Философия пәнінен таратылу материалдары
Құрастырушы: КОжҚҒ кафедрасының аға оқытушысы Игисенова А.Р
Алматы-2015
Тақырып 1. Философия пәні және мәселелер шеңбері
ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Дүниені түйсіну (сезімдік, эмоциональды-психологиялық сфера) |
Адам мен әлем туралы жалпы көзқарастар мен түсініктердің жиынтығы |
Дүниені түсіну (рациональды, интеллектуалды-танымдық сфера |
НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ |
ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАСТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Дүниеге көзқарастың түрлері |
Философия –дүниені рационалды тануға бағыталған, ғылыми-теоретикалық таным |
- Дүниені рационалды қабылдау
- Ақылдың сенімнен жоғары тұруы
- Абстрактілі ұғымдардың пайда болуы
- Бақылау, салыстыру, талдау, қортындылау, дәлелдеудің қолданылуы
|
Мифология -дүниені қиял-ғажайып бейнелу |
Дін –дүниенің және адамның жаратылысына деген сенімге негізделген көзқарас |
· Дүниені сезімдік қабылдау - Дәстүрге беріктік
- Символизм және аллегоризм
- Рационалды ұғымдардың болмауы
|
- Дүниені сезімдік қабылдау
- «Сенімнің» принципке айналуы
- Діни қағидалар жүйесінің болуы
- Ақылдың сенімге тәуелділігі
|
ФИЛОСОФИЯНЫҢ САЛАЛАРЫ
САЛАЛАРЫ | ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ |
Онтология | болмыс ұғымын, мәні, болмыстың түрлерін, ерекшеліктерін. |
Диалектика | даму ұғымын, даму заңдылықтары мен категорияларын. |
Гносеология (эпистемология) | таным табиғаты және оның мүмкіндіктері мен шекарасын, білімнің шынайылыққа қатынасын, танымның жалпы алғышарттарын, танымның дәйектілігі мен ақиқаттылығын зерделейтін философия бөлімі. |
Әлеуметтік философия | қоғам және адам өмірінің негізгі салаларын. |
Антропология | адам және оның табиғаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін. |
Аксиология | құндылықтардыі табғаты мен мәнін. |
Этика | адамгершілік , мораль ұғымы мен заңдарын. |
Логика | ойлау заңдылықтарын. |
Эстетика | әсемдік заңдылықтары мен канондарын. |
Герменевтика | мән, мағына түсіндіреді. |
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
ӘДІСТЕРІ | МАҒЫНАСЫ |
Диалектика (гр. сұхбат, талас жүргізу өнері) | заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын, қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресін ескере отырып, даму тұрғысында қарастыратын әдіс. Диалектика терминін алғаш рет қолданған Көне Грек философы Сократ болды. |
Метафизика (гр. физикадан соң) | Марксизмде диалектикаға қарама-қарсы, объектілерді байланыссыз, жеке-дара, қозғалысын, өзгерісін, дамуын ескермей және қайшылықтарға мән бермей, қарама-қарсылықтың бірлігін елемей біржақты қарастыратын әдіс. Философия тарихында метафизика термині философияның синонимі ретінде де қолданылды. Метафизика терминін б.д.б. І ғасырда Андроник Родоский енгізді. |
Догматизм | дүниені қатып қалған қағидалар негізінде, дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер мен қөзқарастар тұрғысынан қарастыратын және дәлелдеуді қажет етпейтін әдісі. Догматизм терминін Ежелгі Грекия скептиктері Пиррон мен Зенон енгізді. |
Эклектика (гр. таңдауға қабілетті) | біртұтас шығармашылыққа енбейтін, түрлі фактілер мен ұғымдарды, концепцияларды біріктіру негізінде пайда болған, үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдарды жасау әдісі. Эклектика терминін ІІ ғасырда Александриялық Потамон енгізді. |
софистика (гр. пікір-таласты айламен жүргізе білу) | кез-келген ойдан логикалық тұрғыдан дұрыс ойқортынды жасау әдісі. Көне Грекияда кең таралды, шешендік өнерді ақиқат білім алу жолы емес, «кез-келген ойдың дұрыстығын дәлелдеудің тәсілі» ретінде оқытылды. (Софистер, Сократ). |
герменевтика (гр. түсіндіремін) | мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. |
ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
Философияның негізгі сұрағы – ойдың болмысқа,сананың материяға қатысы туралы сұрақ. |
Ø Негізігі сұрақты қарастырудың онтологиялық (болмыстық) жағы – ненің алғашқы екендігін шешу: материя ма, әлде сана ма? |
Ø Негізігі сұрақты қарастырудың гносеологиялық (танымдық) жағы – дүниені танып білуге бола ма, әлде болмай ма? |
ФИЛОСФИЯНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ
№ | ТАРИХИ КЕЗЕҢНІҢ АТАУЫ | КЕЗЕҢІ |
| Көне дәуір филоософиясы | б.д.д. І мыңжылдықтардың ортасынан - 529 (476) жылдарға дейін |
| Ортағасырлық философия | 529 (476) жылдан - ХІV ғ. ортасына дейін |
| Қайта Өрлеу дәуірінң философиясы | ХІV ғ. ортасынан ХVІ ғ. дейін |
| Жаңа заман философиясы | ХVІІ – ХVІІІ |
| Неміс классикалық философиясы | ХVІІІ ғ. |
| Қазіргі заман философиясы | ХІХ-ХХІ ғғ. |
ТҮРЛІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ (МӘСЕЛЕЛЕРІ)