Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз.
Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымның теориясы процестің негізгі элементтеріне объектісі және табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделерін және мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестеу. Ал танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау, ой қорытындылау жатады. Танымның осы деңгейлері арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Танымның ғылыми және ғылыми емес деңгейлері (қарапайым, діни, көркемдік) бар.
Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми танымның әдістері мен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады. Олар:
- эмпирикалық таным әдістері;
- теориялық таным әдістері.
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен, шешуші роль атқармайды. Дәлді нақтылыққа қатынастық белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды.Бір жағынан күрделі ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Екінші жағынан – бұл білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығын ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.Теория – бұл тәжірибенің, практиканың және бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда уақыт өте келе пештің суығанын, ал бөлме ішіндегі ауа қызғанын байқаймыз.Біз мұны қорытындылай келе:А) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды;В) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижесінде алынғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кез келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі ғылыми қорытындылар, бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануда да болып шығады.Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар әдетте мына пікірлер кейпінде болады. Егер: А және В арасында R қатынасында болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: алғашқы және теориялық.Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға мысалы, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжамдалды. Бұл болжамдар дәлелденген соң, гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады. Теориялық білімдер өз құрамына практикадан дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған. Бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларда да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерде де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірінен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастары жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз дәлелденген, объективті шынайылығы болуға тиісті. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы – оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығы. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдары деп аталады. Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайдың ахуалдары мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымда болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері және аксеомалары деп аталады. Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттейтін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай, адамның құнды мәніне де көңіл бөлінеді. Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттың мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.Ғылымдар, ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын аңғаруға болады. Адамның кез келген әрекеті қандай да бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді. Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асуы уақыттың ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет. Оған белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теориялар құрудың өзі көптеген орасан зор күш жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі. Яғни, ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдықтарға, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатумен де сипатталады.