Стоицизм (стоя) философиясы

Стояфилософиясын (stоа - Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыкқан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен кұлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егербіздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.

Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуін, рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысын сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.

Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да, сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын» қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген кұмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету. Соңғы стоиктер оны даналық - София дейді.

Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол акымақ адам, өйткені ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін кұрайды.

Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру - керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек.

Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін.

Бірақ адамның өзіне қарамастан, сырткы қолайсыз жағдай адамның жан дүниесінің тьшыштығын бүзып, өне бойы зардап экеле берсе, ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл Дүниеден кетуі.

Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылык алғашқы оттан пайда болып, уакыты өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол — мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады..

Скептицизм

Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм. Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім, заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. Скептицизмге карсы тұрған ілім - ол догматизм (dоgmа -ілім), ғылымда ашылған белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде карау.

Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз келсе, онда бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әртүрлі философиялык ағымдар Дүниенің ең жалпы сұрақтарына өзінше жауап береді. Философиялық дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын тереңдете түседі...

Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм барлык дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатыньш теріске шығарған кезде ғана дүниеге келеді.

Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады», - дейді ол кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады.

Қазіргі таным теориясьшдағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі да белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.Скептицизм бағытының ірі тұлғасы - Пиррон(360-370 б.ғ.д.).Пиррон жазылған еш нәрсе калдырмаса керек. Ол өзінің ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, ия түрсіз деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оныңойынша, ақиқат жоқ, ал адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Затгар сезіммен де, ақыл-оймен де танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа жеткізбейді.Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.

«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық болып, денеге жылылык әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі баска құбылыстармен бірге кабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың колында».

Олай болса, адам еш нәрсенің ақикатын білмегеннен кейін, олар жөнінде ешқандай тұжырым жасаудан аулақ болуы керек.

Пиррон жөнінде мынандай аңыз қалған. Кемемен теңізде жүзіп келе жатканда үлкен толқындар пайда болып, адамдардың көңіл-күйі түсіп кетеді. Бірак Пиррон айналаға самаркаулыкпен қарап, адамдарға кемедегі тамақ күйсеп жатқан торайды көрсетіп: «Неге қорқасыңдар, осы торай сияқты еш нәрсеге алаңдамай, өздеріңді дана адамға ұқсас сиякты ұстамайсыңдар ма?» - деген екен.

Атақты орыс философы А.С.Богомолов: «Скептицизм адамдық дәрежеге сай емес, одан төмен тұрған ілім», - деген пікір айта-ды. Өйткені қауіп туғандағы корқыныш сезімі адамдыққа лайықты болмағанмен, қорыққан адам ең болмаса өзінің өміріне кауіп төніп тұрғанын біледі. Ал нағыз адамдык нәрсе - ол содан кейін барлық күш-жігерін жинап, сол кауіпке карсы тұру, осы күресте барлық өмірдегі алған тәжрибесін, білімін жұмсау болса керек. Богомоловтың бұл пікіріне толығынан косылуға болады.

Сонымен скептицизммен антикалық философия аяқталады. Грек философиясында ең алдымен оптимистік дүниетаным пайда болды. «Білемін және соған сәйкес әрекет етемін» деген қағида көне гректердің ең биік идеалы. Эпикурлықтар: «Білемін, сондықтан бас тартамын», - деді. «Білемін және оған көнемін», - деп стоиктер айтты. Ал Скептиктер: «Білмеймін, сондықтан калай болса солай өмір сүремін», - деп, көне грек ой-пікірін аяқтады. Ал мұның өзі Көне Заманның тарихи мүмкіншілігінің (кұл иеленушілік қоғамның) сарқылғанын, жаңа ой-өрісіне өрлеу керектігін қажет етті.

Бұл жаңа талапқа сай келген Орта Ғасырларда пайда болған тамаша философия діннің шеңберінде пайда болған сенім философиясы еді. Келесі тарауда соны талдауға көшеміз.

Наши рекомендации