Еферат жұмысын жазып –толтыруға қойылатын талаптар.
Реферат көлемі компьютерлік басылымнан өткен 20-беттен тұрады. Егер реферат компьютерлік баспадан өткізілсе, онда мәтін 1,5 арқылы немесе екі интервал арқылы жазылуы керек, шрифт 12 немесе 14 болуы тиіс.
Мәтін басылымнан – 2,5 см, оң жағынан 1,0 см жол қалдырылуы керек.
Реферат құрылымы:
1. Жұмыстың алғашқы беті- маңдайша парақ (титульный лист) деп аталады, онда оқу орнынын атауы, бөлімі, топтың нөмірі, студенттің аты-жөні және реферат жұмысының тақырыбы көрсетіледі.
2. Екінші бетінде – жеке парақта мазмұны (жоспары) жазылады, онда барлық тараулардың (пунктерімен) атауы және беттері (қай тарау нешінші беттен нешінші бетке дейін жазылған?) нөмірленіп көрсетіледі.
3. Реферат жоспарында көрсетілуі тиіс. Кіріспе көлемі 1,5-2 беттен тұрады. Онда тақырыптың актуальдылығы, әдебиеттердә (деректерді) пайдаланғандығы жөнінде қықаша айтылып кетуі керек, қарастырылған басты аспектілер (мәселелер) айтылуы керек. Кіріспеде, содай- ақ реферат жұмысының мақсаты мен міндеті міндетті түрде жазылуы керек.
4. Рефераттың негізгі бөлімі 3-5 параграфтан (пунктерден, тараулардан) тұрады және онда ой талқысынан өткен басты идеялар алынып жазылуы тиіс. Егер көшіріліп жазылған әдебиетте сөзбе-сқз айтылған (цитата) ойлар болса, онда міндетті түрде сілтеме жазылуы керек.
5. Қорытынды – қолы жеткен басты нәтижелерден тұрады, онда алдына қойған мақсат-міндетінің орындалуы жөнінде айтылады.
6. Әдебиеттер тізімі – реферат жұмысын жазу барысында пайдаланған әдебиеттер алфавиттік тәртіп бойынша (Авторы, еңбектің атауы, баспа, қала, жылы) жазылады.
7. Реферат жұмысы сынаққа (емтиханға) екі апта мерзім қалғанша тапсырылуы керек. Реферат жазбаған студенттер сынаққа немесе емтиханға жіберілмейді.
Реферат жұмысын жазу барысында мынадай қателіктерге бой алдырмау керек:
- Реферат жазушы өзінің таңдап алған тақырыбынан алшақ кетпеуі керек, мысалы: тақырыптан ауытқу, тек жалпылама немесе жанамалай жазу, салу, т.б.
- Монографиялардан, мақалалардан, оқулықтардан сөзбе-сөз, үтір мен нүктесіне дейін қалдырмай көшіре салудан, интернеттегі мәтіндерден ала салудан аулақ болу.
- Ескерген әдебиеттерден (кезеңдік, идеялық, т.б. жағынан секірген) жазуға болмайды;
- Реферат жазуда салақтықтан аулақ болу, мысалы, оны толтыруда-жоспардың, сілтеменің жоқтығы немесе әдебиеттер тізімін талаптарға сай жазылмауы, т.с.с.
Студенттік жұмысына әдістемелік нұсқау
Студенттің өзіндік жұмысында, әрбір сұраққа жазбаша деректеме, философия пәніне байланысты сүйену қажет.
Тақырыптың мәнін,маңызын ашу.
Негізгі жұмыста реферат, бақылау жұмысы немесе баяндама түрінде қабылданады.
илософия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.
Мақсаты.
Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.
Жоспары:
1.Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің атасы.
2.Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
3.Дүниетаным және философия.
4.Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Тапсырма:
Философия пәні және оның құрылымы. Қандай ғылымдармен байланысады.
Әдістемелік нұсқау
Бұл пәннің ерекшелігіне, қоғамдық өмірге деген үлесіне көп көңіл бөлу.
ртедегі Шығыс философиясы.
Мақсаты.
Ежелгі Шығыс философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
Жоспары:
1.Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде ең көне философиялық ілімдердің
пайда болуы (Қытай, Үнді, Вавилон, Египет).
2.Ежелгі ойшылдар Конфуции, Лао – цзы, Хан Фэй олардың көзқарастары мен ойлары, тұжырымдарының маңызы.
3.Буддизм және оның мәні.
Тапсырма:
Ежелгі Шығыс философиясына, қалыптасуына, ерекшелігіне және маңызына назар аудару.
Әдістемелік нұсқау
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігіне және маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.
нтикалық философия.
Мақсаты.
Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
Жоспары:
1.Фалес, Анаксимен, Гераклит, Демокрит олардың көзқарастары мен ойлары, тұжырымдарының маңызы.
2.Антика заманының ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель.
Тапсырма:
Антикалық философиясына, қалыптасуына, ерекшелігіне және маңызына назар аудару.
Әдістемелік нұсқау
Антикалық философияның ерекшелігіне және маңызына деген назар аудару және көңіл бөлу.