Гуманизм идеясын насихаттап тарату 1 страница

Билет

1.Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтірген ортағасырлық христиан ойшылы?

Фома Аквинский

2.Дүние бір бастамадан тұрады дейтін көзқарас? Монизм

3.Тәжірибе арқылы ақиқатқа жетуді қолдайтын бағыт? Эмпиризм

4.Қайта өрлеу кезеңіне тән принцип? Антропоцентрлік

5.”Үрей”,”Жалғыздық”,”Күйзелу”терминдері осы заманғы философияның қандай бағытқа жатады? Экзистенциализм

6.Антика философиясындағы Милет мектебінің өкілдері? Фалес,Анаксимандр,Анаксимен

7.Гиосеология нені зерттейді? Танымды

8.Адамның жеке санасына қатысы жоғы? Материя

9.Әлемнің түп негізі – от деп есептеген антикалық философ? Гераклит

10.Кімнің көзқарасы бойынша Дао дүние таным болып табылады? Лао-Цзы

1.Дүниеге көзқарас (дүниетаным) дегеніміз не? Оның адам және қоғам өміріндегі мәні қандай?Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіш. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.

2.Ежелгі үнді философиясындағы жайнизм бағыты адамға рухани-адамгершілік тұрғысынан дамудың қандай жолын ұсынады?

Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.

Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған – Махавира. Жеңіс – ол адамның өзін-өзі

жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:

Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;

Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;

Астья – ұрлық жасамау;Ахимса – қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.

3.Қозғалыс – бұл материяның өмір сүруінің тәсілі.Материя қозғалысының негізгі нышандары.Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт - қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс. Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол - Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді. Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы Гераклит қозғалыстың астарында қарама-қарсылықтың күресі жатыр деп меңзеген. Сонымен қатар, Парменид пен Зенон оған қарсы шығып, қозғалыстың ішкі сырын ашуға мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс шықпайды, яғни, ол - жоқ.

Билет

1.Абай Құнанбаев өзінің философиясында қандай принципті жариялайды? “Адам бол!”

2. Утопия еңбегінің авторы? Томас Мор

3.Антикалық ойшылдар бойынша адам бейнесі?Космоцентрлік

4.Материяның өмір сүру тәсілі? Уақыт,кеңістік,қозғалыс

5.Танымның сезімдік деңгейін абсолютке айналдыратын бағыт? Сенсуализм

6.Қытай философиясындағы бағыттардың бірі? Конфуцийшылдық

7.Дүниетанымның тарихи алғашқы типі? Мифологиялық

8.Дуализм – бұл... екі жақтылық

9.Қайта өрлеу заманына тән адамға берілген анықтама?

Адам – қолынан бәрі келетін тіршілік иесі

10.Қай философтың айтуы бойынша “таным процесінде төрт елестерден құтылу қажет”

Ф.Бэкон

1.Антика философтары дүниенің бастамасы мәселесін қалай шешті?

Алғашқы грек философтары Иония топырағында дүниеге келеді. Олар тарихта фисиологтар, яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін,соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат, біріншіден, сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады. Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар өздерінің даналыққа деген құштарлығын білімге деген талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай, Толығынан дана ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз.Тарихи бірінші рет осындай ой өрісіне көшіп, Милет қаласынан шыққан Фалес болды, ол алғашқы дүниенің негізін су деген. Өйткені су әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан ол табиғаттағы барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. Сонымен Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз-қиялдан айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты. Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы - Анаксимандр. Алғашқы негіз (аrсһе - бастау, грек сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр апейрон деген ұғыммен береді (ареіron - шексіз, бейнақтылы, грек сөзі). Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз, сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да анықталмайды. Анаксимен (585-525 б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір сүрген. Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және біреу болғанымен ол бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы - ол ауа (аеr грек сөзі, ауа). Бірақ ауаның ерекшелігі -ол көрінбейді, сонымен қатар ол үне бойы қозғалыста, олай болса өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе желге, содан кейін бұлтқа, содан кейін жерге, сосын тасқа т.с.с. айналады.

2.Зар-заман ақындарының козғаған мәселерін көрсетіңізЗар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді

3.Ақиқат және оның объективтілігі мен нақтылығы дегеніміз не? Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арасында байланыс бар ма?Ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз. Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады. Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді. Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген.

Билет

21. З. Фрейда психоаналитикалық концепциясындағы мәдениеттің шығу тегінің басты қайнар көзі? Психика-бейсаналық

22. Ортағасыр мәдениеті мен философиясының негізіне жатпайтыны? Традиционализм

23.”Адам бол!”-кімнің этикалық концепциясы? Абай Құнанбаев

24. “Идеалды (мінсіз) адам” концепциясын жасаушы ежелгі Қытай философы? Конфуций

25. Ежелгі үнді философиясындағы “орта жол”,”төрт ақиқат” және ”сегіздік жол” ілімдерін жасаған: Будда

26. «Құдай дүниені жаратады,бірақ қоғам өміріне араласпайды»деген ағартушылық

ілім: Деизм

27. Шәкәрімнің 1898-1928 жылдарда жазған негізгі философиялық шығармасының бірі – «Үш...»: анық

28.Мұсылман мәдениетіндегі түрік философиясына жатпайтын ойшыл кім? Әл-Кинди

29. Дүниенің түпнегізінде су жатыр деген антикалық философы: Фалес

30. «Адамның жаны таза тақта» деп есептеген жаңа заман философы: Д.Локк

1. Қытай философы Конфуцийдің негізгі идеалары қандай?Осындай этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару”теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Соған сүйене отырып, оны дамытты әрі негіздеді. “Басқару – түзету деген сөз” деген қанатты сөзбен тұжырымдалатын негізгі принцип “чжень мин” ілімінде көрініс тапқан. Мұнда Конфуций [[қоғам|қоғамдағы әр нәрсені өз орнына қою қажеттігін, әркімнің міндетін қатаң да дәл анықтау керектігін айтты (Конфуций бойынша мемлекет – үлкен отбасы). Ол ел билеушілерін халықты заңдар менжазалаулар негізінде емес, ізгілік жасаушылар жәрдемімен биік адамгершілік, имандылыққасиеттер танытатын тәртіпті үлгі ету жолымен басқаруға үндеді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”.

2. Позитивизмнің негізін салушы О. Конт қарастырған философиялық мәселелер қандай?

Конттың ойынша, ғылым - белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр. Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - XIV-XVIII ғғ; 3. позитивтік саты - XIX ғ. бастан пайда болады.«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизикалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілікпайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактіліқ алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, pyx т.с.с.) Үшінші позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшілдік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.

3. Болмыс - онтологияның пәні. Болмыстың негізгі түрлері және олардың арасындағы байланыстар. Болмыс туралы ілімді философияда онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс – бар болып, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын, құбылыстардың нақты өмір сүруін білдіретін категория. Болмыс категориясының ауқымы басқа ұғымдардан кең. Дүние бар, ол шексіз, өткінші емес, біртұтас. Дүние адамның санасынан тыс және оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде өмір сүреді. Әрине, бұл бірлік көптүрліліктен көрініп тұрады. Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ойлау – дүниенің бірлігі неде деген мәселемен шектелмейді. Болмыстың философиялық мәселесінің екінші қоры: табиғат, қоғам, адам, сана – бәрі де тұтас алғанда тең өмір сүреді. Ал, бұл өмір сүрушілер формалары жағынан әр алуан. Бар нәрсенің өмір сүруі – дүниенің бірлігінің алғышарты болып есептеледі. Болмысты жалпы түрде нақты және идеалды деп бөлуге болады. Нақты болмысқа кеңістіктік пен уақыттық сипаттағы заттардың, құбылыстардың және адамдардың нақты өмір сүруі жатады. Идеалды болмыс уақытқа тәуелсіз, өзгермейтін мәңгілік сипатқа ие. Оған: рухани құндылықтар, идеялар т.б. жатады.. Кейде идеалды болмысты ақиқат болмыс деп атайды. Қорыта айтқанда, «болмыс» категориясы, философияны басқа категориялар сияқты дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, карастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың бір бірімен өзара байланысты, негізі 4 түрі бар: 1. Заттар мен процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен адам жасаған заттар болмысына жіктеледі; 2. Адам болмысы – ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3. Рухани болмыс; 4. Әлеуметтік болмыс.

Билет

1.И.Канттың философиялық сауалында жоғы: Ақиқат дегеніміз не?

2.18-ғасырдың ағартушылық философиясының басты шарты неде?

Гуманизм идеясын насихаттап тарату

3. «Философия»термині мынаны білдіреді: Даналыққа құштарлық

4. Адамның табиғи және психикалық сапасында (жады,темперамент,мінез-құлық) өзін көрсетеді: Жеке тұлға

5.Тұлға мәні мынаған негізделген: Әлеуметтік сапаға

6. Адам бойындағы ең басты күші сексуалды құмарлық либидо болып табылатын бейсаналықты ашқан:З.Фрейд

7.Адамға әсер етуші табиғи өзгерістерге жатпайды: Әлеуметтік-белсенділік

8. «Болмыс» термині қандай сөзден шықты? Болу

9.”Өзіңді өзің таны” деген пікірдің авторы? Сократ

10. «Ізгілік біліп болып табылады» деп антикада алғаш рет этикалық рационализм принципін бекіткен: Сократ

1. Діни-философиялық Буддизм ілімінің негізгі ұстанымдары(принциптері) қандай?Буддизм – ежелгі үнді философиясының басты бағыттарының бірі. Бұл - философиялық ілімнің негізін қалаған Сиддхарта Гаутама (б.э.д. 563-483). Гаутама жастық шағында бақытты өмір сүрген. Кейіннен өмірдің қайғы, ауру, қиыншылық секілді жағамсыз құбылыстарына тап болғаннан кейін, адам өмірінің азап, қайғыға толы екеніне көзі жетіп, оны қайғы – қасіреттен құтқару жолын іздейді. Буддизм ілімі негізі бойынша, өмірдегі азап, қасіреттен құтылу үшін төрт қасиетті ақиқатты білу керек. 1. өмір – қасірет. 2. Қасіреттің себебі бар. 3. Қасіретті жеңуге мүмкіндіктер бар. 4. Қасіретті жоюдың әдісін көрсететін жол бар. Қасіреттің басты себебі – құштарлық. Адам қасіреттен құтылу үшін алдымен, құштарлықтан құтылудың жолын тауып, нәпсісін тию керек. Ол үшін адам әр түрлі әдетілік қағидаларды сақтап, жанды тазарту керек. Адам адал еңбек етіп, дүниенің жалған, уақытша екенін түсініп, өтірік айтпай, біреуге жамандық жасамай, адам туралы жаман ойламай, өзін-өзі тазарту керек. өзімен – өзі күресу керек. Сонда адам құштарлықты жеңіп, нәпсісін тазарып, ең жоғарғы деңгей – нирванаға жетеді. Нирвананы - мокшаның (яғни босанудың) бір түрі деуге болады. Нирвана жанды осы дүниеде қасіреттен азат етеді. Оған жеткен адам ең құрметті, қадірлі адам. Нирвана – ең жоғарғы ләззат. Оны сезім мүшелерімізбен танып, сезе алмаймыз. Нирвананы тек дұрыс жолмен жүрген, алдамшы, өткінші қызықтан бас тартқан, ойын, жанын тазартқан адам ғана танып, сезе алады. Жайнизм – көне үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі.

2. Сезімдік және рационалды таным. Олардың негізгі түрлері.Философиялық концепцияларда танымның екі түрі бар: сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету) рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым). Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғагқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері: Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады. Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады. Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады. Рационалды таным түрлері: Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді. Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін. Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады

3. ХХ ғасырдағы класссикалық емес философиядағы З. Фрейдтің бейсаналық ілімін талдап көрсетіңіз. З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір невроз ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны бисаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің «психоанализ» әдістерін жасап, біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп, ол психоанализдің негізгі қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды. Сонымен бейсаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өміріне, қоғамға тигізетін әсерін зерттеу - Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тілектері мен құштарлықтары бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсінде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбір дене қозғалысында т.с.с. көрініп қалады. З.Фрейд бейсаналықтың шеңберінен екі негізгі инстинктерді бөліп алады. Олар - «өмір инстинкті» - эрос, «өлім инстинкті» - танатос. Егер эрос инстинкті өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты, іңкәрліктін тудырса, танатос адамды өлімге қа­рай итеріп, оның агрессивтік, қанішерлік, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған іс-әрекетін тудыруы мүмкін.Дегенмен 3.Фрейд бейсаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептеді. Әңгіме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркіне көндіруге мүмкіндік алуда болса керек. Сонымен бейсаналықтың екі негізгі инстинктін мойындау, бір жағынан, шығармашылық жолмен дүниені қайта құру, екінші жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтің ізін қуған ғалымдардың еңбектерінде неше түрлі қайшылықтарды тудырды. Олардың көбін З.Фрейдтің бисаналықтың өзегін жыныс энергиясына теңеуі қанағаттандырмайды.

Наши рекомендации