Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген

Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Әкесі Қорамса байқуатты көпес болған. 16 жасына дейін Ақан ауылдың молдасында оқиды. Сол кезден бастап шығыс елдер ақындарының шығармаларымен таныса бастайды. Кейін оқуын Петропавл қаласындағы медреседе жалғастырады.

19 ғасырдың аяғында – 20 ғасырдың басында қазақ халықының саяси-әлеуметтік жағдайы қиындап кеткені тарихтан белгілі. Осы кезде Ресей патшалығының қазақ даласындағы үстемідігі арта түсіп, қоғамдағы дәстүрлі қарым-қатынас өзінің тоқырау кезіне жетеді. Ақан осы жағдайдың мән-мағынасын дұрыс түсініп, оны өзінің өлеңдерінде ашып беруге тырысады.

Өкінішке орай, ақынның колжазбаларының көбісі сақталмай қалған. Кейбір деректер бойынша, ол өзінің қолжазбаларын киізге орап жерге көміп тастаған екен. Ақанның өмірін ғажайып ертегімен теңестірген ақын Мағжан Жұмабаев әншіге арнаған ғылыми мақаласын 1923 жылы Тәшкен қаласында шыққан «Простор» журналында жариялаған.

Ақан-сері туралы сөз қозғағанда ең алдымен оның Құлагер аты ойға келеді. Бәйгелерде алдына ат салмаған бұл ғажайып тұлпардың даңқы қазақ жерінің түпкір-түпкіріне тараған. А.Жұбановтың айтуынша, тіптен Атығай мен Қарауыл рулары тұратын жерлер де бұрынғы кезде Құлагер аймағы деп аталған екен. Аңыз бойынша, бәйгелердің бірінде Ақанның дұшпандары Құлагерді мәреге жеткізбей қастандықпен өлтіреді. Әнші сүйікті тұлпарын өмірінің соңына дейін ұмыта алмай, оған арнап өзінің ең зарлы әнін шығарады. Кейін белгілі ақын Ілияс Жансүгіров осы оқиғаның желісі бойынша «Құлагер» поэмасын жазған.

Ақанның өмірі туралы халық арасында аңыздар бар. Солардың бірі – Ақан сері мен Ақтоқтының махабаты. Осы оқиға бойынша белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясын жазса, кейін композитор Сыдық Мұхамеджанов сол трагедияның желісімен өзінің операсын шығарған.

Ақан өмірінің соңғы жылдарында сопылық жолға түседі. Осы кезде жазған «Белде-бел асар» атты қара сөздерінде ол, көбінесе, діни мәселелерді қозғап, жалпы адам өмірінің құндылығы мен маңыздылығы туралы ойлар айтады.

Ақанның шығармаларында лирикалық тақырып басым. Солардың ішінде жоқтау жанрына жақын әндер ерекше орын алады, олар - «Қараторғай», «Сырымбет», «Мақпал», «Алтыбасар» және, әрине, «Құлагер».

Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген - student2.ru

Бұл әннің мазмұны махабат сезіміне, оның бақытты, нәзік көріністеріне арналған.

Ауылым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақ сұнқар баласына.

Бидайыққа ылайық қарағымай,

Бөктергіге қор болып барасың ба,

Қарындас ау, енді есен бол.

Осы ән арқылы әнші өзінің махабатын, ішкі нәзік сезімдерін білдіреді. Әуен дыбыстарының бір бірімен «жұмсақ», нәзік байланысуы осы сезімді толықтыра түседі. Ырғақ пен әуеннің қарапайымдылығы халықтың қара өлеңін еске салады. Дегенмен, бұл әнде Ақанның өзіндік мәнері, қайталанбас қолтаңбасы анық байқалады.

Араторғай

Бұл ән де өзінің қарапайым құрылымы мен мазмұны жағынан халық әндеріне жақын, сол себепті жұртшылықтың жақсы көретін әндерінің бірі. Ақан оны талай жылдар бойы серік болған бүркіт құсына арнаған. Кәртейген бүркіттің бұрынғыдай еркін ұшып-қона алмайтынын көріп әнші өзінің аянышты сезімдерін бірдіреді:

Қараторғай, ұштын зорға-ай!

Бейшара, шырылдайсың ау,

Жерге түспей.

Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген - student2.ru

Дегенмен,әннің мән-мағынасын тек қана құстың бейнесімен байланыстыру дұрыс емес. Оның мазмұны, әрине, тереңірек. Әннің келесі сөздеріне қарап, оны жалпыжастық шақпен, сол кезге тән махабаттық сезіммен қоштасу деп білген дұрыс:

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

Айырылдым қапылыста сенен нағып.

Маңмаңгер

Ақанның бұл әні де аты аңызға айналған Құлагерге арналған.Әнде Құлагердің сырт бейнесімен бірге жалпы өнер туралы тақырып та қозғалады:

Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,

Байлаған сені сылап қалқатай да,

Жүрісің желмаядай, жануарым,

Көрейін қызығыңды осындайда.

А-хау! Жігіт ері дерсің мені,

Деп салған «Маңмаңгерге» Ақан сері.

Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген - student2.ru Бал Хадиша

Бұл әннің басты ерекшіліктерінің бірі – бүгінгі замануй әндеріне жақындығы. Атап айтқанда, оның жоғары қарай бағытталған, «романтикалық секста» деп аталатын дыбыстар қатарынан басталуы. Бұл арнайы қолданылған әдіс музыканың жалпы үрдісіне серпіліс беріп, ерекше сезім тудырады. Әуенде қолданылған тәсілдер тыңдаушының лирикалық сезімін оятып қана қоймай, оны жан-жақты ашуға бағытталған. Осындай қарапайым ән арқылытерең мағынаны ашу – Ақанның композиторлық шеберлігінің анық көрсеткіші.

Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген - student2.ru

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Ақанның өмірі мен шығармашылығы.

2. Оның әндерінің шығу тарихы.

3. Қараторғай, Маңмаңгер, Сырымбет, Бал Хадиша әндерін жатқа айт.

Тақырып

Жаяу Мұса (1835-1929)

Мірі мен шығармашылық жолы. Ақан-сері 1843 жылы (кейбір мәліметтер бойынша – 1834 жылы) Көкшетау облысында, Айыртау ауданына қарасты Қоскөл деген - student2.ru

Дарынды әнші, композитор Мұса Байжанұлыныңесімі қазақ музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Өзінің Жаяу Мұса атанып кеткені туралы ол «Ақ сиса» әнінде былай деп «түсіндіреді»:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса!

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мустапасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Муса.

Туғанынан атқа құмар қазақ үшін, әсіресе сал-серілергеатынан айырылып жаяу қалу деген – жұртшылықтың сайқы-мазағына ілінудің ең ауыр түрі. Сондықтан билік тізгінін ұстаған Мұстапа есімді адам атақты әншіні мазақ етіп қорлау үшін осындай іс-әрекетке барады. Бірақ, оның бұл ойы іске аспайды, өйткені әнші өзін өзі Жаяу Мұса деп «таныстырып» қарсыласының жоспарын жоққа шығарады.

А.Жұбановтың айтуынша, Мұсаның мінез-құлқы, әсіресе сырт бейнесі нағыз сал-серілерге тән ұстанымдармен ерекшеленген. Бірақ оның «сал» деп атануы бұнымен ғана байланысты емес, оның ең басты себебі – әншінің жан-жақты дарындылығында, оның «сегіз қырлы, бір сырлылығында».

Наши рекомендации