Дәріс 9. Қазіргі заман философиясы
ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. Осы өзгерістер қоғамның әлеуметтік және рухани саласында да көрініс тапты. Философияда ескі мәселелермен айналысумен қатар, заман талабына сай оларға жаңаша қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады. Ол ілімдердің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді және классикалық философия үлгісінен оның айырмашылығына көңіл аударады.
Қазіргі заман философиясының ерекше сипаты және белгілері:
1. «Практицизм» - дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы.
2. «Эволюционизм» - табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеясының кең таралуы.
3. «Релятивизм» - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік) идеясының көп орын алуы.
ХХ ғасыр философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға болады. Біріншісі - сциентизм (лат scientia–ғылым), екіншісі – антисциентизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар: сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада - психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-ойға сенім білдіреді. Антисциентизм керісінше, ақыл-ойға және ғылымға сенбейді.
Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады дейді:
- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–ақылға салу, дәлелдеу;
- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.
Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін) құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды.
Позитивизмнің үшінші түрі - неопозитивизм. Қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Оның өкілдері: «Вена үйірмесінің» философтары: М. Шлик – негізін қалаушы, оның ізбасарлары Р. Карнап, О. Нейрат, Б. Рассел (1872-70 жж.); Львов – Варшава мектебінің өкілі Тарский Альфред (1902-84 жж.). Олар философияның күрделі әрі маңызды әдістемелік мәселелерін шешуде, өздерінің нақты үлестерін қосты. Неопозитивизмнің басты идеясы: философия ғылым тілі - логиканы талдап, жетілдірумен шұғылдануы керек. Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс(1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.
Герменевтика(грекше germenututios- түсіндіру). Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании - Түсіндірме туралы) атауынан-ақ көреміз. Бұл ілімнің мақсаты, мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып саналады. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған Реформация кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың қазіргі замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф. Шлейермахер, бұл ілімді ары қарай дамытқан және оған зор әсер еткен ойшылдар: В. Дильтей, Г. Зиммель, Э. Гуссерль, М. Шеллер, Э. Бетти, Г. Гадамер, М. Ландман, Г. Рикер, М. Хайдеггер.
Структурализм - (лат structura - құрылым) объектінің тұрақты байланыстарының жиынтығын қамтитын құрылым ұғымына негізделінеді. Онда кезкелген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, құрылымның сақталатынын мойындау жатыр. Структурализм “адам-субъект” және оның бостандығы деген қазіргі кезде тарап кеткен гуманистік түсініктерге қарсы шықты. Неопозитивизм методологиясының орнына постпозитивизм ағымы 60-70 жылдары дамыды. Ол ғылыми білімді бірін-бірі алмастырған теориялар арқылы өсетін, жинақталып өзгеретін деп санап, логикалық позитивизмнің кей сұрақтарынан алшақтап кетті. Өкілдері: К. Поппер (1902-1994),Томас Кун Сэмюэл (1922), Лакатос Имре (1922-74).
Постпозитивизмнің пайда болуы К. Поппердің «Ғылыми жаңалық ашу логикасы» және Т. Кунның «Структура научных революций» деген еңбектерімен байланысты. Рационализм ағымы өкілдерінің түсінігі бойынша, ғалымның мінез-құлқының ерекше қағидасы: олар өздерінің ғылыми болжам (гипотеза) қорытындысының жалған болуынан еш уақытта қорықпауы керек. Неофрейдизм─ Фрейд ілімі негізінде философиялық ағым ретінде пайда болды. Бұл ілімді жалғастырушылар оның шәкірттері: ─ Альберт Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм болды.
Юнг Карл Густав (1875-1961 жж.) – Швейцария психологі, мәдениеттанушы, «аналитикалық психологияны» жасаушы, негізін қалаушы. Фрейдтің жақын жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды. Ол: «психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге болмайды»- дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, «Ұжымдық санасыздықтың» терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер («бастапқы» психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені қабылдау мен ой елегінен өткізуге априорилық әзірлікті қамтамасыз етеді. Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық, материалдық қатынастардың қалыптасу қағидасын реттеуші болады. Феноменология - батысеуропалық ХХ ғасыр философиясының жетекші ағымдарының бірі .Оның негізін қалаушы ─ Эдмунд Гуссерль (1859-1938жж). Феноменологияның пайда болуына Декарт, Лейбниц, Беркли, Кант пен Марбург мектебінің ілімдері ықпал жасады, оған Вильгельм Дильтей де өз үлесін қосты. Феноменологияның орталық мәселесі ─ сананы болмыстың ерекше өңірі ретінде қарау. ХХ ғасырда Батыс философиясының белгілі бағыты ─ экзистенциализм болды. Оның негізін дат теологі, әрі философы С. Кьеркегор (1813-1855) жасады. Ол рационалдық философияны реализмді мүлде жоққа шығаратын абстракциялығы және адамға деген салқындығы үшін айыптады. Олар тек бір жалпылықты - рухты, материяны, құдайды, прогресті немесе дерексіз ақиқат мәселелерін қарастырады, ол философиядағы негізгі мәселе - адам екенін ұмытып кетті деді. Постструктурализм -ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында дамыған әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі структурализмнің «екінші толқынын» сынау мен қиындығын жеңу барысында қалыптасқан плюралистік бағыт. Структурализмдегі бинарлық (екі бөлімнен, екі компонентен тұру) және иерархиалық түсініктер постструктурализм мен постмодернизмде қандай болмасын бірлікке негізделінбеген көпттік ұғыммен ауыстырылады. Ол Ж.Делез бен Ф. Гваттридің «Кафке» (1974) еңбегінде енгізілген «Ризома» терминінде анық көрінеді. Ризома (гр.rihiza –тамыр) тармақталынған тамырлық жүйенің көптеген «түйінін» білдіреді. Олардың пікірінше «ризома» нақтылықты бейнелеуде құрылым ұғымынан гөрі қолайлы және жеке элементтердің қатал иерархиясын жояды. Постструктурализмнің негізгі ерекшелігі –децентрация, деконструкция, мәдениет тілін дискурсивтік талдауды мәдениет кеңістігінде мәтін мен мәнмәтіннен тұратын таңба жүйесі ретінде түсіндіру. Ж.Деррида бойынша: «ешнәрсе мәтіннен тыс өмір сүрмейді». Ж.Деррида орталықтандыруды сынап, мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсіндіріп, «Өзіндік референция» еңбегінде оның өрісін кеңейтті. «Қанша парадоксальді болғанымен, орталық құрылымның ішінде және сыртында орналасқан орталық ─ орталық емес».М. Фуко постструктурализм мәселелерін қарастыруда, білімді әлеуметтік құрылымдау саласындағы зерттеулерінде өзінің «Сөздер мен заттар» еңбегінде көп үлес қосты. Еуропалық эпистемологияда (таным теориясы) ол үш эпистеманы (таным өрісі): қайта өрлеу, классикалық рационализм, қазіргі заман деп бөледі. Егер қайта өрлеуде тіл заттар ішіндегі зат ретінде болса, классикалық рационализмде ( модернизм) тіл ойды жеткізетін құрал, қазіргі замандағы эпистемада тіл дербес күшке айналады.Постструктализм өкілдері: Ж.Деррида, Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар, Ю. Кристева, М.Фуко – биліктің іске асу тәсілдерін анықтап оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыраңқылықты қарама–қарсы қоюды өз міндеттері деп таниды. «Постмодернизм»- «Қазіргі заман» ұғымына сай, модерннен кейін деген француз сөзі. Постмодернизм әдетте жаңа дәуірдегі рационализм мен ағартушылық философиясының мәселелеріне қарсы тұратын философия. Постмодернизм ұғымы француз философы Ж.Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің арқасында жоғарғы мәртебеге ие болды. Постмодернизм термині 1917-1920 жылдары архитектурадағы стиль ретінде, ал 1960 жылы терең түсіндірілу негізінде ғылыми айналысқа енді. Модерн мен постмодернизм арсындағы қайшылық көптеген пікірталастың тууына әкелді, оның ішінде әсіресе, Ю.Хабермас пен Ж-Ф. Лиотардың пікірталасы маңызды болды. Бұл пікірталасқа М.Фуко, Ж.Деррида мен Р.Рорти, т.б. қатысты. Қандай болғанда да олардың көбі ғылымның объективтілігі, мораль мен құқықтың әмбебаптылығы, өнердің автономиялығы, ғылыми прогресс, адамның азаттық ұраны ─ қанаудың әмбебаптық жүйесіне, адамның жатсынуына жеткізгенін мойындайды. Ж. Делез бен Ф.Гвартари қазіргі замандағы капитализм экономикасы мен өндіріс деңгейінде субъективтік тілек машинасын жасап, адамды, олардың құрылымдарын әлеуметтік винтиктеріне айландырғанын анықтады. Ж. Бодрийар өз еңбегінде қоғамдағы әлеуметтік кеңістіктегі жағдайды сипаттай отырып, оның ерекшелігінің дамуын «симулякр» және «симуляция» түсінігі арқылы көрсетеді. Симулякр дегеніміз көшірме немесе ұқсастық ( үйлестік), түпнұсқаны ығыстырып, түпнұсқадан маңызды болады. Симулякр қазіргі заман мәдениетінде үстемдік етеді, ал оның репрезентациясы кино, теледидар, аспаздық, көңіл көтерудің көмегі арқылы іске асырылады. Олардың шиеленісуі, әртүрлі әлемнің бір сәтте уақыт пен кеңістікте қосылуына әкеледі. Ол өзіндік сәйкестендіруді (самоидентификация) іздеу немесе тар шектелу локализация мәдениетіне жетелейді. Постмодернизм өкілдері: Р. Барт, Ж. Батай, Ж. Бодрийар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж-Ф Лиотар., Р. Рорти. Ал М.Фуко қойған диагнозды батыс елдерінің дамуы дәлелдеп отыр. Масс-медиада жасалған реалдық пен нақты қылмыс, саясат, жыныстық қатынастар, т.б. ажырамас күйге жетті. Шындықты ойдан шығарылғанымен және өмірдің өзінен туғанды «тек экрандылығымен» бөліп қарау мүмкін болмай қалды. Бір құбылысты көрсету сол құбылыстың өзінің негізіне айналды, тек сол кезде ғана ол өз болмысына ие болады, көрсетілмесе - жоққа тең. Бұл философиядағы түйінді ойлар, батыс еуропадағы индустриалық өркениеттің постиндустриалдыққа өтуінің салдары.
Негізгі әдебиет:5(132-159),2(27-40),8(36-52),5(101-131)
Қосымша әдебиет:6(125-148),3(132-137),8(75-77)
Бақылау сұрақтары:
1.ХХ─ХХІ ғ. басындағы саяси-әлеуметтік шындық, рухани мәдениеттің ерекшеліктері және олардың философиядағы көрінісі.
2.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика, постпозитивизм.
3.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
4.Ïîñòìîäåðíèçì ôèëîñîôèÿñûíäàғû òүé³íä³ îéëàð.