Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 15 страница
Э.Махтың айтуынша: «Ағаш стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді. Бірақ біз мынадай қортындыға келдік, - Авенариустың айтуынша: әртүрлі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Ол – ойды үнемдеу. Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, материядан бас тарту қажет, сонда бәрі өз орнына келеді. Э.Мах: «Сезім тудыратын денелер емес, жоқ денелерді құрастыратын, әлементтер кешені, сезімдер кешені».
Позитивизмнің үшінші түрі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол ХХ ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филип Франк. Бұл түр – математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың нәтижесінде туды. Бұл ағымның кең таралуының бір себебі, ол бүкіл «метафизикаға», яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бұл проблемалар ойдан шығарған жалған проблемалар деп санайды. Философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды тұжырымдауына, олардың қолдануына көмектесу қажет, сондықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелердің жасауымен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы керек деп есептейді.
Неопозитивистердің ілімі бойынша, философия тек тілдік формаларды талдаумен және тілдік пайымдауларды құру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. «Философ, - дейді А.Айер, - заттардың физикалық қасиеттерімен айналыспайды. Ол қасиеттер жайында сөз қылудың тәсілдерімен айналысады». Тіл біздің дүниені танып білуіміздің шекарасы, дейді ол, біз тілдің шеңберінен ешқашан шыға алмаймыз. Ал біз құратын тілдік құрылыстың, сөйлемдердің айналадағы объективтік шындықпен қатынасы жайындағы мәселеге келсек, неопозитивистердің пікірінше, оның ешқандай ғылыми құндылығы жоқ. Олай болса, материалистер мен идеалистердің арасындағы пікірталасының, олардың ойынша, ешқандай мәні жоқ. Сөйтіп, олар философияның негізгі мәселесін тіл мәселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін тіл мәселесімен ауыстырып, яғни философияның негізгі мәселесін жоққа шығарып, материализм мен идеализмнен жоғары тұруға әрекет жасайды.
Р.Карнап (1891-1970) неміс-американ философы, сонымен бірге, ғылыми теориялардың негізінде келісім жатыр деп есептейтін ілім – конвенционализм өкілі болып табылады. Логикалық позтивизмде, таным сана фактілерінен басталады. «Ақиқат, шындық, болмыс» ұғымынынң орнына олар сана фактісіне сүйенеді. Философия дегеніміз – логика, ғылыми ойлаудың тілін зерттеу.
Карнаптың пікірінше, материалдық дүниенің шын өмір сүруі толы-ғымен адамға байланысты, адамның субъективтік көңіл күйінен тәуелді. Егер адамзаттың тілдік құрылысын қаласа, онда дүние өмір сүргені, оны қаламаса, онда дүниенің шын өмір сүруіне негіз жоқ. Сөйтіп, адам өз қалауынша дүниені бар-жоқ қылатын ғаламат күшке айналады.
Сонымен Карнап, белгілі бір сөз, сөйлемнің ақиқаттығын анықтауда тіл шешуші рөл атқартынын, және объективтік материалдық дүниенің бар екенін айтты.
Ал лингвистика ғылымының өкілі – Австрия философы Людвиг Витгенштейн (1889-1951). Ол философияны табиғи тілді талдауға апарып салды. «Менің тілімнің шекарасы менің дүниемнің, әлемнің шекарасын білдіреді» - деп пайымдайды. Философияның міндеттері – дүниені өзгертуде емес, оны баяндауда.
Неопозитивизмнің ірі өкілдерінің бірі Бертран Рассел (1872-1970), ағылшын философы, математик, логик, қоғам қайраткері. 1920 жылы орыс революциясымен танысу үшін арнайы Ресейге келді. Филсофия саласында Рассел өзін идеалистпін деп атады. Неопозитивистердің өздері Расселді логикалық позитвизмнің әкесі деп атайды. Рассел логиканы философияның басты бөлігі деп санаған. Ол «Логика дегеніміз – философияның іргетасы деп есептеймін» деп жазды. Сонымен қатар ол философияның міндеті – сезімдік деректерден математикалық логика тәсілдері арқылы дүниені логикалық құру мүмкіндіктерін талдау деп сендіреді. «Неліктен мен христиан емеспін» атты кітабында Рассел христиан дініне қарсы шығады. Ол діннің негізінде қорқыныш, оның ішінде өлім алдындағы үрей жатыр деп көрсетеді. Адам құдайдың көмегімен өзінің дұғасы арқылы көңілін босатуға үміттенеді. Егер тіпті діннің өзі үрейден толық арылтпаса да, кішкене болса да жұбатады.
Сонымен непозитивизм ғылым тілін талдаудан күнделікті сөйлеу тілін талдауға қарай бетбұрыс жасады. Талдаудың тақырыбы енді тілдегі сөздер және тілдік белгілер логикалық, лингвистикалық және психологиялық проблемалар блатын болды. Неопозитивизм өз дамуының барысында сөздер мен сөйлемдерді қолданудың алуан түрлі тәсілдерін түсіндіретін әртүрлі «тілдік ойындар» жүргізуге көшті, ал бұл дүниетану процесінің мәнін қайта қарауға әкеліп соқты: философиялық және ғылыми системалар ойын сипатындағы тілдік құрылымдар ғана деп қаралатын болды.
4. Адам, оның тағдыры, өмірі мен өлімі, бүгінгісі мен ертеңі, болашағы, болмысы мен күнделікті күйбең тіршілігі туралы көптеген проблемалар көтерген, заманымыздың ең ірі философиялық ағымдардың бірі – экзистенциализмағымы болып табылады.
Экзистенциализм, немесе «өмір сүру философиясы» буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірі болып саналады. «Экзистенция» ұғымы (лат. Exsistentia - өмір сүру дегенді білдіреді) Экзистенциализмде ерекше рөл атқаратын оның барлық философиялық қағидалардың бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмның бастапқы негізі жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъектінің өмір сүруі. Міне осыдан философияның басты міндеті – болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес дүниенің және танымның мәнін ашу емес, адамның өмір сүруінің мәнін, экзистенциализмнің шын мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады.
Экзистенциализм философиясы тек ХХ ғасырға және де Еуропаға ғана тән рухани құбылыс деп тану бой алған. Еуропацентрлік аурудан толық айыға алмай жүрген кейбір бауырларымыз экзистенциалдық философия өкілдері Кьеркегор, Хайдеггер, Ясперс, Сартр, Камю, Аббаньяно ғана деген пайымдаудан арыла алмай жүр. Шын мәнінде, экзистенциалдық сұрақтар адамзат тарихында өзінің адами табиғатын түсіне бастаған жай тұлғалардан бастап, Конфуций, Гаутама, Сократ, Платон, Аристотель, Фараби, Кант, Толстой, Абай секілді ғұлама ойшылдардың бәрін мазалап келгені сөзсіз.
Сондықтан Еуропаның ХХ ғасырдағы экзистенциализмі батыс өркениетінің кезекті бір дағдарысының туындысы ретінде ғана қаралуы қажет. Және де бұл философия пессимистік сарынға жүгініп, сарыуайымға жол берген көзқарастар жиынтығы. Оның басты ұғымдарын келтірер болсақ, олар: үрей, қорқыныш, жаттану, күйзеліс, өлім, өмір, сенім, қайғы, азап, күншілдік, бақталастық, әділетсіздік, қатыгездік, бақытсыздық. Осындай сезімдер жайлаған мағынасыз өмірден құтылудың жалғыз жолы — өлім. Адамның шын табиғаты, тек қана бір сәтте өлім аузында тұрған мезетте ғана айқындалады. Оған дейінгі бүкіл өмір жалған, жалған импера-тивтерге мойынсұнып келеңсіз өмір кешу. Сондықтан бұл экзистен-циализм толығымен пессимистік, сарыуайым сарындағы, адамды қоршаған дүниені ешбір мәні жоқ, абсурдқа айналдыратын дүниетаным түрі.
Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың филосо-фиялық мақсатына қайшы келеді.
Адамның «шын» және «жалған» өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып, «жалған» өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал «шын» өмірге оның шындықтағы әлеуметтік қатынастарынан тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, күнделікті бостандықпен ерікті түрде бас тарта отырып, күнделікті тіршілігімен айналасуға бейім тұрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған тәртіпке бой ұсыну пайдалы деп үйретеді экзистенциалистер.
Демек, экзистенциалистердің үйретуінше, адамның міндеті дүниенің өзгертуде емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде.
4. Бақылау сұрақтары:
1.Осы кезеңде пайда болған ағымдарды атаңыз?
2. Прагматизм дегеніміз не?
3. Экзистенциализмнің негізін салушылар?
4. А.Камьюдің еңбектері?
5. «Экзистенция» терминінің мағынасы?
№11 Лекция сабағының тақырыбы:Болмыс философиясы. Философиялық антропология.
1. Сабақ жоспары:
1. Болмыс ұғымы оның мәні мен ерекшелігі.
2. Адам болмысының әлеуметтік-мәдени мәні.
3. Материя және оның түрлері.
2. Сабақ мақсаты:
Болмыс және материя ұғымдарының диалектикалық байланысы мен айырмашылығын түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Дүниедегі құбылыстар мен заттардың, процестердің өзара байланысы, өзгеруі, дамуы, оны танып білуге ұмтылу – болмыс ұғымын тудырады. Табиғат, қоғам, адамдарға тән нәрсе олардың бар екендігі және олардың өзара байланыста болуы болып табылады.
Адамдардың материалдық өмірдің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы кезеңдерде-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдерге негіз болды. Материалистік философияда ол сезім арқылы қабылданатын материяны, материалдық объектілірдің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдіреді. Ал, идеалистік философияда болмыс идеялардың жалаң мәні ретінде көрінеді. Сөйтіп, болмыс материализмде табиғат болмысы, ал идеализмде табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым.
Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, прцестердің, адамдардың тиянақты болмысында қашанда санадан тәуелсіз өмір сүретінін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстың ескі формасынан жаңасына ауысуы болып табылады.
Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.ә. дейінгі V-VІІ ғ.ғ.) еді. Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс – бұл әрқашан да бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өз болмысы бар. Нағыз болмыс – бұл ақыл-оймен игерілетін болмыс.
Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практика-лық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс-әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік бағдарлары мен қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол аты.
Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерін, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл-ойы ұшы-қиырсыз, тоқтаусыз дүние ретінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғы шарты болып табылады.
Болмыс мәселесінің бірініші қыры дүние дегеніміз не? Ол қашаннан бері және қалай пайда болды, жеке заттар, адамдар тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды, олар шектеулі ме, ауыспалы, әлде өтпелі ме деген сұрақ тудырады. Осыдан келіп табиғат болмысының тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші сипаты арасындағы қайшылықтары мен өзара байланысы мен бірлігі шығады.
Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің тұтас күйінде болғанын, болып отырғанын және болғандығын көрсететіндігінде. Мәселе болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр:
1. Табиғат және заттар болмысы, ол кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысы болып бөлінеді.
2. Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысы және адамның өзіндік болмысы(өз болмысын және жалпы болмысты танып білу)
3. Рухани болмыс (жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы).
4. Әлеуметтік болмыс. Бұл өз алдына қоғамдағы, тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Заттар мен табиғи болмыс-ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыдан алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Басқаша айтқанда, адамның өмір тіршілігінің, қызмет әркетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді.
Табиғат– объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда болмайтын еді. Сонымен, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі – адамның табиғат дү-ниесін өзгертуінің нәтижесі.
Нақты табиғи заттар мен процестер ауыспалы нәрселер, әлдебір жерде, белгілі бір уақытта өмір сүреді, басқа жерде, басқа уақытта олар жоғалып кетеді. Осыдан келіп табиғи заттар болмысы дегеніміз ауыспалы және тұрақты ұғымдардың бірлігі.
2. Адам болмысыныңөзіндік сапалы мәні бар, өйткені бұл болмыстың табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Адам болмысының алғышарттары – оның денесінің табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі. Адам болмысының басты ерекшелігі - ақыл-ой иесі, санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның, рухани дүниенің иесі екендігіне. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы, өлкені, сонымен бірге ол әрі тарихты, әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи –қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып біледі, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасының қорғау үшін жауапкершілігі туындайды.
Адам жасаған, адамның белгілі бір еңбегі білімнің туындысы болып табылатын заттар табиғаттың алғашқы ақиқатына сүйенеді. Табиғи-рухани - әлеуметтік ақиқат, өркениеттің материалдық және рухани өндірісі, адамның өмір сүруіне сөзсіз қажет нәрсенің бәрі осыдан келіп шығады. Сөйтіп адам болмысы – табиғи және оның өзі жасаған болмысы – табиғи және оның өзі жасайтын заттар мен рухани игіліктер дүниесіндегі болмыс.
Рухани болмыс -өмір сүру мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен әр түрлі болып келетін сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліліктің біртұтастығы. Оған табиғи тіл мен таңбалық жүйелер түрінде іс жүзіне асырылған, материалдандыырылған білім кіреді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы қатынастардың, ізгіліктің, шығар-машылық пен хұқылық өлшемдері мен процестері қатарына жатады.
Рухани болмыс екі топқа: дербестенген руханилық және объектив-дендірілген руханилық деп бөлуге болады. Біріншісі – дараланған адамның санасы, өйткені ол нақты адаммен бірге пайда болып, бірге өмір сүреді, сыртқы дүниені бейнелейді. Сана арқылы адам табиғи және әлеуметтік ортадағы өз орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтап, өз ойларын мен сезімдерін аңғарып, бағдарлайды. Ал екіншісі объектив-тендірілген рухани болмыс жеке адамдардың санасынан тысқары өмір сүреді және міндетті түрде материалдық құбылыстардан көрініс табады.
Әлеуметтік болмыс -әлеуметтік философтардың ұғымында мәдени-өркениетті әрекеттің объективті –жалпы бағыты ретінде, индивидтің өмірқамы бағыты ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысынң күрделі ұйымдасқан үдерісі және индивид санасының интеллектуалды-адамгершілік бағдардағы нақты формасы ретіндегі руханилық болмысының стихиясы мен онтологиясы.
Сонымен, әрбір мәдениет адамзат баласының рухани интенцияларын өн бойына қорыта отырып, философияда өзінше ереке көрінеді, әлемдегі адам болмысын пайымдаудың әртүрлі теориялық формаларын береді. Дүние бар екендігіне қарамастан, ол әр түрлі онтологияда әр түрлі концепциясымен көрінеді. Осылайша, философия болмыстың мәнділігін(оны құрайтын әр түрлі заттар, құбылыстар, жағдайлар, деңгейлер және т.б.) игерумен, әлемге деген адами қатынас мәнділігін және ондағы адам орнының мәнділігін танумен айналысады.
3. Адамзат өзін қоршаған ортамен, табиғатпен байланыс жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстарды, процестерді байқайды. Ерте замандардың өзінде адам баласы осы құбылыстардың, процестердің, заттардың шығу тегі қандай, бәріне ортақ негіз болатын бір нәрсе бар ма деген сауалға жауап іздейді.
Дүниенің түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымды ерте-дегі грек ойшылдары айтады. Оны грек даналары субстанция (түпнегіз, мән) деп атады. Заттар мен процестердің пайда болуы мен өмір сүруінің ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да, жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі.
Сөйтіп, дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасы деп мойындайтын философиялық ілім – монизм. Негізге не материаны, не рухты негізгі алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді және идеалистік монизмді айыра білу жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша дүниенің екі бастапқы негізі – материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі – рух дүниесі.
Материалистер – дүниенің бастамасы ретінде материяны атайды. Идеалистер барлық заттар мен құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды.
Ежелгі грек философиясында дүниенің түп тегі белгілі бір зат деген көзқарас орын алды. Фалес үшін ол – су, Гераклиттің ойынша – от, Анаксимен үшін – ауа т.б. Сонымен қатар, дүниенің негізі ауа, су, топырақ, от. Міне, осы материя деген ұғым да кең таралды.
Ежелгі грек материалистер жасаған ілімнің негізі ХІХ ғасырға дейін үстемдік жүргізіп келді.
Жаңа дәуір философиясы (ХVІ-ХVІІІғ.) материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындады. Француз философы П.Гольбах: «Біздің санмызға әсер ететінін бәрі материя» - деп жазды. Сөйтіп ғылым мен танымның даму деңгейіне байланысты әр дәуірде материя ұғымы әр түрлі түсіндіріліп келді. Механикалық (Ньютон, Менделеев) және мета-физикалық көзқарасқа бейім ойшылдар материя мен материалдық объектілер арасындағы айырмашылықты ажыратып бере алмады. Материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдармен салыстырып қарастырды.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай жаратылыстану ғылымдарының дамуы, дүниеге диалектикалық материализм тұрғысынан қарайтын дүниетанымның қалыптасуы материя туралы механикалық, метафизикалық және идеалистік көзқарастардың дәйексіздігін ашып көрсетті.
Материя – адам санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін объективтік шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен системаларды қамтиды. Қозғалыстың алуан түрлі қасиеттерімен формаларының субстанциялық негізі болып табылады.
Материяны танып-білудің мүмкіндігі шексіз. Материяны оның белгілі бір заттық формаларымен (заттық, атом т.б.) шатастыруға болмайды. Өйткені, материяның заттық емес формалары да бар. Олар – электромагниттік және гравитациялық өрістер.
Микроәлементтер мен микрообъектілердің табиғаты екі жақты. Олардың әрі заттық, әрі өрістік(толқындық) қасиеттері бар. Тыныштықта фотонның массасы жоқ. Ол нөлге тең. Атомның ядросы протондар мен нейтрондардан тұратыны белгілі. Ал нейтрондар мен протондар өте майда микробөлшектер кварктерден тұрады деген болжам бар. Шындығында солай ма, әлде жоқ па, ол болашақтың үлесіндегі мәселе.
Сонымен материяның басты қасиеті – санада тыс, объективтік нақтылық ретінде өмір сүреді және ол адамның санасында бейнеленеді. Жеке-дара субстанция ретінде өмір сүретін материя жоқ. Материя –ұйымдасқан, біріккен материалдық ұғым.