Хаттама № 1 « 28» тамыз 2015ж
БББ төрағасы Мейірбикелік іс
Нагайбаева З.А. департаментінің директоры
Оразбакова Г.О.
____________ ____________
Философия» пәні бойынша «Фармациялық өндірістегі технология» мамандығының 1 курс студенттеріне және «Жалпы медицина», «Стоматология» «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс», «Мейіргерлік іс», «Фармация» мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған емтихан билеттері
1. Френсис Бэкон эмперикалық бағыттың негізін салушы
2. Гиппократ-антика медицинасының реформаторы ретінде
3. Ортағасыр дәуіріндегі философиялық ойлаудың негізгі белгілері, Философия мәртебесінің өзгеруі
4. Агностицизм дегеніміз не? Оның қайнар көздері мен пайда болу алғышарттары . Әлем туралы біздің білімдеріміз шектелген бе?
5. Шығыс перипатетизмі: мәні мен ерекшеліктері
6. А.Құнанбайұлы философиясындағы әлеуметтік –этикалық мәселелер
7. Философтардың сөздеріне түсіндірме жасап, авторын табыңыз: а) «бәрі ағады, бәрі өзгереді»; б) «болмыс бар, бейболмыс жоқ»; в) «өзіңді өзің таны».
8. Адамның пайда болуының ғылыми, діни және ғарыштық болжамының кемшіліктері мен артықшылықтарына салыстырмалы сараптама жасаңыз
9. Конфуцийшілдік және оның негізгі категориялары
10. Философия мәдениет феномені ретінде. Философияның негізгі қызметтері мен әдістері.
11. «Адам», «индивид», «индивидуалдық» ұғымдарымен салыстырғанда «тұлға» ұғымының ерекшелігі неде?
12. Орыс философиясының ерекшеліктері
13. Кант тұжырымы бойынша «Біз категориялардың көмегінсіз ешқандай зат туралы ойлай алмаймыз» - Түсіндіріңіз
14. Қоғам философиялық талдаудың пәні ретінде. Қоғам ұғымы
15. Конфуцийшілдіктің негізгі категорияларының мазмұнын ашып көрсетіңіз
16. К.Маркстың философиялық көзқарастары. Жаттану мәселесі. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну
1. 17. Ежелгі үнді философиясы. Буддизм діни- философиялық ілім ретінде.
18. «Прогресс» ұғымын барлығын қамтушы ретінде қарастыруға болады ма немесе қоғамның бір саласында прогресс регреспен байланысты ма?
19. Ғылым Жаңа Заман мәдениетінің ерекше феномені болады. Философия мәртебесінің өзгеруі, оның жаңа бағыттары эмпризм және рационализм
20. «Түпнегіз» деген не? Бұл ұғымды «элейліктер», «милеттіктер», «атомистер», Аристотель қалай түсіндірді? Субстанция дегеніміз не? Аталған категориялар бір бірімен қалай баланысады?
21. Философия мен дүниетаным, философия мен ғылым өзара қалай байланысқан? Салыстырмалы талдау жасаңыз
22. Гносеология. Таным философиялық анализдің пәні ретінде. Танымның негізгі деңгейлері
23. Сана. Оның құрылымы мен қасиеті
24. Өркениет ұғымы. А.Тойнби, О.Шпенглердің өркениет тұжырымдамалары
25. Ғылым мен философияның дамуындағы антика философиясының маңызын ашып көрсетіңіз
26. Неміс классикалық философиясы. И.Кант, Г.Гегель; Л.Фейербах философиясы.
27. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс түрлері
28. Салыстырмалы талдау жасаңыз. Ортағасырларда Платон мен Аристотельдің ойлары қалай байланысқан?
29. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер
30. ХХ ғ. философиясының негізгі философиялық мектептері
31. Мәдениет дағдарысы туралы ойларға қалай қарайсыз. Сіздің ойыңызша мәдениеттегі дағдарыс оның жойылуына немесе бұзылуына әкеледі ме? Мәдени төңкеріс дегенді қалай түсінесіз?
32. Материя ұғымы. Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері.
33. Тұлға арасында жаттану үдерісі. Тұлға мен қоғам арасындағы жаттану. Жаттану
34. Философия:
-ғылым
-қоғамдық сананың формасы
-дүниетаным
Жоғарыда корсетілген анықтамалардың қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс. Егер сіз келіспейтін болсаңыз, өз нұсқаңызды айтыңыз
35. Төмендегі қай көзқарастар шындыққа сайкес келеді: а) адам табиғатынан зұлым, өзімшіл; сондықтан қатал тәртіппен басқару керек; б) адам мейірімді тіршілік иесі, және қайырымдылық жасауға бейім, оны күшпен басқара алмайсың, оны марапаттап отыру керек. Салыстырмалы талдау жасай отырып, өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз
36. ХІХ-.ХХғғ. иррационализм
37. Философия өркениетінің үш ошағы Ежелгі Үнді, Қытай, Грекияда қатар пайда болуын қалай түсіндіруге болады
38. «Адам-Әлем» мәселесінің космоцентрлік, теоцентрлік және антропоцентрлік тұрғыда қарастырылу ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
39. Рухани құндылықтар дегеніміз не? Философия тарихында бұл ұғымның мазмұны өзгерді ме? Салыстырмалы талдау жасаңыз
40. Ежелгі Грек философиясындағы адам және адамгершілік мәселелері (Сократ, Платон, Аристотель)
41. Мәдение шеңберінде дәстүр мен жаңашылдық қалай үйлеседі? Мәдениет аясындағы жетістіктер оның дамуының алдыңғы кезеңіндегі түрлерінен бас тартуға әкеледі ме? Мәдениет құндыдылықтары дегеніміз не? Оның объективті мазмұны бар ма? Сараптама жасаңыз
42. Қайта Өрлеу дәуірі ойшылдарының дүниетанымдық мәселелері және философиялық ізденістері
43. «Сананың экологизациясы» дегеніміз не? Оның әлеуметтік-мәдени алғышарттары қандай? Қазіргі уақытта оны қажеттілік ретінде тануға болады ма?
44. Қазақ философиясы (V-XVIIIғ.ғ.).
45. Диалектиканың заңдары мен категориялары
46. Сипаттаңыз. Экзистенциализм шын мәнінде гуманизм болып табыла ма?
47. 1508ж. Папа Юлий 11 Рафаэльді Ватиканға шақырады. Рафаэль төрт фреска салды. Олардың арасында «Афина мектебі» де бар. Мұнда суретші Платон мен Аристотельдің философиясын сипаттайтын жесттар бейнелейтін. Антикалық ойшылдардың жесттарынан қандай ойды аңғаруға болады?
48. Адам туралы анықтамалар қалай аударылады, және мәнін түсіндір: «Homo Sapiens» «Homo Faber» , «Zoon Politikon», «Homo Morales», «Homo Ludens», «Homo Aesteticus», «Homo Simbolicus» -........
49. «Болмыс» ұғымының қай анықтамасы Сіздің көзқарасыңызбойынша дұрыс:
* Болмыс-бұл материя;
* Болмыс –шынайы әлем;
* Болмыс нақты өмір сүретіннің барлығы;
* Болмыс-өмір сүрген, өмір сүріп жатқан және өмір сүретіннің барлығы;
* Болмыс –материяны, сананы қамтиды;
Егер Сіз анықтамалардың ешқайсысымен келіспейтін болсаңыз, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
50. П.Фейерабендтің ойынша, ғылым біздің өмірімізде маңызды орын алады, сол мәртебесіне сүйене отырып, танымның басқа түрлеріне қысым жасайды: мифология, дін т.с.с. Сцентизм бойынша ғылым-қоғамдық прогрестің басты қозғаушы күші және моралдың, мәдениеттің, өнердің дамуы ғылымның жетістігіне тәуелді. Сіздің ойыңызша қай көзқарас дұрыс. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз
Кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілді,
Хаттама № 1 « 28» тамыз 2015ж
Кафедра меңгерушісі Бисембаева З.У. _______