Көрудің әр алуандықтары

№3 СӨЖ: 9-шы аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

СӨЖ №4 (эссе)

Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың тұңғыш кәсіби философы

Аталуының себебі неде?

Методикалық ұсыныс:Шәкәрімның "Үш анық еңбегін" оқып шығыңыз. Еңбекте зерттелетін негізгі мәселелер қандай? Оның философиялық көзқарасын қай бағытқа жатқызар едіңіз?

Үш анық деп Шәкәрім нені атайды? "Шәкәрім - қазақтың тұңғыш кәсіби философы" деген пікірмен келісесіз бе?

№4 СӨЖ 12- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

СӨЖ №5 (эссе)

Тақырыптар: 1. Еркіндік және жауапкершілік - адам болмысының атрибутивтік

Сипаттары.

Ақпараттық қоғамдағы адам мәселелері.

Методикалық ұсыныс: Сократтың «Мен сіздерге ақиқатты беремін - ал, ол сіздерді еркін қылады» - деген сөзінде адамның тума сипаттарының ішіндегі ең құндысы ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Бұл ұғымдардың философиялық мәні неде? Адам болмысында еркіндік, жауапкершілік ұғымдары қаншалықты маңызды. Олардың шындықтағы көрінісі қандай? Еркіндіктің түрлерін білесіз бе? Еркіндік пен еркін ойлылық ұғымдарын өмірмен салыстырып көріңіз. Бұл эссені жазу барысында ОМК-дағы көрсетілген оқулықтарды және интернет материалдарын пайдаланған дұрыс. Екінші тақырып та осы тәсілмен игеріледі.

№5 СӨЖ 15 - аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

Рефераттарға қойылатын негізгі талаптар.

Реферат (лат. тілінде. «реферо» - хабарлау) - ғылыми мәселелердің баяндалуына лайық-ты әдебиеттерді шолу және де басқа түпдеректерді оқумен байланысты жазбаша түрде орындалатын студенттік ғылыми жұмыс болып саналады.

Рефератты жазу барысында арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуді қажет етеді, ал алдын ала жасалған дайын дәптер - конспекті: 1) Сіздердің уақытыңызды үнемдейді; 2) рефераттың мақсатқа сай дұрыс орындалуын жеңілдетеді; 3) ауызша жауап жауап беруге негіз болады; 4) келешек тақырыптармен жұмыс істеуге жағдай жасалады; 5) өзіндік ойлаудың сыни - талдау стилін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Рефераттың мақсаты - таңдаған тақырыпты көбірек біліп алу. Тақырыпты дербес түрде немесе оқытушының көмегімен айқындаған дұрыс.

Рефератты бағалау мына параметрлер арқылы жасалады: іздену жұмысының барысы, тақырыптың толыққанды ашылуы, айқындық, рефератқа қойылатын талаптардың орындалуы:

Рефератты студент міндетті түрде қорғануға тиісті, Қорғау арнайы уақыттарда немесе семинар жұмысының барысында жүреді. Әрбір студент 1 беттік көлемде өз курстасының рефератына рецензия (пікір) жазуға тиісті. Реферат көлемі 10-15 бет болу тиісті. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты және жазуға негіз болған түпдеректері баяндалады. Негізгі бөлімде тақырыптың негізгі сұрақтары ашылу керек.

Рефераттың титульді беті, мазмұны, мәтіндік бөлімі (кіріспе, негізгі бөлім, тарауларға немесе параграфтарға бөлінген, қорытынды) және әдебиет тізімі болуы керек. Әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында кітаптың авторларын әліпбилік ретте және шыққан орыны, жылы көрсетіледі

Реферат дербес творчестволық еңбек болуы тиісті. Бір ғана түпдеректі қолдану арқылы реферат жазуға рұқсат етілмейді.

ГЛОССАРИЙ

Абсолюттік- мәні жағынан алғанда шартсыз, сыртқы бөтен құбылыстарға тәуелсіз мазмұнды білдіретін ұғым (мәселен, И.Ньютонның классикалық механикасындағы абсолюттік кеңістік пен уақыт ұғымы).

Абстракция (қазақша сөзбе-сөз «көңіл аудармау» дегенді білдіреді) - таным процесінде бір тектес нәрселер тобына тән жалпы, мәнді қасиеттері мен белгілерін мәнсіз белгілерінен ойша бөліп алып, тұжырымдалған жалпы ұғымды және басқа ойлау формаларын біддіреді.

Абсурд(қаз. қисынсыз дегеңді білдіреді) - ғылыми пайымдау процесінде қарсы жақтың дәледдемекші болып отырған пікірі өзіне-өзі қайшы келіп, мәнсіздікке тап болу жағдайларын білдіреді. Орыс тілінде мұндай жағдайды «приведение к абсурду» дейді, ал мұны біз «қисынсыздыққа ұшырату» деп айтамыз.

Агностицизм(қаз. танып білуге болмайды дегенді білдіреді), - шындық дүние заттары мен құбылыстарының мәнін танып білу мүмкін емес, оларды объективтік ақиқат деуге болмайды дейтін философиялық ілім.

Аксиома - деп ғылыми дәледдемеде қайсыбір пікірдің, алғышарттың ақиқаттығын негіздеу үшін келтірілетін, арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін, өйткені ақиқаттығы өзінен-өзі көрініп тұрған пікірді (мысалы, математикалық аксиомаларды) айтады.

Адаптация (лат. бейімделу дегенді білдіреді) - организмдердің құрылысы мен іс-әрекетінің тіршілік жағдайларына бейімделуі.

Альтернатива (қаз. екінің бірін таңдау дегенді білдіреді) - бір мәселе жайлы біріне-бірі қайшы екі-ақ мүмкін жағдай бар, үшіншісі жоқ, сондықтан осы екеуінің біреуін таңдау керек.

Анализ(грекше - талдау, бөлшектеу деген сөз) нәрселер мен құбылыстардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашу үшін зерттеу объектісін оның мәнді және мәнсіз қасиеттеріне, белгілеріне ойша жіктеу әдісі. Анализ өзіне қарама-қарсы ойлау әдісі - синтезбен бірлікте қодданылады.

Аналогия(грекше ұқсастық деген сөз) - бірнеше нәрселердің қайсы бір белгілері мен қасиеттерінің ұқсастығының негізінде қорытынды жасайтын ойлау формасы.

Антибөлшек - бөлшекке (протонға, нейтронға т.б.) қарама-қарсы заряды бар (анти-протон, антинейтрон т.б.) бөлшек.

Антропогенез(грек. anthropos - адам, генезис - шығу деген сөздерден құралған) адамның шығуы туралы ілім.

Антропология - адамның шығуы мен дамуы туралы ғылым.

Антропоморфизм(грек антропо + морфизм - қазақшасы да осы) табиғат құбылыстарына, жануарларға да адамдық қасиеттер тән деп және қүдайды да адам бейнесіңде түсінетін ілім.

Антропоцентризм(гр. антропо + центр - қаз. адам дүниенің орталығы) - адам бүкіл әлемнің орталығы және бүкіл дүниенің құрылысының түпкі мақсаты деген көзқарас.

Априори(лат. а ргіогі - до практики - қаз. практикаға дейін) таным теориясында адам білімі тәжірибеден тәуелсіз, одан бұрын пайда болады деген агностикалық-идеалистік түсінікті білдіреді.

Биосфера(грек. bios - өмір, sphaira - шар) - Жерде тірі организмдер дүниесінің өмір сүретін бөлігі. Оған кіретіндер: атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера және тірі организмдер өмір сүретін литосфера бөлігі.

Биоценоз - тіршілік жағдайлары бірдей географиялық ортаны мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығы.

Вакуум(лат. vacuum - бос кеңістік деген сөз) - өрістің кванттарының саны нөлге тең кездегі төменгі энергетикалық күйі.

Верификация(лат. verus - ақиқат және facio - жасаймын деген сөздерінен) – ғылымның теориялық қорытындыларын зерттелуші нәрселерді сезім мүшелерімен тікелей қабылдау арқылы тәжірибеде тексеру, эксперимент арқылы негіздеу.

Виртуальдық бөлшектер - теориялық тұрғыдан есептеп шығарылған элементар бөлшектер (олар аса қысқа мерзім ішінде үздіксіз пайда болып, үздіксіз ғайып болып отырады).

Волюнтаризм(лат. voluntas - қаз. ерік дегенді білдіреді) - болмыстың ең жоғарғы қозғаушы күші ерік деп жариялап, оны болмыстың объективтік заңдарына қарсы қоюшы философиядағы идеалистік бағыт.

Галактика(грек. galaktikos - «құс жолы» дегенді білдіреді) - 2. 1қ11 санды жұлдыздарды, оның ішінде барлық планеталарын қоса Күн системасын қамтитын біздің жұлдыздар системамыз.

Гелиоцентризм - айналысында ұшып жүрген планеталары бар Күн системасының орталығы Күн деген теория.

Герменевтика(түсіндіру өнері деген сөз) - әртүрлі текстерді түсіндіру, аудару және ұғыну проблемаларын зерттейтін гуманитарлық таным методологиясының бағыты.

Глобальды эволюционизм - бүкіл әлемдік даму теориясын, яғни өзгермейтін, дамымайтын ештеңе жоқ, бәрі де өзгерісте, дамуда болатынын мойындайтын ғылыми теория. Оның солай екенін барлық ғылымдар дәлелдеді.

Дедукция - дүниені танып білудің жалпыдан жекеге қарай жүру әдісі немесе ғылыми ойлаудың жалпы алғышарттардан жекеше пікір (қорытынды) тұжырымдаудың логика-лық формасы. Дедукция оған қарама-қарсы ойлау формасы - индукциямен тығыз байланысты.

Догматизм(грек. dogma - сөзсіз ақиқат деген діни талаптан туған ұғым) - өзгермейтін, қатып-семіп қалған ұғымдардың көмегімен ойлаудың әдісі.

Идеал(грек. Idea - фр. Ideal - қаз. идея, идеал деген ұғым) - ең жетілгеннің үлгісі мағынасын, бірдеңенің дамуының ең жоғары деңгейін, алға ұмтылудың ең жоғары мақсатын білдіреді. Бұл түсінікті ғылымға қолдансақ, әрбір тарихи дәуірдің ғылыми танымның өз заманының талабына сәйкес өз идеалы бар екенін көреміз. Мысалы, ХVІІ-ХVIII ғасырлар жаратылыстануының ғылымилығының өз идеалы болды - ғылымның механикалық заңдылықтарының ақиқаттығына күмәнсіз сенімі болды. Бірақ ХІХ-ХХ ғғ. ғылыми революция жаратылыстанудағы жағдайды түбірінен өзгертті. Ғьшымның ақиқаттығының бұрынғы идеалының орнына ғылымилықтың салыстырмалылық идеалы кедді. Қорыта айтқаңда, әрбір ғылымның біртұтас теориялық білімнің системасын жасауға талпынуы ол үшін ғылыми танымды ұйымдастырудың идеалы болып табылады.

Идеализация (фр. idealisation - қаз. идеаландыру, дерексіздендіру) абстракциялық танымның ерекше бір түрі. Шындық дүниеде өзінің балама объектісі жоқ нәрселер туралы ұғым құруға байланысты ойлау процесін ғылымда идеалдандыру немесе дерексіздеңдіру деп атайды. Мысалы, абсолютті қара түсті, идеалдық газды, жеке тұрған нүктені т.б. еш жерден, ешқашан кездестіру мүмкін емес.

Индетерминизм(лат. in - жоқ, + детерминизм - себептілік) - шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың объективтік себептілігін және жалпы заңдылықтарын теріске шығаратын философияық ағым.

Индукция(қорытып шығару дегенді білдіреді)-жеке-дара фактілерді біддіретін алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың логикалық пайымдау әдісі.

Интуиция(лат. intueri - зер салып, қадала қарауды біддіреді) - логакалық ойқорытыңдылау жасап жатпай-ақ ақиқатты бұрынғы тәжірибелердің негізіңде бірден аңғаруды, «сезуді» айтады.

Категория(грек, kategoria - қаз. категория) - шындық дүниедегі заттардың, құбылыстардың ең жалпы, мәнді қасиеттері мен қатынастарын бейнелендіретін ең жалпы ұғымдар; категориялар философиялық, жеке ғылымдық және жалпы ғылымдық болып бөлінеді.

Каузальность(лат. causa, causalis) - себептілікті, себепті байланысты, тәуелділікті білдіретін ұғым.

Концепция(лат. түсінік, система деген сөз) - қайсы бір құбылыстарды түсіндірудің белгілі бір тәсілі, олар жайлы көзқарастар системасы.

Креационизм (лат. creatio - жасау деген сөз) - адам мен бүкіл дүниені жаратушы құдай деп мойыңдайтын көзқарас (бұл көзқарас барлық дүниежүзілік діндерге тән).

Метафизика - қазіргі жаңа заманда шындық дүниедегі өзгеріс, дамуды, құбылыстар арасындағы өзара байланысты теріске шығаратын, диалекгикалық ойлау әдісіне қарама-қарсы философиялық әдіс.

Неопозитивизм - қазіргі батыс философиясының субъективтік-идеалистік бір бағыты ретінде, ғылымды философияға қарсы қойып, тек арнаулы ғылымдар ғана дүниені танып білудің бірден-бір ғана көзі, философияның зерттейтін пәні жоқ деп санайды.

Ноосфера(грек. noos - ақыл-ой, ойлыақыл + сфера) - адамның ақыл-ой қызметі биосфераның дамуында шектуші факторға айналуына байланысты биосфераның жаңа эволюциялық күйі.

Объективтілік - адам білімінің мазмұнының объективтік дүниеге дәл сәйкес келу мазмұны.

Проблема(грек сөзі) - шешілуге тиісті, бірақ әлі шешілмеген теориялық немесе практикалық мәселе.

Прогресс(лат. progressus - алға жылжу) - жай алға жылжу емес, арттан алға, төменнен жоғары, қарапайымнан күрделіге қарай жүретін сапалық даму.

Релятивизм(лат. relativus - салыстырмалы дегенді білдіреді) - білімнің салыстырмалылығын асыра бағалап (абсолюттендіріп), абсолюттік ақиқатты танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын методологиялық принцип.

Синергетика- организмдердің өздігінше ұйымдасу теориясы XX ғасырдың 70-жылдарында ғылымаралық ғылыми бағыт ретінде пайда болды.

Софизм(грек. sophisma) - жалған алғышарттар келтіре отырып, жалған қорытыңды шығаратын ойқорытыңдының формасы.

Структурализм- структуралық әдісті, модельдеуді, семиотиканың элементтерін қолдану арқылы зерттеу жүргізетін гуманитарлық ғылымдардың бағыты (тіл ғылымы, тарих, этнография т.б.).

Телеология(грек. telos - мақсат + логия) - дүниедегі әрбір нәрсенің өзгерісі мен дамуы алдын ала белгіленіп қойылған мақсаттарға қызмет етеді деп түсіндіретін көзқарас.

Теология - дүниедегі нәрселер мен жан-жануардың барлығын адамды қоса құдай жаратқан деп дәлелдейтін діни ілім.

Фактор(лат. factor - жасаушы, өндіруші деген сөз) - қайсы бір құбылыстар мен процестерді дамытушы себеп, қозғаушы күш.

Эксперимент (лат. experimentum - жасап көру дегенді білдіреді) - деп ғылыми төжірибе қойып, зерттелетін заттар мен құбылыстардың өзгеру, даму барысына жүйелі бақылау жүргізуді айтады.

Дебиеттер.

Негізгі әдебиеттер

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А.,2007.

2. Ә.Әбішев К. А.Философия - А.,1998

3.КішібековД.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002

4.Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005

5.Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002

6.Төкенов Ө.С. Мәдениеттану - А., 2006

7. Алтай Ж., Қасабек А., Философия, 1999

8.Қасабек А. Тарихи философиялық таным - А., 2006

9. Философиялық сөздік. А.,1996

Осымша әдебиеттер

1. «Қазақтың көне тарихы». Дайындаған М.Қани - Алматы: Жалын. 1993. 342-343.

2. Маданов X. «Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы 1998 ж. 43-45 беттер.

3. Ә. Марғұлан. «Қазақтың халық музыкасындағы Қорқыт дәстүрі». Қазақ бақсы-балгерлері. Жинақ.

Алматы. 1993 ж 107 бет.

4. Қасабеков А., Алгаев Ж.Қазақ философиясы. А.,1996

5. Қүнанбаев А. Қара сөздер А.,1992

6. Сегизбаев 0. Казахская философия. А.,1998

7. Радугин А.А. Философия курс лекций. М.,1993

Наши рекомендации