Аристотельдің бірінші физикасы
Аристотель «бірінші физика» деп табиғат заңдылықтарын, нақтылы жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылымының ар жағында жатқан Дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды түсінеді. Антика заманының ойшысы Андроник Родосский сондықтан оған «метафизика»деген атак қойған болатын. Бүл ұғымның «бақытты тағдыры» болып, осы уақытқа шейін жетіп, философияда кеңінен колданылады.
Аристотель Дүниенін алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар - материя және бітім, форма. Материя бітімсіз, бітім материясыз емір сүре алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идеясыз өмір сүре алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де материясыз болмыста жоқ деген пікірге келеді. Тек бір-біріне косылып қана олар заттың шынайы болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізін құрайтын материя және форма арқылы өмір сүретін жеке заттар ғана.
Сонымен Дүниенің алғашқы негіздері материя мен форма болатын болса, олар қалайша бір-бірімен қосылып нақтылы заттарды тудырады? Бұл сұрақты шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар «мүмкіндік». Бұл ұғымдарды ол материя және формамен тығыз ұштастырады. Материя тек белгілі бір заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал формаға келетін болсақ, ол - шынайылық. Сондықтан форма материяны мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Мысалы, кірпіш - саздың формасы, сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі, ал саз - кірпіштің мүмкіндігі. Сәби - болашақ ересек адамның мүмкіндігі. Сонымен қайсыбір Дүниеге келу -мүмкіндіктің шындыққа айналуында. Жоқтан еш нәрсе пайда болмайды. қайсыбір козғалыстың қайнар көзі Дүниенің сыртында емес, заттардың ішкі мүмкіндіктерінде.
Материалдық және формалдық себептерден басқа Аристотель әрекеттік және мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді. Расында, белгілі бір нәрсенің Дүниеге келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске асады. Ал Дүниеге келген зат не үшін келді деген сұрақ заттың мақсатқа лайықтылық себебін көрсетеді. Оны Аристотель энтелехия (еntеіесһіа - бітімге келген, кемеліне келген, грек сөзі) деген ұғым арқылы көрсетеді.
Енді соңғы үлкен мәселе, оны қазақ дүниетанымы тұрғысынан қойсақ, бұл жалған Дүниенің неге барлық жағы тең емес, оймен сәйкес келмейді? Аристотель бұл мәселені материя категориясы арқылы шешеді. Материя - енжар, кертартпа зат, сондықтан формамен қосылған кезде табиғаттың қажеттілігі, кездейсоқтық пайда болады. Сондықтан бұл Дүниеде еш нәрсе мақсатқа лайыкты дамығанымен, өзінің ішкі энтелехиясына толығынан сәйкес келмейді.
Дүние, өмір және адам мәселелері
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылай «ай астындағы Дүниеге», яғни оның натурфилософиялық көзқарастарына келер болсақ, онда бұл Дүниенің бұрынғы философтар айтқан төрт стихиясына қайтадан ораламыз.
Аристотель алғашқы материя қанша енжар, сапасыз, сансыз т.с.с. болғанымен, дегенмен оның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Ал олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы Дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны тудырады: жылы мен құрғақ - отты, жылы мен дымқыл - ауаны, суық пен дымқыл — суды, суық пен құрғақ — жерді.
Ал аспанды алар болсақ, — ол кұдіретті Эфирден — квинтэссенциядан (бесінші мән) тұрады.
От пен ауа жеңілірек болғаннан кейін, Дүниенің шекарасына, ал жер мен су ортасына қарай жылжиды. Сондықтан оттың жалыны, жылы ауа жоғарыға көтеріліп кетеді, ал су төменге қарай ағады, ауаға лақтырылған жер қайтадан төменге түседі.
«Ай астындағы Дүние» осы төрт стихиядан құралады. Егер Демокрит, я болмаса Анаксагор заттарды ұсақ бөлшектердің бір-бірімен араласуының негізінде пайда болады десе, Аристотель олар бір-бірімен сіңісіп кетеді деген пікір айтады, яғни затты біртұтас нәрсе ретінде оның құрамдас бөлшектеріне теңеуге болмайтынын көрсетеді.
Сонымен дүниеге келген заттардың формасы болғаннан кейін олар өзінің ішкі мақсатына лайықты өзгеріске, қозғалысқа түседі. Аристотель қозғалыстың төрт түрін көрсетеді:
Пайда болу мен кұру.
Сапалық өзгерістер, яғни заттардың қасиеттерінің өзгеруі.
Сандық өзгерістер, яғни заттың үлкеюі мен кішірейуі.
Орын ауыстыру.
Бірінші қозғалыс түріне келер болсақ, бірдеңе дүниеге белгілі бір мүмкіндіктің іске асуы арқылы келеді. Олай болса, пайда болу дегеніміз бір нәрсенің құруына, кұру басқа бір нәрсенің Дүниеге келуіне әкеледі.
Қозғалыс белгілі бір кеңістікті талап етеді және уақыттың шеңберінде болады. Аристотель кеңістікті заттың алатын орны ретінде түсінеді, ол Демокриттің көзқарасына бүл мәселе бойынша қарсы келеді.
Уакыт - қозғалыстың саны. Санды есептейтін адамның жан дүниесі ғана. Олай болса, ол - жан дүниенің қасиеті ғана. Шын дүниеде тек қозғалыс қана бар.
Енді тіршілік әлеміне келер болсак, Аристотель оған материя және форма тұрғысынан қарайды. Тірінің денесі материядан тұрса, жаны формадан тұрады. Тіршіліктің жаны оның ішкі энтеле-хиясынан қүрайды да, белгілі бір мақсатка лайықты етіп қозғалтып дамытады.
Дүниедегі тіршілік негізінен үшке бөлінгеннен кейін, Аристотель жанды да үшке бөледі:
Өсіп-өнетін жан (өсімдіктер әлеміне тән). ; Сезінетінжан(жануарларәлеміне тән).
Ойлайтын жан (адамдарға тән).
Адамның орны тіршілік әлемінде - ерекше. Ол - ақыл-ойдың иесі. Сондықтан оның жан дүниесі, дене құрылымы да өзгеше. Ол тік жүреді, еңбек етіп, сөйлей алады т.с.с. Адам түйсіктері арқылы заттардың формасын кабылдай алады, барлық түйсіктер бір-бірімен байланысқа түсіп, затты біртұтас құбылыс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Адам ақыл-ой арқылы сезімдік кейіптерді қабылдап, шығармашылық жолмен игереді. Олай болса, ол қабылдайтын ақыл-ойға және шығармашылық ақыл-ойға бөлінеді. Соңғыны Аристотель «әрекетті ақыл-ой» дейді. Оның қайнар көзі - «форманың формасы» - Құдайда.
Көп адамдар өмірдің мәнін ләззат алумен теңестіреді. Ол, шынына келгенде, - құлдың арманы;
Екіншілер сый-сияпатқа бөленіп, даңқты армандайды, олардың бәрі де басқа біреулердің ықпалымен байланысты, бүгін бар, ертең жоқ;
Үшіншілер байлық қуып шаршайды, бүл соңғы - ең мәнсіз, өйткені ол - табиғатқа қайшы келетін нәрсе, өйткені байлық басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, мақсат ретінде оның ешқандай мағнасы жоқ, - дейді Аристотель.
Адамның барлық іс-әрекетінің мақсаты — рақатқа жету. Адам ақыл-ойдың иесі болғаннан кейін, әрине, рақаттың ең биік түрі -Дүниені ақыл-оймен шолу. Бірақ адам тірі пенде болғаннан кейін, ең алдымен емір сүру керек, ол үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қажет.
Әрине, кедейлік, ене бойы керекті нәрселердің жетіспеушілігі, ауру, бақытсыздық т.с.с. адамды рақаттан алыстатады. Егер бай болсаң, калағаныңның бәрі қол астыңда болса, денсаулығың, күш-қуатың мол болса, онда өзіңді бақытты сезінесің. Бірак ол рақатқа жақьшдатқанымен, оның өзі емес.
Рақатқа жетудің негізгі жолы ол - арете(arete - грек сөзі, ізгілік, ішкі салмактылық). Сонымен рақат дегеніміз - ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, яғни ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, ол туа бітпеген, оған үйрену керек.
Әңгіме біржактылықтан аулақ болып, әр нәрсе, іс-әрекет, жүріс-тұрыстың ортаңғы жолынтабуда. Оған ақыл-оймен тоқу аркылы жетуге болады. Мысалы, кеңпейілдік -- даңғойлық пен жансауғалаудың екі ортасында; ерлік ессіз батылдык пен қорқақтықтың ортасында; мырзалық - шашып-төгу мен сараңдықтың ортасында т.с.с. Сонымен еш нәрсе «өте» болмауы керек.
Аристотель ізгіліктің екі түрін көрсетеді: біріншісі дианоэтикалық,екіншісі - этикалық.Біріншіге жету үшін адам жаксы білім алып, оны өмірдегі тәжірибемен ұштастыруы керек. Этикалық кұндылықтар әдет-ғұрып арқылы беріледі (еіһоs - әдет). Дианоэтикалық құндылықтарға ақыл-оймен жетсек, этикалык қүндылықтарға іс-әрекет, жүріс-тұрыс арқылы жетеміз. Батыл болу үшін батыл іс-әрекеттер жасау керек, әділетті болу үшін әділеттілік жолымен жүру керек т.с.с.
Соңғы құндылық Аристотельді әсіресе қызықтырады. Оған біз де тоқтаңқырайык, өйткені бүгінгі өтпелі заманда әділеттік деген сөзді біз тіпті ұмытып кеткен сияқтымыз, ал өткен кеңес заманында әділеттілікті саясатта адамдарды кедейліктің негізінде теңеуге әкеліп тіреген болатын.
Аристотельдің айтуынша, әділеттілік, бір жағынан, адамдарды теңеу арқылы, ал екінші жағынан, игіліктерді әр адамның, қоғамдағы алатын орны арқылы бөлу керектігінен шығарады.
Әділеттік мәселесі бізді мемлекетке тікелей жеткізеді. Аристотель адамды «гооп роіііісоп» - саяси жануар ретінде анықтайды, өйткені адам жануарлар сияқты жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Мемлекет сондықтан адамдардың бірігіп өмір сүруінің жолында пайда болған қажетті кұбылыс.
Аристотель мемлекет мэселесін жекеменшікпен және еріктілікпен ұштастырады, құлдар мемлекеттің азаматы бола алмайды.
Егер Платон жекеменшік жойылу керек деген болса, Аристотель, керісінше, онын қажеттігін көрсетеді: «Жекеменшіктің көп пайдалылығын айтпағанның өзінде-ақ, - дейді ойшыл, - бір нәрсенің иесі болу адамға түсінбейтін ләззат сезімін әкеледі. Сонымен қатар байлықтың иесі мырза болып, қарапайым хапыққа, кемтарларға көмектесіп, оларды колдап отыруы қажет, басқа жағдайда коғам тұрақтылығынан айырылып қалып, мемлекетке қауіп төнуі мүмкін». Соңғы мәселеге көп көңіл бөліп, ойшыл ел тұрақты болуы үшін оның негізгі халқы орта дәрежедеөмір сүруі керектігін айтады. XX ғасырда әлеуметтік философияда бұл «орта таптың теориясына» айналды. Аристотельше ойласақ, бүгінгі тандағы біздің қоғамның құрыльшындағы орта топтың әлсіздігі, кедейлер мен байлардың айырмашылығының шектен шығуы коғамның тұрақтылығына теріс әсерін тигізіп жатыр.
Аристотель өз заманының саяси тарихын зерттеп, мемлекеттің басқару формаларының заңды түрде алмасып отыратыньш байқайды. Мемлекетте де ол форманың белсенділігін, өзінің философиясына сәйкес көрсеткісі келеді.
Мемлекеттің басқару формалары билікті ұстап отырған адамдардың санына қарай бөлінеді, ал оның өзі байлықтың көлемімен тығыз байланысты. Екінші жағынан, билік басындағы отырған адамдардың мақсаты қандай: халықтың мүддесін, я болмаса өздерінікін корғаумен байланыстырады.
Осы екі тұрғыдан Аристотель басқарудың үш дұрыс түрін, үш бұрыс формаларын ашады.
Дұрыс түрлері: монархия (mоnоз - бір, аrсһе - билік) - бір адамның билігі, аристократия (аrіstоn - ең жақсы, асыл) - аз ақсүйектердің бірігіп басқарған билігі, полития (роlіs - қала) - ерікті адамдардың байлығына қарай байланысты құрылатын үкімет билігі.
Бұрыс биліктерге келер болсақ, монархия, қандай жақсы билеу түрі болса да бірте-бірте тиранияға - бір адамның зорлығына, заңсыз басқаруына әкелуі мүмкін.
Аристократия да жүре келе бір-бірімен сыбайлас болып қыз алысып-берісіп, халыққа қызмет етпей, олигархияға ауысуы ғажап емес.
Полития да бірте-бірте демократияға ауысып (Аристотель демократия ұғымын қазіргі мағынасынан гөрі басқаша қарайды), кез келген надан адамның кеудесін қағып «мен басқарамын» деген пиғылын туғызып, мемлекеттің билігіне олардың келуін тудырады (қазіргі өтпелі қоғамдағы кейбір сайлаулар кезіндегі үрдістерге ұқсас).
Сонымен Аристотельдің біршама әлеуметтік-саяси көзқарастары бүгінгі таңға дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның көтерген көп мәселелері болашақ дәуірлердегі ғалымдарға рухани азық болып, олардың шығармашылық шабытын оятты.