Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген

Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген (кәзіргі кезде ол - Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы). Әкесі Қазанған көптеген тамаша әншілер, ақындар мен күйшілер шыққан атақты Шаншар руының өкілі. Қазанғап та өнерден құр алақан болмаған, ол азды-көпті домбырада ойнаған, әсіресе ән мен күйді тыңдауды ұнататын.

Тәттімбеттің шешесі Ақбала да өнерге жақын болған, сондықтан баласын жастайынанмузыкаға баулуға тырысқан. Тәттімбетті, әсіресе, атасы Мөшеке еркелететін. Ол немересін кішкентай кезінен бастап әр-түрлі жиын-тойларға ертіп жүретін. Сондай жиын-тойларда Тәттімбет әншілер мен күйшілерді тыңдауды ұнататын.

Тәттімбеттің алғашқы ұстазы сол кездегі атақты домбырашы Әли болды. Бірақ атасы Мөшеке немересінің домбырашы болуын қаламады, сондықтан оны Алшынбай деген биге оқуға береді. Тәттімбет тез арада қазақтың дәстүрлі заңы мен шешендік өнерін меңгеріп алады. Жасына қарамастан әр-түрлі дау-дамайларды шешугеқатысады. Өзінің білімі мен тапқырылығының арқасында көптеген істерді әділ шешеді. Сол арқылы Тәттімбеттің есімі халық арасында әйгілі бола бастайды. Оны ең қиын, шиеленіскен істерді қарастыруға шақырады. Осындай жұмыстармен ел аралап жүріп көптеген домбырашылармен кездеседі, олардан тәлім-тәрбие алады, айтыс-тартыстарға қатысады, сол арқылы өзінің орындаушылық, күйшілік шеберлігін арттырады.

30 жасынан бастап Тәттімбет болыс қызметін атқара бастайды. Бұл туралы мәліметті 1845 жылы Тәттімбеттің ауылында болған Польша саяхатшысы, этнограф Адольф Янушкевичтің күнделік дәптерінен табуға болады. Тәттімбет осындай үлкен қызметте бола тұра музыкамен айналасуын тастамайды. Керісінше, атақты домбырашылармен кездесіп, олардан жаңа күйлер үйренеді, тәжірибе алмасады. Атақты Біржан салдың келесі өлеңі осындай кездесулердің бірінде шығуы әбден мүмкін:

Тәттімбет, Арғын асқан ардагерім,

Шығарған қырық күйін өрім-өрім,

Арқада одан асқан күйші бар ма,

Сусынын қандыратын туған елдің.

Тәттімбеттің әділеттілігін оның «Бес төре» күйінің шығу тарихынан байқауға болады. Аңыз бойынша, ол орта жүздің билерімен бірге сол кездегі Қазақстан астанасы Орынбор қаласына үлкен істі қарастыруға барады. Жолшыбайсеріктерінің жағымсыз қылықтарын көріп былай депті:

Күйдің аты «Бес төре»,

Бесуі де мес төре,

Санаң болса кеудеңде,

Жұмбағымды шеш төре.

Өз еліңе қасқырдай,

Неге мұнша өш төре?

19 ғасырдың 40-50 жылдары – Тәттімбеттің шығармашылығының шарықтау кезеңі. Осы кезде ол көптеп күйлер шығарады, сол арқылы өзінің жеке мәнерін қалыптастырады, орындаушылық мектебінің негізін салады.

1855 жылы Тәттімбеттің өмірінде ерекше оқиға болады – ол қазақ делегациясының құрамында орыс патшасы ІІ Александрдың таққа отыру рәсіміне қатысуға Петербор қаласына барады. Патша сарайында өзінің күйлерін орындайды, сол үшін ІІ Александрдың қолынан күміс медаль алады. Деректер бойынша бұл медаль осы күнге дейін Тәттімбеттің шөбересі, күйші Өзбек Кәбішевте сақталған.

Тәттімбет аз да болса жарқын өмір сүрді. Ол 1862 жылы 47 жасында қайтыс болады.

Тәттімбет туралы халық арасында көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде «Қос басар» күйінің шығу тарихы туралы айтылады. Аңыз бойынша, есімі бүкіл аймаққа әйгілі кісінің жеті баласы болыпты. Кенеттен, белгісіз бір аурудың себебінен ол барлық балаларынан айрылады. Қайғыдан құс болған әкесі бұл өмірден күдер үзіп төсек тартып жатып алады. Туған-туыстары оған қалай көмектесерін білмей, Тәттімбетті шақырады. Атақты күйші жағдайдың мән-жәйін естіген соң шалдың қасына келіп үндемей отырады да, 62 «Қос басар» күйлерін бірінен соң бірін тарта береді. Біраздан кейін шал күрсініп, дөңбекши бастайды. Тәттімбет күйлерін бітіріп, ойнын тоқтатқан кезде төсек тартып жатқан шал басын көтеріп: «Менім қайғым ең ауыр ма деп едім, өмірде одан да асқан қайғы болады екен. Ол туралы сенің күйлерің айтты. Кімсің сен?» депті. Сөйтіп ол өмірге қайта оралғандай болып, әрі қарай өмір сүруге бел байлапты.

Тәттімбеттің кейбір күйлері тартыс кезінде дүниеге келген. Келесі аңызда осындай оқиғалардың бірі баяндалады. Бір кезде жол жүріп келе жатқан Тәттімбет жалғыз тұрған үйге келіп түседі. Дем алып болған соң керегеде ілініп тұрған домбыраны алып тартып көреді. Ішегінің бұрауына қарап бұл үйде біреу домбырамен шынайы айналысатынын байқайды. Үй иесі домбырада қызы ойнайтынын айтады. Тәттімбет бір-екі күй орындап домбыраны шәй құйып отырған қызға ұстатады. Осылай екуінің арасында тартыс басталып кетеді. Олар бір біріне көптеген күйлерін орындайды. Ақырында қызды жеңе алмайтынына көзі жеткен күйші қулық әрекетке баруға мәжбүр болады. Ол етігін шешіп тастап, домбыраның ішегін оң аяғының башпайымен шертіп тағы бір күй орындайды. Бөтен адамның алдында аяғын аша алмаған қыз осыдан кейін ғана жеңілгенін мойындайды.

Келесі аңызда «Көкей кесті» күйінің шығу тарихы баяндалады. Тәттімбет өмірінің соңында бір ауруға душар болады – оның оң қолының саусақтары иілмей қалады. Осыны естіген ақсақалдар жан-жақтан келіп, оның көңілін аулауға тырысады. Бірақ өз жағдайын білген Тәттімбет бір нәрсеге ғана қынжылады, ол – өзінің шығармашылығында барлық ойларын жүзеге асырып үлгермегендігі. Кенеттен Тәттімбет домбыраны қолына алып тыңдармандарды таң қалдырады, әсіресе қайран қалдырғаны – оның оң қол қимылдары. Күйші саусақтары иілмегендіктен домбыра ішектерін тік саусақтарымен асытынан үстіне қарай қағып орындайды. Осы соңғы шығармасын ол «Көкей кесті» деп атаған екен.

Тәттімбеттің шығармашылығын соңынан ерген көптеген шәкірттері жалғастырған. Солардың ішінде кейін атақты болғандары: Тоқа, Саймақ, Баубек, Қыздарбек, Дайрабай, Әбді, Мақаш, Ақмолда және тағы басқалары. Тәттімбеттің күйлерін сақтап біздің заманымызға жеткізгендер - Мұсатай, Исатай, Шайхы, Өзбек, Зейнулла және екінші, үшінші буындағы шәкірттері: Ғаббас Айтбаев, Аққыз Ахметова, Бағаналы Саятөлеков, Абікен Хасенов, Мағауя Хамзин, Әпеке Әбенова, Жақсылық Омашев, Турысбек Тусіпбеков.

Тәттімбеттің күйлерінің жанрлық құрамы мен мазмұндық шеңбері өте ауқымды. Бұл тізімнің бір жағында «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Балбрауын» сияқты жеңіл, көңілді, жарқын күйлер тұрса, екінші жағын «Көкей кесті», «Қос басар», «Азамат Қожа» сияқты мұңлы, зарлы, қайғылы күйлер құрайды. Дегенмен, Тәттімбеттің шығармашылығында лирикалық күйлер басым, бұл күйлер әйелдер бейнесіне, табиғат көріністеріне арналған.

Кейбір күйлердің әсем, жарқын музыкасы ән әуендеріне негізделген. Бірақ бұл жерде күйдің түпнұсқасы ретінде нақты бір әнді атап көрсету қиын, өйткені бұл әуендер жалпылама түрде қолданылған. Ән әуендері аспапта орындау кезінде ең алдымен домбыра аспабының заңдылықтарына бағынады, сол арқылы олардың түпнұсқасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.

Тәттімбеттің күйлерін екі топқа бөлуге болады, олар бірі оң (кварта) бұрауында орындалатын күйлер болса («Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Сары жайляу», «Теріс қақпай», «Қос басар», «Өкше күй»), екіншісі теріс, яғни квинта бұрауында орындалатын күйлер («Боз айғыр», «Бес төре», «Алшағыр», «Сары қамыс» және т.б.). Кварта бұрауындағы күйлер шертіп ойнау тәсілімен орындалатындықтан жалғыз дауысты, үні жәй, байсаң, жұмсақ болып келеді. Квинталық күйлер, керісінше, төкпе тәсіліне жақын қағыстармен орындалады, сондықтан олар екі дауысты, жігерлі, екпінді болып келеді.

Сары жайлау

Қазақ ұлттық музыка мәдениетінің алтын қорын құрайтын «Сары жайлау» күйін шертпе дәстүрінің классикалық үлгісі деуге болады. Күй өзінің әсем әуенімен және құрылымының үйлесімділігімен Қазақстан жұртшылығын ғана емес, көптеген шетел тыңдармандарынқайран қалдырған. Атына сәйкес, оның музыкасы қазақтың кең байтақ Сарыарқа даласындағы көк майса жайылымдарын, айнадай әсем көлдері мен көркем сұлу тауларын суреттейді.

Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген - student2.ru
Күйдің музыкалық тақырыбы екі түрлі әуеннен құралған. Оның біріншісі жоғары дауыста жүрсе, екіншісі астыңғы «ре» ішегіде орналасқан.

Келесі бөлімдерде осы әуендер әр-түрлі өзгерістерге ұшырап қайталанып отырады. Соңғы бөлімде күйдің ырғағы өзінің еркін желісін кенеттен өзгертіп, бірыңғай төрттік үлестерге ауысады. Әуеннің еркін ырғағы оның ең соңғы қайталануында ғана қайтып оралады.

Сылқылдақ

Бұл Тәттімбеттің жарқын да жайдарлы, көңілді күйлерінің бірі. Зерттеушілердің пікірінше, бұл шығармада жастардың ойын-сауық құру кезі, сылқылдаған күлкісі көрінісін тапқан.

Күй бірнеше бөлімдерден тұрады. Бастапқы бөлімде негізгі әуен толық түрінде жүреді.

Келесі бөлімдерде бұл әуен әр-түрлі өзгерістерге ұшырап жеке-жеке бөлшектерімен көрсетіледі. Бара-бара музыканың дамуы өзінің шарықтау шегіне жетеді. Күйдің соңғы бөлімі шығарманың жалпы қорытындысы ретінде, «түйін сөзі» сияқты қабылданады.

«Сылқылдақ» – бір әуенге негізделген моноқұрылымдық шығарма. Осы құрылымға тән ерекшеліктердің бірі – күйдің барлық бөлімдерінде қолданылатын монокаданс.

Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген - student2.ru

Ос басар

Ел арасында «Қос басардың» 62 тарауы бар деген пікір бар. Олардың көбісі біздің заманымызға жетпей жоғалып кеткен. Кәзіргі кезде сол күйлердің алты нұсқасы ғана нотаға түскен. Төменде қарастыратынымыз–күйдің бұрыннан бері кең жұртшылыққа әйгілі, концерт сахналарында көп орындалатын, әсіресе халық аспаптар оркестрінде танымал болған нұсқасы.

Күй төкпе дәстүріндегі бас буынға ұқсайтын кварта-квинтадан тұратын кіріспеден басталады.Музыканың даму барысында бұл «бас буын» күйдің барлық бөлімдерінің арасында қайталанып отырады.

Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген - student2.ru «Ля-ми» дыбыстар аралығында басталатын негізгі әуен бара-бара өзінің шеңберін ұлғайтып екінші октавадағы «си» дыбысына дейін барып қайтады.

Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген - student2.ru

Күйдің ортаңғы және соңғы бөлімдерінде осы әуен әр-түрлі өзгерістерге ұшырап қайталанып отырады.

«Қос басар» күйі өзінің қарапайым құрылымына қарамастан терең мағыналы философиялық ойды білдіреді. Шығармада жеке адамның өмірдегі орны, мақсат-міндеті, о дүние мен бұл дүниенің қарым-қатынасы сияқты күрделі мәселелер қозғалады. Сондықтан күйдің жанрын толғау деп анықтауға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тәттімбеттің сері аталуы неліктен?

2. Күйшінің өмірбаяны.

3. Тәттімбет туралы аңыз-әңгімелер.

4. «Сары жайлау», «Сылқылдақ», «Қос басар» күйлеріне мінездеме бер.

5. Осы күйлерден үзінділер ойна.

Тақырып

Біржансал (1834-1897)

Мірі мен шығармашылық жолы. Тәттімбет 1815 жылы Қарқаралы өңіріне қарасты Мыржық тауының бөктерінде дүниеге келген - student2.ru

Біржан сал Қожағұлұлы– аса көрнекті әнші-композитор, ақын, Арқа әншілік дәстүрінің негізінқалаушы. Қазақтың сал-серілік өнеріне тән ерекшеліктердің бәрі Біржанның тұлғасына біткен, сондықтан ол халықтың құрметті «сал» атағына ие болған.

Наши рекомендации