. Осы мәліметтер бойынша оның туған жылы әр-түрлі жылдармен белгіленеді: 1825, 1831, 1832, 1834. Біржанның қайтыс болған жылы туралы да нақты пікір жоқ, біреулер оны1894, 1895 жыл десе, басқалары 1897 деп белгілейді.

Біржан Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты Ербол деп аталатын елді-мекенде дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа кісі болған. Біржан жастайынан атасы Қожағұлдың қолында тәрбиеленген, сондықтан тарихта Қожағұлұлы атанып кеткен.

Әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді оның әндерінің мәтінінен немесе шығу тарихынан табуға болады. Мысалы, Біржанның Тәттімбетпен кездесуі, ағайынды Құлбай мен Жанбайдың ауылына барып Ләйлім қызбен танысуы, жиын-тойлардың бірінде Азнабай мен Жанбота болыстармен қақтығысуы. Сол сияқты деректер «Ақтентек», «Айтбай» әндерінің шығу тарихында да орын алған.

Біржанның өміріндегі маңызды әрі қызықты оқиғалардың бірі – оның белгілі ақын Сара Тастанбекқызымен кездесуі жәнеонымен айтысуы. Осы айтыстың сөздерінде қарап 37 жастағы Біржан 17 жасар Сараны арнайы іздеп барып айтысқа түскенін білеміз. Айтыста Біржан жеңіске жеткен. Дәстүр бойынша айтыстың мәтінін жеңілген қарсыласы жазуы тиіс болатын, соның арқасында Біржан мен Сараның айтысы халық арасында қолжазба түрінде сақталған. Кәзіргі кезде ақындардың жеке шығарма ретінде орындап жүрген мәтіні де осы нұсқалар. Соған қоса, Біржан мен Сараның айтысы бірнеше рет Қазан қаласында басылып шыққан.

Ел арасындағы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, әнші өмірінің соңғы жылдарында ерекше жағдайларға тап болғанын байқаймыз. Ол жағдайлардың мән-мағынасыБіржанның ауруына ғана қатысты емес, ол ең алдыменкүйшіні туған-туыстары мен жора-жолдастары жағынантүсінбеушілікте болды. Жалпы алғанда, сал-серілік – жастарға арналғанөнер. Сал-серілерің тыңдаушылары да, араласатын ортасы да сол жастар болған. Сондықтан олар әдемі киініп жақсы ат мінген, өз қатарының алды болып халықтың еркесіне айналған.

Біржан 60 жасына келгенше әншілік қабілетін жоғалтпай жастармен араласа берген, солардың алдында өнерін көрсеткен. Бұнысы сырт көзге ерсі көрінгендіктен туған-туыстары уят болмасын деген оймен оны үйден шығармауға тырысқан. Сонда ішіндегі кернеп тұрған әншілік шабытын шығару үшін Біржан жалғыздан-жалғыз айдалада жүріп әндерін айтатын болған. Ақырында оны ауру деп есептеп, кереуетке байлап тастаған. Біржанның соңғы әндерінде, мысалы, қызына арнаған «Ақық» әнінде, баласына арналған «Теміртаста», «Әйелі Әпішке айтқан» сөзінде, сол сияқты «Дуние», «Аттанамын» әндерінде кездесетін «қолымды шеш, босат» деген сөздер соған дәлел.

Кәзіргі кезде Біржанның 50-ге жуық әндері жарыққа шыққан. Олардың көбісі Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Қосымжан Бабақов, Әмре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Игибай Алибаев сияқты белгілі әншілердің орындауында жазылып алынған.

Біржанның әндерінің ішінде жиі орындалып, халық арасында танымал болғандары - «Жанбота» мен «Адасқақ». Шығу тарихының оқиғасы бір болғандықтан бұл әндер өзіндік циклды құрайды. 1865 жылы Омбы генерал-губернаторының келуіне байланысты Көкшетау жерінде мерекелік шара өтеді. Оған көп халық жиналады. Арасында Жанбота болыстың шақыруымен келген Біржан да бар. Әдеттегідей, әнші отырған үйде көп жұрт жиналады. Қарапайым халықтың арасында ән салып отырғанын көре алмаған Азнабай болыс нөкерін жіберіп, «менім үйіме келіп ән айтсын» деп бұйрық береді. Бірақ оған әнші көнбейді. Сонда ашуланған нөкер Біржанды қамшымен тартып-тартып жібереді. Ызаланған әнші Жанбота отырған үйге баса көктеп кіріп, табан астынан шыққан әнінде өзінің ашу-ызасын жайып салады. Бірақ Жанботадан қолдау таппайды. Сонда отырған үйіне қайтып оралып, біраз ашуын басқан соң «Адасқақ» әнін шығарыпты.

Жалпы алғанда,Біржан салдың әндері дәстүрлі қазақ музыкасының классикалық үлгілерін құрайды деп айтуға болады. Оның әншілік өнерге қосқан үлесі өте зор. Біржан салды бүкіл Арқа дәстүрінің негізін қалаушы деп айту – арттырып айтқан сөз емес. Сол дәстүр бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Кәзіргі кезде әншінің мұрасы классикалық музыкасының барлық жанрларында өз қолданысын тауып жүр. Солардың бірі – қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына айналған М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы.

Жанбота

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru Бұл әннің жанрын «қаратпа сөз» деп белгілеуге болады. Жоғарғы дыбыстарменайтылатын «Жанбота, осы ма еді өлген жерім?» деген сөздерінде әнші өзінің барлық ашу-ызасынжайып салғандай болады. Іштей күйініп тұрған кезі қайырмасындағы «Сабап кетті-ау!» деген сөздерінен де байқалады.

Адасқақ

«Адасқақ» әнін Біржанның ой-толғауы десе болады. Биліктізгінін ұстаған Жанбота болыстан көмек сұрағаны бекер екеніне көзі жетіп,енді өмірге ашық көзбен қарағандай болады. Әннің шумағы жәй, байсалды, дыбыс көлемі шағын, ырғағы біркелкі.Керісінше, қайырмасының ауқымы кең, ырғақ-үрдісі шапшаң. Қайырманың осындай ынталы, жігерлі әуені Біржанның нақты бір шешімге келгенін байқатады.

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru

Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,

Ау, гагигау, ей.

Жиылысы жандалардын болады деп,

Жанбота тынышымды алды жаздай,

Ау, гагигау, ей.

Ляйлім-шырақ

Келесі циклды құрайтын «Ләйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндердің де шығу тарихы бір. Аңыз бойынша, Біржан сапарының бірінде ағайынды Құлбай мен Жанбайдың ауылына келіп тоқтайды. Байқуатты тұратын ағайындылар атақты әншінің келгенін біле тұра оны менсінбей үйіне шақырмай қояды. Кешкісін бүкіл ауыл тұрғындары Біржан тоқтаған үйге ән тыңдауға жиналғанда, Құлбай мен Жанбай әйелдері мен қарындасы Ләйлімді ол үйге жібермей қояды. Келесі күні Біржан Ләйлім қызды далада көріп қалып, «аттың шідерін көрдің бе» деген сұрақпен қасына жақындайды. Екеуінің әңгімесі созылып кеткенін байқаған Құлбай мен Жанбай оларға жақындай бастаған кезде Біржан сал «Ләйлім-шырақ» әнін шырқата жөнеледі. Дауысын естіп тағы да жұрт жиналып қалады деп қорққан ағайындылар Біржанды үйіне шақыруға мәжбір болады. Амалсыз құрметті қонақ ретінде күтеді. Қайтатын кез келгенде әнші үй иелеріне «Ляйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндерін сыйлап, осы кездесуді мәңгі есіне сақтайтынын айтады. (Расында да, бұл оқиға Біржанныңкейінірек шыққан «Жайма шуақ» әнінде баяндалады.)

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru Аталған әндердің ішінде көбірек танымал болғаны - «Ляйлім-шырақ». Ол үш дыбыстан тұратын ақындардың қаратпа сөзін еске салатын қысқа әуеннен басталады. Бұл әуен қайталанған сайын әр-түрлі ырғақтармен әрленіп отырады. Соған сәйкес мазмұны да өзгеріп отырады: біріншісінде қаратпа сөз сияқты болып естілсе, екінші қайталануы сұрақ, ал үшіншісі оған жауап ретінде қабылданады.Әннің шумақбөлімі осы үш дыбысқа негізделген.

Қайырмада әуеннің ырғағы бәсеңдеп нәзік, жылы сезімдер сезіледі. Сол арқылы әнші өзінің бақытты кездердін еске салған сияқты болады.

Айтбай

Айтбай – осы әннің кейіпкері болған қыздың есімі. Музыкалық мазмұны жағынан ән ғашықтық лирика жанрына жатады, дегенмен оның түпкі мән-жайы өлең мәтінінің соңғы екі жолынан байқалады:

Аққудай аспандағы жүз кұбылтып,

Сал Біржан ән салуға ерінбейді.

Осы сөздерге қарап әннің мазмұны жалпы өнер туралы, әншінің орындаушылық шеберлігі жайлы деуге де болады.

Атымның қақ тұрады сауырына,

Қос тепкі салып келем бауырына.

Қолынан шай құйдырып ішейін деп,

Келемін Айтбай сұлу ауылына.

Мамекең Айтбай десем күлімдейді,

Сұр жорға астымдағы сүрінбейді.

Аққудай аспандағы жүз кұбылтып,

Сал Біржан ән салуға ерінбейді.

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru

«Айтбай» әні мерекелік, шатты көңілмен сипатталады, сол себепті М.Төлебаев«Біржан-Сара» операсында әншіні алғаш рет сахнаға осы әнмен шығарады. Операда ән мәтінінің түпнұсқасы Көкшетаудың сұлу көріністері мен Қоянды жәрмеңкесіне арналған құтықтау сөздерімен толықтырылған. Бұл жаңадан қосылған сөздер әннің көтеріңкі сипатын аша түседі. Сондықтан бұл сөздерді дәстүрлі әншілер де қолданып жүр.

Операда әннің жалғасын әйелдер хоры орындайды, сол арқылы композитор оған нәзік сезіммен әсем сәнділікті қосады.

«Біржан-сал»

Бұл әнді Біржанның өзі өзін таныстыратын «автопортреттік» әні деуге болады. Бұндай әндер басқа халық әншілердің шығармашылығында да кездеседі.

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Ішкімге зияным жоқ жүрген жанмын,

Байлыққа, маңсапқа құмар емен,

Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын.

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru Сөздерінен көрініп тұрғандай, әнші өзінің өмірге деген көзқарасымен бірге, өнер адамының абыройы, арнамысы мен еркіндігі туралы баяндайды.Асықпай, сабырлықпен өрбитін әуенде тұрақты дыбыстар жиі қолданылған. Осы әдіс арқылы әнші өз ойының нақтылығын, байсалдылығын білдіреді.

Теміртас

Біржанөмірінің соңғы жылдарында қиын жағдайларға душарболғаны туралы жоғарыда айтылған. Осы кезде туындаған әндердің мәтінінде (мысалы,«Дуние», «Аттанамын», «Ақық», «Теміртас», «Әйелі Әпішке айтқаны»және т.б.) «қолымды шеш, босат» деген сөздерді кездестіруге болады. Осы әндердің ішіндегі көбірек танымал болғаны – «Теміртас».

Мірі мен шығармашылық жолы. Біржан-салдың өмірі туралы нақты деректер жоқ - student2.ru

Біржан деп атым шықты Алты алашқа,

Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа,

Жасына алпыс бірдің келгенімде

Құдайым, бердің науқас ғаріп басқа.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Біржан-салдың өмірі мен шығармашылығы.

2. Біржанның сал-серілігі неде?

3. Біржанның ақындығы және айтыстары.

4. Әндерінің негізгі тақырыптары.

5. Жоғарыда берілген әндерді жатқа айт.

Тақырып

Ақан сері (1843-1913)

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – аты аңызға айналған әнші-композитор. Музыка тарихында Ақанның есімі халық кәсіби әншілік өнердің негізін салушы Біржан-салмен қатар тұрады. Ақанның әндерінің көбісі халық әндеріне жақын, сондықтан оларды халық өз әніндей қабылдайды. Ақанның «Балхадиша», «Қараторғай», «Сырымбет» сияқты нәзік сезімге тола әсем әндерін білмейтін, немесе «Құлагер» туралы кайғылы оқиғаны естімеген адам жоқ десе болады.

Наши рекомендации