Батыс еуропалық орта ғасыр философиясы.

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап,философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 – 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып, оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайыкты болмаса да), немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынды. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин — құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделер де бағынулары керек.

Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғ. дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғаңдықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойыңда бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де жалпылардың шын өмір сүретіндігіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 ж. бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский 1125–26 ж. туып, 1274 ж. қайтыс болды. Негізігі еңбегі: «Теологияның жиынтығы». Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасыңдағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар — форма мен материя — жеке заттар әлемін тудырады.

Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтың қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүнедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін аспанда – Христос, жерде Рим папасы. Аквинскийдің ілімі XIX ғ. аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

Дунс Скот (1268—1308 жж.) шотлаңд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі — игілік, дегенді уағыздады. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты — танып біл. Адамдар сезім түйсіктері арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың (универсалий) мәнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, еебебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесіңде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі, жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні – рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.

Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214—1249 жж.)болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан болу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы — тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Ол өз қезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан — экспериментке, керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті.Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы — тәжірибе. Себебі, тәжірибе – тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек. Кей жағдайда тәжірибе де ақиқатқа жеткізе алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.

Дәріс

Наши рекомендации