Xviii ғ. ағылшын философиясы
Ағылшын философиясының XVIII ғ. көрнекті өкілі Джон Толанд (1670-1722 ж.ж.)Англия, Шотландия, Голландия елдеріндегі университеттерде оқып, білім алған.
Негізгі еңбектері: «Христиандық құпиясыз білім», «Пантеистикон».
Бұл еңбектерінде Д.Толанд христиан дінінің мистикалық, ақыл-ойға сыймайтын жақтарын қатты сынға алады. Оның ойынша, қайсыбір Дүние жөніндегі ақпарат түсінікті болуы керек, ал істейтін іс мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы келетіннің бәрі жоққа шығарылуы керек, өйткені ол мүмкін емес, я болмаса еш нәрсе емес.
Д.Толандтың ойынша, христиан діні алғашқы пайда болған кезінде өте жақсы дін болған. Бірақ, жүре келе, діни қызметкерлер неше түрлі діни рәсім, ырымдарды ойлап шығарып, оның мән-мағынасын бұрмалаған.
Өзінің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарында ол деистік қағиданы ұстаған. Құдай материалдық Дүниені жаратқанда оған ішкі күшберіп, белсенділік қасиеттерін берген. Сондықтан материя өне бойы қозғалыста (moving forse - қозғаушы күш).
Ал адамның ойлау қабілетіне келер болсақ, ол - адамның миының қызметі. Идеяны денеден бөліп алып карауға болмайды. Ойлауды табиғи нәрсе ретінде көрсету үшін, Д.Толанд: «Бүкіл табиғат тірі(гилозоизм), өйткені оны тудырған Құдай - ғарыштың ақыл-ойы мен рухы», - деген көзқарасқа келеді.
Келесі ағылшын философы - Антони Коллинз (1676-1729 жж.) Итон және Кембридж университеттерінде окып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Адамның еріктігі жөніндегі философиялык зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар» т.с.с.
Өзінің шығармаларында А.Коллинз адамның еріктілігіне қарсы шығып, адам - қажеттіліктің пендесі деген пікірге келеді. Адамның идеяларды кабылдауына, яғни оның түйсіктері мен дуниетануына келер болсақ, олардың бәрі де сыртқы дүниеге, солардың бізге тигізетін әсеріне байланысты, біз олардан ерікті емеспіз. Сондай-ақ, адамның ойлау қабілетін алар болсақ, ақиқатқа жету де сол қаралып жатқан біздің ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның ынтык болып тілейтінінің өзі де оның қажеттіліктерімен байланысты, ал оларды да ол сыртқы Дүниеден табады.
Ал біз іс-әрекет жасауға кіріссек, ол іс те сыртқы бір кедергі кездескен кезде заңды түрде тоқтап қалады т.с.с.
Сонымен А.Коллинз қажеттілікті асыра көрсетіп, адамның еріктігін жокқа шығаруға тырысады.
Ал өзінің болмысқа деген көзкарасында А.Коллинз деистік бағытта болды, Дүниенің алғашқы рухани себебі бар деген пікірге келді. Осы тұрғыдан алғанда, Дүниедегі қажеттілік - ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы.
Сонымен қажеттіліктен еріктік тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктін «екінші түрі» бар. Адам өзіне қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті түрде Дүние, коғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында, біздің іс-әрекетіміз де, ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады.
Бірақ адамның ерікті ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз акиқатқа бізді жеткізетін кұрал - ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой аркылы тек қана табиғатты зерттеп қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып келеді.
Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жок па? Ол ашуланып, я болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с.
- Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмак пен тозак, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уакытқа дейін дұрыс түсінік жок, - деп корытады А.Коллинз.
Сондыктан әр адам өзінше ерікті ойлау керек, сонда ғана діндегі неше түрлі бұрмалаулардан кұтылуға болады.
А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп, елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында койған сұрақтары бүгінгі таңдағы адамзатқа да өзекті мәселе емес пе?
Джозеф Пристли (1733-1804 жж.)- ағылшын философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді ашқан, аммиакты жасап, оттегін ашқан адам. Негізгі философиялык еңбегі «Материя мен рухты зерттеу жөнінде».
Бұл еңбегінде Д.Пристли: «Материя дегеніміз - ол созылатын қасиеті, тарту мен итеру күштері бар субстанция», - деген анықтама береді. Материя енжар (inert) емес, ол - нешетүрлі күштерге толы субстанция. Егер сіз материяның тарту және итеру күштерін алып тастасаңыз, онда материя да жоғалады. Д.Пристли ғылымда ұстаған материяның өткізбейтін қасиеті бар зат деген пікірге қарсы шығып, заттар бірін-бірі өзара өткізеді деген пікірге келеді. Ол осы тұжырым арқылы материяның сезімі мен ойлау қасиеттерінің бар екенін дәлелдегісі келді.
«Менің ойымша, - дейді Д.Пристли, - адам құрамы жағынан біртекті, ал оның қабылдау қасиеті мен баска да қабілеттері мидың құрылымымен тығыз байланысты». Яғни адамның табиғатында екі бір-біріне тәуелсіз карсы жатқан нәрсе жоқ - адам толығынан материалдық дене. «Адамнын мүшелерінсіз, жүйке мен миынсыз бізде сезім де, идеялар да пайда болмас еді», - деп корытады Д.Пристли.
Ойшының әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсақ, ол адамдардың саяси және азаматтық бостандықтарын қорғайды. Оның ойынша, «ең жетілген саяси бостандықтар болған жерде, барлық қоғам мүшелерінің саяси құқтары тең болады». Ал мемлекеттің лауазымды қызметтеріне адамның тегі мен байлығына қарай қойған қоғамда ешқандай саяси бостандық жок. Барлык азаматтык биліктің кайнар көзі халықта болуы керек.
Ал енді азаматтық құктарға келер болсак, ол әр адамның өзінің калауынша іс-әрекет жасау кұкы, оған мемлекеттің лауазымды иелері ешқандай кол сұқпауы керек. Мемлекет билігіне келер болсақ, оның негізгі мақсаты - әрбір адамның меншікке, өзінің қауіпсіздігіне, бақытты өмір сүруіне деген құқтарын қамтамасыз ету.
Саяси бостандық пен азаматтық бостандық өте тығыз байланысты. Бүл диалектикалық өзара байланыста саяси бостандық шешуші рөл атқарады. Егер саяси бостандық болмаса, онда халық өзінің азаматтық бостандығын дұрыс қорғай алмайды. Саяси бостандық көбірек болса, онда азаматтық бостандық та күштірек болады.
Адамдардың өмірге, еріктікке, меншікке деген табиғи қүқта-рын сақтау үшін олар мемлекет қүруға келіседі. Ал бірақ жасалған шарттың қағидалары бұзылса, «халық ол шарттан бас тартып, жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», - деген Д.Пристлидің ойы оның демократияшыл қайраткер екенін көрсетеді.