Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 9 страница

Д.Юмның айтуынша, біз таным процесінде сезім мүшелерімізге ғана сүйенсек, одан тыс тұрған дүниенің бар екеніне көз жеткізе алмасақ, онда себеп-салдарлы байланыстарда жоққ шығады. Мұның өзі де Д.Юмның ғылыми білімге, оның практикалық нәтижелеріне қарсы шығып, оның теориялық негізін мойындамауын көрсетеді. Оның айтуынша, білімнің негізгі мақсаты – дүниені тану, болмыстың мәнін ашу емес, керісінше, адамдардың практикалық өміріне қолданатын қару бола білу. Ал объективтік шындық біз сезім мүшелерімізге жинақтаған процесс қана. Оның себебі бізге белгісіз, әрі түсініксіз.

Д.Юм білімнің міндеті - практикалық өмірге басшылық ету қабілетінде емес, қайта болмысты тануда деп білді. Юм бойынша, дұрыс білім беретін бірде-бір пән – математика объектілері. Зерттеудің басқа пәндерінің бәрі фактілерге қатысты, ол фактілер логикалық тұрғыдан дәлелденуі мүмкін емес, қайта тәжірбиеден ғана шығарылады. Тіршілік туралы пайымдаулардың бәрі де тәжірбиеден туады, алайда тәжірбиені Юм өмір шындығы, «әсерлердің» тасқыны ғана, олардың себептері беймәлім және танылмайды деп идеалистік тұрғыдан түсінді. Объективті дүние бар ма, жоқ па деген сұрақты ол шешілмейді деп санады.

Тәжірбие белгілейтін негізгі қатынастардың бірі – себептер мен іс-қимылдың қатынасы: оның интуициямен де, логикалық талдау жасау мен дәлелдеу жолымен де шығарылуы мүмкін емес. Бір құбылыстың алдында басқа құбылыстың болатынан да алдыңғысы – себеп т, кейінгісі – соның салдары деген тұжырым жасауға болмайды. Тіпті оқиғалар байланысының уақыт жағынан тым жиі қайталануы да бір объектінің екінші объектіні туғызуына көмектесетін жасырын күшті білуге әкелмейді.

Д.Юм барлық ғылымдар негізге алатын детерменизмді, себеп-салдарлы байланыстарды жоққа шығарды. Оның ойынша, ғылымда пайда болған себептілік ұғымы адамдардың субъективті тәжірбиесіне ғана орын алады. Мұндай ұғымның, Д.Юм бойынша, психологиялық мәні ғана бар. Өйткені, біз тек қана құбылыстарды кезектесіп отыратынын байқаймыз. Бір құбылыстың артынан екіншісі келсе, біз оны себеп-салдарлы байланыс дейміз. Ал негізінен алғанда бұл қате болып табылады. Бұл себеп-салдарлы байланыс деген есте әбден қалыптасып, қатып қалған ескі дағды ғана. Одан арылуымыз керек.

Сонымен, Д.Юмның пайымдық көзқарасы сыңаржақ кеткен эмпиризмді дүниені тануға болмайды деген агностицизм идеясына әкеліп ұрындырады. Мұның өзі таным теориясындағы эмпиризмнің екінші жағы рационализмнен бөлініп қалғанда, шыға аламайтын тұңғиыққа тірелгенін көрсетті. Сондықтан да Д.Юм өз заманындағы зерденің маңызын анықтай алмады. Ол зердені аффектілермен (Аффект – ашу-ызадан туатын процесс) салыстыра қарады. Оның ойынша, өте тез, шапшаң аффектілер бар және олар адамның еркіне зор белгі қалдырады. Осылардың барлығы адамның көңіл-күйіне, елстету қабілетіне, олардың әдетіне әсер етеді. Ендеше, зерде де сол сияқты.

Д.Юм өзінің этикасында утилитаризм теориясын дамытып, пайдалылықты адамгершіліктің өлшемі деп жариялады, сонымен бірге адамдарда бір-біріне альтруистік «ұнатушылық» болатыны туралы қағиданы ұсынады. Философ эстетикасында «талға туралы таласпайды» тезисін клсссицизмге, ал содан соң өнердегі реализмге ұшатстырды. Д.Юм философиядағы ғаламдағы рет себебінің парасатпен кейбір ұқсас-тығы бар деп дінге орын берді, соныменбірге құдай туралы діни және философиялық ілімнің қандайын болса да қабылдамады., сөйтіп тарихи тәжірбиеге сүйене отырып, діннің адамгершілік пен азаматтық өмірге теріс ықпал ететінін мойындады.

Д.Юмның пайымдау философиясы өз заманының, өз тегінің, яғни буржазия қауымынынң жағдайынан туған еді. Мұның өзі тек пайымға ғана емес, яғни жаңа әлеуметтік топтың жалаң іс-әрекетіне ғана негізделген қызметтің мәнін көрсететін ойлау процесі болатын. Д.Юм тек қана жалаң пайымға сүйену нендей жағдайға әкеліп соғатынын өзінің шығармашылығы арқылы айқын көрсетіп берді.

Жан Жак Руссо (1712-1778). Жан-Жак Руссо француз ағартушылары демократиялық қанатының өкілі, философ, социолог, және эстетик, педагогика теоретиктерінің бірі.

Негізгі еңбектері: «Адамдар арсындағы теңсіздіктің шығуы және негіздері туралы пайымдау» (1755); «Қоғамдық шарт туралы» (1762), «Эмиль немесе тәрбие туралы».

Оның философиялық толғаныстарының негізгі тақырыбы – сол кездегі қоғамдағы адамның тағдыры еді. Руссо адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жою үшін бостандық пен право теңдігі қажет деп дәлелдеді.

Руссо бұл тұрғысында пікір бойынша, ол мәдениет прогресімен қатар әдептіліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықты, жалқаулықтың қайнар көзі болғандықтан, адамгершіліктің, мінез құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады.

Теңсіздік – мәңгі әлеуметтік құбылыс емес. Алғашқы қауымдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі жеке меншік болған жоқ, сондықтан барлық мәселе адамгершілік тұрғысынан шешіледі. Ал кейінірек, өндірістік құраладардың жетілуі және жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.

Әлеуметтік теңсіздіктің бірден-бір жолы, Руссоның айтуынша, бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи талап- сұраныстарының (өмір сүруге, ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.

Адам туғанда бас бостандығы бос болып туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекелеген жігер-еркін біріккен, «ортақ жігер-ерікке» оғырландырады. Сөйтіп мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әділеттілікті сақтау.

Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өміріне мемлекеттік құқық, тәрбие, т.б. тұрғысынан үлкен әсер етті. Қоғамның, мемлекет пен құқықтың мәселелері Руссо ілімінде халықтың егемендік идеясымен оны негіздеу мен қорғау принципі ретінде көрініс тапты.

Табиғи күйде, Руссо бойынша, меншік жоқ және бәрі тең және ерікті. Теңсіздіктің басқаларда адамның физикалық, табиғи айырмашылық-тарымен келісілген. Бірақ жеке меншік пен әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуымен табиғи теңдікке қарсы, бай мен кедей арасында күрес жүреді. Теңдіктің жойылуымен, қорқынышты толқулар пайда болады. Бұл жағдайдан шығудың жолы мемлекеттік билік пен заңды құруды келісуге, оған барлығы бағыну керек деп шешті. Бірақ та табиғи ерікті жоғалтып, кедейлер саяси еркіндік ала алмады. Жасалған келісіммен мемлекет және заңдар, келісім арқылы әлсіздердің жаңа жолын салып, және байларға жаңа күш берді, табиғи еркіндікті жойып меншікпен теңсіздік заңын бекітті.

Жеке меншік теңсіздігі саяси теңсіздікпен қосылып, Руссоның айтуынша, соңғы есепте деспотизм тұрғысында абсолютті теңсіздікке әкелді.

Осындай кесел қоғамға қарап, Руссо өзінің саяси концепциясын құруға тура келді. Ол феодалдық сословиелік қатынастар мен деспоттық режимді сынады, буржуазия, демократия мен азамттық бостандықты, тумысына қарамастан адамдардың теңдігін жақатаған пікірлер айтты. Мүлік теңсіздігін жеке меншіктің пайда болуымен байланыстыра келіп, оған қарсы шықты, жеке меншікті жалпыға бірдей теңгермешілікті уағыздайтын ұсақ буржуазиялық эгалитаризм тұрғысынан сынады. Қоғамдық шарт теориясын қолдаған Руссоның Гоббстан айырмашылығы, ол табиғи жағдайда барлық халықтың барлық халыққа қарсы соғысы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар адамдар арасында достық пен жарасымдылық та үстемдік етті деп санады.

Руссоның «Эмиль, яғни тәрбие туралы еңбегінде» ол бұрынғы феодалдық-сословиелік тәрбие жүйесін қатаң сынға алып, оның мақсаты еңбекті құрметтейтін белсенді азамттар даярлау болуын талап етті.

Руссо өзінің дүниетаным мәселелерінде деизмді ұстанды. Ол құдайға сенумен қатар жанның мәңгілігінде мойындады. Руссо материя мен рухты ежелден келе жатқан екі негіз деп санады (дуализм). Ал таным теориясында ол сенсуализмді ұстанды, дегенмен адамгершілік идея-ларының туа бітетінін жоққа шығарған жоқ.

3. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Дени Дидро/1713-1784/, Жюльен Офре Ламетри/1709-1751/, Поль Анри Дитрих Гольбах/1723-1789/, Клод Анри Гельвеций/1715-1771/ аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.

Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізгі сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағ-дайында дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін әртүрлі көпшілік жерлерде айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады.

XVIII ғасырдағы Француз материализмі – материалистік филосо-фияның дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғары формасы болып табылады. Француз материалистері тәжірибе, түйсік – танымның негізі, білімнің барлық формалары әуелі тәжірибеде, түйсікте бейнеленіп, содан соң дамудың, кейінгі жоғары сатысында ойлаудың, пайымдаудың формаларына айналады деп санады. Сөйтіп Лейбництің идеализміне және Декарттың дуализміне қарсы күресе отырып, француз материалистері танымның сезімдік және логикалық форма-ларының бірлігін дәлелдеді .

Олар дінге халықты қанау, езудің рухани құралы деп қарады. Адамдарды дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы – ағарту ісі деп білді. Бұл жерде олар атеизм принциптеріне және қоғамды революциялық жолмен қайта құру қажеттігін түсіндіруге жуықтап келеді, егер адам, оның жеке басының сапалары қоршаған ортаға байланысты болса, деді олар, онда оның кемшіліктері де сол ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны өзгерту үшін, қоршаған ортаны және ең алдымен қоғамдық ортаны қайта құру қажет. Ал қоршаған орта адамдарға байланысты деді.

Ламетри.Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де Ламетри болды. Мамандығы жағынан дәрігер, Р. Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің “Адам – машина” деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті. Әрбір материяда өзінің созылымдылығымен қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар, деді. Ол Спиноза уағыздаған барлық материя ойлай алады деген пікірді сынады. Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады, деді. Ол органикалық емес, органикалық, жануар, адам – бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір – органикалық емес дүниеден, өсімдік – органикалық дүниеден, жануарлар - өсімдіктен, адам жануарлардан жаралғанын айтты.

Тек адамға ғана тән және оның күрделі ұйымдастырылуының нәтижесі болып табылатын ойлау процесін Ламетри сезіну мен зерде негізінде пайда болатын түсініктердің теңестірілуі мен құрамдастырылуы деп түсінді. Бірақ адамды машина деп қарады. Оның жоғары дамыған рухани интеллект екенін байқамады. Оның негізгі еңбектері: “Адам – машина” /1747/, “Эпикурдың жүйесі.” /1750/

Дени Дидро /1713-1784/- француз материализмінің басты өкілі, ағартушы, энциклопедияның жетекшісі, жазушы және өнер сыншысы. Ол Вольтермен қатар өз заманының қоғамдық ой-талғамына үлкен ықпал жасады. 1773 – 1774 жылдар аралығында Ресейге келіп, мұнда ол Ресей Ғылым академиясына толық мүше болып сайланды. Ол Ресейдің ғылым, мәдениет өкілдерін жоғары бағалағанымен, басыбай-лық правоны сынады. Дидроның басты еңбектері – «Табиғатты түсін-діруге арналған ойлар» /1754/, «Соқырлар туралы көзі көретіндерге өсиет хат », «Даламбер мен Дидро әңгімесі » /1769/, «Материя мен қозғалыстың философиялық негіздері » /1770/, «Философиялық прин-циптер», «Физиологияның әлементтері » /1774 – 1780/.

Дүниенің барлық негізі материяда деп білді Дидро. Дуалистік пікірді сынай келіп, ол жан мен дене бірлікте деп қарады. Дүниеде мәңгі қозғалыста болатын материядан басқа ешнәрсе жоқ. Уақыт пен кеңістік материяның өмір сүруінің объективтік формасы. «Мен тіпті абстракция ретінде де уақыт пен кеңістікті өмір сүруден бөліп ала алмаймын. Олай болса бұл екі қасиет өмір сүруге тән, мәнді» - деп жазды.

Қозғалыс материядан бөлінбейді. Олай болса материя әлсіз, дәрменсіз деген ұғымға философ келіспейтінін айтты. Материя мен қозғалыс жайлы философиялық ойларында ол «Қозғалыс – ұзындық, енділік, тереңдік сияқты нақты қасиет», - деп жазды. Осыдан келіп, ол дүниеде абсолюттік тыныштық болмайтынын айтты. «Даламбер мен Дидро әңгімесі» деген еңбегінде ол дүниенің сан түрлерін, сондай-ақ олардың бір-біріне ауысатынын (трансформация идеясы) дәлелдеді. Таным теориясына келетін болсақ, Дидро материалистік сенсуализмді қолдады. «Біз сезімдік, еститін қасиетпен жабдықталған аспаппыз», - деп жазды Дидро. Сондай-ақ ол субъективтік идеализмді сынап, оны жақтау-шыларды ой соқырлары деп есептеді. Қоғамдық саладағы ой-пікірі идеализмге негізделді. Қоғамдағы қалыптасқан мінез-құлық шығарылған заң мен басқару түріне байланысты. Сондықтан Дидро «жақсы» заңдар, саналы басқару әдісін орнатуға шақырады.

Дидроның табиғаттағы механистикалық материалистік тұрғыдағы түсінігі Ламетри мен Гольбах көзқарастарымен сәйкес келді және оған диалектиканың кейбір элементтерін – материя мен қозғалыстың, табиғатта жүріп жатқан процестердің өзара байланыстарын, табиғи формалардың мәңгі өзгерісте болатындығы туралы идеяларын енгізді. Материалдық бөлшектердің механикалық қозғалысы қалайша түйсік-терге тән мазмұн тудырады деген мәселені Дидро материяның жалпы сезімталдығы туралы ойға жүгіне отырып шешуді жөн көреді. Осы көзқарасты дамыта отырып Дидро кейінгі рефлекстер туралы ілімнің негізі болған психикалық қызметтің материалистік тоериясын ойластырды. Бұл теория бойынша адамдар хайундар тәрізді – тек сезіну қабілеті мен есі бар құрал-саймандар. Дидроидеалистердің ойлаудың өзінен-өзі пайда болатындығы туралы түсініктерін таным теориясында жоққа шығарды: барлық ой-тұжырымдарының түп төркіні табиғатта, біз тек өзімізге тәжірибеден ғана белгілі құбылыстар мен олардың арасындағы қажетті немесе шартты байланыстарды тіркейміз.

Ол Бэконның тәжірибеден бастау алған білімнің алдына қойған бар мақсаты тек ақиқатты ғана ұғынып қоймай, адамның күш-қуатын арттыру мен кемелдендіру жолын табу деген пікірін дамытты. Бұл жерде Дидро техника мен өнеркәсіптің ойлау мен танымды жетіл-дірудегі рөлін есепке алады. Тәжірибе мен бақылау танымдағы тәсіл әрі жетекші тұлға болып табылады. Солардың негізінде ойлау деге-німіз толық ақиқат болмаса да, ықтималдығы жоғары білімге жете алады. Дидро өмірінің басты мақсаты энциклопедияны жарыққа шығару. Энциклопедияның мазмұны озық, тілі өткір болды: онда жаңа идеяларды насихаттау, кертартпа көзқарастарды, ескілікті, діншілдікті сынаумен толықтырылды. Орасан зор қиыншылықтарға қарамастан Дидро энциклопедияны басып шығару ісін аяқтап кетті.

Дидро өнер мен көркем сын мәселелері бойынша көп жұмыс атқар-ды; жақсылық пен әсемдік бірлігінің идеясын қорғай отырып, реализм эстетикасын дамытты. Ол эстетиканың өзі жасаған теориялық принциптерін романдары мен драмаларында іске асыруға тырысты. Энгельс Дидроның (Рамо жиені) шығармасы туралы «Диалектиканың жақсы үлгілерін» қалдырды деп атап өтті. Алайда осыншама жетістіктеріне қарамастан Дидро қоғам құбылыстарын саралауда идеалист болып қала берді. Ол феодалдық деспотизмге қарсы күресе отырып, конституциялық монархияны жақтап сөйледі.

Гельвеций. Франция материалистерінің тағы бір өкілі - Клод Адриан Гельвеций. Ол Парижде дүниеге келіп, Незуиттік колледжде оқыды. Оның негізгі еңбектері: «Ақыл туралы» (1758), «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде» (1773). Гельвеций материалистік көзқа-расты жақтап, ойлау, ақыл қабілеті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Оның ойынша адам тәнінде екі түрлі қабілет бар. Бірі – сыртқы дүниенің жасайтын әсерін қабылдау, оны сезімталдық, дейді. Екіншісі – бізге тигізілген сыртқы әсерді бойымызға сақтай білу – оны ес дейді. Ой жаңа идея мен комбинациялар жиын-тығы. Ой түрлі сезімдерден туған күрделі қорытынды екенін білмей, оны тек сезімдердің жәй жиынтығы дегені оның қателігі еді. Екінші жағынан, Гельвеций ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді. Адамның мінез-құлқы туа бітпейді, ол өмір арқылы қалыптасады, деп жазды. Тәжірибеде дәлелденгеніндей, адам-дардың ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді, түрлі өкімет бір халықтың өзін кезекпен не көтеріңкі, не тұрақты, не тұрақсыз, не батыл, не сақ етеді. Сондықтан адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл, мінезбен тумайды. Өйткені, олар тәрбиенің нәтижесі деп жазды. Гельвеций дін мен шіркеуді сынады. Қоғамдық құрылыс сипаты қоғамдық заңдарға байланысты, соңғысы адамдар пікіріне, олардың қоғамдық құрылысына байланысты, деді. Олай болса Гельвеций объективтік жағдай пікірге байланысты. Сондай-ақ пікір объективтік жағдайға байланысты деген идеалистік шеңберден шыға алмады.

Поль Анри Дитрих Гольбах – ұлты неміс болғанымен бүкіл өмірін Францияда өткізген ол француз энциклопедиясының белсенді мүшесі болған. Ол да адам табиғаты жағынан не кең пейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние, дейді.

Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынастарды қатты сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан түсіндірді. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты. Сөйтіп технология мен идеализмге қарсы шықты. Материя мен қозғалыс мәңгі. «Материяның өмір сүруі – факт , қозғалыстың өмір сүруі де дәл сондай факт». Бірақ, ол механикалық детерменизмді жақтады. Мәселен, ол дүние біртекті дамиды, деді. Кездейсоқтықты ол мойындамады. Мәселен, «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының жүрегіндегі қанның қызуы, кейбір монархтың асқазанының қорыта алмауы, кейбір әйелдердің кесапат-тығы – соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, қамал-дарды бұзуға, қалаларды күл-талқан етіп, халықтарды қайшылық пен қайғыға душар етуге, аштық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады»,-деп жазды.

Шындықты тану дегеніміз – табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну, - дейді Гольбах. Ал саналылық дегеніміз идея мен заттар бірлігі, деп жазды. Ойлану сезімнен туады. Діннің пайда болу себептеріне тоқтала келіп, келіп оның себебі надандық деп түсіндірді. «Надандық, үрей ауыр тұрмыс адамдарды құдай туралы ойлауға мәжбүр етті», - деп тұжырымдады.

«Қалта құдайшылдығы» деген кітабында дін туралы өте өткір сындар мен уытты пікірлер айтып, схоластиканы сынап, еркін ойдың үлгісін көрсетті.

Материя – «біздің сезім – түйсігімізге әлдеқандай жолмен әсер ететін нәрсенің бәрі». Ол өзгермейтін және бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың негізгі қасиеттері – ұзындық , салмақ , пішін , бітеулік.

Таным теориясында ол сенсуализмді ұстанды, агностицизмге қарсы шықты. Қоғамға көзқарасында идеалист, пікір – дүниені билеп төстейді,- деді. Ол заң шығарушылардың қызметі тарихта шешуші рөл атқарады деп түсіндірді. Өзінің табиғатын білмеу, адам баласын оның құлдық бұғауына түсіп, үкіметтердің құрбанына айналуына апарып соқтырады.

Оның негізгі еңбектері: «Әшкереленген христиандық” /1761/,“Қалта құдайшылдығы” /1768/, “Парасатты ой” /1772/.

Сонымен, француз материализмі, жалпы алғанда, механистік және метафизикалық сипатта болды, таным процесінің диалектикалық ұғымына жете алмады, қоғам өмірі мен адам жайындағы көзқараста идеалистік, ағартушылық түсінік шеңберінен шыға алмады.

4. XVIII ғасыр аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топыра-ғында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф.Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады.

Классицизм дегеніміз ( лат. тілінен classicus –ең үлгілі ) XVII-XVIII ғасырларда және ХІХ ғасырдың басында Европа әдебиеті мен өнерінде өріс алған әдіс. Әдебиеттегі классицизм ерте замандағы классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Негізінен классикалық әдебиет – бұрын соңды жасалған идеялық мазмұндылығы және көркемдік дәрежесі тұрғысынан ең жоғары бағаланған әдебиет үлгісі деп табылған еді.

Ал неміс классикалық философиясы тек неміс халқы мен мәдениетінің өркендеуі ғана емес, сонымен қатар ол дүниежүзінің философиялық ойдың дамуына да зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты тұйық философиялық жүйе құруға бейімділік неміс философиясына тән ерекшелік. Германиядағы философияның алғашқы түрі ортағасырлық схоластика болады. Мысалға айтатын болсақ, Храбан Мавр, Ноткер Немецкий, Гуго Сен-Викторский. Соңғы схоластикалық көрнекті өкілі алғашқы христиан аристотельшілерінің бірі Ұлы Альберт болды. Фома Аквинский соның жолын ұстанды. Шіркеулік ілім схоластикадан өзгеше дәстүрлі неміс философиясы мистикадан басталды. Оның алғашқы өкілдері сопы әйелдер – Хильдегарда Бингенская ( 12ғ.) мен Мехтильда Магдебурская (13ғ) болды. И.Экхарт бұл ілімді одан әрі дамыта түсті. Ал оның ізбасарлары Г.Сузо мен И. Таулер (14ғ.) творчествосында мистика өзінің бұрынғы сипатынан айырыла бастады. Жаратылыс зерттеуші математик және астроном Н.Кузанский орта ғасыр философиясынан жаңа заман философиясына өту кезеңінде ірі тұлға болды. Ол екі ағымды келістіруге тырысты.

Наши рекомендации