Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін мәселесі 4 страница
Әңгімемен көлемі, құрылысы, мазмұны, кейіпкерді танытуы жағынан ауылдас болғанымен, одан өзіндік бірер ерекшелігімен оқшауланатын шағын эпикалық жанрдың бірі новелла (итальян сөзі - поұеііа - жаңалық).
Новелла - бұл да әңгіме, бірақ, классикалық үлгідегі новеллада қалыпты әңгімеден өзгешелік бар, ол - оқиғаның қызу, ширақ дамуы әрі оның күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталуы. Гете тауып айтқандай, новелланың шынында да “адам естімеген әрі айрықша оқиға туралы шындыққа сай әңгіме” екені рас.
Жанрдың классикалық үлгілері Еуропа жэне орыс әдебиеттерінде көптеп кездеседі. Новелланың атасы дерлік Боккачодан (Қайта өрлеу дэуірі, ХІҮ ғасыр) бастап, Ги де Мопассан, А.П.Чехов, Эдгар По, Стефан Цвейг новеллист қаламгерлер ретінде әлемге эйгілі. Қазақ жазушыларынан бұл жанрда елеулі еңбек еткен Ғ.Мүсірепов. Оның ана туралы новеллалары (“Ашынған ана”, “Ананың анасы”, “Ананың арашасы”, “Ер ана”, “Ақлима”) төл әдебиетіміздегі осы жанрдың озық үлгілері санатында.
Поэма - эпикалық жанрдың орта көлемді түрі. Онда белгілі бір кезендегі өмір шындығы (ол тарихи шындық немесе автордың ойдан алған шындығы болуы мүмкін) мен адам тіршілігінің алуан сәттері, қоғам өміріндегі елеулі оқигалар суреттеледі. Туу, даму тарихы түрғысынан қарағанда поэманың әдебиетте қалыптасқан негізгі екі үлгісі бар. Оның біріншісі - түп негізі көне дүние әдебиетінде туып, жетілген гректердің халық эпосы (“Илиада” мен “Одиссея”) мен өзге халықтардың ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған дәстүрлі батырлар жыры, былиналар немесе эпостық поэмалар. Бүл үлгідегі батырлар жыры, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиетінде, сондай-ақ туысқан түркі халықтарының ауыз әдебиетінде молынан дамыған. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, қырғызда “Манас” жыры, т.б. Екіншісі - жазба әдебиетте кездесетін, өлеңмен жазылған, сюжетке құрылған көлемді шығармалар. Мэселен, Пушкиннің “Полтавасы”, Абайдың “Ескендірі”, т.б. сияқты. Поэмалар негізінен белгілі бір сюжетке құрылады, алайда, сюжетсіз поэмалар да болады.
Өмір шындығын бейнелеу, таныту әдісіне байланысты поэмалар романтикалық (Пушкиннің “Кавказ тұтқыны”, Мағауияның “Медғат-Қасымы”, Ақылбайдың “Дағыстаны”, Қ,Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, т.б.), реалистік (С.Сейфуллиннің “Көкшетауы”, І.Жансүгіровтің “Құлагері”, С.Мұқановтың “Сұлушашы”, т.б.) деп те бөлінеді. Поэмаларды тақырыбына қарай бөліп топтастыру да қалыптасқан дағды. Мәселен, тарихи тақырыптағы поэма, махаббат-сүйіспеншілік тақырыбындағы поэма, т.с.с.
Орта көлемді эпикалық түрге жататын повесть көлемі мен мазмұны, құрылысы жагынан өзгеше жанр. Мәселен, ол әңгіме мен новеллаға қарағанда анағүрлым көлемді, сондықтан оны ұзақ әңгіме деп те атайды. Повестің сөз болған жанрлардан көлемділіғі, құрылысының күрделілігі, кейіпкерлер санының айтарлықтай молдығы оның өмір шындығын қамту мен оны көркем танытудағы мүмкіндігінің молдығын белгілейді. Повесте өмір келбеті, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайлары бірер оқиға, санаулы сәттер көлемінде емес, уақыт пен адамның өмір белестерін кеңірек те тереңірек баяндау арқьшы танытылады.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” атты әйгілі еңбегінде “повесть дегеніміз ол да роман, бірақ оның көлемі кіші болады, повестің айырмасы мазмұнының көлемі мен мағынасында” (2) деп атап көрсетеді.
Повесть пен романның жанрлық айырмашылығын мазмұнға байланысты тану дұрыс десек те, көлемғе сәйкес ажыратуға ұмтылу шартты. Өйткені, аталған екі жанрдың кейбір туындыларын көп ретте көлем жағынан ажырату қиынға түседі әрі бұл дәл болмас та еді. Пушкиннің “Капитан қызы" повесі, мәселен, Лермонтовтың “Біздің заманымыздың геройы” романынан көлем жағынан үлкен, М.Горькийдің “Челкаш” атты әңгімесі көлемі тұрғысынан кез-келген повеспен нық тірестіре алады. Демек, жанрлардьщ аражігін ажыратуда шығарманың көлемі нық, дәл өлшем бола алмайды, ең басты өлшем-критерий суреттелген шындық арқылы танылатын мазмұн, көркем жинақтау мен типтендір\ деңгейі, баяндау мен суреттеу сипаты, композициялық бітім, т.б.
Сонымен повесте қандай жағдаят суреттелуі керек? Бұны Белинский сөзімен айтқанда төмендегідей: “Тіпті гасыр жасасаң да басыңнан өткере алмайтын, бірақ маңыздылығы соншалық, бір сәтге қаншама өмір белестерін көз алдыңа әкелетін бір оқиғалар, жағдаяттар болады ғой. Олар драмаға жетпейді, романға келмейді, повесть міне осындай оқиғаларды қамтып, оларды өзінің тар шеңберіне сиғызады” (3).
Повесте баяндалар оқиғалар негізінен бас кейіпкердің төңірегіне топтастырылып, оның болмыс- бітімін ашуға, характерінің қалыптасу белестерін көрсетуге бағытталады. Сюжет желісі де кейде екі бағытта өрбуі мүмкін. Мәселен, Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесінде негізгі сюжеттік желі Әбдірахман мен Шүғаның сүйіспеншілік жайларына құрылған десек, екі жастың бас еркіндігіне қарсы топтың іс-әрекеті екінші желіні қүрайды.
Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” повесінде бірнеше сюжеттік желілер бар. Оларда баяндалар әлеуметтік жағдаяттар Ұлпанға байланысты өрбіп, бәрі қосыла келе негізгі кейіпкердің характерінің алуан қырын ашуға бағытталған. Бойжеткен қыздан ел анасына айналған Ұлпанның бақытты. бақытсыз сәттері, оның әлеуметгік себептері терең ашылған. Тегінде повесте оқиғаны баяндауда хроникалық сипат мол көрінеді.
Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі - роман.
Роман қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің алуан жайларын - жекелеген сәттері мен тұтас ғұмырын кеңінен қамтып, оқиғалар дамуы барысында адамдар характерінің қалыптасуы мен дәуір шындығын жан-жақты ашып бейнелейтін жанр. Романның көлемінің молдығы, композиңиялық құрылысының күрделілігі, суреттеу-баяндау, бейнелеу құралдарының алуандығы, сюжетінің көпжелілігі оған осындай мүмкіндік береді.
Роман деп әуелде түрлі тақырып, алуан мазмұндағы роман тілінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті, кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған.
Романның жанрлық ерекшеліктері дегенде біз мынаны еске тұтуымыз керек: өмір шындығын кеңінен қамтитын ауқымдылық, композиңиялық күрделілігі, оқиғалардың, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың сан сала бағытга, бірнеше сюжеттік желілер құрап қатар дамуы, адам мен қоғам арасындағы, топ пен топ арасындағы күрделі қатынас, қақтығыстарды ұзақ кезең немесе адам өмірінің белгілі белестеріне орайластыра кеңінен әрі жан-жақты қамтып, өмір шындығының көрқем панорамасын бере алатындығы, жеке адамдар тағдыры, тартыс-талайы арқылы халық тағдыры, қоғамның әлеуметгік келбеті танылатындығы. Роман өмір құбылыстарын әр қырынан алып, оны түрлі адамдар тағдырлары арқылы бейнелеп қана қоймайды, ең бастысы сол суреттелген жағдаяттар мен оқиғалардың, адамдық қарым-қатынастардың әлеуметтік сырына да терең бойлап, оның мән- маңызын көркем ашып береді. Осы арқылы қоғам өмірінде орын алып отырған оңды құбылыстардың немесе толғағы жеткен басқа да проблемалардың жаршысы болады. Мәселен, қазақтың тұңғыш романы “Бақытсыз Жамалды” (авторы - Міржақып Дулатұлы) алайық. Романда сүйіскен екі жастың - Жамал мен Ғалидың тағдыры - басты тақырып, негізгі проблема десек те, осы екеуінің бас еркіндігі жолындағы іс-әрекетіне орайластырыла шығармада замана шыңдығы: ескі ауыл өміріндегі толып жатқан типтік жайлар, надандық әдет-салт, сайлау, жесір дауы, т.б. реалистік түрғыда көрінісін тапқан.
Роман құрылысы, өмірді қамтуы жэне суретгеуі жағынан күрделі әрі мүмкіндігі мол жанр болғандықтан, онда автор өмір-болмыстың бір өзекті проблема-тақырыбын ғана емес, бірнеше тақырыпты қатар қамтып, көтере алады. Былайша айтқанда романда негізгі, басты тақырыппен қатар бірнеше қосалқы тақырыптардың да болуы - бұл жанрдың ерекшелігі. Мәселен, “Қазақ солдаты” романында негізгі тақырып - Ұлы Отан соғысы десек, осы мәселемен тығыз байланысып жатқан қосалқы тақырыптар ретінде халықтар достығы, махаббат-сүйіспеншілік жайларының көтерілуін айтар едік. Негізгі, басты тақырып-проблеманың көркемдік шешімі көбіне-көп қосалқы тақырыптардың шешіміне, соларға қатысты адамдық, қоғамдық қарым-қатынастардын. жағдаяттардың бейнеленуіне тәуелді. Аталған романдағы жауынгерлер арасындағы шынайы достык-сыйластықтың, бейнеленуі, олардың әрқайсысының өз ұлтының асыл қасиеттерімен дараланып көрінуі көркемдік тұрғыда нанымсыз болса, олардың Отан қорғау жолындағы ерлік мінездері, патриотизмі де иланымсыз, солғын, әсерсіз болған болар еді.
Роман жанрының ең кемелді жоғары түрі - роман-эпопея. Шынтуайтқа келгенде бұл да роман, бірак. ол қалыпты романнан романдық ойлаудың, осы заманғы эпостың биік үлгісі ретінде көптеген ерекшеліктерімен ажыратылады. Ол қандай ерекшеліктер?
Роман-эпопеяда суреттеліп отырған дәуірдегі қоғам келбеті мен халық өмірі барынша көркем бейнеленуі қажет. Бұл айтқанымызға М.Әуезовтың төрт томдық “Абай жолы” роман- эпопеясы жарқын мысал бола алады. Алдымен, роман-эпопеяға қазақтың қоғамдық өміріндегі ерекше бір кезеңнің шындығы арқау болғанын, XIX ғасырдың II жартысы халқымыздың, ұлтымыздың ояну. өнер-білімғе ден қоюға бет алған тарихи кезең екенін ескерейік. Осы XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың қоғамдық өмірінің Әуезовтің суреткерлік назарына ілікпеген қыры жоқ десе де болғандай. Абай тағдыры арқылы халық тағдыры, оның әділетсіздікке қарсы стихиялы күресі - тартысы, мұқалмаған жігер-күші арқылы қазақ қоғамындағы прогресшіл күштердің оянуы мен олардың әлеуметтік өмір сахнасына шығуы бейнеледі. Жер дауы, жесір дауы, барымташылық секілді қазақ өміріндегі ежелгі элеуметтік кеселдер, әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы бітіспес қайшылықтар мен қақтыгыстар, феодалдық-патриархалдық қоғамға тән ел билеу жүйесі, билер кеңесі мен би кесімі, халықтың тұрмыс-салты, кәсібі, өнері, дала мен қала арасындағы интенсивті қарым- қатынас, отаршылдықтың, екі жақты қанаудың күшеюі, т.б. Міне, “Абай жолына” әрі тақырып, әрі мазмүн болған сан-сала элеуметтік мәселелер осылар. Бұл қалыпты роман көтеретін жүк емес, эрине. Шығарманың эпопеялық сипаты, әрине, оның өмір шындығын кеңінен қамтуынан ғана танылмайды. Бұған қоса өмір шындығын типтендіру мен типтік тұлғаны сомдауда, заман келбеті мен халық бейнесін жасауда, туындының сюжеттік-композициялық құрьшымында, күллі суреттеу-бейнелеу жүйесінде айрықша соны көркемдік ерекшелік-жаңалықтар болуға тиісті. Жеке адамдар тағдыры, күрес тартысы жалпы халықтық күреспен ұштасып, тұтас ұлттың рухани өре-бітімі түлғалануы, танылуы да негізгі шарттың бірі.
Әдебиет - сөз өнері. Оның объектісі - қоғамдық шындық та, предметі - адам екені әлмисақтан белгілі. Әдебиет өмір шындығын сөз құдіреті мен адам тағдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің ерекше бір түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы сан алуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі занды. Бұл әдеби тэсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттыңқогамдық, көркемдік-рухани даму тарихымен тығыз байланысты.
Көне грек дәуірінде-ақ эдебиеттің үш негізгі тектері - эпос, лирика, драма пайда болған-ды.
Әдебиеттің тектерінің пайда болуы, жанрлық түрлердің тууы, қалыптасуы жөнінде ой-идеялар сонау ежелгі көне дэуір ғүламалары (Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж), Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) т.б.) жазған трактаттардан бастау ала келе орта ғасырларда (Әл-Фараби, т.б.) жэне ХҮІІ-ХҮІІІ (Н.Буало, Г.Э.Лессинг, Гердер т.б.), XIX (И.В.Гете, Г.В.Ф.Гегель, В.Г.Белинский, А.Н.Веселовский т.б.) ғасырларда арнаулы ғылыми еңбектерге ұласты. Белгілі бір ғылыми-эстетикалық жүйелі ой- толғам қалыптасты. XX ғасырдағы әдебиеттану ғылымында да бұл өзекті һэм күрделі мэселені зерттеушілер де, еңбектер де баршьшық.
Діттеген мәселеге қатысты алғашқы ғылыми жүйелі толғамның иесі Аристотель екені, оның “Поэтикасы” - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат” (З.Қабдолов) саналатыны мәлім. Аристотель еңбегінде трагедия мен комедия жанрларының пайда болуын грек аңыздарымен (атап айтқанда Дионис қүдайға) байланыстыра қарастырған. Ол: “Әуел бастан импровизаторлық жолмен пайда болған ол (яғни трагедия-С.М.) қомедия (алғашқысы-дифирамб бастаушылардан, екіншісі - көптеген қалаларда қазірде де кездесетін фалликалық өлендерді бастаушылардан) екёуі де өздеріне тэн ерекшеліктерді бірте-бірте дамыта отырып, жетіліп кетті” дейді. XIX ғ. көрнекті орыс әдебиет тарихшысы эрі теоретигі А.Н.Веселовский өзінің “Тарихи поэтика” атты еңбегінде әдебиеттің тектері алғашқы қауымдық деңгейдегі халықтардың әдет-ғүрыптық хор өлеңдерінен (қуанышты немесе қайғыны білдіретін түрлі дауыс ырғағынан құрылған әнмен айшықталып әрі дене қозғалысы басым ритмды ойын-билер) пайда болған дейді. Ал, эпос пен лирика, сондай-ақ драманы зерттеуші “әдет-ғүрыптық “хор коріністері әрекеттерінен” бөлініп дамыған түрлер” ретінде түсіндіреді. Одан әрі ғалым “хор мен әдет-ғүрыптың бірлігінен табиғи түрде алғашқы бөлініп шыққан өлеңцер лирико-эпикалық сипатта болды” дей келе “поэзияның алғашқы өзіндік түрі осы лиро-эпикалық әндер болды” деген тұжырым жасайды. Ал, осындай әндердің негізінде кейін, бара- бара эпикалық баяндау қалыптасқан. Хор құрамындағы түрлі сипаттағы (қуанышты, қайғылы) дауыс сарындарынан лирика туындаған**. Ғалымның бүл тұжырымдары ғылымда негізінен оң бағаланьш келді. Белгілі әдебиет теоретигі, жаңа көзқарас негізінде жазылған “Әдебиет теориясы” (Москвг. Высшая школа, 1999) оқулығының авторы В.Е.Хализев өте орынды айтқандай, ғалымның драмалык тектің генезисі жайлы пайымдауы дау туғызбайды, алайда еңбекте эпос пен лириканын әдет- ғүрыптық іс-әрекет, ритуалдарға қатыссыз да пайда болу мүмкіндіғі ескерілмеген. Бұл ретте В.Е.Хализевтің тұжырымды сөзін түпнұсқада беруді орынды санаймыз: “Вместе с тем в те: г - Веселовского не учтено, что эпос и лирика могли формироваться и независимо от обрядовых действий. Так, мифологические сказания, на основе которых впоследствии упрочились прозаические легенды (саги) и сказки, возникли вне хора. Лирика тоже могла формироваться вне обряда. Лирическое самовыражение возникло в производственных (трудовых') и бытовых отношениях первобытных народов. Существовали, таким образом, разные пути формирования литературных родов. И обрядовый хор был одним из них” (298-6.).
Сонымен, әдебиет үш текке бөлінеді. Олар: эпос, лирика, драма. Әдебиеттің мұндай үш текке бөлінуінің себебі сөз өнерінде өмір-болмыс құбылыстарын поэтикалық түрғыда бейнелеудің үш түрлі тәсіл арқылы іске асатындығында жатыр.
Көне дэуірдің ғұламасы Аристотель (б.э.д.384-322 жж) өзінің “Поэзия өнері туралы” атты еңбегінде бұл мәселеге ерекше мән беріп, оны өзінің еліктеу теориясы тұрғысынан байыптап бергенді. Өнердің, оның түрлерінің пайда болуын табиғатқа еліктеумен (саналы түрде) байланыстыра қарастырған ол (бұл жерде табиғат өмір шындығы, қоғамдық шындық, адамдық қарым-қатынастар, ал еліктеу бейнелеу, таныту деген мағынада) суреткердің еліктеуі мынадай үш түрлі сипатта болатындығына мән берген:
“Шынында да Гомер секілді оқиғаны өзіне қатыссыз түрде әңгімелей отырып бір нәрсеге тек бір тұрғыда ғана еліктеуге болады, немесе еліктеуші (бұл жерде автор, қаламгер) өз болмысын жасырмай, өзімен өзі жеке қалады, не болмаса суреттеп отырган адамдарды қимыл-әрекет үстінде көрсетеді”*.
Аристотель айтқан еліктеудің (яғни суреттеудің) бірінші түрінен (оқиғаны т.б. автордың өзіне қатыссыз түрде әңгімелеуі) эпикалық бейнелеу тәсілінің, екінші жолъінан лирикалық бейнелеу тәсілінің, үшінші түрінен драмалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері аңғарылады. Осы нұсқалы пікірімен Аристотель әдебиетгің тектерге бөлінуін өте орынды дәлелді байыптап берді. Еліктеу, жоғарыда айтылғандай, бейнелеу, суреттеу деген мағынаны білдіреді, олай болса көне дәуір эстетигі әдебиетгі тектерге бөлудің негізіне еліктеу (яғни бейнелеу, суреттеу) ерекшелігін алған Демек, табиғат пен қат-қабат қоғамдық шындықты көркем бейнелеу ерекшеліктеріне қарай әдебиет үш текке бөлінеді екен.
Сонымен эпикалық бейнелеу тәсілі эпикалық (немесе эпос деп те атайды) тектің, лирикалық бейнелеу тәсілі лирикалық тектің, драмалық бейнелеу тәсілі драмалық тектің негізін қүрайды.
Өмір шындығын көркем танытудың бірінші әрі байырғы тәсілі - эпикалық бейнелеу тәсілі. Бұл түрлі оқиғалар мен жағдаяттарды, адамдар арасындағы қарым- қатынастарды автордың өзіне тікелей қатыссыз нәрсе ретінде (Аристотель айтқандай ‘Томер секілді оқиғаны өзіне қатыссыз түрде әңгімелеу”) бейтарап күйде байыпты және жүйелі түрде көркем баяндап беруіне құралады. Эпикалық шығармаларда оқиғалар, құбылыстар өткен шақта баяндалады. Сондықтан да бұндай баяндау тәсілін эпикалық баяндау немесе эпос (гр. ероз - әңгімелеу) деп те атайды.
Эпикалық баяндау немесе бейнелеу тәсілінің өмір шындығын көркем әрі кеңінен таныту мүмкіндігі мол. Өйткені эпикалық шығармаларда шындықты бейнелеп танытудың алуан түрлі амал- тәсілдері молынан қолданылады. Олар: авторлық баяндау, суреттеу, кейіпкер (кейіпкерлер) сөздері (монолог, диалог), лирикалық шегіністер, табиғат көріністері, мінездеу, психологиялық талдау үлгілері, интерьер т.б. Бұның бәрі жазушыға өзін толғандырған қоғамдық жағдаяттар мен адамдар тағдырын таным тереңцігі, талант құлашы жеткенше қамтып, көркем танытуға көптеген мүмкіндіктер береді.
Эпикалық шығармаларда қоғамдық өмір шындығы мен адамдар тағдырының жекелеген сәтгері мен кезеңі де, сондай-ақ тұтас дәуір, бірнеше ұрпақ ғұмыры да кеңінен қамтылып, жан-жақты көрініс таба алады. Сөйтіп, эпикалық туындыларда уақыт пен кеңістік тұрғысынан ешқандай шектеулік болмайды.
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский айтқандай, эпостың айрықша ерекшелігі - онда оқиғаның үстемдік құруы, яғни, “эпостың геройы-оқиға”* болуы. Алайда “Жазушының оқиғаның тарихын жазбайтынын, адамның нағыз тарихын жазатынын” (М.Горький) ескерсек, оқиғанын атқаратын рөлі де өз-өзінен айқындалып қалады. Оқиға, түрлі жағдаяттарды әңгімелеу-баяндау автор үшін түптеп келгенде сол оқиғалар ортасында көрінетін кейіпкерлерді, олардың бір-бірімен қарым- қатынасын бейнелеу арқылы мінездерін даралау, тартысты таныту үшін қажет.
Эпикалық шығарманың және бір айырмашылығы, мәселен, лирикадан, баяндаудын байыптылығы, яғни автордың өзі әңгімелеп суреттеп отырған өмір құбылыстары мен кейіпкерлер хақында сезімге берілмей, оқиғалар дамуы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты объективті. байсалды, жүйелі әңгімелеп беруі. Авторлық позиция немесе шығарма идеясы оқиғалардың табиғи өрбуі, аяқталуы, тартыстың шешімі, кейіпкерлер тағдыры арқылы танылуға тиісті. Міне осы себепті де Белинский эпикалық поэзияны объективті поэзия деп атаған. Бұл сөздің (эпос - объективті поэзия) төркіні, әрине, Гегельде жатыр.
А.Байтұрсынұлының әдебиетші-ғалымдық еңбегінің жемісті бір бағыты - оның ұлттык әдебиеттану терминдерін қалыптастыру жолындағы зор нәтижелі ізденістері. Ахаң қалыптастырған көптеген термин-ұгымдар әдебиет, әдебиеттану саласына әбден сіңісті болып кетті. Алайда Ахаңның әдебиетгің үш тегіне қатысты атаулары (әуезе, толгау, айтыс-тартыс) сәтті деу қиын, бұл жөнінде акад. З.Қабдоловтың байыпты пікіріне* ден қоямыз. Үш тектің де бейнелеу тәсілдеріне тән өзіндік ерекшеліктерді А.Байтұрсынұлы өте орнықты түрде сипаттап берген.
Мәселен, эпостық тектің бейнелеу ерекшелігіне қатысты ой-тұжырымдарына тоқталып өтейік. “Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болган істі әңгіме қылады” дей келе, Гегель секілді ол да ішкі ғалам, тысқы ғалам ұғымдарын қолданғанын көреміз. Әрі қарай оқиық: “Әуезе - тысқы ғалам туралы сөз. Ақын әуезе түрінде сөйлегенде (яғни,оқиғаны баяндағанда) уақиғаның ішінде өзі болып, бастан кешірген адамша (онда бұл лирикалық тәсіл болар еді) сөйлемей, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, хатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету тысқарғы түрде айту болады. Сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі болады” дейді**.
Эпикалық шығармалардың дені көркем қара сөзбен жазылған туындылар болып келеді. Алайда, сюжетті, оқиғалы, баяндауға құрьшған өлеңмен жазылған шығармалардың кейбір түрлері де эпикаға жатады. Атап айтқанда, баллада, поэма, батырлар жыры, дастандар, т.б.
Әрине, өмір-болмыстың қат-қабат қыры мен сырын, адам табиғатының алуан күйін өнерде кең қамтып, эр қырынан ашып бейнелеу үшін бір ғана эпикалық тәсіл жеткіліксіз. Шындығында өмір сырын бірыңғай әңгімелеу, баяндау арқылы көрсету оны жан-жақты, толық таныту бола алмайды.