Бірінші позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» (1830-42 жж.) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясын қалыптасуына ықпал ететің аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің әр идеямыз, білімнің әр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық әлде фиктивті /өтірік/, метафизикалық әлде абстракциялық, ғылыми әлде жағымды». Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның ролі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі – нақты ғылымдардың күрделі нәтижелерін синтездеу; екіншісі – ғылыми танымның әдістерін дамыту.
Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пән ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты әдіс мәселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :табиғаттанудағы индуктивті әдістер;
· әлеуметтік /моральдық/ ғылымдардағы /әсіресе политэкономия/ гипотетикалық-дедуктивтік әдістер.
· позитивизімнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
· методологиялық монизм, әлде ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми әдістердің ортақтығы туралы идея;
· нақты табиғаттану ғылымдары, әсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі /сциентизм/;
· метафизика – ескірген ойлау типі болған сон, одан «жағымды ғылымды» тазарту қажет;
· ғылыми тұсініктемелер – ол нақты индивидуалды фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
19 ғ. аяғында позитивизімнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды /Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре /конвенциализімнің қалаушысы/.Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа әкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бетбұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизімді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизімді салған – швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғансон оларды махизм әлде эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализімін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип – «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай принципті Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі принциптердің мағынасы –«экономды», «үнемде күш жұмсап» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жәй сипаттау.
Сөйтіп, махизм үшін сүбъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сыңға келтірді.
Неопозитивизм – ол позитивизімнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада 20 ғ. 20-шы ж. қалыптасты.
Неопозитивизімде позитивизімнің алғашқы принциптерін қолдайды /философияны терістеу/. Неопозитивизм өзінің дамуында бір-неше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм – оның тарихи алғашқы түрі /басқа түрлері осының модификациясы/. Логикалық позитивизімнің негіздері екі танымалы философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің /«Логикалық-философиялық трактат» (1921 ж.)/.
Неопозитивизімнің келесі кезені логиктерден, математиктерден, әлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының /1923 ж./ қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик /австриялық философ, физик/, өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пәні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл – ол білімді жеткізу түрі, тәсілі.
Логикалық позитивизімнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы әдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мәні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия – ол логика» дейді.
Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі; 2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарың бұзған. Дәстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі: 1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды /логика мен математиканың пікірлері/; 2. синтетикалық, тәжірибе ғылымдардың нәтижесін қамтиды.
Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тәсіл арқылы шешілуі мүмкін: 1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау /анализ/ арқылы; 2. тікелей әлде айналмалы түрде сезім тәжірибемен салыстыра отырып.
Верификация процедурасы арқылы тек синтетикалық пікірлердің ақиқатқа лайықтығы шешілуі қажет. Пікірдің верификациясы /оның шындық, ақиқат екендігін тексеру/ дегеніміз, ол бақылаудың нәтижесінде пайда болған пікірлерді /протоколдық ұсыныстарды/ сараптап, сонғы пікірді шығару.
Сөйтіп, тәжірибе ғылымдардың мағыналы ережелерін синтетикалық пікірлер классына айналдыру үшін екі рұқсат еңгізу қажет: 1. білімнің негізгі деңгейі бар - көп түрлі протоколдық сөйлемдер; 2. ғылыми анықтамалар арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.
Неопозитивистермен бүкіл ғылыми ережелерді синтетикалық пікілер классына айналдыру жолы – түбінде О. Конттың заңының анықтамасы болады – «елесті бақылауға бағындыру» заңы. Бірақ, Конт осы формуланы әлі дұрыс анықтай алмаған сон, неопозитивстер келесі пікірді ұсынды, дүние туралы жағымды білім - пікір арқылы жарияланған, мағынасы протоколдық бақылауға сай білім.
Философия неопозитивистердің айтуынша: 1. нақты теория; және 2. қызмет түрі.
20 ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады. Осы философияның пәні – мағыналарың анықтауға арналған нақты ғылымдардың ережелерін талдау қызмет. Философтың мақсаты – нақты логикалық техника арқылы нақты ғылымдардың ережелерінен сезім ұсыныстармен салыстырылатың сөйлемдерге көшу.
Позитивті философиясының әдісі – формалды логика. Логикалық позитивизімнің пікірінше білім мен таным аспектілерін біріктірудің ғылыми маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет, ал позитивті философия таным нәтижелерін анализдейді – нақты ғылымдардың анықтамалары мен сөйлемдерін.
Бірақ, содан кейін, неопозитивистер ғылыми білімнің басқа моделін ұсынады: 1. ғылыми тұжырымдар түбінде болжаулар болған сон, оларды ұсыну – психологиялық процесс; 2. теория тандау, қабылдау процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол.
Редукционистік модельдің орынына неопозитивистер гипотетико-дедуктивтік модельді ұсынған болады. Ол постпозитистермен өздерінің ғылыми таным концепциясында қолданылған.
50-60-шы жж. философ-аналитиктің мақсатын ғылымға логикалық талдау беру емес, табиғи нақты сөйлеу тілді талдау деп түсінген. Басқаша бұл ағым қарапайым тіл философиясы деп аталған, себебі, оның талдау пәні қазіргі күнделікті тіл болады.
Логикалық позитивизм ғылым философиясы деп аталады, философияда сциентизм жолын қалыптастырады.
Ал, лингвистикалық позитивистер ғылыми білімнің культі /үстемділігіне/ қарсы, дүниеге қатысты «табиғи» қарым-қатынасты ұстанады, ол қарапайым тілде көрсетілген деп, философияда антисциентизм жолын ұстанады.
Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.
Карл Поппердің концепциясына тәрізді келесі ұғымдар: демаркация мәселесі; фальсификация мәселесі; фаллибилизм принципі; «үш әлем» туралы теория.
Демаркация мәселесі – Поппердің философиялық концепциясында бұл мәселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның мақсаты ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату әдісіне Поппердің пікірінше, фальсификация әдісі жатады.
Фальсификация мәселесі – Поппермен неопозитивистердің верификация принципіне альтернатива ретінде ғылымды «метафизикадан» демаркация /ажырату/ жасауға ұсынылған принцип. Бұл принцип бойынша ғылымға қатысты әр пікірді принципиалдық түрде жоққа шығаруды қажет етеді.
Фаллибилизм принципі – бұл Поппердің концепциясының принципі бойынша, әр ғылыми білім түбінде тек гипотетикалық қасиеті бар және қателікке шалдығады. Поппердің пікірінше, ғылыми білімнің өсуі ауқымды гипетезаларды ұсынудан және оларды кесімді түрде жоққа шығарудан тұрады.
«Үш әлем» туралы теория – бұл К. Поппердің философиялық концепциясының теориясы бойынша, бірінші – объект әлемі, екінші – субъект әлемі, үшінші – 1-ші және 2-ші әлемдермен объективтік білім әлемі жаратылады және олар бір-бірінен тәуелсіз. Осы үшінші әлемдегі білімнің дамуы және өсуін анализдеу – ғылым философиясының пәні болып табылады.
Фальсификация(лат. falsus — жалған және facio — істеймін) — гипотезаның әлде теорияның жалғандығын классикалық логиканың modus tollens ережесімен сәйкестігін атқаратын методологиялық процедура. Фальсификация ұғымын фальсификациялау принципінен ажырату қажет. Теорияның фальсификациясы үшін жаңа альтернативті теория қажетті: тек ол өзі, эксперименттердің нәтижелері емес теорияны фальсифицияландырады.
Имре Лакатостың концепцияларына тәрізді келесі ұғымдар: ғылыми-зерттеу бағдарлама, зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы»/, гипотезалардың «қорғау белдігі», «ad hoc» гипотезасы, жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика.
Ғылыми-зерттеу бағдарлама – И. Лакатоспен құрылған ғылым дамуының универсалды логикалық-нормативтік реконструкциясының орталық ұғымы, келесіде ғылыми-зерттеу бағдармалардың методологисы деп аталады. Лакатостың методологиясы бойнша жетілген ғылымның дамуы бір-бірімен байланысты және бір-бірін алмастыратың зерттеу бағдарламалар. Зерттеу бағдарламаның құрылыстық элементтеріне оның «қатал ұйытқысы» мен гипотезалардың «қорғау белдігі» жатыр.
Зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы /ұйытқысы/» –бұлИ. Лакатостыңғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясында – оның шарт түрінде қабылданған, жоққа келтірілмейтін фундаменталды кіріспелерден тұратын бағдарламасының құрылыс элементі.
Гипотезалардың «қорғау белдігі»–бағдарламаның «қатал ұйытқысын» жоққа келтіруден сақтайтың негізбен қосымша гипотезалардан тұратын бағдарламаның құрылыс. Лакатостың пікірінше, «қорғау белдігі» қарсы мысалдармен кездескенде жартылай әлде толық түрде айырбасталуы мүмкін.
«Аd hoc» гипотезасы –«қорғау белдігінен» алынған, тек осы оқиғаға қатысты, яғни, «қатал ұйытқысын» нақты қарсы мысалдардан қорғайды.
Жағымды /позитивті/ және жағымды емес /негативті/ эвристика –зерттеу бағдарламаның келешегінде перcпективті /«жағымды эвристика»/ және бұрыс жолдардан алшақтау туралы, бағдарламалардың ауысуын негіздейтің нормативтік ережелер туралы анықтамалар.
Лакатостың пікірінше, зерттеу бағдарламаның дамуында екі кезеңді шығаруға болады: прогрессивтік және азғындаған. Эмпириялық пен теориялық мазмұндарды нығайтатың және гипотезалардың ұсынуына активті түрде итермелейтін «жағымды эвристика» прогрессивті кезеңде үстемді болады. Бірақ, содан кейін зерттеу бағдарламаның дамуы жедел тоқтала бастайды, оның «жағымды эвристикасы» өзінің эвристикалық күшінен айырылады, сол себепте ad hoc гипотезаларының саны өсе бастайды.
Томас Кунның концепциясына, оның негізгі «Ғылыми революциялардың құрылысы» атты шығармасында ұсынылған келесі ұғымдар: парадигма; пәндік матрица, қалыпты /нормалы/ ғылым, басты қатыру жаттығулар, парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы.
Парадигма –Т. Кунның ғылыми білімнің даму динамикасы туралы концепциясында ғылыми қоғамдардың қалыптасу негіздерінде ғылым тарихын құрастыратын олардың арасындағы бәсекені ашатын және білдіретін орталық ұғым. Сол негіздеп ғылыми қоғамның өкілдерімен қабылданған ғылыми іс-әрекеттің нақты моделі – теориялық стандарттардың жиынтығы, методологиялық нормалар, дүниеге көзқарастардың құндылық белгілері – яғни, парадигмалар деп аталады.
Пәндік матрица –парадигма ұғымына тең ұғым.
Қалыпты /нормалы/ ғылым –бір кезеңде парадигманың басымдылығын білдіретін ұғым. Осы кезеннің соны «аномалийлердің» /сол шеңберде шешілмейтін мәселелер/ қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен жүлдені тартып алу, басқаша дағдарыс әлде революциялық кезең басталады. Біреуінің женісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады
Басты қатыру жаттығулар –бұл ұғым Т. Кунның концепциясында «нормалы ғылым» кезеніне сипаттау береді, яғни нақты парадигманың шеңберінде сондай жаттығуларды шешу арқылы ғылыми білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың салыстырмаулыстықтығы – бір-бірін аустыратын теориялардын арасында қандай болса қатынас мүмкін емес деген. Бұл тезис парадигмадан тәуелсіз фактілердің болуы мүмкін еместігін бекітеді, яғни, бақылаудың теориялық нейтралды тілі жоқ. Керісінше, ғалымдар парадигманың мазмұның меңгергенсон, оның призмасынан өтіп «дүниені көруге» үйренеді. Теорияны фактілер бағаламайды, теория мағыналы тәжірибеге кіретін фактілерді анықтайды. Осымен Кунның ғылым эволюциясында бірізгіліктік жоққа келтіріледі: алғашқы парадигмамен жиналған білім оның құлдырауымен лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.
Пол Фейерабендтің «эпистемологиялық анархизмына» келесі ұғымдар қатысты: теорияның пролиферация принципі, ғылым методологиясындағы плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.
Теорияның пролиферация /көбею/ принципі –бұл принцип бойынша, ғалымдар қазіргі және қабылданған теориялармен келіспейтін теорияларды шығару қажет. Бұл Фейерабендтің принципі Поппер мен Лакатостын ұсынылған ғылыми теорияны жоқа шығаратын фактілермен қақтығысқан жағдайда тағы бір теория қажетті /фактты жоққа шығаратын куәлік/ деген ережемен негізделген. Альтернативтік теорияны шығару Фейерабендтің пікірінше олардың екі жақты өзара сынауына негіз береді және ғылымның дамуын жеделдетеді. Пролиферация принципі Фейерабендтің ұсынысы бойынша ғылыми танымның методологиясының плюрализімін дәйектейді.
Ғылым методологиясындағы плюрализм –Фейерабендтің методологиялық концепциясына тәрізді, оны ол теорияның пролиферация принципі арқылы негіздейді, яғни, ғалым үшін бірінші түрде ұсынылған және бәрімен қабылданған ғылыми теорияны жоққа шығару. Фейерабендте плюрализм туралы тезис теориялардың өлшемсіздігімен қосылғанда плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм –бұл ереже бойынша, әр ғалым ешқандай қайшылық пен сыңға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепсиясында анархизімге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы әкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру және ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
Стивен Тулминнің концепциясына келесі ұғымдар қатысты: рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.
Рационалдылық пен түсінудің стандарттары –«ғылыми теорияның негізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін және тарихи қалыптасу теория сияқты дамитың эпистемологияның негізгі ұғымы болып жарияланады.
Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сәйкес оқиғалар мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми білімнің рационалдылығы, Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сәйкес келу. Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның өзгеруімен ауысады - үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.
Түсіну матрицасы –бұл ұғымарқылы эпистемологияны түсіну мен рационалдылықтың стандарттарының қызметі мен тарихи қалыптасу теориясы деп санайды. Тулмин пікірінше, қабылданған стандарттарға сәйкес жағдайлар мен құбылыстарды ғалым анық деп санайды. «Түсіну матрицасының» шеңберіне сиымайтынды аномалия деп санайды және оны жоққа шығару ғылым эволюциясына шабыт.
Концептуалды популяциялар –С. Тулминнің концепциясындатеориялардың мазмұнды пікірлерін логикалық жүйе сияқты емес, анықтамалардың өзгеше популяциясы ретінде қарастыратын ұғым. Тулминнің пікірінше, ғылымның эволюциясының негізгі қасиеттері Дарвиннің биологиялық эволюцияның схемасына ұқсас. Концептуалды популяциялардың мазмұны /биологиялық түрлердің аналогтары/ өзгеріске ықпал, яғни, оның нәтижесінде ғылыми іс-әрекеттің әдістері мен мақсаттары өзгереді; концептуалды жаңалықтардың шығуы сынау іріктеумен балансқа келтіріледі /биологиялық мутация мен селекцияның аналогтары/. Бұл екі ұштасты процесс тек нақты жағдайда өзгеріске әкеледі /өмір үшін күрестегі құтаю мен жоғалу аналогтары/; интеллектуалды ортаның қажеттіліктеріне адаптация жасаған концептуалды нұсқаулар сақталады.