Тақырып 12. Әлеуметтік және гуманитарлы ғыламдар тарихы және философиясы
Дәріс мақсаты:әлеуметтік және гуманитарлы ғылымдар тарихы және философиясын талдау, сонымен қатар, өркениеттік мағынасын анықтау.
Жоспар:
1. Философия ғылыми білімнің интегралды түрі.
2. Әлеуметтік-гуманитарлы кешендегі ғылыми пәндердің қалыптасуы.
3. Ғылыми танымның әлеуметтік мәдени шарттары.
Неігізгі түсініктер:адамтану, аксиология, күнделіктілік, әлеуметтік мәдени феномен
Философия ғылыми білімнің интегралды түрі ретінде.Философия ғылыми білімнің, соның ішінде қоғам, мәдениет, тарих, адамтанудың интегралды түрі болып табылады. Әлеуметтік философия, мәдениет философиясы, тарих философиясы, антропология философиясы әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардың әдістемесі және жаңартылған түрі болып шығады. Әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдістемесінің дамуы ғылыми рационалдылық түріне тәуелді. Осылайша, классикалық ғылымның аумағында адамды қоса әлеуметтік феномендер және мәдениет құбылыстарын логикалық танымдық бағдар (рационалисттік) қалыптаса бастады. ХХғ. Әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдістемесінің өзі өзгерді. Бірінші орынға адам мәні мен әлеуметтік үрдістердің тәуелділігін тану емес, адамның әлемге және өз өзіне деген қатынасын ашу жатыр. Осылайша, классикалық емес ғылым үлгісі негізінде философиялық-антропологиялық бағдар қалыптасады, ол онтология, антропология, аксиология мәселелеріне көңіл бөлді.
Дәстүрлерді таратуда адам, қоғам, мәдениет– рух, зерде, табиғат, материя секілді абсолютті бастамаларға нақты тәуелді болса, антропологизм тұрғысынан адам адам өмірінің саласы мен дәйектеріне тән ішкі контекстте қарастырылады. Рационалисттік дәстүр көзқарасы бойынша әлем өзіндік заңдар арқылы дамиды, философиялық антропология көзқарасы бойынша адам өз болмысын, түрін және мәнді түрлерін қалыптастырады. Рационалисттік философия пәні – болмыс, сана, таным, тілдесу. Философиялық антропология пәні – болмыс, түсіну, тілдесу мәні. Әлеуметтік философияда күнделіктілік феноменын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті өмір – білімнің болып жатқанына, жинақтылығына, прагматикалығымен сипатталатын күнделікті жалпыға мәлім жағдайлардағы адамдардың өмірі. Мәдениет, қоғам және адам құнды және жан жақты болады. Мәдениет, қоғам, адам құбылыстарын зерттеуде басты принциптері болып микроанализ және көпдеңгейлік болып табылады. Адам туралы қандай да бір білім, әрбір өмірлік жағдай – бірегей бүтіндіктің көрінісі.
Бөлшектелген ғылыми мәліметтердің көптігі адам бірлігін теріске шығармайды, қайта оны ерекше бейне ретінде көрсетеді. Бүгінгі адам кіріп отырған болмыстың барлық контексттерінің тілдесуін кеңейту қажет, яғни, мақсаттар, міндеттер, әр түрлі зерттеулер, тәсілдерді келістіру үшін әлеуметтік және гуманитарлы ғылымдардың ерекше тілдесу алағын ашу қажет.
ХХІ ғасыр әдістемесінде жаңа постантропологиялық парадигма қалыптасады, ол адамнығ қоршаған ортаға әсерін бере алатын қабілетіне негізделген.
Әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы ғылыми пәндердің қалыптасуы.Әлеуметтік-гуманитарлық білім «адам-қоғам» жүйесінің ішіндегі қарым-қатынасты қарастыру аумағында тұйықталады, бұл жерде адам мәдениет контекстіндегі әлеуметтік мәдени феномен болып зерттеледі. Әлеуметтік-гуманитарлық білім пәні жәй адам емес, «адам және әлем», «адам және қоғам» байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік цикл ғылымдарына мынаны жатқызады: экономиканы, саясаттану және құқық, психология және әлеуметтік психология, әлеуметтану, антропология, этнография жатады; гуманитарлы циклға – тарих, лингвистика, өнертану, мәдениеттану, дінтану.
Әлеуметтік-гуманитарлы білім ерте заманның философиялық толғауларынан бастап ғасырлар арасында қалыптасты. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі жүйесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Ол өзін «адамтану кешені» ретінде бейнелейді де әлемнің барлық салаларын қамтиды: табиғат, қоғам және адамның рухын. Ғылым әмбебаптылық, мамандандырылған және пәнаралық байланысы бар сипатқа ие болды. Нақты ғылымдарға қарағанда философия тарихи үрдістегі жалпыламаны зерттеуге арналған.
Әлеуметтік-гуманитарлы циклдағы ғылымдар өте алмайтын шекарадай болмайды. Мысалы, қоғамды экономикалық талдау саяси, мәдени, құқықтық және зерттеліп жатқан құбылыстың басқа да аспектілерін мүмкін етеді.
Пәндердің саны мен мазмұны қоғам дамуының, оның қажеттілігінің, мәдени деңгейіне және нақты қоғамдағы ғылым мен білімнің барлық жүйесінің даму деңгейіне қатысты болады.
Ғылыми танымның әлеуметтік-мәдени шарттылығы. Қазіргі ғылымда ғылыми тәсілдердің қалыптасуы мен қызмет етуінде аксиологиялық, құндылықтық бағдарлар ғылыми танымның маңызды факторы болып табылады. Ғылым құндылықтардан биік тұра ала ма деген сұрақ жалғасуда және екі негізгі бағытта көрсетілген: 1) ғылым нейтралды болуы қажет, бұл классикалық ғылыммен мойындалған, дегенмен бүгінгі таңда жеңілдетілген және нақты емес; 2) құндылықтар ғылыми білімнің тұрақталуы мен өсуінің қажетті талабы болып табылады, бірақ, олардың білім мен қызметіне әсер ететінін көрсететін рационалды түрлерн табу керек. Ғылымдағы құндылықтар оның әлеуметтік мәдени шартын бөләнбейтән сипаты ретінде көрсететін екінші бағыт ғылым философиясы мен әдістемесінде, әсіресе, әлеуметтік-гуманитарлы білімде анықтаушы фактор болып саналады.
Әлеуметтік шарттылық – әлеуметтік институт дәрежесіне ие болған қоғамдағы ғылым; ғылым сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған (ғылыми жұмыскер дәрежесі, кадрларды дайындау жүйесі).
Мәдени шарттылық –білім жүйесін, экономикалық саланы, әлеуметтік-саяси болжамдауды, дүниетанымдық іргелі ғылымдарды тудыруды ғылымсыз ойлауға келмейді.