Жаңа заман философиясы.
Жаңа заман философиясы жаңа ғылыми әдістің туу қажеттілігі туралы сұрақ қоюдан басталады. Дәлірек айтатын болсақ, барлық ғалымдар бірегей және дүние туралы толық ақиқат білім бере алатын әдіс. (4, 152б.)
Рационализм– жаңа заман философиясының ағымы, оның өкілдері барлығынтәжірибеден тыс ойлау арқылы тани аламыз деп қарастырды. Классикалық рационализмнің негізін қалаған Рене Декарт. Декарттың әдістемесі айқындылық принципі немесе интеллектуалды интуиция - классикалық рационализмнің орталығы. Шындықтың жалғыз критерийі – зерде, зердемен айқын және түсінікті ойлау – нағыз болмыс болып табылады. Декарттың дүниетанымындағы өзекті тезис Cogito ergo sum /«ойлаймын ендеше өмір сүремін»/ қағидасы. Декарттың онтологиялық жүйелеу рационализмі, субстанциялық жанды мойындау, осыдан Декарт дүниетанымы дуализмге келеді, жан және материя тәуелсіз дербес өмір сүреді деп таниды.
Декарттың ізбасары - Бенедикт Спиноза, рационалистік пантеизмнің негізін салушы. Спинозаның субстанциясы – ол табиғат ретінде түсіндірілген Құдайнемесе Құдай ретінде танылған табиғат. Субстанция шексіз атрибуттардан тұрады, «олардың әрбіреуі мәңгі және шексіз мәнді бейнелейді». Спинозаның дүниетанымындағы басты мақсат – адамды құлдықтан құтқару жолдарын көрсету, бостандыққа апаратын жолды анықтау. Адам ақылымен істеген істері анықталған кезде ғана нағыз еркін болады. Соған байланысты ақыл-себеп пен салдарды танып білу, онда табиғат пен өз істерінің мәңгілік кажеттіліктерін танып біле алады, осы қажеттіліктен туындаған сана еркіндік болады. Басқаша айтқанда, адамға еркіндік «құдайға сенушілік» арқылы келеді.
Вильгельм Готфрид Лейбниц универсалды ғылымның данышпаны болған. Өз заманындағы ғылымның дамуына үлес қосқанына қарап, оның дүниетанымын Аристотельмен салыстыруға болады. Лейбництің негізгі еңбегі философиялық «Монадология», «Адам ақылының жаңа тәжірибелері», «Теодицея». Лейбництің монадологиясы– ол рационалды метафизиканыңөзгеше жүйесі, индивидуалды принципке негізделген. Көрінбейтін метафизикалық индивидуалды тірі ағзалар «монада» деген атау алған. Бұл өзін-өзі ұжымдастыратын «жандар». Әр монада барлық дүнеиені құрайды. Кеңістік және материя Лейбництің айтуынша кеңістік және материя – континуум, материя көптеген шексіз монададан құралған. Лейбниц – метафизикалық плюрализмнің классигі, ол бойынша субстанциялар – шексіз көп.
Эмпиризм – жаңа заман философиясындағы бағыт. Оның негізін салушылар дүниені тәжірибе арқылы танып біле аламыз деп анықтаған. Эмпиризмнің негізін салушы – Френсис Бэкон. Оның еңбектері «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида» деген атпен жарық көрген. Бэкон эксперименталды индукция әдісін жасаған. Оның белгілі афоризмі «Білім - күш» қағидасы. Бэкон сцеинтизмнің негізін қалаушы ретінде Европа философиясында танылған, оның жолын қуушылар үлкен ғылымды ерекше күш деп санаған, «алтын ғасырға» жетелей отырып, адамзаттың барлық мәселелерін шешеді деген.
Томас Гоббс Бэконның шәкірті, ұстазының көзқарасын жүйелендірді. «Левиафан» еңбегінде жаңа мемлекет және құқық теориясының негізін жасаған барлығына қарсы соғыс (адам адамға қасқыр), «жаратылыстану құқығы» және «азаматтық жағдай» (қоғамдық келісім) ұғымын қалыптастырған.
Жаңа мемлекет және құқық теориясын негізін жасап, Джон Локк «эмпиризмді» сенсуалдық таным теориясына, «идеяны» генетикалық теорияға толығымен айналдырды. Өзінің «Адам санасының тәжірибесі туралы» басты еңбегінде алдына күрделі мақсат қоя отырып, адам ұғыну қабілетін, жұмысының «механикасын зерттеу» мүмкіндік жерінің шегін анықтап көрсетті. Адам санасын таза тақтамен, бос біліммен салыстырып, адам ойының басты идеяларын күрделендіру барлық мәселелерді қадаммен зерттеуге тырысты. Қарапайым қабылдаушылықтар «дүние», «жан», «құдай» идеяларымен табылады.
Джордж Беркли философиясының ерекшелігі эмпиризм принципін қолдаудан тұрды. Ол жаңа ғылыми негізге нгегізделді. «Заттар» бұл сезіну комплексы, идеялар комплексы. Әлем ол «менің» өз сезінуім. Заттар тек «мен» ойлағаннан кейін ғана өмір сүреді. Барлық заттардың «болуы» бұл тәжірибеде қабылданудан болу. Бұл бағыт философияда субъективті идеализм атауына ие болды. Ол эмпиризм принципін қолданды. Беркли философиясы христиандық-мистикалық эмпиризм.
Давид Юмның өзінің «Адам санасы туралы зерттеулер» атты басты еңбегінде Локктың басты принципінен барлық керек нәтижелерді жасап, «эмпиризм» идеясының бір тектілігін анықтады. Юм эмпиризм жақтаушыларына «таза тәжірибені» танимыз, білмегенімізді біле алмаймыз, бірқалыпты болуды көздейді деп айтады. Тәжірибеде тек «перцепциялар» ғана берілген, ал перцепциялардың себептеріне қатысы жайында тәжірибе ештеңе айтпайды. Бұл Юм агностицизмінің мәні. Сезімдердің себебі, тәжірибенің негізі неде деген сұраққа ол білмеймін деп жауап береді. Және те ешкім білмейді, біле алмайды да. Метафизика ғылым ретінде мүмкін емес. Біз дененің субстанциясы жайлы, жан туралы, Құдай туралы, мәңгілік өмір жайлы ештеңе де біле алмаймыз. Юм классикалық британ эмпиризмнің дамуын аяқтайды және ХІХ-ХХ ғғ. позитивизмнің теориялық негізін қалайды.
Қайта өрлеу (Қайта жаңғыру, франц. Ренессанс ) дәуірінің басты сипаты антропоцентризм болды.Қ.ө.философиясына пантеизм (бәрі құдай, яғни табиғат пен құдайды теңестіру), секуляризация(діннен алшақтау) тән. Қ.ө.дәуірінде антика мәдениеті қайта жаңғырды. Шартты түрде XV-XVIғ.ғ. атайды. Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды.
Бірінші бағыт адамның бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелді (Н.Кузанский, Пико делла Мирандолла , Леонардо да Винчи, Мишель Монтень).
2.Әлеуметтік философия ( Т.Мор,Н. Макиавелли, Т. Кампанелла.). Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып ртырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрды (Т.Мор, Т.Кампанелла).
3.Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиандық діннің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер етті, революциалық жаңалықтар ашты. ( Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей).
Н.Кузанский ( 1401-1464 жж.),кардинал. Негізгі еңбектері : « Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы », «Құдайдың көріпкелдігі туралы».Кузанский бойынша , әлем қарама-қарсы заттардан тұрады олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады.Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда,материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамиды. Бұл ретінде адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және олар құдайдың көрінісі болып табылады.Бірақ өзінің ақыл-ой ,іс-әрекеті арқасында құдаймен қатар тұрады.Адам дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды.Ақыл-ойда табиғаттың заңдылықтарын білуді үздіксіз толықтырып отыру қажет.Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті,адамды өз ақыл-ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.
Н.Коперник (1473-1543 жж.). Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы». Астроном .Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушысы. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болдыҚайта өрлеу дәуірінің аса бір көрнекті өкілі Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Негізігі еңбектері: «Ғалымның шексіздігі және басқа әлемдер туралы», «Себептілік,бастама және біртұтастық туралы». Бруно бойынша,табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ.Ол кеңістікте де , уақытта шексіз,ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі.Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Әлем мен құдай –бір, деп санады.Әлем – универсум ,жалғыз ғана мәнділік,сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп ,олар үздіксіз үздіксіз өзгерісте болады.Ол философиялық танымның мақсаты құдайды емес,табиғатты танып –білу деп есептеді,мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты.Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра тоырып ,ол сыртқы дүниені ,табиғатты бейнелейді деп есептеді.Бірақ,ол сезім мен ақыл-ойды бір-бірімен қарама-қарсы қойды: сезімдік қабылдау –танымның сенімсіз негізі,тек ақыл-ой нағыз білімнің көзі деп есептеді.
Г.Галилей (1564-1642жж.) теориялық жаратылыстанудың негізін салды.Телескопты ойлап тапты.Телескоп көмегімен айды зерттеді.Юпитер спутниктерін ашты.Коперниктің гелиоцентрлік теориясын ақиқаттығын көрнекті түрде дәлелдеді.Табиғаттың кітабы үшбұрыш,дөңгелек,тік бұрыш тәріздес .Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ ,таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек.
Бұл дәуір қоғамның мәні, адамның табиғаты туралы да жаңа түсініктер тудырды.Түрліше қияли теориялар мен ілімдер пайда болды. Солардың бірі - утопиялық социализм. Оның негізін салушылар ағылшынның қоғамдық қайраткері,гуманист Томас Мор және итальяндық философ Томмазо Кампанелла. «Утопия» грек. шын мәнінде жоқ деген мағынаны білдіреді. «Утопия»деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Т.Мор қолданды.Ол мінсіз қоғам орнаған ойдан шығарылған аралды осылай атады.
Мор өзінің «Утопия» деген еңбегінде және Кампанелла «Күн қаласы» деген кітабында болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайындағы армандарын қияли баяндап берді: ол қоғамда жеке меншілік пен қанау жоқ,адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді,еңбек барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен еңбек етеді,оқып білім алады,дене еңбегі мен ой еңбегі дұрыс ұштастырылып ұйымдастырылады. Т.Кампанелла схоластикаға қарсы шықты .Ол өзінің еркін ойлығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады.27 жыл түрмеде отырды.Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады.Макиавелли(1469-1527 жж.) итальян ойшылы. Негізгі еңбегі: «Тақсыр».Оның пікірі бойынша ,қоғам құдайдың құдіретімен емес,табиғи себептерге байланысты дамиды.Тарих дамуының негізіне материалдық мүдде мен күш алынған. Макиавеллидің еңбегінің маңызы мемлекетті алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап,оның заңдарын теологиядан емес,ақыл парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында.