Курс, барлық мамандықтар бойынша білім алушылар үшін
М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
Философия және саясаттану» кафедрасы
Философия пәнінен
Тест тапсырмасы
курс, барлық мамандықтар бойынша білім алушылар үшін
2016-2017 оқу жылына арналған тест сұрақтары:
1. «Философия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) даналыққа құштарлық
В) білімге құштарлық
С) өнерге құштарлық
D) ғылымға құштарлық -
Е) оқуға құштарлық
2. «Философия» сөзі гректің қандай сөздерінен құралған?
А) «Филео» - «сүйемін» және «София» - «даналық» деген сөздерден
В) «Филео» - «көп» және «София» - «даналық» деген сөздерден
С) «Филео» - «әртүрлі» және «София» - «әйелдің аты» деген сөздерден
D) «Филео» - «сұлу» және «София» - «қыздың аты» деген сөздерден
Е) «Филео» - «қызығамын» және «София» - «сұлулық» деген сөздерден
3. Философия не туралы ғылым?
А) табиғат, қоғам және адам ақыл-ойы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым
В) табиғаттағы заттардың қасиеттері туралы ғылым
С) дүниедегі құбылыстардың байланыстары туралы ғылым
D) қоғам мәселесін қарастыратын ғылым
Е) жануарлар дүниесіндегі өзгерістерді қарастыратын ғылым
3. Дүниетаным дегеніміз не?
А) адамның дүниеге деген қатынасын бейнелейтін және оның іс-әрекеттерін айқындайтын көзқарастар жүйесі
В) дүниеде болып жатқан құбылыстарды жаратылыстан тыс күштердің әрекеттері арқылы түсіндіретін көзқарастар жүйесі
С) адамгершілік қағидалар мен моральдік нормалардың жиынтығы
D) адамның барлық білімдерінің жиынтығы
Е) дүниеде болып жатқан табиғи және әлеуметтік құбылыстарды фантастикалық образдар арқылы бейнелеу
4. Дүниетанымның тарихи типтері:
А) мифология, дін, философия
В) онтология, гносеология, логика
С) натурфилософия, антропология, этика
D) аксиология, эстетика, логика
Е) ғылым, өнер, дін
5.Кез-келген дүниетанымның негізгі мәселесі:
А) адамның дүниеге қатынасы
В) адам өмірінің мағынасы жайлы мәселе
С) мәңгілік өмір мәселесі
D) бақыт мәселесі
Е) дүниенің құрылымы
6. Түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды олардың желеп-жебеушілері болып табылатын жаратылыстан тыс күш иелерінің әрекеттері арқылы түсіндіретін, өзінің біртұтастығымен, синкреттілігімен сипатталатын, адамдар білімдерінің алғашқы белгілерін қамтитын дүниетанымның алғашқы тарихи түрі:
А) мифология
В) философия
С) мораль
D) өнер
Е) ғылым
7.Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні:
А) Дүниені ұғынудың әпсаналығы, бірлігі, біртұтастығында
В) Адам мен табиғатты бір-біріне қарсы қоюда
С) Дүниені жоғарғы және төменгі өмір сүру салаларына бөлуде
D) Дүниенің субстанциялық бастамасын мойындауда
Е) Бір құдайдың әлемдік күшіне сенуде
8. Дүниедегі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі - құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін және сенімге негізделген дүниетанымның тарихи түрі:
А) дін
В) мифология
С) философия
D) өнер
Е) мораль
9.Дін дүниені түсіндіргенде неге негізделеді?
А) сенімге
В) білімге
С) ақыл-ойға
D) ғылымға
Е) моральға
10. Дүниені және ондағы құбылыстар мен қатынастарды дүниенің өз заңдылықтары бойынша түсіндіретін дүниетанымның түрі:
А) философия
В) мифология
С) дін
D) мораль
Е) өнер
11. Философия дүниені неге сүйеніп түсіндіретін дүниетаным?
А) білімге
В) сенімге
С) құдіретке
D) ырымға
Е) әдет-ғұрыпқа
12. Философияның басқа ғылымдардан айырмашылығы неде?
А) жалпылығында
В) адамгершілігінде
С) тәжірибелігінде
D) көркемдігінде
Е) нақтылығында
13. Болмыс туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Онтология
В) Аксиология
С) Этика
D) Логика
Е) Гносеология
14. Таным туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Гносеология
В) Этика
С) Аксиология
D) Логика
Е) Онтология
15. Ойлаудың заңдары мен ережелерін қарастыратын философияның құрамдас бөлігі:
А) Логика
В) Аксиология
С) Этика
D) Онтология
Е) Гносеология
16. Құндылықтар туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Аксиология
В) Этика
С) Гносеология
D) Логика
Е) Онтология
17. Табиғатты зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Натурфилософия
В) Антропология
С) Аксиология
D) Гносеология
Е) Онтология
18. Адам мәселесін зерттеумен айналысатын философиялық ілім:
А) Антропология
В) Натурфилософия
С) Онтология
D) Гносеология
Е) Аксиология
19. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылатын моральді зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Этика
В) Гносеология
С) Аксиология
D) Эстетика
Е) Онтология
20. Адамды қоршаған объективтік дүниені көркем образдар арқылы бейнелейтін өнерді және оның түрлерін зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Эстетика
В) Онтология
С) Этика
D) Аксиология
Е) Гносеология
21. Адамның дүниеге деген қатынасы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыратын философияның атқаратын қызметі:
А) дүниетанымдық
В) методологиялық
С) аксиологиялық
D) теориялық
Е) гносеологиялық
22. Ғылыми білімнің әдістемелік тұрғыдан белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы (атқаратын қызметі):
А) методологиялық
В) дүниетанымдық
С) аксиологиялық
D) теориялық
Е) гносеологиялық
23. Материализм дегеніміз не?
А) материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
В) сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
С) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды ақыл-ойдың көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
D) дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт
Е) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды тек сезімдік тәжірибенің көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
24. Идеализм дегеніміз не?
А) сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
В) материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
С) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды ақыл-ойдың көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
D) дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт
Е) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды тек сезімдік тәжірибенің көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
25. Субъективтік идеализм дегеніміз не?
А) жеке адамның санасын, ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
В) объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
С) материалдық дүниені алғашқы деп мойындайтын философиялық бағыт
D) қоғамдық өмірдегі рухани мәдениетті алғашқы деп мойындайтын философиялық бағыт
Е) бұл дүниедегі құбылыстарға тылсым дүниенің әсерін мойындайтын көзқарастар жүйесі
26. Объективтік идеализм дегеніміз не?
А) объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
В) жеке адамның санасын, ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайтын идеализмнің түрі
С) материалдық дүниені алғашқы деп мойындайтын философиялық бағыт
D) қоғамдық өмірдегі рухани мәдениетті алғашқы деп мойындайтын философиялық бағыт
Е) бұл дүниедегі құбылыстарға тылсым дүниенің әсерін мойындайтын көзқарастар жүйесі
27. Дуализм дегеніміз не?
А) дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт
В) сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
С) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды ақыл-ойдың көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
D) материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
Е) дүниені және ондағы заттар мен құбылыстарды тек сезімдік тәжірибенің көмегімен түсіндіріп беруге болады деп санайтын көзқарас
28. Агностицизм дегеніміз не?
А) дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын философиялық көзқарас
В) объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайтын философиялық көзқарас
С) жеке адамның санасын, ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайтын философиялық көзқарас
D) материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық көзқарас
Е) дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық көзқарас
29. Ежелгі Үнді елінің қасиетті кітаптары:
А) Ведалар
В) Құран
С) Руналар
D) Библия
Е) Інжіл
30. Ежелгі Үнді философиясының канондық ілімдері бейнеленген әдеби мұра:
А) упанишадалар
В) араньяктар
С) самхиттер
D) брахмандар
Е) Дхаммапада
31. Джайнизм ілімінің негізін салушы:
А) Махавира Вардхамана
В) Варджаяна
С) Сиддхартха Гаутама
D) Арджуна
Е) Брихаспати
32. Джайнизмнің мақсаты:
А) Жанды денеден ажырату, еркіндік беру
В) Тақуалық өмірді уағыздау
С) Табиғатты зерттеуде объективтілікке ұмтылу
D) Дүниенің материалдық бастауын іздеу
Е) Жан мен тәннің үйлесімділігіне жету
33. Джайнизм іліміндегі ахимса принципінің мәні:
А) тірі жан атаулыға қиянат жасамау
В) тақуалық өмірді уағыздау
С) табиғатты зерттеуде объективтілікке ұмтылу
D) дүниенің материалдық бастауын іздеу
Е) жан мен тәннің үйлесімділігіне жету
34. Буддизм ілімінің негізін салған:
А) Сиддхартха Гаутама
В) Брихаспати
С) Махавира Вардхамана
D) Патанджали
Е) Бхарат Муни
35. «Төрт ізгілікті ақиқат» ежелгі Үнді философиясының қай ілімінде қарастырылған?
А) буддизмде
В) чарвакада
С) упанишадада
D) брахманизмде
Е) джайнизмде
36.Будда іліміндегі адамның ерекше, рухани кемелдену сатысына жеткендігін білдіретін ұғым:
А) нирвана
В) мокша
С) ашрама
D) мантра
Е) йога
37. Будда ілімінде нирвана сатысына жету үшін адамның ұстануы тиіс жолы қалай аталады?
А) азаптан құтылудың сегіздік жолы
В) ізгілікті насихаттау жолы
С) тақуалық жолы
D) адамгершіліктің алтын қағидасы
Е) адал өмір сүру жолы
38. Будда ілімінде адамның бұл дүниеде істеген іс-әрекеті үшін берілетін ізгі баға немесе жазадан қашып құтыла алмайтындығы жайлы заң (қағида) қалай аталады?
А) карма
В) дхарма
С) нирвана
D) мокша
Е) сансара
39. Будда ілімінде адам жанының өлген соң басқа денеге үздіксіз ауысып отыруы жайындағы түсінік қалай аталады?
А) сансара
В) дхарма
С) нирвана
D) мокша
Е) карма
40. Ежелгі Үнді философиясындағы дүниенің төрт бастамадан: жер, су, от, ауадан тұратындығы жайлы ілім:
А) чарвака (локаята)
В) буддизм (ламаизм)
С) миманса
D) джайнизм
Е) вайшешика
41. Чарвака мектебінің өкілдері адам бақытын қалай түсіндіреді?
А) сезімдік ләззатқа бөлену
В) рухани кемелдену жолын іздеу
С) ғылыми ізденіспен айналысу
D) материалдық игіліктер жасау
Е) тақуалық өмір кешу
42. Философияда адам бақытын сезімдік құштарлыққа берілу деп түсіндіретін көзқарас:
А) гедонизм
В) аскетизм
С) утилитаризм
D) джайнизм
Е) суфизм
43. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептер:
А) даосизм, конфуцийшылдық, легизм, моизм, инь-ян мектебі, атаулар мектебі
В) конфуцийшылдық, инь-ян, буддизм, моизм, даосизм
С) моизм, жайнизм, буддизм, даосизм, легизм, вайшешика мектептері
D) мутазилизм, брахманизм, ведизм, неотомизм, конфуцийшылдық
Е) брахманизм, джайнизм, стоицизм, неоплатонизм, легизм мектептері
44. Ежелгі Қытай философиясының негізгі белгілері:
А) Практикалық және саяси мазмұнының басымдылығы
В) Жеке адамның құтқарылуына бағытталуы
С) Адамның еркіндігін абсолютке айналдыруы
D) Натурфилософия мәселелерінің кеңінен талқылануы
Е) Мистикалық сипатының басым болуы
45. Конфуций ілімі бойынша дүниедегі ең жоғарғы күш:
А) Көк Аспан
В) Құдыретті От
С) Жаратушы Құдай
D) Шексіз Мұхит
Е) Жойқын Дауыл
46. Ежелгі Қытай философиясындағы қай ойшылдың ілімі «Өзіңе қаламаған нәрсені басқаға жасама» деген моральдық қағидаға негізделген?
А) Кун Фу-цзы
В) Лао-цзы
С) Мо-цзы
D) Хан Фэй-цзы
Е) Шан-ян
47. Конфуций этикасының негізгі ұғымы:
А) жэнь (адамсүйгіштік)
В) фа (заң)
С) дао (жол)
D) Тянь (Көк Аспан)
Е) цзинь (кітап)
48.Конфуцийдің іліміндегісяо принципі қандай мағынаны білдіреді?
А) баланың әдептілігі және үлкендерді құрметтеуді
В) адамсүйгіштікті
С) адамгершіліктің алтын қағидасын
D) рухани кемелденуді
Е) ата-баба дәстүрін қастерлеуді
49. Конфуций ілімінің этикалық идеалы:
А) текті адам
В) мемлекеттік адам
С) данышпан адам
D) кемеліне жеткен адам
Е) ұлы адам
50.«Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаралған» деп тұжырым жасаған Ежелгі Қытай ойшылы:
А) Мэн-цзы
В) Лао-цзы
С) Конфуций
D) Шин Ян
Е) Хань Фэй-цзы
51. Ежелгі Қытай философиясындағы «жол» деген ұғымды білдіретін термин:
А) Дао
В) Сяо
С) Жэнь
D) Ци
Е) Ли
52. Даосизм мектебінің негізін қалаушы:
А) Лао-цзы
В) Мэн-цзы
С) Будда
D) Сюнь-цзы
Е) Конфуций
53. Ежелгі Қытай философиясындағы «инь» мен «ян» ұғымдарының мағынасы:
А) әйелдік (аналық) және еркектік (аталық) негіздер
В) иррационалдық және танымдық негіздер
С) материалдық (заттық) және рухани негіздер
D) жұмсақ және қатты негіздер
Е) табиғи және жасанды негіздер
54. Ежелгі Қытай натурфилософтары дүниені қандай алғашқы бес элементтен тұрады деп санады?
А) жер, су, от, ағаш, металл
В) от, ауа, жер, су, эфир
С) металл, от, жер, ауа, су
D) ағаш, су, от, ауа, жер
Е) жер, су, ауа, от, тас
55. Легизм мектебінің негізгі ұғымы
А) фа (заң)
В) ци (энергия)
С) жэнь (адам сүйгіштік)
D) дао (жол)
Е) ли (рәсім)
56. Мемлекетті қорқыныш пен үрей тудыру арқылы басқаруды ұсынған ежелгі қытай мектебі:
А) легизм
В) инь-ян мектебі
С) конфуцийшылдық
D) даосизм
Е) атаулар мектебі
57. Ежелгі грек философиясындағы Милет мектебінің өкілдері:
А) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
В) Гераклит, Эмпедокл, Анаксагор
С) Ксенофан, Парменид, Зенон
D) Пифагор, Мелисс, Аристипп
Е) Сократ, Платон, Аристотель
58. Фалестің ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:
А) су
В) атом
С) ауа
D) жер
Е) апейрон
59. Анаксимандрдың ілімі бойынша дүниенің алғашқы бастамасы:
А) апейрон
В) су
С) атом
D) ауа
Е) от
60. Анаксимен бойынша дүниенің бастамасы:
А) ауа
В) су
С) апейрон
D) атом
Е) от
61. Гераклиттің ілімі бойынша дүниенің бастамасы:
А) от
В) апейрон
С) атом
D) ауа
Е) су
62. «Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді. Тіпті бір өзенге екі рет кіруге болмайды» деп айтқан ежелгі грек философы:
А) Гераклит
В) Сократ
С) Платон
D) Зенон
Е) Аристотель
63. Ежелгі грек ойшылдарының қайсысы бәрінің бастамасы сандар деп айтты?
А) Пифагор
В) Сократ
С) Аристотель
D) Гераклит
Е) Анаксагор
64. Ежелгі грек философиясындағы болмыс туралы ілімнің негізін қалаған ойшыл:
А) Парменид
В) Гераклит
С) Демокрит
D) Платон
Е) Аристотель
65. Парменидтің «Ешуақытта жоқ нәрсені бар деп дәлелдей алмаймыз» деген пікірін жоққа шығаратын ұғым:
А) Бейболмыс
В) Зат
С) Материя
D) Болмыс
Е) Тіршілік ету
66. «Адамдар өз бейнесіне қарап, құдайларды жаратады» деп айтқан Элея мектебінің негізін қалаушы ежелгі грек философы:
А) Ксенофан
В) Гераклит
С) Парменид
D) Демокрит
Е) Пифагор
67. «Дихотомия», «Ахиллес тасбақаға жете алмайды», «Жебе» атты белгілі апориялардың авторы:
А) Элеялық Зенон
В) Аристотель
С) Сократ
D) Китиондық Зенон
Е) Пифагор
68.Ежелгі грек философиясындадүниедегі барлық заттар өте майда бөлшектер – атомдардан тұрады және олар бір-бірінен өздерінің көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаған ойшыл:
А) Демокрит
В) Гераклит
С) Сократ
D) Платон
Е) Пифагор
69. Б.д.д. V ғасырда ежелгі грек елінде «даналыққа үйретушілерді» қалай атады?
А) Софистер
В) Физиктер
С) Элеаттар
D) Киниктер
Е) Орфиктер
70. Ежелгі грек философиясында «Адам – барлық заттардың өлшемі» деп айтқан софист:
А) Протагор
В) Горгий
С) Сократ
D) Эмпедокл
Е) Продикт
71. Антика заманында қай философ алғаш рет адам мәселесін философияның басты мәселесі
ретінде көтерді?
А) Сократ
В) Аристотель
С) Платон
D) Анахарсис
Е) Зенон
72. Сократтың философиялық қағидасы:
А) Өзіңді өзің танып біл
В) Құдайды құрметте
С) Адамды бағалай біл
D) Табиғатты қастерле
Е) Қоғамға билік жүргіз
73. Ежелгі грек философиясында софистердің «әркімнің өз ақиқаты бар» деген релятивистік көзқарасына қарсы шығып, «барлық адамға ортақ объективтік ақиқат бар» деп санаған ойшыл:
А) Сократ
В) Протагор
С) Гераклит
D) Платон
Е) Анаксагор
74. «Идеялар дүниесі – алғашқы, ал заттар дүниесі – уақытша, өткінші» деп санаған ежелгі грек философы:
А) Платон
В) Аристотель
С) Демокрит
D) Гераклит
Е) Парменид
75. Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім?
А) Платон
В) Сократ
С) К.Маркс
D) Эпикур
Е) Конфуций
76. «Мемлекетті философтар басқару керек» деп санаған ежелгі грек философы:
А) Платон
В) Сократ
С) Аристотель
D) Гераклит
Е) Демокрит
77. Дүниені материя мен форманың арақатынасы арқылы түсіндірген ежелгі грек философы:
А) Аристотель
В) Демокрит
С) Эпикур
D) Анаксагор
Е) Платон
78. Ежелгі грек философиясында «адамның ең дұрыс іс-әрекеті – шегінен шыққан екі іс-әрекеттің дәл ортасы, ол – алтын орта» деп санаған ойшыл:
А) Аристотель
В) Платон
С) Эпикур
D) Анаксагор
Е) Демокрит
79. «Тағдырдың жазғанын қасқайып, ерлікпен қарсы ала білу керек. Өйткені тағдыр көнгенді жетектейді, ал көнбегенді сүйрелейді» деп санаған эллинизм дәуірінің философиялық мектебі:
А) Стоиктер мектебі
В) Эпикуршылдар мектебі
С) Скептиктер мектебі
D) Киренаиктер мектебі
Е) Киниктер мектебі
80. Эпикуршылдар мектебінің негізгі этикалық принципі:
А) Немқұрайлық (атараксия)
В) Қанағаттану
С) Ержүректілік
D) Аскетизм
Е) Табандылық
81. Демокрит атомдар көлемі, формасы және кеңістіктегі орнына қарай ерекшеленеді деп санаса, ал сонымен қоса атомдар салмағымен де ерекшеленеді деп санаған эллинизм дәуірінің ойшылы:
А) Эпикур
В) Девон
С) Аристотель
D) Эвклид
Е) Сипони
82. Ежелгі Рим дәуірінде Платонның ілімін жаңғырту негізінде пайда болған философиялық мектеп:
А) Неоплатонизм мектебі
В) Киниктер мектебі
С) Скептиктер мектебі
D) Эпикуршылдар мектебі
Е) Стоиктер мектебі
83. Орта ғасырлар философиясына тән ерекшелік:
А) теоцентризм
В) идеализм
С) пантеизм
D) эмпиризм
Е) космоцентризм
84. Құдайдың дүниені жоқтан бар қылып жаратқандығы жайлы діни ілім::
А) креационизм
В) провиденциализм
С) теоцентризм
D) эсхатология
Е) пантеизм
85. Дүние жаратылғаннан ақырзаманға дейінгі болатын барлық іс-әрекеттерді алдын-ала белгілеп қойған құдайдың көрегендігі жайлы діни ілім:
А) провиденциализм
В) креационизм
С) теоцентризм
D) эсхатология
Е) пантеизм
86. Ортағасырлық европалық философияның негізгі кезеңдері:
А) Патристика және схоластика
В) Реализм және номинализм
С) Апологетика және реализм
D) Схоластика және номинализм
Е) Аверроизм және патристика
87. Ортағасырлық европалық философиядағы патристика ілімі қандай ілім болды?
А) шіркеу әкейлерінің ілімі
В) номиналистердің ілімі
С) апологеттердің ілімі
D) реалистердің ілімі
Е) дін ғұламаларының ілімі
88. «Құдай қаласы» атты шығарма жазған патристика ілімінің көрнекті өкілі:
А) Августин Аврелий
В) Фома Аквинский
С) Иоанн Росцелин
D) Тертуллиан
Е) Пьер Абеляр
89. VIII-XV ғасырлар аралығында дамыған ортағасырлық христиандық философия:
А) Схоластика
В) Патристика
С) Неоплатонизм
D) Перипатетизм
Е) Стоицизм
90. Ортағасырлық схоластикадағы жалпы ұғымдардың табиғаты жайлы айтыс нәтижесінде пайда болған негізгі екі бағыт:
А) номинализм және реализм
В) эмпиризм және рационализм
С) монизм және дуализм
D) диалектика және метафизика
Е) материализм және идеализм
91. Орта ғасырлық охоластикада жалпы ұғымдар тек адамның жеке затқа қойған атауы ретінде ғана өмір сүреді деп санайтын көзқарас:
А) номинализм
В) сенсуализм
С) реализм
D) концептуализм
Е) эмпиризм
92. Орта ғасырлық охоластикада жалпы ұғымдарды ақиқат болмысқа ие, олар жеке заттардан тыс, дербес түрде өмір сүреді деп мойындайтын көзқарас:
А) реализм
В) сенсуализм
С) номинализм
D) концептуализм
Е) эмпиризм
93. Номинализм мен реализмнің арасындағы жалпы ұғымдардың сипаты туралы айтысты шешуге зор үлес қосқан және Аристотельдің ілімін католиктік дін іліміне бейімдеп дамытқан ортағасырлық схоластиканың көрнекті өкілі::
А) Фома Аквинский
В) Николай Кузанский
С) Роджэр Бэкон
D) Августин Аврелий
Е) Иоанн Росцелин
94. Орта ғасырлық мұсылман философиясының пайда болуына әсер еткен алғышарттар:
А) Ислам діні және Платон мен Аристотельдің философиясы
В) Платон философиясы мен мұсылман діні
С) Аристотель философиясы мен жаратылыстану ғылымдары
D) Антикалық философия мен антикалық ғылым
Е) Платон мен Аристотель философиясы және жаратылыстану ғылымдары
95. Орта ғасырлық араб-мұсылман философиясының алғашқы өкілі:
А) Әл-Кинди
В) Әл-Ғазали
С) Ибн Сина
D) Әл-Фараби
Е) Ар-Рази
96. Орта ғасырлық мұсылман философиясындағы шығыс перипатетизмі бағытының сипаты:
А) Аристотельдің ілімі негізінде пайда болған бағыт
В) мұсылман теологтарының рационалистік ілімдері
С) үнді философиясы өкілдерінің мистикалық ілімдері
D) ренессанс философтардың табиғат жайлы ілімдері
Е) шығыс елдеріндегі сопылық мистикалық ілім
97.Орта ғасырлық шығыс перипатетизмінің өкілдері:
А) Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд
В) Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ахмет Яссауи,
С) Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд, Сүлеймен Бақырғани
D) Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Дулати, Әл-Кинди
Е) Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Махмұт Қашғари
98. Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан әйгілі философ:
А) Әл-Фараби
В) Ибн Туфейль
С) Жүсіп Баласағұн
D) Ахмет Иассауи
Е) Әл-Кинди
99. Медицина саласында орасан зор табыстарға қол жеткізген және «Медицина ғылымдарының каноны» атты еңбек жазып қалдырған ортағасырлық шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі:
А) Ибн Сина
В) Әл-Кинди
С) Ибн Туфейль
D) Әл-Фараби
Е) Ибн Рушд
100. Мұсылмандық Испанияда өмір сүрген ортағасырлық ойшыл, «Қос ақиқат» теориясының авторы:
А) Ибн-Рушд
В) Омар-Хайям
С) Ибн-Баджа
D) Әл-Фараби
Е) Ибн-Сина
101. Орта ғасырлық араб тілдес философиядағы мистикалық бағыт
А) суфизм
В) мутазилиттер ілімі
С) калам
D) исмаилизм
Е) теология
102. Суфизм іліміндегі рухани кемелдену және дін талаптарын шын жүректен орындау жолы:
А) Тариқат
В) Қағида
С) Мораль
D) Ақида
Е) шариғат
103. Сопылық ілімдегі кемелденудің сатылары:
А) шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат
В) іздену, ойлану, жинақталу, кемелдену
С) шариғат, адат, иджма, қияс
D) шахада, калима, намаз, зекет
Е) таухид, фикх, мазхаб, ақида
104. Қайта өрлеу дәуірі философиясына тән ерекшеліктер:
А) антропоцентризм және гуманизм
В) социологизм және гуманизм
С) космоцентризм және теоцентризм
D) гилозоизм және сенсуализм
Е) теоцентризм және мистицизм
105. «Гуманизм» ұғымы нені білдіреді?
А) адамшылық – адамға деген сүйіспеншілік
В) әділеттілік – барлық істе турашыл болу
С) жанашырлық – әлсіздерге қамқор болу
D) шығармашылық – шындықты өнерде бейнелей білу
Е) даналық – әр құбылыстың мәнін түсіне білу
106. Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизмнің мағынасы:
А) Адамның құндылығы, оның құқығы мен абыройы туралы ілім
В) Адамның жағдайға тәуелділігі туралы ілім
С) Адам өмірінің құдай еркімен айқындалатыны туралы ілім
D) Адам өмірінің құнсыздығы туралы ілім
Е) Құдайдың адамды жаратуы туралы ілім
107.Құдайды табиғатпен тең санап, табиғатты құдайдың бейнесі деп танитын философиялық бағыт:
А) Пантеизм
В) Неотомизм
С) Идеализм
D) Реализм
Е) Шовинизм
108. Қайта Өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы «барлық қарама-қарсылықтар Құдайда дәлме-дәл келіп қосылады» деген ойды айтқан?
А) Николай Кузанский
В) Ленардо да Винчи
С) Мишель Монтень
D) Пико делла Мирандола
Е) Джордано Бруно
109. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаған Қайта өрлеу дәуірі философиясының көрнекті өкілі:
А) Николай Коперник
В) Леонардо да Винчи
С) Николай Кузанский
D) Галилео Галилей
Е) Джордано Бруно
110. «Кеңістікте шексіз көп әлемдер бар, ал Күн – тек біздің әлемнің орталығы» деп санаған Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы:
А) Джордано Бруно
В) Ленардо да Винчи
С) Николай Коперник
D) Галилео Галилей
Е) Николай Кузанский
111. Николай Коперник пен Джордано Бруноның ілімдерін одан әрі қарай дамыта отырып, «Жер Күнді және сонымен бірге өз осін айнала қозғалыста болады» деп пікір айтқан Қайта өрлеу дәуірінің ғалымы:
А) Галилео Галилей
В) Ленардо да Винчи
С) Николай Коперник
D) Джордано Бруно
Е) Николай Кузанский
112. Қайта Өрлеу дәуірі кезінде Ибн Рушдтың «қос ақиқат» теориясына қарсы шығып, «екі бірдей ақиқаттың болуы мүмкін емес, дүниеде жалғыз ғана ақиқаттың болуы мүмкін, ол – ғылым ақиқаты» деп пікір айтқан ойшыл:
А) Леонардо да Винчи
В) Николай Коперник
С) Джордано Бруно
D) Галилео Галилей
Е) Николай Кузанский
113. Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мемлекет және оны басқарудың жолдары мен әдіс-тәсілдері жайлы «Билеуші» атты шығарма жазған ойшыл:
А) Макиавелли
В) Спиноза
С) Коперник
D) Ньютон
Е) Галилей
114. Эмпиризмнің негізгі қағидасы:
А) адамның барлық білімі тәжірибеге негізделген;
В) танымның ең жоғарғы түрі – интуиция;
С) құдай ашылу танымның қайнар көзі болып табылады;
D) дүниені танып-білуге болмайды;
Е) зерде дүниені танып-білудің негізгі қайнар көзі болып табылады.
115. Орта ғасырлық схоластиканың қағидаларына қарсы шыға отырып, «барлық білімдер тәжірибе арқылы дәлелденуі тиіс, дәлелденбеген білім жалған» деп пікір айтқан эмпиризмнің негізін қалаушы:
А) Фрэнсис Бэкон
В) Джон Локк
С) Рене Декарт
D) Томас Гоббс
Е) Давид Юм
116. Жаңа дәуір философтарының қайсысы индуктивтік әдістің негізін қалады?
А) Фрэнсис Бэкон
В) Рене Декарт
С) Томас Гоббс
D) Бенедикт Спиноза
Е) Джон Локк
117. Рационализм бойынша танымның қайнар көзі:
А) ақыл-ой
В) тәжірибе
С) түйсік
D) интуиция
Е) қабылдау
118. Жаңа дәуір философиясында таным саласында дедуктивті тәсілді кім қолданды?
А) Рене Декарт
В) Джон Локк
С) Френсис Бэкон
D) Бенедикт Спиноза
Е) Томас Гоббс
119. Декарттың дедукциялық әдісінің мәні:
А) Жалпыдан жекеге қарай зерттеу
В) Сезімдік танымнан рационалдық танымға өту
С) Нақтыдан абстрактіліге қарай зерттеу
D) Тәжірибеден теорияға өту арқылы логикалық тұжырым жасау
Е) Жекеден жалпыға қарай зерттеу
120. Жаңа дәуір философиясының қай өкілі адамның санасында «туа біткен идеялар» болады деп санады?
А) Рене Декарт
В) Готфрид Лейбниц
С) Френсис Бэкон
D) Томас Гоббс
Е) Бенедикт Спиноза
121. «Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін» деген қанатты сөздің авторы:
А) Декарт
В) Гераклит
С) Аристотель
D) Фалес
Е) Демокрит
122. Пантеистік көзқарасты ұстана отырып,, табиғатты бір ғана басты субстанция деп санаған Жаңа заман философы:
А) Бенедикт Спиноза
В) Рене Декарт
С) Френсис Бэкон
D) Готфрид Лейбниц
Е) Томас Гоббс
123. Жаңа дәуір философиясында монадалар туралы ілім – монадологияның негізін қалаған кім?
А) Лейбниц
В) Локк
С) Гоббс
D) Юм
Е) Беркли
124. Жаңа заман философиясындағы таным теориясында түйсікті танымның шын мәніндегі негізгі қайнар көзі деп қарастыратын ілім:
А) Сенсуализм
В) Рационализм
С) Эмпиризм
D) Солипсизм
Е) Агностицизм
125. Бүкіл әлемді біздің санамызға құдай сіңірген түйсіктер кешені деп қарастырған Жаңа заман философы:
А) Джордж Беркли
В) Джон Локк
С) Давид Юм
D) Рене Декарт
Е) Бенедикт Спиноза
126. Ағартушылық философиясында қоғам дамуының шешуші күші ретінде не танылады?
А) ағартушылық, білім
В) экономика, ғылым
С) мәдениет, өнер
D) республика және парламент
Е) философия, мәдениет
127. Неміс классикалық философиясының негізін салушы:
А) Иммануил Кант
В) Фридрих Шеллинг
С) Иоганн Готлиб Фихте
D) Георг Вильгельм Гегель
Е) Людвиг Фейербах
128. Таным теориясында алғаш рет объектіні емес, субъектіні және оның танымдық қабілетін зерттеу мәселесін көтерген неміс классикалық философиясының өкілі:
А) Иммануил Кант
В) Иоганн Готлиб Фихте
С) Фридрих Шеллинг
D) Людвиг Фейербах
Е) Георг Вильгельм Гегель
129. Иммануил Канттың таным теориясының өзіндік белгісі:
А) агностицизм
В) монизм
С) эмпиризм
D) скептицизм
Е) сенсуализм
130. Кант философиясындағы «өзіндік зат» ұғымы нені білдіреді?
А) заттардың ішкі мәнін
В) ойлау заңдарын
С) заттардың сыртқы көрінісін
D) заттардың ашық мазмұнын
Е) табиғат пен рухтың құпиясын
131.Адамдарғатәжірибеге дейін және тәжірибеден тыс берілген берілген білімдерді Иммануил Кант өз философиясында қалай атайды?
А) априори
В) рационализм
С) апостериори
D) пантеизм
Е) эмпиризм
132. Кант философиясындағы «үзілді-кесілді императив» ұғымы нені білдіреді?
А) әрқашанда адамгершілікке сай әрекет ету талабын білдіретін міндетті қағида
В) заттардың өзгермейтін мәні (ноумен) және құбылыстары (феномен)
С) жоғары мәртебеліні мойындау
D) зорлықпен жаулап алуға ұмтылу, адамгершілікті саясатқа бағындыру
Е) жеке адам мен қоғамның адамгершілік жағдайда болуы
133. Фридрих Шеллинг қай философиялық ағымның өкілі болып табылады?
А) Объективті идеализм
В) Антропологиялық материализм
С) Субъективті идеализм
D) Метафизикалық материализм
Е) Сыншыл рационализм
134. Гегель философиясының басты ұғымы:
А) абсолюттік идея
В) монада
С) апейрон
D) алғашқы себеп
Е) туа біткен идея
135. Гегель философиясының құрамдас бөліктері:
А) Логика, табиғат философиясы, рух философиясы
В) Каноника, физика, этика
С) Этика, физика, логика
D) физика, механика, органика
Е) Антропология, психология, феноменология
136. «Абсолюттік идеяны» барлық заттардың мәні мен алғашқы негізін құрайтын субстанция деп тұжырымдаған философ:
А) Гегель
В) Кант
С) Фейербах
D) Шеллинг
Е) Энгельс
137. Кімнің философиясында барлық заттардың мәнін және алғы негізін құрайтын субстанция «Абсолюттік идея» болып саналады?
А) Гегельдің
В) Канттың
С) Фейербахтың
D) Шиллингтің
Е) Фихтенің
138. Гегельдің абсолюттік идеясының дамуы неден басталады ?
А) Ойлаудан
В) Қоғамнан
С) Ерік бостандығы
D) Құдайдан
Е) Табиғаттан
139. «Логика ғылымы» атты шығармасында болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашып көрсеткен қай философ?
А) Гегель
В) Бэкон
С) Юм
D) Беркли
Е) Кант
140. Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық:
А) Диалектикалық метод пен идеалистік философиялық жүйесінің арасындағы қайшылық
В) Тіл мен ойлаудың арасындағы қайшылық
С) Ойлаудың түр жағы мен мазмұны жағының арасындағы қайшылық
D) Теория мен практиканың арасындағы қайшылық
Е) Материалдық пен идеалдылықтың арасындағы қайшылық
141. Гегель философиясының үштік жүйесі – триаданың құрамдас бөліктері:
А) тезис, антитезис, синтез
В) анализ, синтез, жалпылау
С) бақылау, эксперимент, теория
D) индукция, дедукция, модельдеу
Е) гипотеза, аналогия, абстракция
142. Людвиг Фейербах өзінің философиясын қалай атайды?
А) антропология
В) феноменология
С) психология
D) деонтология
Е) герменевтика
143. Фейербахтың материализмін қалай сипаттауға болады?
А) метафизикалық материализм
В) тұрпайы материализм
С) диалектикалық материализм
D) механикалық материализм
Е) стихиялық материализм
144. Фейербахтың ілімі бойынша қоғамның дамуын не анықтайды?
А) сүйіспеншілік діні
В) адамгершілік парыз
С) ойлау логикасы
D) өмірдің сана – сезімі
Е) ғылыми білім
145. Маркстік философияның теориялық негізі:
А) неміс классикалық философиясы
В) француз материализмі
С) антикалық философия
D) ағартушылық философиясы
Е) қайта өрлеу философиясы
146. Маркстік философияның мәнін не құрайды ?
А) дүниені диалектикалық-материалистік тұрғыдан түсіну
В) дүниені және адамды идеалистік тұрғыдан түсіну
С) таным процесін диалектикалық тұрғыдан түсіну
D) тарих пен мәдениетті идеалистік тұрғыдан түсіну
Е) дүниені дуалистік тұрғыдан түсіну
147. Карл Маркс қандай философияның негізін қалады?
А) диалектикалық материализм
В) объективтік идеализм
С) субъективтік идеализм
D) метафизикалық материализм
Е) сыншыл реализм
148. Маркстік философияның қоғам өміріне байланысты қағидасы:
А) тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
В) дүниені идеалистік тұрғыда түсіну
С) тұлғаның тарихтағы рөлі
D) иделеалистік диалектиканың негізін қалау
Е) дүниенің диалектикалық біртұтастығы ретінде түсінік бермеу
149. Маркстің ілімі бойынша тапсыз, әділетті қоғам қалай аталады?
А) коммунизм
В) феодализм
С) либерализм
D) капитализм
Е) трайбализм
150. «Славянофилдер» ағымы нені жақтайды ?
А) Ресейдің тарихи дамуының өзіндік ерекше жолы бар екенін қолдайды
В) ХІХ ғ. орыс философиясындағы халықты тарихтың қозғаушы күші деп санайды
С) Жалпы халықты басқаруда кез келген билікті жоққа шығарады
D) Л.Толстой ілімінің жеке принциптерін дамытады
Е) Батыстық даму жолын идеал ретінде санайды және дәріптейді
151. Славянофилдердің пікірі бойынша Россияның тарихи болмысының негізін не құрайды?
А) православие діні мен адамдар өмірінің қауымдық сипаты
В) славяндықтарға, оның өмір салты мен ақыл -ойына деген сүйіспеншілік
С) орыс рухы мен мәдениеті өз бойына дарытқан халық
D) халықтың тілдік мәдениеті, оның менталитеті
Е) самодержавие, «жалпы бірлік» идеясы.
152. Ресейдегі ХІХ ғасырдағы славянофилдер бағытының өкілдері:
А) Хомяков А.С., Киреевский И.В., Самарин Ю.Ф., ағайынды Аксаковтар
В) Боткин А.П., Анненков П.В., Кавелин К.Д., Дружинин А.В.
С) Герцен А.И., Белинский В.Г., Чернышевский А.Г., Добролюбов Н.А.
D) Достоевский Ф.М., Толстой Л.Н., Соловьев В.С.
Е) Бердяев Н., Булгаков С., Флоренский П., Франк С.
153. Ресейдегі ХІХ ғасырдағы батысшылдар бағытының өкілдері:
А) Боткин А.П., Анненков П.В., Кавелин К.Д., Дружинин А.В.
В) Хомяков А.С., Киреевский И.В., Самарин Ю.Ф., ағайынды Аксаковтар
С) Герцен А.И., Белинский В.Г., Чернышевский А.Г., Добролюбов Н.А.
D) Достоевский Ф.М., Толстой Л.Н., Соловьев В.С.
Е) Бердяев Н., Булгаков С., Флоренский П., Франк С.
154. ХІХ ғасырдағы орыстың революцияшыл демократтары:
А) Герцен А.И., Белинский В.Г., Чернышевский А.Г., Добролюбов Н.А.
В) Хомяков А.С., Киреевский И.В., Самарин Ю.Ф., ағайынды Аксаковтар
С) Боткин А.П., Анненков П.В., Кавелин К.Д., Дружинин А.В.
D) Достоевский Ф.М., Толстой Л.Н., Соловьев В.С.
Е) Бердяев Н., БулгаковС., Флоренский П., Франк С.
155. Орыс діни философиясында құдайға деген сүйіспеншілік негізінде адамдардың бірігуі және әдептілік құндылықтарды құрметтеуді бейнелейтін ұғым:
А) соборлық
В) ғарыштық
С) евразиялық
D) тақуалдық
Е) шыншылдық
156. «Ақиқатты танып білу үшін қайғы-қасірет шегу керек» деп айтқан ХІХ ғасырдағы орыстың діни философы:
А) Федор Достоевский
В) Владимир Соловьев
С) Петр Чаадаев
D) Александр Герцен
Е) Лев Толстой
157.Орыс философтарының қайсысы «Зұлымдыққа күшпен қарсылық көрсетпеу» қағидасын уағыздады?
А) Лев Толстой
В) Александр Герцен
С) Петр Чаадаев
D) Владимир Соловьев
Е) Федор Достоевский
Л.Н. Толстойдың пікірі бойынша адам өмірінің мағынасы неде?
А) өзін-өзі жетілдіруде
В) басқаға қиянат жасамауда
С) жақсылық жасауда
D) әрекетсіздікте
Е) ғылыми танымда
158. XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында орыс философтарының қайсысы «Жалпының бірлігі жайындағы» философияның негізін қалады?
А) Владимир Соловьев
В) Николай Бердяев
С) Павел Флоренский
D) Семен Франк
Е) Николай Федоров
159. Владимир Соловьевтың антропологиялық концепциясы бойынша адамның басқа жануарлардан айырмашылығы неде?
А) Ұждандық сезім
В) Еңбек етуі
С) Тілі
D) Намыс
Е) Санасы
160. Владимир Соловьевтың философиясындағы басты категория:
А) софия – даналық
В) сүйіспеншілік
С) мейірімділік
D) әдептілік
Е) табандылық
161. Николай Бердяевтің ілімі бойынша әлемнің негізіне не қаланған?
А) еркіндікке ұмтылу
В) иррационалдық бастама
С) даналық (София)
D) ақыл-ой
Е) гуманизм
162. Кім үшін христиандық социализм идеалды қоғам болып саналады?
А) С.Н.Булгаков
В) П.Флоренский
С) С.Франк
D) Н.Федоров
Е) А.Бердяев
163. XIX ғасырдағы иррационализм өкілдері:
А) Шопенгауер, Кьеркегор, Ницше
В) Лейбниц, Фейербах, Маркс
С) Фихте, Гегель, Фейербах
D) Конт, Спенсер, Дюринг
Е) Монтень, Авенариус, Дьюи
164. .Ақыл-ойдың орнына ерік-жігер идеясын алға тартқан философ:
А) Артур Шопенгауэр
В) Карл Ясперс
С) Рихард Авенариус
D) Мартин Хайдеггер
Е) Фридрих Шеллинг
165. Шопенгауердің пікірі бойынша әлемнің негізінде не жатады?
А) әлемдік ерік
В) жүгенсіз сезім
С) иррационалдық бастама
D) бейсаналық
Е) абсолюттік идея
166. ХІХ ғасырдағы «аса күшті адам» (сверхчеловек) идеясының негізін қалаған философ:
А) Фридрих Ницше
В) Мартин Хайдеггер
С) Жан Поль Сартр
D) Альбер Камю
Е) Зигмунд Фрейд
167. Фридрих Ницшенің іліміндегі басты идеяны атаңыз:
А) аса күшті адам идеясы
В) жаңа адам идеясы
С) дүниені өзгерту идеясы
D) «бақытыңа деген ерік» идеясы
Е) сублимация идеясы
168. Ницше философиясының негізгі ұғымын атаңыз:
А) билікке деген ерік
В) субъектінің ерігі
С) «ол», «мен», «меннен жоғары»
D) үрей, күнә, сандырақ
Е) шекаралық жағдай
169. Философиядағы психоанализ теориясының негізін қалаған:
А) Зигмунд Фрейд
В) Артур Шопенгауэр
С) Уильям Джемс
D) Макс Адлер
Е) Дильтей
170. Зигмунд Фрейдтің философиясындағы негізгі ұғым:
А) бейсаналық
В) саналық
С) алғы саналық
D) өмірге деген ерік
Е) билікке деген ерік
171. Зигмунд Фрейдтің психоанализ теориясы бойынша адам психикасының үш сатысы:
А) Мен, Жоғары Мен, Ол
В) Мен, Сен, Ол
С) Жоғары Мен, Жоғары Сен, Жоғары Ол
D) Мен, Олар, Біздер
Е) Жоғары Мен, Сен, Ол
172. Американдық прагматизмнің өкілдері:
А) Чарльз Пирс, Уильям Джемс, Джон Дьюи
В) Гегель, Людвиг Фейербах, Мартин Хайдеггер
С) Николай Данилевский, Питирим Сорокин, Владимир Соловьев
D) Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы
Е) Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд
173. Социология ғылымының негізін қалаған XIX ғасырдағы француз позитивисті:
А) Огюст Конт
В) Джон Стюарт Милль
С) Отто Нейрат
D) Герберт Спенсер
Е) Морис Шлик
174. «Позитивті ғылым өзіне өзі философия» деп айтқан:
А) Огюст Конт
В) Иммануил Кант
С) Карл Ясперс
D) Рихард Авенариус
Е) Карл Маркс
175. Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер XIX ғасырдағы қай философиялық ағымның өкілдері?
А) Позитивизм
В) Неопозитивизм
С) Эмпириокритицизм
D) Постпозитивизм
Е) Прагматизм
176. XIX ғасырдағы қай Батыс Еуропа философиялық ағымының төрт даму кезеңінің біреуі эмпириокритицизм болып табылады?
А) Позитивизм
В) Неотомизм
С) Прагматизм
D) Герменевтика
Е) Персонализм
177. Позитивизмнің эмпириокритицизм деген түрінің басты өкілдері кімдер болады?
А) Эрнст Мах пен Рихард Авенариус.
В) Морис Шлик пен Рудольф Карнап.
С) Бертран Рассел мен Людвиг Витгенштейн.
D) Томас Кун мен Пол Фейерабенд.
Е) Огюст Конт пен Герберт Спенсер.
178. Позитивизм «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп нені айтады?
А) ғылымды
В) өнерді
С) философияны
D) дінді
Е) мифті
179. Полани, Кун, Лакатос, Фейерабенд позитивизмнің қандай формасының өкілдері болды?
А) Кейінгі позитивизмнің
В) Эмпириокритицизмнің.
С) Лингвистикалық талдаудың
D) Логикалық позитивизмнің
Е) Махизмнің
180. Фома Аквинскийдің ілімін XX ғасырда жаңғыртқан бағыт:
А) Неотомизм
В) Неореализм
С) Неопротестантизм
D) Христиандық эволюционизм
Е) Персонализм
181. XX ғасырдағы қай философиялық ағымның басты категориялары «жалғыздық», «жаттандылық», «үрей», «жауапкершілік», «ажал», «түңілу» т.б. болып табылады?
А) Экзистенциализм
В) Неокантиандық философия
С) Иррационализм
D) Өмір философиясы
Е) Неотомизм
182. ХХ ғасыр философиясының қай бағытының өкілдері қазіргі заманғы антропологиялық дағдарыс жайындағы мәселелерді алға қояды:
А) Экзистенциализм
В) Поспозитивизм
С) Философиялық герменевтика
D) Сыншыл рационализм
Е) Структурализм
183. «Шекаралық жағдай» қай философиялық ағымға тән ұғым?
А) экзистенциализмге
В) өмір философиясына
С) діни философияға
D) позитивизмге
Е) неміс классикалық философиясына