Ылымилық проблемалар және дүниені философиялық тұрғыда

Философия» пәнінен білімгерлердің өзіндік жұмысының материалдары

СӨЖ-ге дайындалудың әдістемелік нұсқаулары

Студенттердің оқытушылар мен бірге жасайтын өзіндік жұмыстары философия кур-сындағы материалдарды меңгерудің маңызды сатыларының бірі болып саналады. Студент, ақпараттарды алудың негізі ретіндегі лекцияға сүйене отырып, өзінің, оқу қарекетін бұдан былай дербес ұйымдастырады, лекциядан алған білімін өзіндік дайындалудың арқасында тереңдетуі тиіс. Олар ақпараттарды өзінше бағалауын қалыптастырады, зерттеу әдістемесіне үйретеді, болашақ ­ өз мамандығы бойынша немесе кәсіпшілік қарекетіне байланысты жүйелі түрде зерттеуді және оқу дағдыларын ұйымдастыруға машықтандырады.

Өзіндік жұмыстарды дайындауда әдебиетпен жұмыс істеу (семинарларға дайындалу барысында және дербес өзіндік жұмыс жасау үшін арнайы сол тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімін қараңыз) өте маңызды.

Студент өзіндік жұмыс бойынша тапсырма алғаннан кейін, келесі кездесуге дейін өз жазуларын қарап шығады, тақырып бойынша кітапханада ұсынылған әдебиеттерді оқиды. Сонымен қатар арнайы дәптер арнап конспекті жасайды.

Өзіндік жұмысқа әзірлену барысында міндетті түрде лайықты кітаптардан тақырыпқа сай ойларды, идеяларды дәптер - конспектіге жазып алу керек. Олар, ауызша жауап бергенде студенттің тақырыпты игеру деңгейін және тақырыпты ашуда көмек көрсетуге тиісті. Конспектілерді жасауда міндетті түрде түпдеректің атын, жазып алынған беттерін көрсету керек, әрине ең қолайлысы жазылған беттерде тақырыптың мазмұнына сәйкес, дәйекті сөздер мен мәтіннің турасына әртүрлі белгілер жасап қойған жақсырақ .

Осы тектес жүйелі түрде жасалған дәптер-конспекті семестр барысында толықтырылып практикалық сабақтарға дайындалуға және философиялық тақырыптарға реферат жазуда жеңілдіктер жасайтындығы белгілі. Семинар сабақтарында жауап беру барысында арнайы әдебиеттер бойынша жасалған конспектілерді, лекциядағы жазбаларды қолдануға рұқсат етіледі.

Жалпы,СӨЖ-діұйымдастырудың мақсаты - оқытушының көмегімен студенттің бойында өз бетімен жұмыс жасай алу, ғылыми, творчестволық, философиялық пайымдау, қорытынды жасай білу қарастырылып отырған тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Көрсетілген тақырыптарды таңдау бойынша өзіндік жұмыстарды орындауда нақты мәліметтерді оқытушыдан кезекті-сағаттар кезінде алуға болады.

Эссе - студенттің таңдаған тақырыбының өзекті сұрақтары бойынша шығармашылық түрде, оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып қысқа және өз бетімен, үйде орындайтын жазбаша материалы (Компьютерлік терілімге сәйкес 14 кегель, 3 бетке дейін). СӨЖ (эссе) 3,6,9,12,15 апталардың соңында тапсырылуы тиіс.

Эссені бағалау тәртібі:

Ұсынылған тақырыптар бойынша түпнұсқаларды кеңінен зерттеп, тақырып мазмұнын өз бетінше қорыта алу, аша білу, белгілі бір түсінікке ие болу жоғары - 50 балл.

Тақырыпты өз бетінше қорыту, түсіну бар, бірақ түпнұсқаларды зерттеу жеткіліксіз - 40 >30 балл.

Тақырып үстіртін ашылған, өзіндік түсінік нашар, түпнұсқалар қолданылмаған - 20> 10 балл.

Плагиат - 0 балл.

Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды.

СӨЖ №1(эссе)

Тақырыптар: 1. Дүниеге көзқарастың құрылымы: жинақталған білім, сенімділік,

құндылықтар, идеалдар, нанымдар.

2. А. Қасабеков, Ж.Молдабеков «Шығыс философиясының тарихы»

Бойынша қазіргі үнді философтарының біреуін таңдау бойынша

Конспект жасау.

Методикалық ұсыныс:Эссе уақытында тапсырылуы тиіс; белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды. Мысалы, студенттердің өзіндік жұмысын және студенттердің оқытушымен бірге жасайтын өзіндік №1 (эссе) жұмысы негізінен 3-ші апта соңында тапсырылуы тиісті.

Бірінші тақырып бойынша авторлары Әбiшев Қ. Философия: Оқулық .- Өңд.,толықтыр. 3-i бас.-Алматы, 2001. -264 б.; Ғабитов Т.Х. Философия: Оқулық. - Алматы, 2004 элек-трондық кiтап - СD-ROM; Нұрышева Г. Философия (лекциялар курсы): Оқу құралы.-Алматы: "Зият-Пресс", 2006.-204 б.; Философиялық сөздiк. Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996 – 525 б. Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А.,2007. оқулықтарын пайдалана отырып көрсетілген тақырып бойынша өз түсініктеріңіз туралы жазыңыздар және бұл оқулықтарды басқа да тақырыптарға қатысты.

№1 СӨЖ 3 - аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

СӨЖ №2

Тақырып: 1. Әл-Ғазали мен Әл-Киндидің философиялық көзқарасының

айырмашылықтары.

Методикалық ұсыныс:Әл-Ғазали мен Әл-Киндидің еңбектерін мұқият оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беруге талпыныңыз: Бұл данышпандардың ортақ жақтары неде? Олар өмір сүрген дәуірді сипаттаңыз. Осы ойшылдар зерттеген негізгі мәселелер кандай? Қайсысында діни, ал қайсысында философиялық пайымдау басыңқырақ? Әл-Ғазали мен Әл-Кинди философиясы сізге қандай ой салды?

№2 СӨЖ: 6-шы аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

СӨЖ №3(эссе)

Тақырыптар: 1. Философияға дейінгі дүниетанудың түрлері: мифология және дін.

ылымилық проблемалар және дүниені философиялық тұрғыда

Наши рекомендации