Пайдалы ілімдерді үйретуші адамдардың күнәларын кешіруді әрбір зат, тіпті теңіздегі балықтар да жалынып сұрайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

30). Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру, ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

2011 ЖЫЛҒЫ АШЫҒУ КҮНДЕЛІГІМ

14 қаңтар, жұма. Құрғақ ашығуымның 1-ші тәулігі

Бүгін ескіше жаңа жылдың бірінші күні. Көптен бері ашығып тазаланған емеспін. ҮШ КҮН ашығуға дайындықтан кейін ұзақ ашығуға бел буып отырмын.

Таңғы сағат 10-10;

Салмағым – 94,0 кг, яғни 20 кг артық!

Қан құрамындағы қанытым – 224, бұл да екі есе артық! Қалыпты жағдайда қан құрамындағы қант 100-120 болуы керек. Бұл Германиядан алып келген аппараттың көрсеткіші бойынша.

Сол қолымның қан қысымы – 159/105: Қан тамырымның 1 минуттағы соғуы (пульс) – 69:

Оң қолымның қан қысымы – 159/103:

Қан тамырының 1 минут соғуы (пульс) – 66;

15 қаңтар, сенбі. Құрғақ ашығуымның 2-ші тәулігі

Бүгін «Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының ордасына Рахпар екеуміз таңғы 10-да барып, кешкі 16-да қайтып келдік. Екеуміз де намазға жығылдық, Намаздан кейін өзімді жақсы сезіндім. Екінші тәулік болды, әлі аузыма нәр салған жоқпын. Қарын ашу мен шөлдеу сезімі жоқ. Сағат 17-де үлкен дәретке отырдым. Дәретім қалыпты жағдайда. Кіші дәретім күңгіртеніп келе жатыр. Бұл дегеніңіз улы қалдықтардың бұрқырап шыға бастауы.

Сағат кешкі 17-40-та фотосуретке түстім. Мақсатым әрбір 10 күн ашыққан аралықта суреттерді салыстырып, болған өзгерістерді бақылап отыру. Компьютордағы суреттің номерлері: 13928; 13929; 13930; 13931; 13932; 13933; 13934; 13935;

Түстен кейінгі сағат 16-40;

Салмағым – 92,0 кг, яғни 2,0 кг жоғалттым!

Қан құрамындағы қанытым – 224, әлі екі есе артық! Қалыпты жағдайда қан құрамындағы қант 100-120 болуы керек. Бұл Германиядан алып келген аппараттың көрсеткіші бойынша.

Сол қолымның қан қысымы – 143/104: Пульс – 88:

16 қаңтар, жексенбі. Құрғақ ашығуымның 3-ші тәулігі

Таңғы 5-те оянып жуынып алған соң кітап жазуға кірістім. Өзімді жақсы сезінемін. Бүгін «Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызының ордасына Рахпар екеуміз таңғы 10-да барып, кешкі 16-да қайтып келдік. үшінші тәулік болды, әлі аузыма нәр салған жоқпын. Қарын ашу мен шөлдеу сезімі жоқ.

Түстен кейінгі сағат 17-20;

Салмағым – 91,2 кг, яғни 0,8 кг жоғалттым.

Қан құрамындағы қанытым – ...!

Сол қолымның қан қысымы – 143/106: Пульс – 87:

Кешкі 20-00 сағатта 3 л шалапты асықпай іштім. Біраздан кейін ішім сарылдып өтті. Ішімнен қап-қара қоқыстар шықты.

17 қаңтар, дүйсенбі. Ашығуымның 4 -ші тәулігі

Таңғы сағат 5-те тұрып компьютор алдында жұмыс істедім. Көңіл-күйім жаман емес. Күні бойы шалап пен бал, лимон қосқан ыстық суды ішім кепкенше ішудемін. Кіші дәретке жиі шығамын. Бір қабат ішім өтті. Маңдайымнан кәдімгі май шыпшып шыға бастады. Таң қалдым.

Түстен кейінгі сағат 17-00;

Салмағым – 93,7 кг. 2,5 кг салмақты қайта қосып алдым.

Қан құрамындағы қанытым – 224! Қалыпты жағдайда қан құрамындағы қант 100-120 болуы керек. Бұл Германиядан алып келген аппараттың көрсеткіші бойынша.

Сол қолымның қан қысымы – 136/78: Пулс – 72:

Оң қолымның қан қысымы – 142/78: Пульс – 71;

18 қаңтар, сейсенбі. Ашығуымның 5 -ші тәулігі

Таңғы сағат 6-00;

Салмағым – 94,0 кг.

Қан құрамындағы қанытым – 224! Қалыпты жағдайда қан құрамындағы қант 100-120 болуы керек. Бұл Германиядан алып келген аппараттың көрсеткіші бойынша.

Сол қолымның қан қысымы – 163/105: Пульс – 67:

Оң қолымның қан қысымы – .....: Пульс – ...;

Күні бойы ішім кепкенше ыстық суға бал мен лимон қосы, соңынан көп мөлшерде шалап ішіп отырдым. Ішім бір қабат қана өтті. Жиі кіші дәретке барамын. Өзімді жақсы сезінемін. Теледидар көргім келмейді. Тек қана рухани кітаптарды ғана оқи бастадым. Бұл да ашығудың бір кереметі. Ашыққан кезде адам рухани азық іздей бастайды. Кеше әзірбайжан оқымыстысы Құлиев орыс тіліне аударған «Құран» кітабын оқи бастадым.

19 қаңтар, сәрсенбі. Ашығуымның 6 -шы тәулігі

Таңғы сағат 6-00;

Салмағым – 93,4 кг.

Қан құрамындағы қанытым – ...

Сол қолымның қан қысымы – 120/90: Пульс – 72:

Оң қолымның қан қысымы – 153/106: Пульс – 72;

Күні бойыбал, лимон қосқан ыстық су мен «таң» сусынан жасаған шалапты ішіме сиғанша ішудемін. Кіші дәретке жиі барамын. Өзімді сезінуім орташа. Бірақ, жүрісім жеңілдеп кетті. Алдында 4-ші этажға ыңқылдап жақтауынан ұстап шығушы едім, бүгін өзім жеңіл шықтым.

20 қаңтар, бейсенбі. Ашығуымның 7 -ші тәулігі (құрғақ)

Таңертең сергек тұрдым. Тамаша ұйықтаппын. Себебі, кешкі 21-де ұйқыға жатып қалғанмын. Күні бойы қалада болдым. Жүрісім жеп-жеңіл.

Таңғы сағат 9-00;

Салмағым – 92,1 кг.

Қан құрамындағы қанытым –

Сол қолымның қан қысымы –153 /105: Пульс – 65:

Оң қолымның қан қысымы –158 /106: Пульс – 60 ;

Қалаға бардым. Жазып жатқан «Жаратушының құдіреті – әруақтар қозғалысы» атты кітабымды толықтай жазып бітіргенмін, соны қағазға бастырдым. Фарида Уәлиқызы Қайысованың негізгі мамандығы әдебиетші. Бұрын Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетте қазақ тілі әдебиетінен, шығыс филологиясынан (Абайтану, Мұхтартану), т.б. дәріс берген. Фаридаға кітаптың дайын нұсқасын грамматикалық қателерін тексеруге бердім.

21 қаңтар, жұма. Ашығуымның 8 -ші тәулігі

Түнде өте кеш жатып едім, ұйқым шала болды. Себебі «от кезеңіне» түсіп кеттім. Ұйқыдан сағат таңғы сағат 4-те оянып алып таңғы 6-ға дейін тек дөңбекшіп жаттым. Өзімді онша жақсы сезінбеймін.

Таңғы сағат 6-00;

Салмағым – 91,0 кг.

Қан құрамындағы қанытым –

Сол қолымның қан қысымы –154 /104: Пульс – 82:

Оң қолымның қан қысымы –

Түске дейін ыстық суға бал мен лимон қосып іштім. Сағат 13-те духовкаға пісірілген 3 картошка, 2 қызылша және тұздалған капуста салатымен аузымды аштым. Ұйықтауға кеш жаттым.

Наши рекомендации