Ріс 7.ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі бей классикалық философиясы.
XIX ғасырдағы саяси, тарихи-әлеуметтік шындық экономикадағы күрделі өзгерістер және өнеркәсіп пен ғылымның өркендеп дамуы, жаңа философиялық ағымдардың қалыптасуына алып келді. Бұл философиялық ағымдардың бірқатары ақыл-ойға сүйене отырып, табиғат пен қоғам туралы өте келісімді идеяларды тудырса, енді біреулері керітартпа ойлармен тұжырымдарды алға қойды.
Марксизм филрсофиясындағы принциптік жаңалық адам тек табиғатта өмір сүрмейді, оны өзгертеді, соның барысында өзі де өзгереді. Бірақ, марксизмде адам мәселесін, оның өмірінің мәнін, бостандығын, т.б. мемлекет, тап басқа да үлкен әлеуметтік бірлестіктер мүдесінің көлекесінде қалдырды.
XIX ғасыр философиядағы екінші бір философиялық ағымдар, ақыл-ой және сананың дүниені танудағы мүмкіндігіне шек келтіретін идеялар мен тұжырымдар туғызады. Осының нәтижесінде классикалық философияда ақыл-ой күшіне, жеке сананың құдіретіне толық сенуін, ол ақыл-ойдың жетілуі ─ ғылымның дамуына алып келді деген тұжырымның орнына ырық, интуиция, инстинкті қойды.
Неміс философтары Шопенгауэр мен Ницше ретсіз, түсініксіз, бұлдыр дүниені тануға болмайды деген тұжырымды айтты. Бұлардың көзқарасына сабақтас санасыздықты – психикалық ақиқат пен адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп, оны билейді деген ілімді З. Фрейд ұсынды. Ал XIX ғасыр филисофиясында позитивизм, неотомизм және персонализм секілді ағымдар дүниеге келді.
Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалектиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. Бұл ілімді қолдану нәтижесінде ұлы шығарма ─ «Капитал» пайда болды.
Өмір философиясының өкілі─А.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын» пайымдаушылардың бірі.
А.Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.
Фридрих Ницше(1844-1900 ж.) қазіргі батыс философиясындағы «Өмір философиясы» тұжырымдамасының негізін салушының бірі, оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір - философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бір қыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады.
Зигмунд Фрейд (1856-1939 ж.) - австриялық дәрігер, психотерапевт, нервопатолог, психолог, психоанализмнің негізін салушы. Фрейд: Санасыздық мәселесі бұрын зерттелмеген деп санайды. Санасыздық дегеніміз ─ психикалық ерекше ақиқат және адамға тән, сонымен бірге өмір сүріп оны билейді. Санасыздықтың өмірдегі кең тараған түрі - түс. Түс ─ адамның ақиқат өмірде іске аспаған, жасырын ұмытылысының арқасында туады. Психологияның қорғану тәсілі - жағымсыз эмоцияның, тәжірибенің денсаулық пен тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты, санадан санасыздыққа ығысу реакциясы. Фрейд бойынша психика үш қабаттың қосындысы: 1. «Мен» адамның санасы, психиканың барлық құрамындағы бөліктерінің арасындағы келістіруші. 2. «Ол» (оно) - санасыздықтың әлемі, онда адамның жасырын ойы, арманы, тілегі бар. 3. «Шектен тыс - Мен» - жеке адамдарға қысым жасап, әсер ететін сыртқы орта, «сыртқы цензура»: заңдар, тиым салу талаптары, мораль, мәдениет дәстүрлері. «Мен» өзіне «Оны» бағындыруға тырысады. Бірақ бұл жерде нәтижеге сирек қол жетеді. әдетте «Ол» жасырын немесе ашық түрде «Менді» бағындырады. Фрейд мұны былай суреттейді: ат және оның үстіндегі адам, Адам «Мен» - атты бақылайды, әмір береді, ал ат (Ол) болса адамнан басым, себебі оны алып бара жатыр. Кейде адам бақылауды жоғалтып алғанда, ат оны ала жөнелді, қайда алып кететіні белгісіз.
Адам психикасын анықтаушы факторлар: Негізгі фактор - қанағаттану, адам психикасын басқарады және бағыттайды. Көңіл көтеру - психикадағы компас секілді, қалай болғанда да, көңіл көтеруге жол іздейді. Психикада қабылданбайтын, тиым салынған тілектер мен идеяларды (қоғамға қарсы істерді, жыныстық қатынастарды) ығыстырады. Санасыздыққа ығыстырылған, сыннан (цензурадан) өтпеген тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды, яғни «рұқсат етілген» әлеуметтік әрекет типіне өтеді және мәдени шығармашылық болып өзгереді.
Фрейд өзінің бірінші психологиялық жүйесіне байланысты (1905 ж-1920 ж) санасыздықтың негізінде «Либидо» - жыныстық (сексуалдық) құштарлық, жыныстық инстинкт жатыр деді. Либидо өз көрінісін жыныстық әркеттен іздейді. Фрейдтің пікірі бойынша, сексуалдық импульс үш жақты іске асады: біріншіден - сексуалдық және сексуалдық емес әрекетті тікелей бостандыққа жіберу арқылы, екіншіден - санасыздыққа ығыстырылады, үшіншіден – реакция туғызу қабілеті арқылы пайда болып ұят, моральға айналып, өз энергиясынан айырылып басылатын болады.
ХХ ғасырда Фрейд өзінің екінші психологиялық жүйесін жасады, мұнда санасыздық энергиясының пайда болуына жаңаша қарайды. Эрос (өмір инстинкті) - адам мінез-құлқының конструктивті негізінде жасампаздық жатыр. Адам осыған байланысты өзінің қажеттілігін қамтамасыз етеді және тұқымын жалғастырады. Танатос (өлу инстинктісі) - ол адамды деструктивтік әрекеттерге, өзіне «жат» және қатерлі болатындардың бәрін қиратуға итереді. Адам өмірі - әрдайым Эрос пен Танатостың арақатынасы болады. Фрейдтің ойынша психика өзінше дара және материалдық процесстермен қатар жүреді. Ол санадан тысқары мәңгілік психикалық күштер арқылы басқарылады (санасыздық). Адамның еркінен тыс психикалық конфликтер, ұдайы қақтығыстар жасап тұрады. Қақтығыс құмарлыққа ұмытылу (либидо), санасыздық және саналы қалыптасқан «шындық принципі» арасында болады
Позитивизм (Positivism - дұрыс пікір) – оның негізін қалаушы француз философы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Позитивизм - ғылым негізіндегі білім, ғылыми ақиқат, позитивтік дүние көрінісіне сәйкес болу деп, философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. Оның тарихи кезеңдері мен өкілдері:
Бірінші - классикалық кезең. 1830 ж - ХІХ ғ. аяғы. О. Конт, Дж. С.Милль.
Екінші – эмпириокритицизм немесе махизм кезеңі ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ басы. Э. Мах, Р. Авенариус.
Үшінші – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. 1920─1960 ж. Л. Витгенштейн, Б. Рассел, М. Шлик, Карнап.
Постпозитивизм (лингвистикалық, аналитикалық философия ) – 1960─1970 жж. – қазіргі кезеңге дейін.
Неотомизм – ХІХ ғасырдың 70 жылдары пайда болған, әсері үлкен діни – философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімінің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігіне және сенім ақиқатының алғышартылығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философияда христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. Неотомизмнің көрнекті өкілдері: Жак Маритен, Этьен Жильсонт. б. Томизмнің негізгі мәселесі - құдайдың болмысын дәлелдеп, дүниедегі орнын анықтау болса, ал неотомистер оны адам болмысы мәселесімен толықтырды. Олар қазіргі заманның жаратылыстану теорияларын түсіндірумен шұғылданды, кейде өзіндік жемісті идеялар айтты. Соның бірі ─ Тейяр де Шарден әлемнің эволюциясы туралы ойлары.
Неотомизмнің орталық мәселесі ─ Құдай. Діни ілімде құдай мәңгі және шексіз, діни философияның міндеті осы тұрақты ақиқатты ашу. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырда адамдардың өмір сүру жағдайлары өзгеріп, олардың түсінігі ғылыми білімдерге сүйене бастады, осыған байланысты діни философияның міндеті күрделенеді. Діннің негізі болып келетін догматтарға сенуді сақтау мен оларды жаңаша түсіндірудің қажеттігі арасында қайшылықтар көбейіп, діни идеология тиянақсыз күйге түсті.
Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.
Негізгі әдебиет: 1(180-217),2(43-48),3(74-87)4(14-23,45-56,76-93),5(173-190,381-441)
Қосымша әдебиет: 1(171-207),3(158-180),8(97-100)
Бақылау сұрақтары:
1.Маркстік философия: негізгі идеялары мен қағидалары. Марксизм және қазіргі заман.
2.Позитивизм және оның тарихи түрлері.
3.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, Ф. Ницше.
4.Фрейдтің психоанализ теориясы.
5.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.