Легальдық және моральдық іс-әрекеттер
Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив дейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері өмірде қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әрқашанда өзгерісте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан адамның сыртқы,яғни гетерономдық жүріс-тұрысын ғана анықтайды, оның ішкі мотивтерін есепке алмайды. Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал бол», «егер өзіңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. Мұндай ережелерге сай жүріс-тұрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мүмкіндігі де адамға өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жүріс-тұрысқа И.Кант легальды,яғни заңға қарсы емес деген ат қояды.
Императивтердің екінші түрі -ол категорикалық императивтер - оның ережелерінің түптамыры моральдық салағакетеді. Оның талаптары үзілді-кесілді, қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмірден алынған тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды. Сонымен қатар гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кісі сол үшін сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның іс-әрекеті легальды.
Ал ондай есеп болмай, тек кана парыздың негізінде, өз өмірін ойламай, басқа адамды судан шығарамын, өлімнен құтқарамын деген оймен суға тап берген адамның іс-әрекеті -- моральды. Сонымен легальдық пен моральдыктың шекарасы адамның ішкі сана-сезімі арқылы өтеді екен.
Енді сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалык императивін талдайық. Ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс-тұрысыңның ережесі бүкіл адамзаттың талабына сай келсін», яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам ешкандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыкка баска адамдар алдындағы парызымызды алуымыз кажет.
Категорикалық императивтің екінші ережесі «әркашанда адамзатқа, - ол өзің, иә болмаса басқа адам болса да, - ешқашанда құрал ретінде қарама, әрқашанда оны мақсаттұт». Адам - бұл дүниедегі ең биік кұндылык, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды төмендететін қағидаларға карсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық философиясының күшті жақтарына жатқызуға болады.
Ал енді И.Канттың моральдык философиясының әлсіз жақтарына келер болсак - ол парызбен бақыттыбір-біріне қарсы қою. Егер мен басқа адамға жақсылыкты оны сүюдің, жаксы көрудің негізінде жасасам, онда ол іс-әрекет өзінің моральдық жағын жояды. Моральдық жолда адам тек кана парызды басшылыққа алуы кажет. И.Канттың ойынша, тек кана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды өзін бақыттымын деген сезімге әкеледі. «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!»- деп қорытады И.Кант.
Әрине, адамдардың карым-катынасында, олардың ішкі ойлары мен сезімдері үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бірак нақтылы жасалған іс-әрекетті де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгі өмірде біз біреуді сүйеміз, екіншіні жек көреміз, үшіншіні сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезім тебіренісінсіз ешқандай қарым-катынас жок, олай болса мораль саласынан адамның сана-сезімін алып тастау тек қана абстрактылык теорияда ғана болса керек.
Еріктік мәселесі
И.Канттың ойынша, адам ерікті түрде категорикалык императивтің талаптарын мүмкіндігінше толык орындауы керек. Зорлыктың негізінде атқарылатын моральдық императивтер жоқ. Бірақ бұл теорияда ғана. Ал нактылы өмірде, құбылыстар әлемінде, адам көбінесе гипотетикалык императивтермен кездеседі. Бұл жағдай оның жан дүниесінде үлкен кайшылыктар тудырады.
Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант категорикалық императив шынайы өмірде толығынан емес, тек соның талабына шексіз жақындау арқылы шешіледі деген пікір айтады. «Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете ала ма?» - деген сұраққа ол былайша жауап береді: «Мораль біздің өзімізді қалайша бақытты қылуымыз керек жөніндегі ілім емес. Ол біз қалайша бақытка сай болуымыз керектігін көрсетеді».
- Бақытты адам деп біз өмірден ләззат алғанды, иә болмаса барлық нәрсе соның еркі мен тілегі арқылы орындалғанды емес, тек қана өзінің өмірдегі парызын орындап, іс-қимылына қанағат еткенді айтамыз, - деп қорытады ұлы ойшыл.
И.Канттың ойынша, ешкім және ешқашан тек қана парыз идеясының негізінде өмір сүре алмайды. Жоғарыдағы айтқандай, тек қана трансценденттік шексіздіктің аясында ғана категорикалық императивтің толық орындалуына үміт артуғаболады. Сондықтан адамның жан дүниесінің өлместігіболуы қажет.Міне, бұл практикалық зерденің екінші тұжырымы.
И.Канттың ойынша, тарихи ғасырлар өткен сайын адамзат моральдық идеалға жақындай түсуде, әсіресе болашак «этикалык мемлекет» орнаған кезде бұл процесс тездеуі мүмкін. Ал, бірақ трансценденттік жағдайда идеалға жақындап жету басқаша болмак, өйткені адам өлместік сатысына көшеді.
Жігердің еріктігі мен жан-дүниенің өлместігі үшін қажетгі түрде белгілі бір онтологиялық (болмыстық) негіз керек. Ең болмағанда логикалық түрде адам Дүниеде құдіретті күштің бар екенін мойындауы керек. Олай болса, мұндай негіз деп тек Құдайды атауға болады. Құдай,сондықтан бар және болуы қажет.
И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушілік адамдардың моральдық деңгейлерін күрт төмендетер еді, олар табиғаттан әлсіз және жетілмеген болып жаратылғаннан кейін, күнәға батып адамдық касиеттерінен жұрдай болуы мүмкін. Сонымен И.Кант «Мен не нәрсеге үміттене аламын?» деген сұраққа: «Діни сенімге»,- деп жауап кайтарады.