Оппозиция мүшесінің міндеттері
1. Ара салмақты қамтамасыз ету. Сіздің мақсатыңыз – екі кейс арасындағы айқын арасалмақты көрсету арқылы раундты ұсыну. Әлеуметтенген медицина мысалы бойынша ОМ қазіргі денсаулық сақтау мәселелері әлеуметтену жүргізгеннен кейінгі мәселелердің алдында болмашы ғана. Төрешінің Үкімет кейсін түсінгеніне көз жеткізу ОМ кейстің зияндылығын көрсетер алдында ол кейсті мақұлдау нені білдіретінін нақтылау керек. Төреші кейсті ПМ-дің ұсыну сөзінде жазып алған болар, бірақ әлеуметтенген денсаулық жүйесінің шын мәнінде не екенін түсінбеген шығар. Әрине, Үкімет әлеуметтенген медицинаны әрбір адамға медициналық қызмет көрсетудің жалғыз құралы деп сипаттаса, оппозицияның мақсаты - әлеуметтену денсаулық сақтауға үкіметтік бақылауға, медициналық мамандықтағы адамдарға стимулдың (ынтаның) жойылуына, үкіметтік бюрократизмнің шектен тыс өсуіне, яғни қаржының бекер жұмсалуына әкеліп соғатынын ашық түсіндіріп беру. ОЛ-нен алынған контрмақсатты көрсетіп, оны Үкіметтің мақсатымен салыстыру ОМ Үкімет жоспарының зардаптарын түсіндіргеннен кейін, жаңа белгілі бір топтарға бағытталған жоспарлардың төмен құнды, төмен тәуекелділікте бола тұрып, өте нәтижелі болатынын көрсетеді (контр-кейстің құрылымы туралы толық мәліметті ОЛК-нен қара).
2. Оппозиция философиясын айқындау. Егер ОЛ философияны ұсынса, өз сөзіңізді ОЛ пайымдауларынан өрбітіңіз. ОМ-де дайындалуға және сөйлеуге көбірек уақыт болғандықтан, оны (уақытты) оппозиция идеалдарына арнау керек. Естеріңізде болсын, ОМ – ерекше тұлға, ол басқа ойыншыларға қарағанда пікірсайысқа мүлде басқа жақтан келе алады. Егер ПМ ОЛ мен ҮМ атысты окопта отырып жүргізсе, ОМ майдан алаңы үстінде дүрбімен шалқып жүреді. ОЛ ұсынған базалық құрылым сақталса да, ОМ шулы пікірсайыста байқалмай қалған пунктерге жауап бере алады. Егер ОЛ философияны айтуды ұмытып кетсе (бірақ философия оппозицияда бүкіл уақыт бойы болды) – оны өз сөзіңіздің басыңызда келтіріп, оның Үкімет кейсіне не себепті қайшы екендігін атап өтіңіз. ОЛ-де философия болмаса, оны құрындар!
3. ҮМ сөзін сараптау. Кейсті ауыстыру: ПМК-нің ұсынған бастапқы кейсіне ҮМ-нің енгізген өзгерістерін іздеп отыру. Әрбір болмашы ғана ауыстыруларға назар аударып, пікірсайысты бастапқы кейске әкеліп отырыңыз (кейсті аустыру туралы толығырақ мәліметті ҮМК-нен қараңыз). Есіңізде болсын, Үкімет кейсіндегі кішкентай ғана ауыстырулардың арты үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. ҮМ-н бір сәт те демалдырмаңыз. Сіз де кейстің тұжырымдарына қараңыз және ҮМ мен ПМ-дің сөздерін салыстырыңыз. Қарама-қайшылықтар: ҮМ-і мен ПМ-дің арасындағы кез-келген қарама- қайшылықтарды іздеңіз. Үкіметке деген сенімнің аз екендігін ерекше атап өтіңіз. Мысалы сексуалды шектеулерді қорғайтын кейсте ПМ былай деп айтты: “Өзін- өзі ұстамды ету – жыныстық жолмен берілетін ауруларға тосқауыл қоя алатын жалғыз ғана шара.” Одан соң ҮМ өз сөзінде: “ Өзін-өзі ұстау біз іске асыратын нақты шара емес екенін ескеріп, абай болу мен сексуалды жауапкершілікті еңгізуіміз керек” – дейді. ОМ осыны іліп алып, оларға былай деп сұрақ қояды: “Сонымен олардың нақты ұстанатын көзқарастары қандай? Алғашқысы өзін-өзі ұстау (ұстанушылық ) – “жалғыз нақты шара” десе, келесісі бұл ойға қарсы келіп, ұстанушылыққа сенім жоқ деп айтады”. Одан соң ОМ Үкіметтің өзі не қорғап жатқанын білмей тұрса, оған қандай сенім болуы мүмкін екенін ерекше атап өте алады. Ұмытылып кеткен аргументтер (дәйектер): Төрешіге ҮМ жауап бермеген (не сізге қалдырған) пункттер шешім қабылдауға тірек болатынын көрсетіңіз. Есіңізде болсын, Үкімет де факто ПМК уақытында тікелей жауапқа ие болмаған тұстарды (моменттерді) сізге қалдырғанын ұмытпаңыз. Дегенмен, оппозицияның жауапсыз тастап кеткен дәйектері мен дәлелдері жеңісіне кепілдік бере алмайды (бұл Үкіметке де қатысты). Пікірсайыстың ең маңызды тұстарын қорытынды кезінде тек төреші ғана анықтай алады. Ең тиімді (және ең сирек) пункттер – ол ҮМ сізге тастап кеткен пункттер. Мысалы, ҮМ былай деп айтты: “Әлеуметтену кезіндегі денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты маңызды мәселелердің болуына қарамастан, біздің ойымызша бұл жоспар қазіргі денсаулық сақтау назарынан тыс қалғандарға көмектесу керек”. ОМ енді былай деп айтады: “ ҮМ “денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты бірнеше маңызды мәселелер бар” екендігін мойындайды және де бұл олардың жоспарының нәтижесінде де болады. Егер бұл шынымен солай болса, олар істі мойындайды, онда бар жүйені құртып оны одан да нашар жүйеге ауыстырудың не қажеті бар, өйткені біз бүгінгі проблемалаларды еркін және арзанырақ шеше аламыз? Төреші, менің ойымша, біз бұл сұраққа жауап бере аламыз”.
4. Оппозиция Лидерінің бастапқы пункттеріне оралу, жаңа дәйектер еңгізу. ОЛ ұсынған дәйектерді қайталап, ҮМ-нің оған берген жауаптарының логикалық қателерге негізделетінін көрсету. Жаңа мысалдар өте маңызды, себебі ескі өлеңді ешкім де естігісі келмейді. Жаңашыл да оригиналды мысалдар жақсырақ болар еді. Маккартизмге сілтеме, Петлермен байланысты бір мысал, не күнделікті метафораларды (бірақ кейде шаблонды мысал жоққа қарағанда жақсы) көп қолдана бермеген дұрыс болар. Әдетте, ең ұтымды мысалдар – өзіңіз ойлап тапқан шынайы гипотетикалық ситуациялар болуы мүмкін жағдайлардың ауызша моделдері т. с. с. Әлеуметтенген медицина ауқымында ҮМ ресурстар дефицитын көрсету үшін мынадай мысалды пайдалана алады: өз сәбиіне жедел түрде трансплантант қажет ететін ана оны 1 ай өз уақытын жіберіп күтуге міндетті емес. Осы арқылы ҮМ төрешіге ауру адамның тарапынан әлеуметтенген медицинаның қалай болатынын, яғни, бар жүйеге еш қатыссыз адамдар қандай зардаптарға ұшырайтынын ашып көрсетеді. ОМК – оппозицияның пікірсайысқа өзгеріс енгізуінің соңғы мүмкіндігі. Осыншама уақытқа ие бола отырып және ОЛ-нің адал көмекшісі болғандықтан, ОМ-де айтатын сөз көп болуы керек. Оң мен теріс жақтары бар тактикалар (“ОМ-н талқандау”) төменде ашылады.
5. Құлдыратушы труизмдерді тоқтату.Тәжірибенің нәтижесінде коллапсталған труизмдерді еңгіздіруді алдын алу жеңілдеу болады, бірақ нені іздеу керек және неге үңілу керектігін түсінуге көмектесетін арнайы кілттер бар. “Х проблемасы жаман”. Бұл пайымдау көп рет және мынадай формада қолданылады: үйсіздік жаман, нашақорлық жаман, дискриминация жаман, т. с. с. Көптеген жағдайда Үкімет командасы проблема мен проблеманы шешу арасындағы шекті жойып жіберуге тырысады. Ол кезде сараптама сөзінде ПМ былай дейді: Х проблемасы бұл жаман, Х проблемасы жаман болғандықтан, Үкіметке дауыс беріңіздер, себебі біз бұл мәселемен бір нәрсе істегіміз келеді, ал оппозиция жоқ.” Осындай логикадан шығудың ең жақсы жолы – Үкімет ұсынған жоспардан гөрі жақсы Х проблеманы шын мәнінде шешетін контрплан ұсыну (қараңыз “ОЛК контркейс”). Дегенмен бұл әрекет те толық нәтиже бере алмайды алмайды; себебі Үкімет ребатлда өзінің соңғы сөзін сөйлейді. Осылайша ОМ-не осындай аргументтің алдын алу, оны төрешіге түсіндіру, Үкімет міндеттерін қайта қарап, коллапсталған стратегияның әділ еместігін көрсету міндеті жүктеледі. Осының нәтижесінде оппозиция Үкіметтен найзағайды ұрлап алып, жаңбырдың астында қалуға қорықпайды. Идеалистік тұрғы. Коллапсталған труизмге бұл тұрғыны анықтау қиынырақ. Оның кілті пікір- сайысқа ұсынылған кейстің түрінде жатыр: идеалистік және пассивті, “ Сіз – сенатор Игрек. Сізге Бюджеттің балансталған өзгеруінен өту үшін заң жобасын ұсыну керек”. “ Сіз – колледж студентісіз. Сіз студенттердің азаматтық құқықтары атынан петицияны беруіңіз керек”. “ Сіз Америка үшін Білім беруді қарастыруыңыз керек”. Назар аударатын болсаңыз, бұл кейстердің ешқайсысы нақтылы іс-әрекетке шақырмайды және де Үкімет ребатл кезінде мұны пайдаға асырады: “ Біз тек қана Сіздің заң жобасын ұсыну арқылы өзіңіздің позицияңызға тұруыңызды қорғаймыз”. “ Петицияны ұсына отырып Сіз бұл мәселе туралы толғанатыныңызды көрсетесіз. Сізге азаматтық мойынсұнбау акцияларында қатыспаңыз деп ешкім айтпайды”. “ Америка үшін Білім беру ісін қарастыру біздің кейсіміздің мәнін құрайды. Бұған өзіңіздің өміріңіздің 2 жылын арнағыңыз келмесе, өзіңіз білесіз, бірақ таңдау жасауға міндеттісіз”. Коллапс труизмнің бұл түрімен күресудің ең тиімді тәсілі – ОЛК-де оның алдын алу (қараңыз “Қорғаныс, “Алдын алу соққысы””), Үкіметтің шынайы кейс ұсына алмауы, нақтылықтың жоқтығына өз ренішіңізді білдіру ( Конгресс Бюджеттің балансталған өзгерісін қабылдау керек; студенттер өз азаматтық құқықтары үшін шеруге шығу керек; Сіз өзіңіздің 2 жылыңызды “ Америкадағы Білім беру ісі” бағдарламасына арнауыңыз керек). Сонымен қатар ОМ кейсті коллапсқа әкелетін айқын емес формулировкаларды, нақтылы емес пайымдауларды қарастырып, бұларды пайдалану әділетсіз екендігін түсіндіріп, Үкіметтің атқаратын міндеттерін талқылап ашу керек. Басқа сөзбен айтқанда, ОМ коллапсты ПМ оны қолдануға қорқатындай етіп көрсетуі тиіс.
Оппозиция Мүшесін талқандау ( құлату)
ОМ-нің кейбір жағдайда қолданатын тактикасы- ОМК кезінде өте көп жаңа дәйектерді “ үю”. ОМ-нің үміті бойынша ребатл жасауға ( Үкімет кейсін талқылаумен ОМ-нің жаңа дәйектеріне жауап беру үшін) 5 минуты бар ПМ жаңа 8-10 дәйекке қысқа уақытта жауап беру жүгімен талқандалып бітеді. “ОМ-н құлату” тиімді болумен бірге қауіпті де болуы мүмкін. Раунд кезінде ОМ-нің ойына келген сараптаманың жаңа бірнеше пунктерін еңгізу жақсы да болар, бірақ оппозиция үшін оларды ОМК-де енгізу мен Үкіметке жауап беруге аз уақыт қалдыру мақсаты ұнамсыз (неэтичный) көрінер еді. Бұл айлалы тактикадан этикаға байланысты ғана емес, көптеген төрешілердің жоспарланған “құлатудың” қауіпін сезіп, ОЛК-де ұсынылған дәйектерге сенуден гөрі ОМК-де енген дәйектерге аз сенгендігі үшін мүмкіндігінше қашу керек. Одан басқа, “құлатуға” тап болған ПМ ұтылыс тапқан болып көрінуі және төреші тарапынан “кінәсіздік презумциясынан” ұтылып қалуы мүмкін. “ОМ-н құлатуға” қатысты тағы бір практикалық мәселе. Көптеген жағдайда 8-10 “тәуелсіз” дәйек (немесе кілтті моменттер) іс жүзінде 1-2 идеяның семантикалық түрлендірулері болып табылады. Алғыр ПМ бұл фактті байқап, ұсынылған пункттерді 2-3 базалық тақырыпшылар аясына жинақтап, өзінің ребатлында оларды «көптеп» терістеуге мүмкіндік алады. Бұл жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай (оппозиция мұны мүмкіндігінше болдырмауы керек), ОМ-нің төрешіні алдап жатқандай әсер қалдырады.
Ребатлдар
Пікірсайыстың соңғы 9 минуты әр тарапқа өз кейстерін нығайтуға мүмкіндік береді. Көптеген раундтар осы шешуші минуттарда жеңіп те жеңіліп те көрді – мықты ребатл тіпті құрдымға кеткен жағдайда да құтқарушы бола алады Мақсаттар ОЛ-нің мақсаты – Үкімет кейсін нақты жинақтап, оның негізгі кемшілігін көрсетіп беру, оппозиция кейсін нығайтып, ОЛК-де және ОМК-гі мәселелерді біріктіру. ОЛ-нің ребатлы ПМ-дің ребатлында Үкімет кейсін қалпына келтіруге тосқауыл қоятындай мықты болу керек. Оппозиция үшін Үкіметпен тең не сәл алда болу аздық етеді; ПМ-де оппозицияны жабу мүмкіндігі болады, өйткені пікірсайыстың түйінді сөзі алда. ПМ-дің мақсаты – ОМ ұсынған маңызды пункттерді талқандау үшін раундты ПМК-де көрсетілген іргелі құндылықтарға қайтару және де ОЛ-нің ребатлында ұсынылғандай қарсыластардың қорытынды позициясына тосқауыл қою. Көп жағдайда ребатлдағы ПМ міндеті – пікірсайыстағы ең қиын міндет, бірақ мұның өзінде ПМ-де қарсыластың талқанын шығаратын мықты сөзін дайындауы үшін 12 минуты бар. Сонымен қатар пікірсайыстың соңғы сөзі ПМ-дің еншісінде.
Жаңа аргументтер
Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмаса, ол сараптау сөзінде ұсыныла алмайды. Дегенмен, алдында ұсынылған сараптау аймағын кеңейту заңды болып есептеледі. Одан басқа, спикерлер қарсыластардың жауапсыз қалған пункттеріне ребатл кезінде негізінен жауап бере алмайды (бұл қағидадан бір-ақ ауытқушылық төменде). Яғни, ПМ мен ОЛ ескі дәйектерді нығайту үшін жаңа мысалдарды енгізе алады, бірақ жаңа дәйектер үшін ескі мысалдарды пайдалана алмайды. Мысалы: Дәйек: “ Авторитаризм басшылық – жанышталуға әкеліп соғады”. Алғашқы мысал: “ Ұлтшыл Германия” Ребатлда қолданыла алатын жаңа мысал: “ Сталиндік Ресей” Ребатлдағы енгізе алмайтын жаңа мысал: “Ұлтшыл Германияда болғандай басып-жаныштау экономиканың тұрақсыздығына әкеледі”. Егер ребатлдағы дәйек жаңа деп шешілсе, ол дәйек қаншалықты күшті әрі жарқын болса да алдында тұжырымдалмаған деген сөз. Жаңа дәйектерді табу – қарсылас топтың міндеті ( қараңыз төменде “Тәртіпті бұзу”). Бұл пункт қаншалықты жаңа және айқын болуына қарамастан төреші ребатлда жаңа пунктты бір дегеннен қабылдай алмайды. Ребатлда жаңа дәйек енгізуге болмайды деген қағидадан бір ауытқу (исключение) бар. ПМ ребатлы Үкіметтің ОМК-де айтылғанды терістеудің жалғыз мүмкіндігі болғандықтан, ПМ-ге бұл дәйектерге жауап қайтаруға рұқсат етіледі. ОЛК-де енгізген кейбір дәйектерді Үкімет байқамай қалса, бұл дәйектер тағы бір рет ОМК-де айтылса да, ребатлда оларға жауап қайтаруға рұқсат етілмейді.
Стратегия
«Жаппай соғыс - өліммен пара-пар» Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құлату тактикасына тап болған ПМ болсаңыз, онда сізге қарсыластардың ұсынған әрбір пунктіне жауап беру үшін 4-5 минут жеткіліксіз болады. Жаппай соғыс» әдісі Сіздің белгілі бір маңызды нәрсені байқамағандығыңыздан ұтылатыныңыздың кепілі болып табылады. Сіз бәріне жауап қайтаратыныңызға сенсеңіз де, мұны кеш жасағандықтан, (сіздің сөзіңіз сонғы сөз) сіз пікірсайысқа шатасулар енгізіп, негізгі мәселелерден тыс қаласыз. Ребатлды 3-4 негізгі мәселеге (мәселелер тобына) шоғырландыру керек. Осы 4 минутта айтылған нәрсе раундты қорытындылап, әр топтың позициялардың тұғырлық принциптерінің ара-қатынасын көрсету керек. Ребатлға дайындала отырып, ОЛ мен ПМ сөздеріне сауал қоюы тиіс: 1.Осы раундтың басты пункты қандай мәселе? Көп жағдайда осы пункт топтардың базалық құндылықтарының қақтығысы болып есептеледі – теңдік еркіндікке қарсы, шындық “жоғарғы игілікке” қарсы, отандағы міндеттер шетелдегі міндеттерге қарсы. Раундтардың көпшілігінде шын мәнінде мықты 2-3 дәйек ОМК-де пайда болады, бұл ОЛ ребатлында дамытылып, ПМ-дің ребатлында соққыға ұшырауы тиіс. 2.Қарсы топ нені жіберіп алды? Пікірсайыс талқыланған дәйектермен қарсыластар жіберіп алған мәселелерді түсіну үшін өзіңіздің флоушитіңізді тексеріп өтіңіз. Алғашқысын тағы да талқылау керек, ал екіншісіне қысқа және нұсқа төрешінің назарын аударту қажет. 3.Төрешінің сізді ұтылған топ деп шешуіне қандай себептер әсер етуі мүмкін? Бұл мәселе «басты пунктен» (1) өзгерек, себебі кейбір кездері жақсы пікірсайыс онша маңызды емес және еркін тоқтатылатын қателер мен жіберулердің кесірінен жеңіліс тауып жатады. Егер сіз ОЛ болсаңыз, ПМ өз ребатлында шабуыл жасау үшін қандай пункттерді қолданатынын алдын ала болжап, бұл дәйектерді қарсылас қолданар алдында талқандаңыз. Егер сіз ПМ болсаңыз, оппозиция тұрғысына тиімді қарсылық көрсету үшін ОМК мен ОЛС (сараптама) сөзінің шама-шарқының бағыттылығын мұқият байқап отырыңыз.
Ребатл техникасы
Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз.
Жинақтау
ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы,-олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, бұларға кейінірек күшті қарсылық білдіре аласыз.
2.Таңдама (выборка)
Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек.
Көптік жауаптар
Бұл әсіресе ПМС-де тиімді техника. Оппозиция кейсіне күмән тудыру үшін бірнеше дәйектерді “атқылауға” мүмкіндік береді. Оппозицияға жауап қайтару қалмағандықтан бұл мәселелер төрешінің ойында раундтың аяғына дейін қалады. Жоғарыдағы мысалды жалғастырайық. Оппозицияның негізгі дәйегі – бензинге 50 цент салық экономикаға кері әсер етеді. ПМ былай деп айтуы мүмкін: “Бұған менің 3 жауабым бар. Біріншіден, бұл дәйек өтірік, себебі ЖҰӨ-ді қысқартуды тоқтату Федералды Резервпен монетарлы саясатты өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дәйек тағы да өтірік, себебі тұтынушылар мен өндіріс автоиеленушілердің бірлесуі және жанармайдың тиімділігіне үлкен талпыныс арқылы бағалардың өсуіне дағдылана алады, аталған екі өзгеріс өте маңызды. Қорыта келгенде, оппозиция дәйегі қысқа мерзім үшін дұрыс болса да, өсетін ұлттық қарыз жүктейтін мемлекетке деген салмақ бұл салыққа қарағанда өте қауіпті. Оппозиция шындықты қабылдамайды, ал біз болсақ ұзақ мерзімдегі АҚШ экономикасының мықты болуы үшін әрекет етеміз”.
Шолу
Шолулар – жоғары дәрежедегі тақырыптар мен құндылықтар қақтығысын қамтамасыз ететін тәсіл. Әрбір кілтті мәселелерді, әрбір тараптың оларға қалай жауап бергенін (не жауап бере алмағанын) және де не себепті Сіздің тарапыңыз әрбір жағдайда басым түскендігін көрсетіп беріңіз. Раунд бойынша бекітілген мәнді тұстар мен басты факттарды қалпына келтіріңіз (яғни ПМК-нен кілтті бөлімдерді). Қақтығыс аймақтарынын раунд бойында текетіресті тудырған ерекше тұстарды көрсетіңіз. Екі жақтың көзқарасы тарапынан дәйектің пайда болуы мен дамуын қалпына келтіріп, мұның сіз үшін ұтымды жағын түсіндіріңіз. “Дәлелденген факттарды” талқылаңыз. Мысалы: “Құрметті төреші, біз АҚШ экономикасы ұзақ мерзімді болашағы таласқа түспейтін приоритет екенін дәлелдедік. Біздің көрсеткеніміздей, бензинге салынатын салық тұтынушылармен өндірісшілерді жанармай тиімділігін өсіруге итермелейді және федералды бюджетті қысқарту мақсатында Үкіметке қысым көрсетіледі.
5.Диохотомиялық
Бұл техника ребатл жасайтын адамға әлемнің тағдырын Үкімет жоспары мен оппозиция жоспары бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қақтығыс негізгі аймақтарын қызықты мәнерде көрсетудің ұтымды әрі қарапайым әдісі. Сізге керек пункттерді қамтитын 3-4 контраст пен қарсы тұруларды таңдаңыз. Мысалы: “ Үкімет жоспары бойынша АҚШ Үкіметі орта тап үшін тек тағы бір әділетсіз салықты қосады. Оппозиция жоспары бойынша бюджетті қысқарту арқылы біз салықтың көбейюінен құтылып қана қоймай, сонымен бірге дефицитті азайтамыз. Егер Үкімет ұсынысымен жүретін болсақ, онда онсыз да төмендеп бара жатқан стагнацияны жалғастырып асқындыра түседі. Оппозиция жоспары бойынша біз экономиканы ынталандырып, фискальды жауапкершілікті енгіземіз” Диохтомиялар мына формалар (қалыптар) арқасында ребатл тез арада құрылым мен тәртіпке келтіреді: “Олар Х істейді және Х-жаман. Біз У жасаймыз және У-жақсы, себебі Z”. Сонымен қатар, диохтомиялар қарсылас жоспарына іліккендей зұлымдықтар мен сіздің әділдік байрағыңыз әкелетін жердей жұмақтың тірі бейнесін көрсете алады.