Лекциялық сабақтар тезистері. Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні. Оның заң ғылымдары жүйесіндегі орны. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының құқық және мемлекет теориясы және тарихымен өзара байланысы.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні әртүрлі елдердегі саяси-құқықтық идеология мен теорияның мазмұны және даму мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш пәнді әлемнің әртүрлі халықтарының саяси-мемлекеттік және заңдық қалыптасуының дамушы қоғамтанудағы дүниетанымдық және концептуалдық көрінісі ретінде анықтауға болады. Бұның барлығы өз заманының ақыл-ойы мен саясатына ықпалын тигізген танымал ойшылдар мен әртүрлі мектептердің шығармаларында көрініс тапты. Саяси-құқықтық пән ретінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы шетел мемлекеті мен құқығы тарихына, отандық мемлекет пен құқық тарихына, жалпыадамзаттық тарихқа жақын. Екінші жағынан, ол мемлекет және құқық теориясын, құқық философиясын және өзге заңдық пәндердің теориялық аспектілерін, сондай-ақ саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, логика, философияларды зерттеумен байланысты. Пәннің маңыздылығы саяси-құқықтық доктриналардың замандас мемлекетінің құқықтық (заңдық, қылмыстық, пенитенциарлық және өзге де) саясатына ықпалын тигізгендігімен және тигізетіндігімен; мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік басқаруды қалыптастыруда жүзеге асатындығымен; құқық табиғатына деген көзқарастарды оның барлық компоненттерін ажырата отырып талдайтындығымен және мемлекет пен құқықтың тарихи байланысын көрсететіндігімен түсіндіруге болады.
Пән студенттерді ұлы ежелгі өркениеттер дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі көрнекті ойшылдармен, танымал мектептер және дәстүрлермен болашақ маманның жалпы және саяси-құқықтық мәдениеті іргетасын қалай отырып таныстырады.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әдістері. Тарихилық пен логикалықтың (теориялық) арақатынасы.
Саяси-құқықтық доктриналар мазмұнын түсіну және игеру үшін ғылым мен оқу пәнінің ара жігін ажырата білу қажет. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші ғылымда әртүрлі ғылыми әдістер, соның ішінде тарихи және логикалық зерттеу әдістерінің бірлігін талап ететін жалпыфилософиялық әдіс қолданылады. Оның біріншісі ілімдердің пайда болуы мен дамуын қарастыратын болса, екіншісі іргелі ережелердің шыңдалғандығымен ерекшеленеді және саяси-құқықтық ойдың дамуына, әртүрлі әлеуметтік күштер мен жалпы мемлекеттің саясатына үлкен әсерін тигізеді. Өз алдына логикалық әдіс құрылымдық (ілімнің құрамдас бөліктерін және олардың байланысын талдау) және функционалдық (ілімнің қоғамдағы ролі мен ықпалы), ал тарихи әдіс салыстырмалы (бұрынғы және кейінгімен, сондай-ақ тұстас ілімдермен салыстыру) және биографиялық (қандай да болмасын ойшылдың өміріндегі атаулы фактілерді зерттеу) әдістеріне сүйенеді.
Сонымен, саяси-құқықтық доктринаны қарастыру барысында: а) оның дүниетанымдық (философиялық, діни) негізін; ә) теория-әдістемелік мазмұнын (категориялар, түсініктер, әдіс); б) берілген саяси (құқықтық) ілімге негізделген нормативті-құқықтық жобаларды, саяси бағдарламаларды, декларацияларды, манифестерді, сондай-ақ осы доктринаның элементтерін қолданушы қоғамдық қозғалыстарды бағамдап талдау қажеттілігі бар.
Теориялық, саяси және құқықтық сана және оның құрылымы. Идеялар, концепциялар, ілімдер (теориялар, доктриналар), мектептер, ой ағымдары және бағыттары. Саяси және саяси-құқықтық сана типтері.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері:
Ежелгі дүние (жобамен б.д.д. ХХ – ХҮІІІ ғғ. бастап)
Орта ғасыр (Ү ғ. бастап ХҮІІ ғ. басына дейін)
Қайта өрлеу және Жаңғыру дәуірі, кейінгі Ортағасырды тәмамдаған (ХІҮ-ХҮІ ғғ.)
Буржуазиялық төңкерілістер дәуірі (ХҮІ ғ. - ХХ ғ. басы)
Еркін бәсекелестік кезеңі (ХІХ ғ. бастапқы үш ширегі)
Имперализм және кеңестік төңкеріліс кезеңі (ХІХ ғ. соңғы үштігі – ХХ ғ. бірінші жартысы)
Соғыстан кейінгі кезең (1945 жылдан кейін)
Жаңа дәуір ( ХХ ғ. 90-шы жылдарынан бастап).
ХІХ-ХХІ ғғ. басындағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;40;52;76;136-148.
Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер.