Арағанды облысы 565,0

ЖЫЛЫ СӘУІР АЙЫНДАҒЫ 40 ТӘУЛІКТІК АШЫҒУЫМ

Сет Ризаұлы Мұқашбеков

Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық!

(Ақысыз-пұлсыз, дәрi-дәрмексiз өзiңдi-өзiң қалай емдеп алуға болады?)

Адамның iшкi жан дүниесiнiң тылсымы:

Жалпы редакциясын басқарған:

Ә. Мұқашбеков. Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық! (Ақысыз-пұлсыз, дәрi-дәрмексiз өзiңдi-өзiң қалай емдеп алуға болады?) Алматы, 2011. - ...... б.

Алматы 2011

Алғы сөз

Біз семірттік денені азықпенен,

Байлап бердік жанды оған қазықпенен.

Ұйқы, тамақ, күйлеген сорлы дене

Құтылар ма осындай жазықпенен. Шәкәрім

Бұл кiтап пенде баласына өмiрдiң өзi силаған ғажайыптардың қақпасын айқара ашуды үйрену үшiн жазылған. Бiздiң iшкi жан-дүниемiзде өзiмiз көз алдымызға елестете алмайтын, көңiлiмiзге келтiре алмайтын неше түрлi қуат көздерi бар. Кiмде-кiм ерiктi, саналы түрде ашығып, iшкi жан-дүниесiн, тәнi мен рухын тазалап, жүрегiнiң кiрiн аршыса онда сыңғырлаған денсаулықпен, ерекше рухани жетiлумен, жақсы тұрмыспен марапатталады.

Менiң тарихым: өзiн-өзi жан-жақты тәндiк, руханилық, материалдық жетiлдiрген адамның саяхаттап жүрiп өткен жолдары. Бұл саяхат басқа саяхаттардан мүлдем өзгеше. Менiң саяхатым: ерiктi, саналы түрде ашығу арқылы адамның iшкi жан дүниесiнiң тылсымына барып, денсаулығын бастапқы сау қалпына келтiру. Бақытқа, тыныштыққа, рахатқа шомылдыру. Тылсым әлемнiң пердесiн аз да болса ашу. Ерiктi түрде ашығудың пайдасын көпшiлiкке түсiндiрiп беру, олардың санасына шапағат, iлiм нұрын құю.

Бұл жол әдемiлiкке, ғажайыпқа, имандылыққа толы. Сондай-ақ, жеке қуатыңызды арттыруға, мамыражай қалыпқа түсуiңiзге, iшкi жан-дүниеңiздi тыныштыққа, бақытқа, рахатқа, алаңсыздыққа, шаттыққа сүңгiтiп, жоқшылықтан, еңсеңдi езiп тұрған кедейшiлiктен құтылуға мүмкiншiлiк бередi. Осылай деп сенiмдi түрде айтып отырған себебiм, осы жолды өзiм 10 жыл қарқынды түрде қарыштап, жаяу жүрiп өттiм. Өзiм осы тұлғаға айналдым. Сондықтан да, бар жауапкершiлiктi өзiме жүктеп, нық сенiммен айта аламын.

Менде өзiмдi-өзiм ашығумен емдеудiн 11 жылғы тәжiрибем бар. Өзiм саналы, ерiктi түрде ашығу арқылы, бұрынғы қор болып жаншылған жан иесiнен, бақытты, уайымсыз адамға айналдым. Былапыт тамақтануға, темекiге, араққа, сыраға, кока, пепси – колаға, шәй, кофе iшуге үйiр болған әдеттерiм жойылды, түп-тамырымен жұлынып тасталды. Қазiр ашығу арқылы тәнiмдi, жанымды, рухымды, нәзiк денелерiмдi тазалап, жүрегiмнiң кiрiн аршып, жүрегiмдегi Жаратушының өзі – Ғазиз жанымның бағдарламасын түбегейлiктi өзгертiп алдым.

Ашығудың көмегiмен, қазiргi заманда табылмайтын, ұлы да, өте сирек ұшырасатын даналыққа ие боласыз.

Кiтап авторы: Әсет Ризаұлы Мұқашбеков

17 сәуір жексенбі күні кешкі сағат 19-да ашығуға кірістім

Бiр сағат бiлiм iздеу, үйрену түнi бойы намаз оқып шыққаннан артық. Бiр күн бiлiм үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Ашығайын деп ниет етіп отырғанымда әруақтарды көре алатын Аманжол Шәріпқұлов кешкі 5-те үйге келді. Біраз әңгімелесіп отырдық. Рахпар лағман жасады. Кешкі 18-30 да тамаққа отырдық. Мен алдымен өзім ниет етіп Құран сүрелерінен аяттар оқып, Алладан тілеу тілеп, 40 тәуліктік ашығуымды қабыл алуына ниет еттім. Менен кейін Аманжол әруақтарға бағыштап аяттар оқыды. Кешкі 7-де ашығуымды бастадым.

Салмағым 98 кг. Немесе 24 кг артық салмақ бар. Өзімді ауыр сезінемін.

Сенушілер! сіздерден бұрын болғандарға сияқты, ораза сіздерге де парыз, (мүмкін иманды боларсыздар) 180. белгілі бір күндерде. Бірақта, біреулеріңіз науқастанып не жолаушылап жүрсеңіздер: оразаның осы күндерін басқа уақытта тұтсын. Шамасы келіп ұстамағандарға, орнына кедейлерді тойындыру парыз. Кім имандылықпен қандай болмасын қайырымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады. Егер біле білсеңіз, сіздің оразаңыз – өзіңіз үшін жақсылық.

Рамазан айы, осы нұсқауды адамдар басшылыққа алып, ізгілік пен зұлымдықтың айырмасын түсінулері үшін сіздерге Құран түсірілген ай. Сіздердің ішіңізде кім осы ай бойы үйінде болса ораза ұстау парыз: кім сырқат болса немесе жолаушылап кетсе оразаның қаза болған күндерін басқа айда ұстасын. Құдай сіздерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді. Ол сізді тура жолмен бастап жүр, сол үшін сенушілердің санын тез толтырып Құдайды ұлықтап, ризашылықта болыңыз.

КОРАНЪ. Перевод съ арабского языка. Г.С.Саблукова. Третье изданіе. Казань. Центральная Типографія. 1907 г. Глава (2) Корова, стихь 179, 180, 181.стр.51

(Орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)

2005 жылғы «Денсаулық» журалының № 5 санында жарияланған, қазіргі Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы ауру сырқаудың бір дәйегін айта кетейін. Бұл көрсеткіш өсе түспесе, кеміген жоқ.

«Ғылыми – зерттеу инстуттарының зерттеулері көрсетіп отырғандай, елімізде жасөспірімдер арасында ауру – сырқау жыл санап көбейіп барады. Соңғы деректерге жүгінсек жасөспірімдер аурушаңдығының көрсеткіштері тексерілген әр 1000 балаға шаққанда мынадай екен:

Ақмола облысы 177,6

Ақтөбе облысы 424,8

Алматы облысы 90,4

Атырау облысы 183,2

Батыс Қазақстан

Облысы 465,3

Жамбыл облысы 305,1

арағанды облысы 565,0

Останай облысы 469,9

Ызылорда облысы 933,6

Наши рекомендации