Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.

Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуіріз Ж.Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес.Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.Жауһари,Фараби,Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың”Түркі тілдерінің сөздігі”,Ж.Баласағұнның “Құтадғу білігі”,”А.Иассауидың ”Диуани Хикметі” сияқты жәдігерлердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәденитінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады.Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжрибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?” ”Адамгершілік,адалдық,әділдік,даналық,әділдік, даналық, деген не? ”деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын.Солардың бірі”Құтты білік”поэмасының авторы Ж.Баласағұн еді.Ол-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны,есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл,философ, энциклопедистғалым, бегілі қоғам қайраткері. Ол-философия, табиғаттану,математика,астрономия,тарих,араб-парсы тіл білімі,т.б.ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы-сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес,түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Сондықтантан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп,ондағы бірші держағдайда ғана халық бақытқа кенеледі.Бектің бақыты-халықтың бақыттылығында.Бақыт жеке басқа тән ұғым емес.Ол-халықтық сипаттық ұғым,өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. ”Құтты білік” мазмұны осы. Үштік қағида да көп қолданылады. Мемлекеттің, негізгі үш нрседен-халықтың, қазынадан, әскерден тұрады.Халықтың өзі үш буыннан-байлардан, орталардан, кедейлерден тұрады.Бекің мақсаты-кедейлерді ортаға,ортаны байға жеткізу.Күнтуды Елік адамдардың үш түрін қоштап,қолпаштап отыруы тиіс.Олар-алып,жүрегі құрыш, ер кісілер,екінші-елші ғалым,даналар,үшінші-хатшы.

86.Ұлттық сана және мәдениетҰлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ойтолғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәденитарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.

87.Фрейд фил.дағы “сублимация” ұғымы. ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физиопсихолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд,  тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды ( әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).

88. А.Иассауидің сопылық философиясы Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады.

89.Номинализм және реализм Ортағасырлық теологиялық философияда (схоластикада) екі қарама–қарсы бағыт –номинализм мен реализм ерекшеленеді. Реализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар(универсалиялар) адамдардың ақыл–ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.Ұғым пайда болды кейін ғана зат жасалды. Демек құдай туралы ой болса, ол бар деген сөз. Көрнекті өкілдері: Ансельм Кентерберейский, Фома Аквинский, Алберт ВеликийНоминализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Ұғымдар заттардан кейін пайда болады, заттар тәжірбие кезінде пайда болады.Мысалы: “жалпы адам” өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. Көрнекті өкілдері: Дунс Скот, Уильям Оккам, Росцелин, Пьер Абеляр.

90.Қазақфил.дағыөмірменөліммәселесіVΙΙΙ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата өзінің философиялық толғамарында өмір мен өлім мәселесін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша,ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге ? деген сұрағына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды деп шешеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады.Оның шығармаларын Қорқыт ата кітабы деп атайды. Сөйтіп Қорқыт ата өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді.ΧVғасырда өмір сүрген Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе жоқ дейді.Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек дейді.

91…………….

Наши рекомендации