ХҮІІІ ғ. соңы-ХІХғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
- Құқық пен мемлекет туралы И.Канттың ілімі
- Г.В.Ф.Гегель құқық пен мемлекет туралы
- Құқықтың тарихи мектебі (Г.Гуго, Ф.Савиньи, Г.Пухта)
Тапсырмалар:
- Семинар сабағы сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
- Канттың құқық және мемлекет туралы ілімі бойынша білім базасының логикалық схемасын құрастырыңыз
- Гегельдің құқық және мемлекет туралы ілімі бойынша білім базасының логикалық схемасын құрастырыңыз
Әдістемелік нұсқаулар:
ХҮІІІ ғ. соңы-ХІХғ. басындағы Германияның саяси және құқықтық ілімдерін оқып-зерттеуді осы тұста Германияда қалыптасқан тарихи және әлеуметтік –экономикалық жағдайды ұғынудан бастау керек. Елдегі таптық күрестің ерекшеліктерін және оның саяси-құқықтық идеологияда көрініс табуын түсіну шарт. Неміс буржуазиясында сатылы төңкерілістік қасиеттердің болмауы абстрактілі идеалдың болуына және қоршаған шындықты талдау барысында күрделі абстрактілі терминологияға әкеліп соқты.
Канттың саяси – құқықтық көзқарастарын түсіну үшін оның философиялық ойларын ұғыну қажет. Танушы субъектіге байланыссыз алынған шын өмір адамға белгісіз болып қалады, Кант терминологиясына сәйкес «өздік зат» деп аталады. Кант адам тәжірибесінен адам санасының шынайы өмір құбылыстары мәнін дұрыс бейнелеу қабілетіне дәлел таба алмады. Дегенмен табиғатпен қатар болмыстың ерекше түрі – ерікті әрекеттер дүниесі, яғни жақсылық немесе жамандық тұрғысынан бағалауға болатын адам бостандығы дүниесі болады. Ерікті, еркін әрекеттер дүниесінде табиғаттың табиғи заңдарынан ерекше заңдар – адамгершілік заңдары әрекет етеді. Канттың ойынша, адамгершілік заңдары әрбір саналы жан үшін міндеттілік күші болуы және оларды саналы жан түсінігінен шығару қажеттігі болды. Бұл моральдық заңдарды Кант «қатаң императив» деп атады. Қоданыстағы заңдарға қатысты олар «табиғи құқық» ретінде көрінді.
Канттың құқық түсінушілігі адам тұлғасына тән еркіндікпен байланысты екенін білу керек. Құқық бір жанның екіншіге қатысты бұзықтығын жалпы объективті еркіндік заңы көмегімен шектейтін белгілі бір шарттардың жиынтығы. Кант нақты жағдайда жеке тұлғаның еркіндігі адамгершілік бұзуы мүмкін екенін таныған. Осыдан мемлект және мемлекет ішінде әрекет ететін құқық тарапынан мәжбүр етудің қажеттілігі келіп шығады. Бірақ ол қатаң императив қағидасына сай болуы тиіс.
Этика мен құқықтан Кант мемлекетті қарастыруға көшеді. Кант мемлекетті құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың бірлігі ретінде түсінеді. Мемлекет жақсылығы құқықтың үстемдігі мен оны қорғаудан көрінеді. Осы ойлар Кантты «құқықтық мемелекет» концепциясының негізін салушы ретінде санауға мүмкіндік береді. Студент Канттың ұсынған халық егемендігі принципінің ерекшеліктерін білуге және оның буржуазиялық реформизмнің барынша ерте және типтік идиологі екенін түсінуі керек. Қорыта келгенде, Кант ұсынған «мәңгі дүние» тағайындау жобасы ерекшеліктерін түсіну керек.
Гегельдің саяси - құқықтық ілімін талдау барысында оның мемлекет пен құқықты «философиялық» түсіндіруге тырысатындығын есте ұстау керек. Ол мелекеттің, құқықтық жүйенің дамуы мен ауысуының нақты тарихи үрдісін зерттеу үшін қоғамдық болмыстың идеалды бастауы ретіндегі еркіндік пен саналыққа қозғалысты ашу керек деп санады. Қоғам мен қоғамдық қатынастарды талдауды Гегель қоғамдық байланыстың жәй түрін: өзге жандармен байланысты жеке тұлғаны қарастырудан бастайды. Бұл қатынастар негізделетін принциптерді: адамдардың теңдігі, жеке меншік, табиғатқа қатысты адам бостандығын жүзеге асыру, жеке еріктің шартта келістіру, бұзақылық үшін жаза – Гегель «абстрактілі құқық» деп атаған. Оны түсіндіру барысында Гегель «өзіндік құқық» және «құқық нысаны түріндегі емес құқық» терминдерін қолданады және аталмыш принциптердің өмір сүруі оны мемлекеттің тануына бағынышты емес деп санайды. Гегель философиялдық пен позитивтікті ажыратады.
Гегель «құқық» терминін үш мағынада қолданады: 1) құқық еркіндік ретінде («құқық идеясы»); 2) құқық еркіндіктің белгілі бір дәрежесі және нысаны ретінде («ерекше құқық»); 3) құқық заң ретінде ( «позитивтік құқық»). Гегельдің құқықтық ілімінде оны абстрактілі құқық концепциясы маңызды роль атқарады, меншік, шарт және өтірік мәселелерін көтереді. Абстрактілі құқық мәнін құқық негізінде жек тұлғананың еркіндігі жататындығымен сипатталады. Еркіндік жеке бұзықтықтың саналы өзін - өзі шектеуден көрінеді. «Адам бол және өзгелерді адам ретінде құрметте». Тұлға еркіндігін жеке меншік құқығында жүзеге асырылады. Адамдар ерікті тұлға ретінде тең болғандықтан, жеке меншікке де тең құқығы бар. Еркіндік пен құқықты гегельдік түсіну құлдық пен басыбайлыққа қарсы бағытталады. Жеке еркіндіктен ажырату әділетсіз және жойылуға тиісті.
Гегельдің азаматтық қоғам мен саяси мемлекетті ажырата қарауын және азаматтық қоғамды қарама-қайшылықтарға толы, барлығының бырлығымен соғыс ретінде қарауын білу керек. Гегель аса бай азаматтық қоғамның өзі аса кедейлікпен күресу үшін жеткіліксіз бай деп санаған. Сондай – ақ оның азаматтық қоғам ішіндегі әулетке жіктеуін білу қажет.
Гегельдің азаматтық қоғам мен мемлекет арақатынасы туралы ережелерін ұғыну шарт. Ол азаматтық қоғамның дамуы мемлекетті қажет етеді, оның көлемінде жанұя азаматтық қоғамға бастау болады деп санаған. Бұл идеялар идеалистік сипатта болған. Дегенмен де олар үлкен теоретикалық роль атқарған.
Мемлекет сана, еркіндік пен құқық, «ұлы адамгершілік ағза», «құдайдың дүниеге шеруі» ретінде қарастырылып жалпы мүддені білдіреді деп санаған. Гегельдің билікті жіктеу концепциясын ұғыну және оның саяси идеалы концитуциялық монархия болғандығын білу керек. Ол жартылай феодалдық режимнен буржуазиялық құрылымға бейбіт түрде көшуге мүмкіндік береді.
Қорытындысында Гегельдің халықаралық құқыққа көзқарасын ұғыну және ойшылдың «саналы шындық, шын саналы» деген ойын түсінген жөн.
Құқықтың тарихи мектебі идеяларын оқу барысында бұл мектептің құқық мазмұны туралы мәселені емес, ол қалай пайда болады, тарихы қандай деген сұрақтарға назар аударатындығын ескерген жөн. Бұл мектеп төңкерілістік сипаты болғандығы үшін табиғи құқықтық теорияны сынға алады. Құқықтың тарихи мектебінің рекциялық сипатын ескеру қажет. Дегенмен құқықтың тарихи мектебі құқықты заңды, дамушы құбылыс ретінде қарастырды және жемісті әдістемелік ережелері бар.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;61;62;106;128;136-148.