Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы.
Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн және Сюньнің аттарымен аталады
Моистер мектебі
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
Атаулар мектебі
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор).
Заңгерлер мектебі
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек.
Дао ағымы
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т.
Көне Грекия философиясы — ежелгі пәлсапаның ірі екі тармақтарының бірі, Ежелгі Грекияда б.з.б. VI ғасырда пайда бола бастады.
Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Грекия философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1.Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2.Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3.Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Сократ
Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.
Аристотель
Аристотель – біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика – барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді. 2) Форма – заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді. 4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді. Фитканың зерттеу объектісі – денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 1) субстанционалдық қозгалыс – пайда болу және жойылу; 2) сандық қозгалыс – өсу және азаю; 1) сапалық қозгалыс – айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы); 4) кеңістіктік қозгалыс – орын ауыстыру, трансляция. Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік – өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат – асыл қасиетке жетуде. Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты – өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. Александр Македонский билік құрған кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
Марк Туллий Цицерон
Марк Туллий Цицерон – біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпинумде дүниеге келіп, б.д.д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады. Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты – жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс. Луций Анней Сенека – біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Йспанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65-жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл болді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір ке-месінің басшысы болу, 40 таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді. Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады.
Эпикур
Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды. Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі – адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника – ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика -табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика – өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым.. Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды
Антикалық философияның үшінші кезеңі Римдік – эллиндік кезең ( б.з.д. 3ғ – б.з. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы болды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан - жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі - сол замандағы адамдардың өз өмірлерін жақсартуға деген құлшыныстарына да тікелей байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әр түрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызуға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назар аудармайсыз, егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
Сенека (б.з.д. 4 ж.ш. - б.з. 65ж.) - римдік стоицизмнің өкілі. Император Неронның тәрбиешісі және соның үкімі бойынша өзін - өзі өлтірген. Грек стоиктерінің пантеизмін сақтап, дүниені математикалық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикалық-ғибраттық мәселелермен айналысады. Егер этикалық - ғибраттық мәселенің шешімдері дұрыс табылса, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жеткізе аламыз деп тұжырымдады. Ол өзінің жеке адамдық этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстаруға тырысты. Сенеканың этикасы христиандық идеологиясының дүниеге келуіне үлкен ықпал етті.
Марк Аврелий (121 - 180жж.ш.) - философ, стоик, Рим императоры (161 - 180жж.). Өзінің философиялық көзқарастарын «өзіме арнаймын» деген жалғыз шығармасында афоризмдер түрінде баяндаған. Оның түсіндіруі бойынша стоицизм діни - мистикалық сипатта көрінеді. Құдай - тіршілік атаулының түп атасы. Ол-тәні өлгеннен кейін, тіпті пайда болсада жеке сана-сезімнің өзіне ұласып кететін дүниежүзілік ақыл - парасат. Өзіне - өзі терең үңілуге, құндылық тұрғысынан жетілу мен тазаруға шақырады. Марк Аврелий философиясы христиан дініне үлкен ықпал етті, бірақ императордың өзі христиандарды аяусыз қудалаған болатын.
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкілі Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» – сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін шәкірттерді бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.
«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.
Танымның мақсаты - адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса, онда адамзат баласын не үшін жаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласы қалай және не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында «Дүние – атомнан құралған» деп тұжырымдаушы Демокритпен танысады.
Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур – сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен - өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos - сынаушы) – объективті шындықты танып - білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.з.д.360- 270 жж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан - дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой - тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.
Ежелгі грек жерінде пайда болған философиялық мектептердің әлемдік дәрежеде алар маңызы мен мәні ерекше.
Дәріс