Абайдың дінге көзқарасы 4 страница
69. Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы Ф.Энгельстің айтуынша, біз табиғатқа басқыншылардың жеңіліске ұшыраған халыққа жасайтын үстемдігіндей немесе табиғаттың сыртында тұрған әлдебір күш тәрізденіп өктемдік жасай алмаймыз, біз, керісінше, жан тәнімізбен, қанымызбен және миымызбен табиғатқа жатамыз, соның ішіндеміз. Бірақ туған күннен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім – тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық қасиеттері: ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат тілегі, мінез құлқы, моральдік бейнесі іштен өзімен өмір сүру барысында қалыптасады. Және де бұлардың бәрі оның денесінің, организмнің, миы мен жүрегінің, бес түрлі сезім мүшелері мен қол аяғының, т.б. мүшелерінің қызметінен тысқары бір бос қуыста емес, сол қызметтің қатысуымен «дененің өз юойында» туып дамиды.
70. Шығыс философиясына тән ерекшеліктері Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады. Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды. Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады. Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады. Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды. Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.
71 Диалектика заңдылықтар мәні.Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
72.Марксизм фил адамның мәні туралы Ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең қазіргі марксизм деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгелс капителизмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сл кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В.И. Ленин капитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар тұрды. Империализм кезінде капитализм қайшылықтары тереңдей түсті. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Оған дейін Реседе түрлі қайшылықтар шиеленісіп жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды. Ресей экономикасы алдынғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасауы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық револбцияның жетекші күші пролетарият болтыны айқын байқалды. Сондай ақ, ғасырдың аяғы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның қасиетті ішкі дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя оның жөніндегі бұрынғы ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы, кемістігі байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан мың есе кіші және қасиетті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы массасы ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Бұл материяның бұрын соңғы белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді.
73.Көне үнді фил.ның даму ерекшеліктері Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға немесе кастаға бөлінді. Олар брахмандар абыздар, әскербасылар, ауқатты шаруалар және құлдар. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ боладыда, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алады және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болады. Мысалы брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшадриларға әскери қызмет, вайшилерге ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: Самхит құдайларға арналған гимндер жинағы; Брахман Самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б; Араньянкта Орман кітабы Брахманға тән ритуалдардың орнына құдайлардың іштей сыйлау құрметтеу, олар туралы ойланып толғану туралы көзқарас; Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадта дәстүрлі варналарды бір басты тезисі брахман туралы, ғарыштың негізінле мәңгі мәңгілік брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса брахман бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі; ал екеуі қосылып, барлық денелердің, ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тіршілік иесі,әлемді жаратушы деп есептеледі.
74.ҚР. дамуындағы стратегиялық бағыттар Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етіледі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты жеті жарғы мыналар дейді елбасшы:1, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, басекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жекеменшік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.2, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз3 біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз4, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз5, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.Біз исламның,басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз6, біз қазақ халқының саңғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.7, біз өз елімізді халқаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.
75.Фил-ның негізгі функциялары.Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді.
76Неотомизм философиясы Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Ол негізінен католиктер шоғырланған Италияда, Францияда, Испанияда, Бельгияда, Германияда және кейбір Латын Америкасының елдерінде кеңінен тараған. Негізін салғандар: ХIII ғ. өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Г Марсель, В Соловьев, Н Бердяев т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адам жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды; бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені адамдар жаратушыны ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш. ойға келеді; ә) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін - құдай; б) барлық салдардың да сәйкестіктің де себебі - құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі – құдай, жамандық пен жақсылықты жасайтын – адамдар. Бірақ құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімдікті, ассимметрияны жасайтын кім? Өйткені ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.
77 Диалектикалық категориялар жүйесі Диалектика - даму процесі туралы жан-жанжақты терең мазмұнды ғылым ретінде, барлық заттар мен құбылыстардың өзара байланысты екендігі және олардың үнемі жаңғырып отыратындығы туралы ойлаудың зерттеу тәсілі. Бұл термин гректің «диалогемай» - пікір таластыру - деген сөзінен шыққан. Диалектикалық категориялар жүйесінің қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы – еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекетер барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысындағы баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны санасы мен ақылына тәуелді емес. Категориялар объективьті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымыШәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм жіне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазрып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әдәлет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.
79 Абайдың дінге көзқарасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, «нағыз» дін немесе райионалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Өз сөзімен айтқанда 13 қара сөзінде «алла табарака уатағаланың щәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына,... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек»
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жанөжануарларды, адамды, тіпті машина фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді, яғни дене өлгенімен жан өлмейді.