Дениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі.
Мәдениетараб., «мәдине» - қала, шаһар деген сөзінен шыққан.
«Культура» (латын., cultio, cultura - өңдеу, яғни жерді, топырақты өңдеу, оны шабу дегенді білдіреді) – антикалық дәуірден бері белгілі. Бұл терминді Цицерон (б.з.д. 106 – 43 ж.ж.) қолданған деген пікір бар. Ол философияны жан мәдениеті немесе жан мәдениетін философия деп түсінген.
Мәдениет – философияның санаға, ақылға, оны өңдеуге, тәрбиелеуге, ойлау қабілеттілігін дамытуға мақсат етіп, бағытталған әсері.
Философия тек қана ақылды «өңдеу» немесе ұйымдастыру емес, сонымен бірге оны әстерлеу, құрметтеу және оған бас ию.
Қазіргі кезде мәдениеттің 1000-ға жуық анықтамасы бар, бірақ оның ешқайсысы қанағаттанарлықтай емес.
Мәдениет – табиғат жасағандай емес, ол адам қызметінің, шығармашылығының, жасампаздығының жемісі. Мәдениет – процесс, құбылыс. Ол – адам дүниесі, Гегель айтқандай, адам өмірі бейнесінің «екінші табиғаты».
Мәдениет – қоғамның нақты – тарихи даму сатысындағы сапалық күйі.
Мәдениет – дүниені игерудің тәсілі ретінде, процесс ретінде, нәтиже ретінде көрінеді. Адам іс-әрекеті, қызметінің орасан байлығы мәдениеттің өмір сүру тәсілі, әдісі болып табылады.
«Мәдениет философиясы»(Kulturphilosophie) термині XIX ғ. аяғында неокантшылдық Баден мектебінің (А.Мюллер) аясында пайда болды.
Мәдениет философиясы– тар мағынада – XX ғ. бірінші жартысындағы еуропалық (немістік) философиялық бағыт; кең мағынада – мәдениетті ерекше феномен деп қарастыратын кез келген философиялық рефлексия. «Табиғат туралы ғылым» мен «мәдениет туралы ғылым» методологиялық жағынан ажыратыла бастағанда философияның рөлі «мәдениет философиясына» жақындай түседі. Виндельбандтың пікірінше мәдениет философиясы дегеніміз философия.
Мәдениет философиясы ерекше феномен ретінде:
· методологиялық:«табиғат туралы ғылымға» қарағанда мәдениет философиясы «мәдениет туралы ғылымның» методологиясы болып табылады (Дильтей, Н.Гартман, Ханс Фрейер);
· әлеуметтік-сыншылдық:қазіргі заман еуропалық философияны сынау ретінде (Зиммель, Шпенглер, Федор Степун, Ортега-и-Гассет, Бергсон, Швейцер, Эрнст Роберт Курциус);
· теориялық-жүйелік:әмбебап мәдениет теориясын құруға тырысу (Кассирер, Н.Гартман, Кронер, Хейзинга, Шпенглер, Тойнби, Ротхакер).
Соңғы «мәдениет философтары» - Эрнст Кассирер мен Эрих Ротхакер болып табылады.
Мәдениет ұғымына адамның материалдық және рухани өндірісіндегі, өміріндегі барлық жасампаздығы, шығармашылығы кіреді.
Дәстүрлі көзқарас санатында мәдениеттің күрделі екі формасы бар:
· материалдық мәдениет– адам қызметінің заттанғандығының нәтижесі, процесі; материалдық игілікті жасаудағы еңбекке баулу, машықтану. Материалдық мәдениетке – еңбек құралдары, тұрмыс заттары, тұрақ, киім, транспорт және т.т. кіреді;
· рухани мәдениет– сана сферасын қамтиды, оған «сезім мәдениеті» және «парасат мәдениеті» кіреді. Рухани мәдениет дегеніміз құндылықтар, білім, ағартушылық.
Рухани мәдениет – рухани құндылықтарды өндіру, сақтау, үлестіру, тарату және тұтыну, пайдалану.
Адам – мәдениетінің субъекті мен жемісі, оның басталуы мен аяқталуы.
Адамиланған табиғат әлеуметтік – мәдени әдістермен қайта жаңғыруға мұқтаж – спорт, дене шынықтыру, медицина.
Медицина – табиғаттың мүмкін болар кемістіктерін, қателіктерін түзетеді және емдейді.
Рухани мәдениеттің маңызды формасының бітімі ретінде заттанбаған адам қызметі, яғни актер, журналист, заңгер, мұғалім және т.б. жасампаздық қызметі көрініс табады.
Сонымен бірге қағаз, баспа, полиграфиялық өндіріс, радио, теледидар, БАҚ, киноиндустрия, театр, мұражай, кітапхана, сәулет өнері, дизайн және т.б. бәрін не материалдық, не рухани мәдениетке жатқызуға болмайды.
Жалпы мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу салыстырмалы, өйткені ол екеуі де біртұтас, бірегей мәдениеттің құрамдас бөліктері.
Мәдениет функциялары:
· жасампаздық;
· танымдық;
· информациялық (ақпараттық);
· коммуникативтік;
· нормативтік;
· аксиологиялық;
· интегративтік (толығу);
· сегративтік (бөліну, оқшаулану);
· адаптациялық (бейімделу);
· негэнтропиялық, яғни мәдениетті феномен ретінде сақтау.
Мәдениет – гуманистік, позитивті, адам қызметіндегі шығармашылық бастаманы сақтаушы.
Адам жасаған кез келген нәрсе – мәдениет құбылысы емес және кез келген адам мәдениетті емес.
Орыс мәдениет философы М.М. Бахтин:«Мәдениет дегеніміз диалог».
Мәдениеттің деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, оны түсінетін қоғам мүшелерінің меншікті салмағы азая береді.
Мәдениет — философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы коғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша, дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нактылы — тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құралдары, сондай-ақ мақал-мәтелдер ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады.
Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады, оны күрделі ете түседі. Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айтып өткен жөн. Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше рөлін арнайы бөліп айту себебіміз - мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен катар барлық қолмен, ақылмен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өткендегі құрал-саймандар із-түзсіз жоғалып кетпейді. Антик дүниесі философиясының өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сиякты біздің дәуіріміздегі мәдениет те болашаққа ұмтылысымен, әлемдік мәселелерге тікелей қатынасымен жер бетінде адамгершіліктің салтанат құруына атсалысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.
Мәдениет негізі — еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңгі, кәдімгі доңғалак бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәселен, 1823 жылы гректердің Милос аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита) аталған, бойы 207 см келетін әйел мүсіні — әйел сұлулығының үлгісі аталды. Теңіз ішіндегі құмнан шығармақ болғанда мүсіннің қолы сынып қалса да, ондағы әйелдің тұрған тұрысы, бейнесі, мойны, омырауы, белі, мықыны қай заманда болсын ғажап сұлу көркемдікті паш ететін құбылыс. Ол б. з. б. IІІ—II ғасырларда жасалған көрінеді. Ал енді мүсін тек адамдарға ғана рухани ләззат береді. Адамнан басқа тірі жанға оның ешқандай әсері жоқ, болмайды да. Олай болса, сол мүсіннің тек геометриялық түрі емес, оның рухани мәні болғанын байқатады.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабактастықты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу кажет. Олай болса, мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес. Керісінше, ертеде өткен адамдардың түрлі кұрал-саймандары калдықтарына (сынықтарына) қарап, ол қауымдастык қашан өмір сүрді, даму деңгейі, дүниетанымы қандай болды, соны ажыратып білуге болады.
Өткен уақыт мәдениеті — халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағынын сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сөйкес бағалау диалектикалық ойлауды кажет етеді. Байқасақ, мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет — сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етгі. Солардың бірі — мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д. Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзон образын келтіруге болады.
Мәдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсак, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлык саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай келеді.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақта, біз белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам кызметінің нәтижесін мақтан етеміз (тіпті ондай мақтаныш болмаса да, еңбек жемісін мойындауға мәжбүр боламыз). Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да, ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастыкты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттерден туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениеттің ерекшелігі сол - ол тек объективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның объективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы дегеніміз - адам тұрмысының затқа айналған мәні. Бұдан мәдениет дайын зат ретінде, заттық түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек.
Кең мағынада алғанда, мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың немесе кәсіптік одақтардың қызметі аркылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да орынды. Мәселе — мәдениет жайында қай уакытта, қандай жағдайға байланысты сөз етіліп отырғанында болмақ.
Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.
Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны.
Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениеттің тарихи мәні, жасалуы, дамуы іргелі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда прогресшіл, болашаққа қызмет ететін және регресшіл, кертартпа, тек өткенге немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады. Философия мәдениетті тек сипаттап қана қоймайды, оны сын көзбен бағалап, топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Турасын айтқанда, философияның өзі қоғамдық сана түрі ретінде мәдениет саласына жатады.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері кездеседі. Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық мәселелер. Басқаша айтканда, философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажет.
Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.
Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық катынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игеру, коғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл - өркениеттілік пен мәдениет өзара тығыз байланысты жөне бір объективті негізде дамиды деген сөз.
Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Таптық қоғамдарда олардың жолында қиын терең кайшылықтар болады. Еңбекші бұқара жасаған мол мәдениет казыналары көбінесе үстем тап өкілдерінің меншігіне айналады, солардың түрлі мақсатына, игілігіне жұмыс істейді. Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да, тұтыну заттарын көбейтіп, қоғамдык жағдайларды қаншама жақсартса да, өзінің үстем таптық, басқа елдердің табиғи байлығын талан-тараждау, т.б. тар сипатынан арыла алмай отыр. Әрине, мәдениет шын мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы өркениеттілік пен мәдениет диалектикасын даңғыл жолмен ешқандай бөгетсіз жүріп бара жатқан процесс деп қарауға тағы болмайды. Мысалы, ұлтаралық қатынас мәдениеті өркениеттілік жағдайында дүмпулі қайшылықтардан аулақ болуы қажет. Сол ұлтаралық қатынастар мәдениетін жоғары дәрежеде іске асыру үлгісін халықтар Ассамблеясының баянды жұмыстары арқылы Қазақстан бүкіл әлемге паш етіп отыр. Олай болса, бұл мәселені шешуге болады. Ал әлеуметтік саяси шындық, өркениеттілік пен мәдениет арасында шешімі табылмаған күрделі қайшылыктар бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Оны ғылыми - техникалық революция жетістіктерін пайдаланудан да көруге болады. Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нөтижесі.
Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де болып табылады. Бұл пікір материалдық мәдениетке де байланысты. Жеке адамның даралық мәдени сипаты оның іс-әрекеті, қызметінен туындайды. Бірақ еңбек процесінде ол материалдық мәдениетпен танысады, оның өркендеуіне тікелей қатысады, өзінің өмір салтын қоғамдық өмір мәдениетіне бағындырады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде оның рухани қазынадан нәр алмауы, оны көркейтіп, мазмұнын байытуға қатыспауы мүмкін емес.
Мәдениет философиясы мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі;
Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
1. Көркемдік шығармашылықтың нәтижелері:
А) Поэзия.
В) Сурет өнері.
С) Музыка.
D) Хореография.
Е) Өнер.
2. Қоғам мен адам өміріндегі негізгі құндылықтар:
А) Материалдық және рухани.
В) Рухани және идеалды.
С) Ақиқат және игілік.
D) Өнер мен әсемдік.
Е) Еркіндік және мақсат.
3. “Эсхатология” терминінің мағынасы:
А) Құдай туралы ілім.
В) Адам туралы ілім.
С) Болмыс туралы ілім.
D) Ақыр заман туралы ілім.
Е) Таным туралы ілім.
4. Моральдың бірінші негізгі қызметі:
А) Ағартушылық.
В) Тәрбие.
С) Нотация оқу.
D) Реттеу.
Е) ¦йымдастыру.
5. Мәдениеттің соңы туралы идеяны ХХ ғасырда жариялаған:
А) Швейцер.
В) Шпенглер.
С) Шопенгауэр.
D) Шестов.
Е) Шри Аробиндо Гхош.
6.«Мәдениет» ұғымы:
А) Баспа
В) Жерді өңдеу
С) Басқару
D) Жүйелеу
E) Діни культке табыну
7. Батысеуропалық философияда алғашқылардың бірі болып мәдениетті табиғаттан ажыратып қарастыруды ұсынған:
А) Ж.Ж.Руссо
В) О.Шпенглер
С) А.Тойнби
D) Н.Бердяев
E) Ф.Шеллинг
8. Қандай мәдениеттің негізінде болмасын, этикалық бастама жатыр – деп ойлаған:
А) Маркс
В) Швейцер
С) Ясперс
D) Данилевский
E) Фромм
9. Қандай мәдениеттің негізінде болмасын, этикалық бастама жатыр – деп ойлаған:
А) Маркс
В) Швейцер
С) Ясперс
D) Данилевский
E) Фромм
10. Постиндустиялдық қоғам терминінің авторы:
А) Белл
В) Поппер
С) Фромм
D) Дюргейм
E) Веб
«Философия» пәнін өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.
Емтихан материалдары (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.
ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.
1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады, оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін, сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған дәрістер мазмұны жағынан мынандай сипаттамаларға бөлінеді:
ü жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.
ü студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
Егер дәріс оқытушысының мақсаты - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.
Басты қағида - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.
Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек. Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.
Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.
Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.
Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.
Дәрістердің соңғы бөлімі кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.
Сәтті оқылған дәрістер - яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.
1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:
ü Өз пікірін қалыптастырып айта білу;
ü Өзгенің пікірін құрметтеу;
ü Оқу материалын мұқият меңгеру;
ü Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;
ü Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;
ü Алынған мәліметтерге анализ жасау;
ü Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;
ü Әртүрлі ситуациялардан өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.
Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.
Рөлдік ойындар – студенттерді сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.
«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса, осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.
Топтық нұсқау - оқытушы кілтті деректерді немесе «тақырыптың негізгі кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.
Топтық талқылау - аудитория дәрістен кейін, топқа бөлініп өзіндік ой пікірлерімен, көзқарастарымен, сұрақтарымен және қорытынды пікірлерімен топ көшбасшыларымен бірге талқылау өткізу .
Кейс - әдісі- білім беру әдісі, студенттерге тиімді ойлауға көмектеседі. Топқа нақты жағайдға негізделген, сонымен бірге кейбір мәселелерді талқылауға ұсынылып, жағдайларға сараптама беріп және нұсқауларды жасап шығаруға бағытталған нақты ақпарат беріледі. Кейсттер әр түрлі әдістермен беріле алады. Олар ұзақ және бүкіл ақпаратты көрсете алады немесе қысқа болуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын олардың мақсаты бір – студенттердің берілген фактіге қандай да бір ой тұжырымға келу.
Кейс-әдісі сонымен қатар топтық дискуссия түрінде өте алады. Әдетте кейс-әдісі екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушыларға кейс беріліп, оны қажетті уақыт аралығында оқып бүкіл материалды түсіну керек. Дискуссияны мадақтау үшін студенттерге сұрақтарды таратып беруге болады. Екінші кезеңде қатысушыларды кейстерді талқылауды сұрайды. Барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, өздерінің ой тұжырымында логикалық негіздеме беруі керек. Бұл процестің нәтижесінде дискуссия барысында оқытушы қатысушылардан кейстердің фактіден белгілі бір қорытынды жасауды сұрайды. Бұл әдістің артықшылығы – студенттердің басқарушылық, белгілі бір шешімдерді қабылдау, бақылаушылық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Жақсы дайындалған студенттер өздері кейсті жаза алады.
Презентация- білім беру әдісі, презентация арқылы студент кез келген тақырыпты таңдап алып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алады. Презентация уақыты – 8-10 минут. Презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
Сыни жағдайды өңдеу әдісі — сыни жағдайды өңдеу әдісі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс нақты жағдайды моделдеуге негізделген, студенттерге белгілі бір сыни жағдайдың негізгі ақпараты беріліп, сосын өзара сұрақтар қойып және ақпаратты талап етуге болады. Әдіс мәселені анықтау үшін тиімді қолданылатын әдіс болып табылады.
Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.
«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.
Өткенді қайталау– бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.
«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы, «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.
Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.
Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.
Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.
Хатты құрастыру әдісі –белгілі бір материалдымеңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.
Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:
Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.
o Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.
o Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы, презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру. Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.
o Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.
o Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық баяндама, таңдалған тақырып бойынша мамандардың еңбектері, аталған бағыт бойынша әдебиеттерге шолу. Осындай шолу оқырманға кез келген мәселе бойынша қазір заманға сай болуы, мамандардың пікірін қосып қарастыру.
Рефераттың мақсаты – басқалардың жетістіктерін ижалпылау, фактілер базасында әдебиет бойынша мәселені өзіндік сараптама жасау.
Жоғарыда көрсетілгендей, реферат – бұл оқылғанның қысқаша мазмұндауы, жауапты жұмыс, автордың өте ұқыпты дайындығының нәтижесі болып табылады. Және ғылыми жұмыс тән маңыздырақ оқу-әдiстемелiк мақсаттар рефераты ғалымдар қатар танысуды басты мiндетiмен зорға ескертемiз. Бұл – алдын ала ойластырылған тақырып, библиографиялық ізденіс, ғылыми әдебиеттердегі фактілердің сараптау және таңдау, олардың топтастырылуы, реферат авторының өз бағалауы және жоспарға сәйкес логикалық мазмұндамасы, анықтама аппаратын құрастыру, (сілтемелер және қолданылған әдебиеттер) және бүкіл тексті рәсімдеу. Рефератпен шұғылдана, ғылыми әдебиеттiң талдауының дағдылары студент, ғылыми зерттеудiң әдiстемесi және жазбаша жұмыстың әзiрлеуiнiң негiздерiмен ие болуға тауып алуға мүмкiншiлiк алады. Әрине, таңдап алынған ғылыми тақырыпқа рефераттың жазуы тиiстi тарихи мерзiм жататын материалдармен танысуға тым тереңiректерiне көмектеседi, табандатқан кiтаппен жеке алғанда өз алдына жұмыс iстейтiн қасында пайдалы дағдыларды меңгеруiне мүдде айқындалып және болуы мүмкiн ары қарай ғылыми жұмыстардың шеңберiн анықтауға көмектеседi мүмкiндiк туғызады.
Рефераттың көлемі 20-30 бет.
Конспект – жүйелік, оқытылатын материалдың мазмұны логикалық сабақтастығы, жоспарды біріктіретін, көшірмелер немесе осы аталған екі әдістің қосындысы.
Көшiрмелерге қарағанда және мазмұнның ашылуы конспектiнiң тезистерiнiң ол оқылатын көзде ұсынылатын мазмұндаманың тiзбектерiнде көрсетілгендей.
Конспектті құрастыру үшін ең маңызды және қажетті ақпарат алынады.
Бас жағдайлар көрінеді, аталы сөз, тiркестердi асты сызылады. Әрбiр жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектте автордың фамилиясы, қайнар көздiң атауы, оның шығаруы, беттiң орын, уақыты көрсету керек.
Қайнар көздермен жұмыс жасау:
- кiтап немесе тараудың атауына ұғыну, оның мағынасын түсiну;
- тексті ынтамен оқып шығу және негізгі ойларын оқу барысында қысқаша жазу;
- бiр ойды басқа ойға бөлiңiз, олардың тезис түрiнде жазып алыңыз;
- негізгі категорияларды және түсініктерді көшіріп алыңыз, кең
- педагогикада қолданылуын, және олардың басқа ғылымдарды қолданылуын анықтап алу;
- жұмысты аяқтағаннан соң барлық қайнар көздерін көшіріп алыңыз.
Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және қазіргі заманға сай ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып қолданады. Олар студенттердің шығармашылық қабілеттілігін және өзіндік жұмыс жасауды бағытталған. Олар ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды қарастырады, сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдарын, әлемдік деңгейге сәйкес келуі, пәндерді оқыту барысында:
мультимедиялық оқулықтарды қолдану, пәндерді оқыту кезінде эксклюзивті электрондық курстарды қолдану;
медиаресурстарды қолдану, энциклопедиялар, электронды кітапхана мен Интернет желісі;
рефераттардың электрондық презентация ретінде өткізу, курстық жұмыстарды және білікті тітіруші жұмыстары;
видеоконференц байланыс режимінде сабақтарды өткізу;
электрондық пошта арқылы студенттерге кеңес өткізу; студенттердің білімін бақылау үшін бағдарламалық-педагогикалық тест тапсырмаларын қолдану және т.б.
ARM – БЕЛСЕНДІ ТАРАТПА МАТЕРИАЛДАР (Hand-outs)
ГЛОССАРИЙ
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Дін –жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Философия –(грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық)- теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Диалектика– болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байлынысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
Метафизика -диалектикаға қарама- қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
Догматизм -қоршаған ортаны, дүниені әлдебір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау. Бұл метод ортағасырлық батысеуропалық философияға тән.
Эклетика – жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын философиялық әдіс.
Софистика –айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтысты жеңу мақсат етіледі. Ежелгі Грекияда кең таралған.
Герменевтикакез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі. Қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән.
Эмпиризм - көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс пен бағыт. (
(“Тәжірибе мен сезімдік түйсікте болмаған нәрсе ойда да болмайды”).
Рационализм –ақиқи. абсолюттік дәйекті білімді тек парасат. ақылмен ғана тануға болады дейтін философиялық әдіс пен бағыт. (“Бар нәрсегекүмәндануымыз мүмкін, ал күмәннің болуы ақыл, ойдың жемісі”).
Буддизм -Үндістанда (б.з.д. 5 ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік- Шығыс Азияда (3 ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни- философиялық ілім.
Апологетика (грек. Апологемай- қорғаймын, ақтаймын) -2-3ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;
Реализм -нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның “таза идеяларын” еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.
Номинализм (лат. Nomo-атау, есім) - шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы.
Прагматизм -абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.
Экзистенциализм (лат., ex(s)istentia-тіршілік) адамның ақи