Илософия қай елде пайда болды?

А) Еуропада.

В) Ежелгі Қытайда.

С) Ежелгі Үндістанда.

D) Ежелгі Грекияда.

Е) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде.

7. Философияның өзіндік ерекшелігі:

А) жеке білім

В) жинақталған білім

С) нақты білім

Д) практикалық білім

Е) қарапайым білім

8. Дүниеге көзқарастың анықтамасы:

A) дүниені танып-білуді білдіретін көзқарастардың жиынтығы

B) адамгершілік принциптерінің жүйесі

С) қоғам туралы білімдердің жиынтығы

Д) адамның дүниеде алатын орнына деген көзқарастардың жүйесі

E) дүниеге діни көзқарас

9. Бар дүниені бір принциптік негізде түсіндіру:

A) дуализм

B) экзистенционализм

С) монизм

Д) геосаясат

E) реализм

10. Философияның негізгі сұрағын екі жақтан шешу ол:

А. Онтологиялық және гносеологиялық жақтан

В. Дуализм, деизм жақтан

С. Эмпиризм, рационализм жақтан

D. Идеализм, материализм жақтан

E. Сенсуализм, релятивизм жақтан

дәріс.

илософия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:

Ø Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;

Ø ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;

Ø ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.

Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:

Ø даосизм;

Ø конфуцийшілдік;

Ø легизм.

Онша көп таралмаған ілімдер:

Ø моизм;

Ø натурфилософия;

Ø номинализм.

Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:

Ø чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);

Ø неодаосизм;

Ø неоконфуцийшілдік.

ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:

Ø христиандық діни философия;

Ø марксизм;

Ø еуропаның көрнекті философтарының идеялары;

Ø американдық прагматизм философиясы.

§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:

Ø өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;

Ø жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;

Ø жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;

Ø адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;

Ø сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;

Ø жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;

Ø табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;

Ø еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);

Ø жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;

Ø қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;

Ø қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;

Ø өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)

Ø о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;

Ø ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.

ІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.

Буддизм- Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.

Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.

Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау.

"Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.

Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқаттыайқындайды:

ü бұл дүние қасіретке толы;

ü қасіреттің өз себептері бар- байлық, құмарлық, атақ, даңқ, өмір ләззаты, т.б;

ü қасіреттен арылуға, құтылуға болады;

ü қасіреттен құтылудың жолы бар- ол пендешіліктен арылу, нұрлану, Нирвана.

Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:

ü дұрыс көзқарас- буддизм негіздерін және өмірдегі өз жолыңды түсіну;

ü дұрыс ойлау- адам өмірі оның ойлауына тәуелді, ойың өзгерсе өміріңде өзгереді;

ü дұрыс сөйлеу- айтқан сөзің жаныңа, мінезіңе әсер етеді;

ü дұрыс іс-әрекет- келісімді өмір сүр, зұлымдық, жамандыққа барма;

ü дұрыс өмір сүру- буддалық өсиеттерді әрқашан бұлжытпай сақтау;

ü дұрыс ыждақат- ынталы болу, еңбек етуді сүю;

ü дұрыс зерделеу- дұрыс ойлаудан туындайтын әдептілік;

ü дұрыс зейін қою- медитацияға бой ұру, ғарышпен байланысу.

Буддизмнің бес өсиет-бағдары:

ü өлтірме;

ü ұрлама;

ü пәк болу;

ü өтірік айтпа, жалған сөйлеме;

ü зиянды заттарды пайдаланба.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:: Доасизм,легизм, конфуцийшілдік, моизм, у-вей, цзин, веда, упанишада, астика, настика, буддизм, жайнизм, веданта т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қытайдың көне заманнан келе жатқан ұлттық философиялық ілімдері:

А. Эмпиризм, рационализм, мистицизм

В. Скептицизм, неоплотонизм, эклектизм

С. Гностицизм, догматизм, неотомизм

D. Даосизм, конфуцийшілдік, легизм

E. Материализм, идеализм, агностицизм

2. Қытай философиясының дәстүрі бойынша адамды үш ғарыштық энергияның ұйыған түрінен пайда болды дейді, олар:

А. Цзин, ци, шэнъ

В. Ян, инь, ли

С. Тай-цзы, син-чун, мин-чун

D. Пань-Гу, мин-чун, син-чун

Е. Дао, дэ, у-вэй

3. Даосизмдегі «табиғилық» принципін ұстану дегеніміз:

А. Өз Меніңнің қажеттілігіне еру

В. Сыртқы әлемді сыртқы жаққа қарай өзгерту

С. Жақыныңа деген махаббат принципін жүзеге асыру

D. Құдайға сену

Е. Дао-табиғат заңына еру

3. Дао түсінігі:

А) Күн.

В) Уақыт.

С) Махаббат.

D) Жол.

Е) Өмір.

онфуций шығармасы:.

А) Чочун-юн.

В) Дао-сюэ.

С) Лунь-юй

D) Мэн-цзы.

Е) Ли- цзы.

5. Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші:

А) Упанишадтар.

В) Архамастра .

С) Араньяктар.

D) Ригведалар.

Е) Ведалар.

7. Үндістандағы арнайы жаттығуларды талап еткен ілім:

A) миманса

B) санкхья

С) веда

Д) йога

E) вайшешика

8. Үнді философиясындағы «ортаңғы жол» идеясы:

А) джайнизм

В) даосизм

С) Легистер

Д) буддизм

Е) моизм

9. Үнді философиясындағы мектепттер:

А) милет пен элей

В) астика мен настика

С) пифагоршылдар мен атомисттер

Д) софисттер мектебі

Е) бадендік мектебі

10. Әлемдік негізгі дінге жатады:

А. Синтоизм, индуизм, иудаизм

В. Зороастризм, шынайы провославиялық шіркеу, брахманизм

С. Тотемизм, фетешизм, анимизм

D. Буддизм, христиандық, ислам

E. Даосизм, католицизм, анимизм

ріс.

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, Кіші Азия грек полистеріндегі, Жеророта теңізі, Қара теңіз жағалауы мен Қырымдағы, Азия мен Африкадағы эллиндік мемлекеттердегі, Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының, философтарының ілімін айтады. (Кейде Ежелгі Грек пен Ежелгі Рим философиясын "антикалық философия " деп те атайды).

Антикалық философия өз дамуында төрт кезеңнен өтті:

ü демократиялық - ( б.з.д. VII-V ғ.ғ.);

ü классикалық (сократтық)- б.з.д.V ғ ортасы- б.з.д. IV ғ. аяғы;

ü эллиндік - б.з.д.IV ғ. - б.з.д.II ғ.;

ü римдік б.з.д. Iғ. - б.з.V ғ.

Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:

ü милет мектебі-"физиктер" (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен );

ü Гераклит Эфесстік;

ü элей (элеат) мектебі;

ü атомистер (Демокрит, Левкипп);

ü өзге де философтар.

"Сократқа дейінгілердің" айналысқан мәселелері: табиғат құбылыстарын, Ғарыш мәнін, қоршаған дүниені түсіну, алғашқы бастама, түпнегізді іздеу.

Классикалық (сократтық) кезең- Ежелгі Грек философиясының шарықтап дамыған кезі (Ежелгі грек полисінің гүлдену кезеңі).

Бұл кезеңнің ерекшелігі:

ü софистердің философиялық- ағартушылық қызметі;

ü Сократ философиясы,

ü "сократтық" мектептердің пайда болуы;

ü Платон философиясы;

ü Аристотель философиясы.

Сократтық (классикалық) кезең философтары да табиғат пен Ғарыш мәнін түсінуге ұмтылды, алайда олар философиямен "сократқа дейінгілерден" тереңірек айналысты:

ü алғашқы бастаманы іздеуге көп көңіл бөлмеді;

ü табиғат пен Ғарышты жаратуда, Құдай мен идеялардың қатысы бар болуын жоққа шығармады;

ü мәнділіктің пайда болуының идеалистік тұрғысы қалыптасты;

ü адам, қоғам, мемелекет мәселелері қызықтыра түсті;

ü форма мен материя арақатынасы анықтала бастады;

ü философияның уағыздау- догматикалық дәлелдеу әдісінен диалогтық - дәлелдеу әдісіне көшуі басталды;

ü формалды логика негізі қалана бастады;

ü практикалық философиялық- ағартушылық қызмет жүзеге асты (софистер мен Сократ).

Эллиндік кезең- (полистің дағдарысқа ұшырауы, Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі) философиясына тән белгілер:

ü киниктердің антиқоғами философиясының белес алуы;

ü философияның стоикалық бағытының пайда болуы;

ü "сократтық" философиялық мектептердің қызметі: Платон Академиясы, Аристотель Ликейі, кирендік (киренаиктер) мектебі және т.б.;

ü Эпикур философиясы және т.т;

Эллиндік философия ерекшеліктері:

ü антикалық мораль мен философиялық құндылықтардың дағдарысы;

ü құдайлар мен өзге де дүлей күштерді сыйлау және олардан қорқудың, үрейдің бәсеңдеуі;

ü бұрынғы өткен ғұламаларды терістеу, мемлекет пен оның институттарына немқұрайды қарау;

ü тән мен жан сүйенішін өзінен табу, іздеу;

ü шындықтан алшақтап, қиялға берілу;

ü дүниеге материалистік көзқарастың үстем болуы (Эпикур);

ü ең жоғарғы игілік - жеке адамның ләззаттануы мен бақыты деп ұғыну (тәндік-киренаиктер, моральдік - Эпикур).

Римдік кезеңнің атақты философтары:

ü Сенека;

ü Марк Аврелий (161-180 жылдары Рим императоры);

ü Тит Лукреций Кар;

ü соңғы стоиктер;

ü ерте христиандар.

Римдік кезең философиясына тән сипаттар:

ü ежелгі грек және ежелгі рим философиясының өзара ықпалы (ежелгі грек философиясы римдік мемлекеттіліктің шеңберінде дамып, оның ықпалында болды, сол сияқты ежелгі рим философиясы ежелгі грек философиялық дәстүр мен идеялардың жалғасы болып табылды);

ü ежелгі грек және ежелгі рим философиясының шын мәнінде бірігіп, антикалық философияға айналуы;

ü антикалық философияға жаулап алған елдердің (Шығыс, Солтүстік Африка және т.б.) философиялық дәстүрлері мен идеяларының ықпалы;

ü философияның, философтардың мемлекеттік институттарға жақындығы (Сенека рим императоры Неронды тәрбиеледі, Марк Аврелий өзі император болды);

ü қоршаған дүние, табиғат мәселелеріне көп көңіл бөлінбеді;

ü адам, қоғам және мемлекет мәселелеріне мейлінше көп көңіл бөлінді;

ü эстетиканың гүлденуі (оның пәні ойлау мен адам қылығы философиясы болды);

ü стоикалық философияның шарықтап дамуы; ең жоғары игілік пен өмір мәні тұлғаның рухани дамуы, білімпаздығы, өзін өзі ұстай білуі, бейқамдығы (атараксия, жабайрақаттылығы) болып танылды;

ü идеалистік көзқарастың материализмнен үстемдеу болуы;

ü қоршаған дүние құбылыстарын түсіндіруде құдайлардың пәрменіне жүгіну;

ü өлім мен о дүниелік өмір мәселесіне көңіл бөле бастау;

ü философияға ерте христиандық идеялар ықпалының өсуі;

ü антикалық және христиандық философиялардың біртіндеп қосылуы, олардың ортағасырлық теологиялық философияға айнала бастауы.

Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:

ü бұл философияның гүлденуінің материалдық негізі полистердің экономикалық (қалалық, сауда-кәсіптік орталықтар) дамуы болды;

ü ежелгі грек философтары материалдық өндіріс процесінен қол үзіп, дербес қауымдыққа айналды; ой еңбегі мен дене еңбегі бөліне бастады;

ü ғарышкінділік (космоцентризм) идеясы өзекті мәселеге айналды;

ü философия дамуының соңғы кезеңінде ғарышкінділік идеясы мен антропокінділік (антропоцентризм) идеясы араласып, біріге бастады;

ü құдайлардың болуы күмән туғызбады;

ü ежелгі грек құдайлары табиғаттың бір бөлігі болып саналып, адамға жақын болды;

ü адам қоршаған дүниеден бөлінбей, табиғат бөлігі болып ұғынылды;

ü философиядағы екі бағыт қалыптасы-"Платон бағыты" және "Демокрит бағыты"

Атомистер -материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер - "атомдар" деп білді.

Атомистердің негізгі өкілдері - Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460ж.)

Демокритілімінің негізгі қағидалары:

ü барлық материалдық дүние атомдардан тұрады;

ü атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең, барабар;

ü атомдар мәңгі қозғалыста болады, атомдар айналымы да бар;

ü атомдар арасында қуыспен толтырылған кеңістік бар;

ü атомдарда сапалық қасиет болмайды, олардың иісі, түсі, дыбысы жоқ, олар бір-біріне өзгермейді;

ü атомдар ішінде ешқандай да қозғалыс болмайды;

ü атомдар шар тәрізді, бұрышты, қармақ, зәкір және т.б. формада болады.

СОФИСТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ СОКРАТ.

Софистер б.з.д. V- IV ғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен бірге педагогика, шешендік өнер, яғни практикалық қызмет те атқарды. "Софистер"- грекшеден аударғанда "даналық ұстаздары" дегенді білдіреді.

Софистерді екі топқа бөледі:

ü аға софистер (б.з.д. V ғ.)-Протогор, Горгий, Гиппий, Продик, Антифонт, Критий;

ü кіші софистер - Ликофрон, Алкидамант, Трассимах.

Софистерге тән сипаттар:

ü дүниедегі шындыққа сыни көзқараспен қарау;

ü бәрін практика жүзінде қадағалау, кез келген ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық дәлелдеу;

ü ескі, дәстүрлі өркениет құндылықтарын қабылдамау;

ü дәлелденбеген ескі ереже, қағидалар, дәстүрлерді терістеу;

ü мемлекет пен құқықтың шарттылығын, кемшіліктерін дәлелдеуге ұмтылды;

ü ақиқаттың, білімнің салыстырмалылығы туралы ойды шегіне жеткізу;

ü мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы шын деп, шындықты жалған деп айтыста қарсыласын жеңу;

ü пікір айтуда шегіне жеткен субъективизм, әрі релятивизм.

Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) -адамзаттың бірінші ұстазы, Платон шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған. Оның әкесі Никомах-Македония патшасы Аминта III-тің қарамағындағы дәрігер болған. Ғылыми әдебиетте Аристотельдің көптеген лақап аттары кездеседі: Стагирит- туған қаласының кұрметіне, Никомах -әкесінің құрметіне, Перипатетик - мектебінің құрметіне сай аталған. Аристотельдің философиялық баянды қызметін үш кезеңге бөлуге болады:

ü б.з.д. 367-347 ж.ж. (20 жыл)-17 жасынан бастап Платон Академиясында (Платон қайтыс болғанша) қызмет етті;

ü б.з.д. 347-335 ж.ж. (12 жыл)-патша Филипптің шақыруымен Пелле-Македония мемлекеттінің астанасында өмір сүрді; Александр Македонскийді тәрбиеледі;

ü б.з.д. 335-322 ж.ж. (13 жыл) - өзінің философиялық мектебі - Ликейді (перипатетикалық) құрды. Осында өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Аристотельдің атақты шығармалары: "Органон" - оның құрамында-"Категориялар"; "Түсіндірмелер"(пікірлер), "Аналитикалар"-тұжырым туралы ілім (силлогизмдер), дәлелдеме туралы ілім; "Топика"- ықтималды дәлелдемелер және диалектика туралы, "Софистикалық дәлелдемелерді жалғандау"; "Метафизика", "Физика", "Аспан туралы", "Жануарлардың түрлері", "Жан туралы", "Никомах этикасы", "Риторика", "Саясат", "Афиндік полития", "Поэтика" және т.б.

Аристотель әмбебап ғұлама-логиканың, философияның, психологияның, биологияның, саяси экономияның, этика, эстетика, өнер теориясының және т.б. көптеген ғылымдардың негізін салды.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Космоцентристік дүниетаным тән кезең:

А. Жаңа заманға

В. Ортағасырға

С. Қайта өрлеу

D. Антика кезеңіне

Е. Ағартушылық

2.Әйгілі «апорийлердің» авторы, Ежелгі грек ойшылы:

А. Фалес

В. Парменид

С. Пифагор

D. Демокрит

Е. Зенон

3. «Біз бір өзенге кіреміз де, кірмейміз де, біз солмыз және сол емеспіз» деген пікірдің авторы, ежелгі грек философы:

А.Гераклит

В.Зенон

С. Парменид

D.Анаксиманд

Е.Анаксимен

4. Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы:

А. Білім, таным

В. Бөлінбейтін, мәңгі

С. Пайда болу

D. Еркін қозғалыс

Е. Басқарылатын

5. Фалес бойынша әлемнің бастамасы:

А. От

В. Ауа

С. Су

D. Жер

Е. Апейрон

6. Ауаны алғашқы бастама ретінде қарастырған философ:

А. Анаксогор

В. Фалес

С. Гераклит

D. Анаксимен

Е. Анаксимандр

7. «Платон маған дос. Бірақ ақиқат қымбат» пікірінің авторы:

А. Сократ

В. Гераклит

С. Эпикур

D. Пифагор

Е. Аристотель

8. Демокрит бойынша болмыс негізі:

А.Атом

В.Су

С.Апейрон

D.Жер

Е.От

9. Отты барлық әлемнің бастамасы ретінде қарастырған философ:

А. Аристотель

В. Гераклит

С. Фалес

D. Парменид

Е. Демокрит

10. Барлық тіршілік негізі-апейрон деп қарсатырған философ:

А. Фалес

В. Анаксимен

С. Анаксимандр

D. Гераклит

Е. Эмпидокл

ріс №4.

Ортағасырлық (батысеуропалық және араб-мұсылмандық) мәдениетіндегі философияның мәртебесі және функциялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

ü Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;

ü Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты Құдай жаратты, Құдай философиялық ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);

ü Креационизм-Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;

ü Провиденциализм-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;

ü ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;

ü философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуы;

ü мән мен тіршілік, ерік пен парасат, сенім мен білім арақатынасы;

ü жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды;

ü Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталды;

ü Құдайға құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу (жан мен тән) идеясы дәріптелді;

ü адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды (арылу идеясы);

ü дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады.

Жаратылу догматы:

ü Құдай дүниені жоқтан жаратты;

ü дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;

ü дүние Құдайдың құдіретімен тұр;

ü табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;

ü Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;

ü Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;

ü нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;

ü Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;

ü дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;

ü Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.

Аян догматы:

ü дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;

ü таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);

ü Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;

ü Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;

ü Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.

Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық(жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;

Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:

ü дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;

ü Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

ü дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;

ü бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;

ü дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

Патристика(лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады:

ü Апологетика (грек. апологемай-қорғаймын, ақтаймын)-II-IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

ü Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялықмәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

ü соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

ü ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

ü кемелденген схоластика (XIIIғ.);

ü соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

ü құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

ü білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

ü креационизм, провиденциализм;

ü пантеизм мен аввероизммен күрес;

ü сенімнің парасаттан үстемдігі;

ü жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

ü Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

ü Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

ü универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

ü олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

ü адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:Монотеизм, креционизм, провинденциализм, догматизм, патристика, апологетика, схолостика, реализм, номинализм, концептуализм, универсалий, томизм, суннизм, шиизм, суфизм, шығыстық перипатетизм т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Ортағасырға тән дүниетаным:

А. Космоцентризм

В. Гелеоцентризм

С. Антропоцентризм

D.Теоцентризм

Е. Натурфилософия

2. «Неге сенемін, соны танимын» пайымдауының авторы:

А.Фома Аквинский

В.Августин

С.Эриуген

D.Боэций

Е.Тертуллиан

3. Теоцентризм дүниетаным тән кезең:

А. Антика кезеңі

В. Жаңа заман

С. Ортағасыр

D. Қайта өрлеу дәуірі

Е. Ағартушылық кезең

4. Қазақстандағы суфизм философиясының өкілі:

А. Махмұд Қашқари

В. Аль-Фараби

С. Абай

D. Хайдар Дулати

Е. Қожа Ахмет Яссауи

5. «Сену үшін түсінемін» тезисінің авторы:

А. П.Абеляр

В. У.Оккам

С. Бонавентура

D. Эриуген Лаертцский

Е. Августин

6. «Суфизм» араб тілінен аударғанда мынаны білдіреді:

А. Мақта

В. Жүн

С. Алтын

D. Тас

Е. Мата

7. Ортағасырда бұл термин шынайы түрде тек қана жалпы ұғымдар немесе универсалийлер өмір сүреді деген ілімді білдіреді:

А. Дуализм

В. Материализм

С. Монизм

D. Реализм

Е. Номинализм

8. «Қос ақиқат» теориясының авторы:

А. Августин

В. Фома Аквинский

С. Авиценна

D. П.Абеляр

Е. Аверроэс

9. Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясындағы абсолюттік бастама:

А) Адам.

В) Космос.

С) Құдай.

D) Махаббат.

Е) Білім.

10. Құдайдың үштік сипатының мәні (тринитарлық мәселе):

А) Құдай-табиғаты, құдай-рухы, құдай-жаны.

В) Құдай-құдіреттілік, құдай-даналық, құдай-игілік.

С) Құдай-әке, құдай-ұл, құдай-рух.

D) Құдай-ғарыш, құдай-рух, құдай-жаратқан.

Е) Құдай-ақыл, құдай-сенім, құдай-рухы.

ріс № 5.

Ренессанс дәуіріндегі философия

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.

Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

ü еңбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капиталистік қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

ü сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

ü ұлы жағрапиялық жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

ü ғылыми-техникалық жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

ü ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

ü ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

ü Шіркеу мен схоластикалық философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.

Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

ü антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

ü мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

ü гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтай бастау;

ü антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

ü пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

ü аристотелизм, платонизм, стоикалық және Эпикурлық философиясы ойларының модификациясы;

ü дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

ü Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

ü индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

ü әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

ü философиялық ойлаудың антифеодалдық, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.

Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі бағыттары:

ü гуманистік;

ü неоплатондық;

ü натурфилософиялық;

ü реформациялық;

ü саяси;

ü социалистік- утопиялық.

Соңғы үш ағымды "әлеуметтік - саяси бағыттар" деп атауға болады.

Гуманистік бағыт ХІV ғ.-ХV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:

ü адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті;

ü антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;

ü ортағасырлық Құдаи, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;

ü антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;

ü гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жақын болды.

Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ақын жазушылар болды.

Данте Алигьери (1265-1321)- ортағасырдың соңғы және сонымен бірге Жаңа заманның бірінші ақыны. Шығармаларын италиян тілінде жазды. Атақты шығармалары: "Құдіретті комедия" (Тозақ, Арылу, Жұмақ), "Той", "Жаңа өмір". Өз шығармаларында Данте:

ü христиандықты дәріптеді, бірақ оның қайшылықтары мен догматтарын астарлы сынға алды;

ü адамды мадақтады;

ü адамды құдаи жаратылым деуден алшақтай берді;

ü адамды құдаи және табиғи бастамалардың гармониялық үйлесімдігі деп ұғыну;

ü адамның бақытты болашағына сенім, адам табиғатының ізгіліктігін дәріптеу.

Франческо Петрарка(1304-1374) - бірінші гуманист, жаңа еуропалық лириканы жасаушы. Шығармалары : "Өлеңдер кітабы", "Менің құпиям".

ü адам өмірге бір-ақ рет келеді, өмір - жайсаң;

ü адам Құдай үшін емес, өзі үшін өмір сүруі керек;

ü адам табиғи, әрі рухани тұрғыда еркін болуы тиіс;

ü адам өз-өзіне, өз күшіне сүйене отырып, бақытқа жете алады;

ü о дүниелік өмір жоқ, адам тек адамзат жадында мәңгілікте қалады;

ü адамның ішкі дүниесі мен сырт бейнесінің сұлулығының гармониясы.

Лоренцо Валла (1507-1557) - "Ақиқи игілік тұрғысындағы ләзаттану туралы" деген трактаттың авторы.

ü Шіркеуді терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады;

ü адам мүмкіншілігі мен парасатына сенді;

ü адам мәселесін жете зерттеді, оны әлем орталығы деп ұғынды;

ü әйел мен еркек теңдігін жақтады;

ü белсенді іс- әрекетке, күреске, дүниені өзгертуге шақырды;

ü аскетизмді терістеді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды ұғынды.

Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.

Неоплатонизмдік ағым негіздері:

ü мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;

ü дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;

ü адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;

ü бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.

Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:

ü Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;

ü "Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;

ü абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;

ü сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;

ü қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;

ü идея мен материя бір;

ü актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;

ü Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;

ü Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;

ü абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);

ü Құдаиадамилық, христиология идеялары.

Джованни Пико делла Мирандола (1463-1494) өзіне белгілі барлық діни және философиялық ілімдерді біріктіріп эклектикалық "900 тезистер" деген кітап жазды. "Гептапл" (жеті күндік жаратылу) деген де шығармасы болды.

Мирандола идеялары:

ü үш дүниенің иерархиясы: періштелік-аспандық-жердегі;

ü адамды қоршаған дүниеден бөле қарастырды (адам ғарыштың "төртінші дүниесі");

ü адамның еркіндікті таңдау мүмкіндігін мойындау;

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, гелиоцентризм, гоецентризм, реформация, утопиялық социализм т.б

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

Наши рекомендации