Р.Декарттың Рационалдық философиясы. Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе
Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт, керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып, дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары - ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу;
Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі - ол интеллектуалдық интуиция аркылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа кұрделі жол арқылы жетуге болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байкалмай түсіп калса, онда нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р.Декарт оны жасанды тәжірибе койып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.Р.Декарттың этикалык көзкарастары адамның кұмарту сезімдерімен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрін негізгі алты сезімге әкеліп теңеуге болады. Олар: таңғалу, сүю, жек көру, тілеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбі адамның сезімдік заттарға деген іңкәрінен туады да, адамның жан дүниесін зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкін емес. Олай болса, олардың бәрін адамның жан дүниесіне сәйкес келетін бір кұмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезімі болуы керек деген сұракқа ойшыл өзінше жауап береді. Оның ойынша, ол - дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дүниедегі кұбылыстарға кызығушылықпен қарауы.
Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерін тигізгенін атап өтеміз. Сонымен қатар философияда әртүрлі қайшылықтар етек алып, әртүрлі бағыттардың арасындағы күрестер күшейе түседі. Солардың ішінде Ф.Бэконның философиясын әрі карай дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың ішінде әсіресе Т.Гоббсты атап өтуге болады. Күмәндану принципі
Өзінің философиясының мықты негіздерін жасау үшін Р.Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған сияқты, күн кішкентай және жылы зат сияқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бірде-бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәнданудейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды.
С
Сократ философиясы
Сократ өзін құдайдың сүйген пендесі деп санады. К.Маркс: «Сократты жүзеге, іске асқан философия үлгісі» - деді, өйткені Сократ философия тарихында тұңғыш рет өз идеясының құрбаны болды. Сократтың айтқан нақыл сөздері: «өзіңді өзің таны»; «мен өзімнің түк білмейтінімді білемін, кейбіреулер оны да білмейді»; «өмір сүру үшін тамақжеу керек, бірақ тамақ жеу үшін өмір сүрмеу керек»; «жамандық – жақсылықтың не екенін білмеуден туындайды»; «өз қамыңды өзің ойла». Сократ антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салды. Сократтық әдіс бойынша ақиқатқа жету – сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты анықтаудағы өз өнерін «майевтика» - «кіндік шеше» өнері д.а. Бұл тәсіл сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып ұғымды анықтау. Сократ үшін философия дегеніміз нақты өнегелік, әдептілік, моральдық құбылыстарды қарастырып, олардың мәнін ашу. Ол этикалық реализмнің негізін салды. Сократ философиясының, тұлғасының маңызы: кез келген білім – игілік, жақсылық; жамандық, зұлымдық – білместіктен туындайды; Сократ адамзаттың мәңгі мәселесі – жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық, игілік, махаббат, ұждан және т.б. жауап іздеді; қазіргі білім беруде кең қолданылатын майевтика әдісін ашты; ақиқатты табудың диалогтық әдісін енгізді; индуктивтік әдістің де негізін салды. Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар.
Т