СӨЖ сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

№   Тапсырмалардың қысқаша мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау формасы
1. Философия мәдениет феномені. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі. 2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланымсты категориялар: Өмір,Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік.     презентация, глоссарий
2. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені Антикалық мәдениеттегі философия     презентация, эссе, глоссарий, кесте
3. 3. 1.Орта ғасырдағы мусылман философиясы. 2.Орта ғасырлық христиан философияының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.     презентация, глоссарий, сканворд
4. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия презентация, эссе, глоссарий, сканворд
5. 1.Дж Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары. 2.Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.     презентация, эссе, глоссарий, кесте
6. 1.Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис­тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм. 2. Неотомизм. Структурализм. К.Леви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер.     презентация, глоссарий, тест
7. 20-21ғ. қарсаны мәдениет контекстіндегі батыстық философия   презентация, глоссарий, сканворд
8. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені     презентация, глоссарий кроссворд
9. Сана. Сананың генезисі. Қоғамдық сана, оның түрлері. Таным дегеніміз не? Таным құрылымы.   презентация, эссе, глоссарий, кроссворд
10.   Болмыс философиясы   презентация, эссе, глоссарий
11. Эпистемология     презентация, глоссарий, тест
12. Философиялық антропология 1.Адам мәні мен мақсаты неде? 2.Адам өмірінің құпиясы не болып табылады?     презентация, глоссарий
13. Қоғам өмірінің негізгі салалары: экономикалық, саяси, құқықтық және рухани.   презентация, эссе, глоссарий
14. Мәдениет философиясының негіздері Ақпараттық қоғам концепциясы. Құндылықтардың жаңа жүйесі   презентация, глоссарий сканворд
15. Жаһандық мәселелер философиясы Коллоквиум
       

Эссе (үй жұмысы) – зерттеліп отырған тақырыптардың оқытушы ұсынған өзекті сұрақтары бойынша және оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып студенттің шығармашылық түрде, түпнұсқаларды міндетті түрде зерттеп, қысқа және өз бетімен, үйде орындайтын жазбаша материалы (3 бетке дейін). Эссе тақырыптары мен оны орындауға қажетті материалды университеттік Интернеттен алуға болады. Эсселер 3 аптаның соңында тапсырылуы тиіс.

Эссені бағалау тәртібі:

Ұсынылған тақырыптар бойынша түпнұсқаларды кеңінен зерттеп, тақырып мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, белгілі бір түсінікке ие болу жоғары – 5 балл.

Тақырыпты өз бетінше қорыту, түсіну бар, бірақ түпнұсқаларды зерттеу жеткіліксіз – 4>3 балл.

Тақырып үстіртін ашылған, өзіндік түсінік нашар, түпнұсқалар қолданылмаған – 2>1 балл.

Плагиат – 0 балл.

Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды және мұндай құбылыс жүйелі түрде қайталанған жағдайға эссе үшін берілетін жалпы балл төмендетіледі.

Эссе тақырыптары

1 үй жұмысы (эссе)

Оқытушының көмегімен өз бетінше орындауға екі тақырып ұсынылады.

1. Буддизм Үнді философиясының басқа ағымдары ерекшелігі неде?

2. Конфуций философиясының XX-ғасырдың ортасына дейін Қытай мемлекетінің негізгі идеологиясы қызметін атқаруының себебі неде деп ойлайсыз?

Методикалық ұсыныстар. Ұсынылған түпнұсқаны –“Дхаммапада” еңбегінен үзінділерді міндетті түрде оқып шығып, белгілі бір тарауларын талдаңыз. Буддизмнің қазіргі заманға деін маңызын жоймйуының себебі неде деп ойлайсыз? “Дхаммапада” еңбегіндегі негізгі ұғымдарды сараптаңыз.

3. Конфуций еңбектерінен ұсынылған үзінділерді міндетті түрде оқып щығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Конфуций философиясын қандаи философия деп атауға болады? Оның ілімінің қоғамдық маңызы қандай болды? Конфуций ілімі неліктен Қытай қоғамның ресми идеологиясы болды деп ойлайсыз?

Оқытушы университет Интернетінде орналастырылған материалға қосымша силлабуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,3 еңбектерді қолдануға болады.

№1 СОӨЖ 3-аптаның соңына-дейін тапсырылып болуы тиіс.

2 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: әл -Ғазали мен әл -Киндидің философиялық көзқарасының айырмашылықтары қандай?

Методикалық ұсыныстар. әл Ғазали мен әл Киндидің еңбектерін мұқият оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беруге талпыныңыз: бұл данышпандардың орта жақтары неде? Олар өмір сүрген дәуірді сипаттаңыз. Осы ойшылдар зерттеген негізгі мәселелері қандай? Қайсында діни, ал қайсында философиялық пайымдау басымырақ? әл Ғазали мен әл Кинди философиясы сізге қандай ой салды?

Оқытушы университет Интернетінде орналастырған материалға қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 9 еңбекті қолдануға болады.

№2 СОӨЖ 6-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

3 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: А.Шопенгауэр мен М.Хайдеггер философиясының ортақ жақтары мен айырмашылықтары неде?

Методикалық ұсыныстар. А.Шопенгауэр мен М.Хайдеггердің ұсынылып отырған екі еңбегін оқып щығыңыз. Мына сұрақтарды талдаңыз: А.Шопенгауэр өмір мен өлімді қалай түсінеді? М.Хайдеггердің пікірінше, гуманизм дегеніміз не? Олардың пікірлерімен келісетін-келіспейтін жақтарыңыз бар ма? Өз ойыңызды білдіріңіз?

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырған материалға силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 1,4 еңбектерді қолдануға болады.

№3 СОӨЖ 9-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

4 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың тұңғыш кәсіби философы аталуының себебі неде?

Методикалық ұсыныстар. Шәкәрімнің ұсынылып отырған “Үш анық еңбегін” оқып шығыңыз. Еңбекте зерттелетін регізгі мәселелер қандай? Оның философиялық көзқарасын қай бағытқа жатқызар едіңіз?

Үш анық деп Шәкәрім нені атайды? “Шәкәрім – қазақтың тұңғыш кәсіби философы” деген пікірмен келісесіз бе?

Оқытушы Интранетте орналастырылған материалға қосымша силлабуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,2,3, қосымша 4,7 еңбектерді қолданыңыз.

№4 СОӨЖ 12-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

5 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: Ортега-и-Гассет “Бұқараның көтерілісі” еңбегінде техника философиясының қандай мәселелерін талқылайды?

Методикалық ұсыныстар: Ортега-и-Гассерттің ұсынылып отырған “Бұқараның көтерілісі” (“Восстание масс”) еңбегін оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: техника философиясының пайда болу себептері қандай? Техника және адам мәселесі қазіргі заманда неге өзекті? Техника мен тұлға арсындағы қайшылықты қалай шешуге болатындығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырылған материалға қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен негізгі 3, қосымша 2 еңбекті қолдануға болады.

№5 СӨЖ 14-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

Наши рекомендации