Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 1 страница
КІРІСПЕ
Философия - ерекше ғылым. Оның мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі.
Философия – барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол - үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия пәні дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Философия – алдымен жалпылық ғылым. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені философия ғылымдардың басын біріктіретін, белгілі теорияға негіздейтін жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады, әрқайсысының дүниетанымдағы, оны өзгертудегі алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады. Осыған байланысты философия пәнін тарих мамандарына оқыту өте көп көңіл бөлінді.
Пәннің мақсаты:
Философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Пәннің міндеттері:
Философия басқа пәндер арасында тығыз байланысы бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені, философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылық-тарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философияның ғылыми маңызы өзіне керекті нәрді өмірдің өзінен алуында. Ол нәрді тудыратын - практика, нақты, нақты фактілерге негізделген ғылымдар. Сондай-ақ нақты ғылымдар үшін жалпы теориялық ғылым – философия қажет.
Сонымен қатар ұсынылып отырған лекциялық курс әлемдік философияның түрлі ағымдары, ұғым, терминдер, философиялық бағыттары мен мектептері, және маңызды философиялық еңбектер жөніндегі анықтамалар жан-жақты қамтылған. Бұл лекциялық курс негізінен күндізгі бөлімінің студенттеріне өте тиімді, маңызды және ыңғайлы болып табылады.
Бұл лекциялық курс Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес жазылған.
Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1.Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалып-тастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды. Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.
2.Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, яғни, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді. Жалпы, философия өте ертедегі көне Үндістанда, қытайда, Орта Азияда пайда болды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз болды.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпейді, ізденіске салды. Сөйтіп әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарлауы яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибесінің молаюы дүниге көзқарастық ұғымдарды молайта береді. Үсті-үстіне жаңа түсініктер мен ұғымдар пайда болып, дамып жатты. Айталық, материя, сана, кеңістік, қарама-қайшылық, т.с.с. ұғымдар туралы түсініктер дамып, тереңдетіліп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас диалектикалық бірлікте. Яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана нақтылықты жоятынын, қала берсе халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам - өте нашар адам» деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халқымыз «Білімді ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналды.
Сенім - дегеніміз көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ дүниеге көзқарастың қалыптасуы дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақ-ты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге діни көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, нақты ой философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығу барысында, яғни ертедегі Қытай Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңдегі экономика мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларында шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, ондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік бұқара қауым мұндай игілік пен құқықтан айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен біріге өндіргіш күш те жетілді. Осындай адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше адамдар арасында қарым-қатынас та, практикалық саяси тәуелділік те тұрақтанылды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғалынды. Қажетті күшке айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегін бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда философиялық көзқарас қалыптасты.
Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көз-қарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық дамыды. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болады.
Екіншіден, шындық пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал, күрес білімнен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды. Дүниеге философиялық көзқарас қалыптасты.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Философияның пән аралық байланысы қандай?
2. Не себепті философия ғылымдардың атасы деп аталды?
3. Мифтің мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз?
№2 Лекция сабағының тақырыбы:Көне Үнді және қытай философиясы
1. Сабақ жоспары:
1. Үнді философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
2. Көне Үнді филсофиясының ерекшелігі, негізгі философиялық ұғымдары.
3. Көне қытай философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
4. Қытай философиясының философиялық ұғымдары.
2. Сабақ мақсаты:
Үнді және қытай философиясының пайда болуы мен дүниетанымдық мәселелерімен және философиялық бағыттарымен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1.Философия туралы пікірлер көне дәуірде туындаған және әр сақта таралған. Философиялық әңгімелер тарихтың терең түбірінен нәр алады, әр заманда өз жалғасы мен түйінін тапты. Тылсым дүние мен өмірге деген жалпы әуесқойлық барысында философиялық әңгімелер жалпылама сипат алды және ұдайы жаңарып отырды. Философиялық толғаныстар қашанда болмасын мәңгі, өзекті және өтімді деген қағидалар қамтыды.
Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:
1) Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.
2) Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.
3) Вайшьилер (ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, саудагерлік тиген адамдар.
4) Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.
Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда (веда-білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
1. Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.
2. Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас.
4. Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея уағыздалады.
Упанишадтың басты тезисі – Брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Нағыз брахман - өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып, алдамай ой кешіп, атманды түсініп, білген адам.
2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар, санкхья және т.б.
Жайнизм.Жайнизм б.д.д. ІV ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасырларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда, 24 ұстаз (тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы – Махавира Джина(джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі «Сидханта» деген еңбекте ( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруінен) құтылу қажет. Материалды қабаттан құтылған жан ғана мокшаға (жанды қасіреттен азат ету мүмкіндігіне) жетеді, өзін құтқарады, тіпті толық жалғандықтан босануға икемделінеді, нирваналық күйге енеді. Жайнизмде материя дегеніміз жұқа қабаттан тұратын карма немесе кармаға жабысқан тұрпайы нәрселер. Осы тұрғыдан алғанда, дүние мәңгі, өзгермейтін екі нәрседен – дживадан ( жан, рухани бастама) және адживадан (тірі емес, жансыз, материалды бастама) тұрады. Әрбір жайнизм дживадағы, тіршілігі бар ортаға ұмтылады, өйткені ол – жетік, белсенді. Тұтас дүниеде джива карма арқылы (әділ жаза арқылы) адживамен (тіршілігі жоқ кеңістікпен) байланысады. Джива карма арқылы мәңгі, үздіксіз түрленеді, денелердің айналымын құрайды.
Жайнизмнің ұстаушының бірінші міндеті – карманың ағымын тоқтата алу, екіншісі – карманың қалдығын сарқу, одан арылу.
Жайнизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі – денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен тіршілігі жоқтардың біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды.