Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 115

Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 117

Қазақстанның ашық кітапханасы

қару қыларға шамасы қалмайды. Ұп-ұзын неміс солдаттары Семен түйреп алып

лақтырғанда тақтайдай ғана салмағы бар жеңіл сезіледі.

Бүгін таң, ата Семен бір окоптағы жеті адамды жалғыз жайқап шықты. Мылтығының

найзасы майысып қалыпты. Қазір маған бір жеріммен соқтығып қалам ба деп, шамасы

келгенше қысылып-қымтырылып отыр. Ол денесін жинаған сайын, бұлшық еттері иіріліп,

бүктетіліп, киімін кернеп барады. Байқаусызда біреуге соқтығып қалам ба деп имене жүру

оның әдетіне кіріп кетіпті.

Жетер, жолдас аға сержант, жетер,— дейді Зонин.— Бәрібір бұқаның басынан

үлкен басты әдемілегенмен еш нәрсе шықпайды. Қайта, сақал жауып тұратын олпы-

солпысы сорайып шыға келеді...

Жоқ, Семен бұл басқа кінә қоюға болмайды. Нағыз, бір көрген жауыңның өмір

бойы есінен кетпейтін бас деп осыны айтады,— деймін.

Һім... Онда мұрт қойып алсам қайтеді?—дейді Семен.

Мұрт?

Сонда маңайыма жолауға сайтанның өзі де қорқар еді!

Жоқ, Семен мұрт қоймай-ақ қой. Мұрт қойсаң, сен бізден анағұрлым үлкен болып

көрінетін боласың. Соғыс қаншаға созылса да үйге қайтқанда баяғы жас комсомол

күйімізбен қайтайық. Туған-туысқандар да, шешең де, құрбы-құрдастар да, ойнап-күлген

қыздарымыз да бізді сол жас қалпымызбен күтеді. Солай емес пе?

Жарайды ендеше, қыра бер...

Семей сенің сүйген қызың бар ма еді?— дейді Петр.

Менің, бе? Болды әрине... Қазір де сүйем бір қызды.

Таныстырсаңшы қызыңмен!

Таныстырсаңшы? Қалай таныстырам?

Кәдуілгідей... Қандай қыз еді, қалай сүйетін едің... Айт соның бәрін...

Бет-аузына иесіз қалған хош иісті аямай бүркіп жатып, мен де өтіндім.

Айтсам айтайын... Бірақ басқаларыңдікіндей қызықты болып шыққан жоқ,— деп

бастады Семен.— Әрине, мен шынашағымдай кішкене қызға ғашық болдым...

Әринең неменеге керек болды?..

Әринем бе? Оның керегі болғаны, үлкен қызды мен қайтем? Өз бойымда да бір-екі

адамға жететін артығым бар, мен кішкене ғана қызға құмарттым. Одан соң, кімге

қызыққаныңды өзің білмей де қалады екенсің... Кейде бір құдай қарғаған

жексұрындардың үріп ауызға салғандай әдемі әйелдері болады. Кейде бір өте жақсы

адамдардың қасында құрысқан терідей бір бәле жүреді. Соның бәрі де алғашында білмей

қалғандықтан болатын сияқты,— деп, Семен айнала қарап қойды.

Ие, содан соң?

Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 116

Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 118

Қазақстанның ашық кітапханасы

Содан соң ба?.. Трактор жайында бір кітап іздеп, қалалық кітапханаға кірсем,

алтын шашты, қуыршақтай ғана бір қыз тұр екен... Содан басталды да кетті... Керек пе,

керек емес пе, кітап сұрап күнде баратын болдым. Қыз да бәле, менің, бойыма қарап, көп

кітап оқымағанымды біледі-ау деймін:

Мына бір кітап өте жақсы...— деп, бір-екі кітапты қоса беретін болды.

Үйге әкеліп қарасам, «Бірінші Петр», «Степан Разин», «Тынық Дон» болып

шығады. Бір күні бір жерінен сұрап қалып жүре ме деп, қыз берген кітапты түгел оқып

тастаймын. Күндізім түгіл, түнім жетпеуге айналды... Ұзамай Тамара, Татьяна, Земфира,

Мэри дейтін қыздарды құшақтатып жіберетін болды. Оқып-оқып отырам да,

кітапханадағы қыздың өзі де солардың бірі ғой деп ойлаймын. Күн санап сол қыздарға өзі

де ұқсай түседі, күн санап құлпыра түседі... Заводта шаршау дегенді ұмытып кеттім,

жұмыстан шыға салам да, Тамараны апарып беріп Земфираны сұраймын. Земфираны

апарып берем де Татьянаны сұраймын... Құдай соққан қу қыз түсінеді де жымияды,

жымияды да сұраған кітабымды алып береді...

Аты кім еді?—деп сұрады Петр.

Аты ма?.. Нина еді... Жымиып тұрғанын маған кітап әперейін деп артына

бұрылғанда, сыртынан да танитын болдым.

Арқасы күліп тұратын болды ғой?..

Арқасы? Жоқ... Былай бір, қырық құбылтып әкеліп, желкесіне бос тастай салатын

бір шаш болады ғой... Сол шашы жымиып тұрғандай болады.

Сіз осы, ғашықтар жайындағы кітаптарды көбірек сұрап кеттіңіз, біреуге ғашық болып

қалған жоқсыз ба?— деді бір күні.— Біліп жүр, біліп жүріп сұрайды, оған не амал

қыларсың...

Иә, оған қылар амал жоқ...— деп, Петр тағы бір шалып қалады.

Оның рас,— дейді Семен.— Оған қылар амал жоқ екен. Маған бір жері қатты ұнап

еді, соны тағы бір оқып шығайын деп едім дедім...

Ол қай жері?— деді Нина.

Қырық екінші беті...— деп, өмірімде бірінші рет өтірік айттым. Аппақ жұмыр

саусақтары жымың-жымың етіп, мен айтқан қырық екінші бетті ашты да:

Ие, аттың суретін әдемі келтірген екен— деді Нина. Арқамнан суық тер бұрқ ете

түскенін сездім... Бұған не айтарсың?

Иә, бұған да ешнәрсе айта алмайсың...

Бір күні Нина орнында жоқ болып шықты. Кітапхана қаңырап бос қалғандай

көрініп кетті.

Иесіз қалған окоптай де...

Ие, иесіз қалған окоптай... Паровоздай жүйткіп жүріп, қаланы түгел кезіп шықтым.

Бақшаны да екі рет сүзіп шықтым. Екі жердегі театрдан шыққан жұртты да кезімнен

өткіздім. Еділ жағасына да бардым. Еш жерде жоқ... Түн ортасында таптым-ау әйтеуір...

Қайда екен?

Наши рекомендации